Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет44/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62

88
«Ұлұғларың аууа марһаматы биік, дəулеті артық, йер йүзіне билеген ақна ұлұғ падша хазыретлерің 
хұзырына  бенделік  етеміз.  Күнден  күн,  айдан  айға,  йылдан  йылға  дəулет  сəлемет  зияда  олар  анша 
тасығай.
Біз ғарызбандə хазыретіңізге бұ дəрге. Сіз ұлығ хазіретнің Орал ештегі башқұрт халайықы бірле 
арада еллігіміз йоқ ерді.
Емді əл-хал, Сіз дəулеті ұлұғ падша хазыретіңе саясыда панаһ олып, сатиғ мунқаз олмақ үчін тоғай 
йолы Орал ештегі бендеңіз Алдарбайға елші қосып йібердім. Ол Алдарбай Сіз ұлұғ падшаның хазіреті-
ге елші тілегені үчін біз, Əбілхайыр хан, қырық сан қазақ Орта йүз, Кіші йүз барша рағайат қараша-
ларым бірле баш салдым.
Йарлық: Сізнің-дүр ол қулларының Орал ештегі ел қылып ірішу[і]ңні тілейміз. Сізнің йарлығының 
бірле ел болғаймыз.
Сейітқұл йіберген елші баш Құтлымет йолдашлары бірле». 
Егер хат мəтінін дұрыс оқысақ, бодандық туралы ойдың да сарыны байқалмайды. Демек, хат та-
раптарды бітістіру турасында. Нақтылап айтар болсақ, бұл хатты бодандыққа бастау салған, Ресейге 
кіріптар еткен заңдық күші бар акт деп қабылдай алмаймыз. Себебі, мазмұны сəйкес келмейді. Патша 
өкіметі үшін хат мазмұны аса маңызды болмады, хаттың жолдану фактісі қажет еді. «Бір парақ қағаз» 
дегеніміз осы болатын. Бұл дегеніміз, Ресей империясының отарлау саясатын бүркемелеу болса, осы 
саяси шараның бастамасы мен жауапкершілігін қазақтың өзіне не ханға арта салу деген сөз. Кінə өзіміз-
ге артылды. Бұл жерде біздің көздеген мақсатымыз – хаттың шынайы мазмұнына арқа сүйей отырып, 
қазақ  халқын,  Əбілқайыр  ханды  жалған  айыптаулар  мен  жаңсақ  пікірлерден  арашалау.  Бодандыққа 
бастама қазақтан емес, империядан, ал «жоңғар» факторы өзге елдің қолтығына кіруге мұқтаж етпеді. 
Жоңғар мəселесін қиын да болса, қазақ өзі шешті. 
Қазіргі  таңда  тарих  ақтаңдақтары  біртіндеп  ашыла  бастағанымен,  кейбір  өзекті  мəселелер  тиісті 
деңгейде өз бағасын ала алмай келеді. Жоғарыда сөз еткен бодандық мəселесі соның бір көрінісі. Əри-
не, біз, бір түбегейлі жаңалық ашып отырғамыз жоқ. Дегенмен, назар аударатын, бей-жай күй танытуға 
болмайтын күрделі тақырып. Айтылған ойдың түйіні мынау болмақ. Əбілқайыр хан ешқашан Ресейге 
бодан болуға тілек білдірген емес. Қазақ бодан болған жоқ, бодан қылды. Айламен! Хат тарихын еске 
алайық. Бодандықтың айқын көрінісі тек ХІХ ғасырдың 20-шы жылдары білінді. Сондай-ақ, Қ.-М.Тев-
келевтің жай адам емес екенін де ұмытпауымыз керек. Оның күнделігінің де ақиқатты айта бермегенін 
түсінуіміз керек. Жоңғардан зорлық көрсе де, жойылу көрмейтін еді қазақ. Бұл жерде Ресейдің азаттық 
рөлін əспеттеудің еш қисыны жоқ. «Ескі жау атыспаққа оңай» демеуші ме еді. Ол майдандағы қырғын, 
бұл болса, құрамындағы сойқан. Соңғысы, мектеп жəне ЖОО оқулықтарындағы «өз еркімен қосылу» 
тақырыбы қайта қарайтын мəселе екендігі шынайы ақиқат. Қашанғы ұрпағымызды алдап, мысын баса 
береміз, əлі қанша уақыт «бодандық», «кіріптарлық», «шарасыздық» сипатын таңа бермекпіз? Ойды 
серпіп, көзді ашып, ұлт іргесінің сөгілмеуін көбірек ойласақ, көп нəрсені ұтар едік. 
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары дəстүрлі жазуымызды алдымен латынға, одан соң кириллицаға ауы-
стыру науқаны, шын мəнінде, көне жазуымыздан халықты аластатуды көздеген саясат болатын, себебі, 
тілдік-əдеби тұрғыдан, шағатай (қадым) жəне төте тілде жазылған мол мұрамызды ұмыттыру болса, та-
рихи-саяси тұрғыдан, билеушілердің жазған хаттарының тілінен келешек ұрпақты беймəлім ету-тұғын. 
Осы уақытқа дейін билеушілер хаттарының мазмұнынан хабарсыз болуымыз, сол саясаттың жемісі екені-
не бүгін анық көзіміз жетіп отыр. Ал қазір бұл жағдаймен бетпе-бет ұшырасып отырған жайымыз бар. 
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  Журналы и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1756 гг.). 
– // История Казахстана в русских источниках XVI-XXвеков. Том 3. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. – 484 б.
2.  Казахско-русские отношения в XVI-XVIIIвв. Сборник документов и материалов. – Алма-Ата, Изд-во АН 
КазССР, 1961. – 744 б.
3.  Материалы по истории политического строя Казахстана. Сборник. Том 1. – Алма-Ата, 1960.
4.  Исин А. Əбілқайыр ханның хатын қалай дұрыс оқыған дұрыс. – // Абай. – 2001. – № 2. – 42-44 беттер.
 


89
КƏСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
STRATEGY AND PRACTICE OF VOCATIONAL EDUCATION


90
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫН 
ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АТАЖАНОВ И.И. 
тех. ғыл. канд., доцент 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ.
Елбасымыз кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор ма, даму» атты халыққа 
Жол дауында бүкіл əлемде жүріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуда аянбай еңбек етіп, өзіміздің 
дайын даған отандық тауарларымызды елімізде жəне сыртқа сату арқылы жағдайымызды жақсартуға 
болатындығын баса айтты [1]. Қазақстанның əрбір тұрғынының арнайы білімі болуы керектігін əрі та-
уарларды жасап жатқан жұмысшылардың еңбегін бағалау қажеттігіне назар аударды. Елбасы енді 2017 
жылдан бастап тегін кəсіптік-техникалық білім беру жүйесі енгізілетіндігін мəлімдеді. Шетел инвести-
циясын жəне жаңа технологияларды тарта отырып, өндірілген тауарлар экспортын ұлғайту арқылы көп 
қаржы елімізге келетін болады. Дүниежүзілік сауда ұйымына толық мүше болу арқылы елімізге жаңа 
сапалы өнімдер келетін болғандықтан Қазақстан тұрғындары арзан тауарларды сатып алу жəне өзіміз-
де өндірілген тауарларды сату арқылы тұрмыс жағдайын көтеретін болады. 
Мемлекет басшысы алдымызға қазақстандықтардың сапалы əлеу меттік үлгі-қалыптары мен кəсіби 
біліктілігі жүйесін экономикалық белсенді тұрғындар арасына енгізу міндетін қойды. 
Бүгінде  əлеуметтік  дамудың  жаһандық  тренді  жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамында  жұмысшылар  өз-
дерінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  жақсы  білгенмен,  қорғауға  келгенде  түрлі  кедергілерге  тап 
болып жатады. Оған сауатсыздық, белсен діліктің төмендігі, бюро краттық кедергілер кері əсер етеді. 
Қазақстанда қауіпсіздік шараларының жасалмауы салдарынан өндірістік жарақаттардың кездесуі аз 
емес. 2015 жылы жұмысшылар түрлі дəрежеде дене жарақатын алып, қаза тапқандар бар. 2014 жылмен 
салыстырғанда көрсеткіштің төмендегені байқал ғанымен, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздік талап-
тары əлі де толық сақтала бермейді [2]. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті мамандардың өз 
міндетіне салғырттығы негізгі себеп санал ғанымен, жауапкершіліктен бірінші басшы да тысқары қала 
алмасы анық. Өкініштісі сол, бюджеттік мекемелер мен ауыл шаруашылығы, құрылыс, теміржол көлігі, 
шағын жəне орта бизнес салаларында қайғылы оқиғалардың азаймауы ойлантпай қоймайды. Бұл сала-
ларда еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері күн тəр тібінде өткір тұру қажет. 
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабының 6 тармақшасына 
сəйкес [3] Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  қаулы  қабылдады  Елімізде  қауіпсіздік  жəне  еңбекті 
қорғау аясындағы нормативтік-құқықтық актілер əлемдік тəжірибеге сəй кес тендірілген [4]. 
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу кезінде 
мыналар қамтылуы тиіс:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
6) өндірістік (технологиялық) процестерге қойылатын талаптар;
7) өндірістік орын-жайларға қойылатын талаптар;
8)  өндірістік  алаңдарға  (өндірістік  орын-жайлардан  тыс  жерлерде  орындалатын  процестер  үшін) 
қойылатын талаптар;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптар;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына жəне жұмыс орындарының ұйымдастырылуына 
қойылатын талаптар;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдер мен өн-
діріс қалдықтарын сақтау жəне тасымалдау тəсілдеріне қойылатын талаптар;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету жəне демалу режимі;
14) қызметкерлерді кəсіптік іріктеуге жəне олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелері 
бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптар;
15)  өндірісте  жұмыс  істейтіндерді  арнайы  киіммен  жəне  басқа  да  жеке  жəне  (немесе)  ұжымдық 
қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
16) қорғаныш құралдарын қолдануға қойылатын талаптар;


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау