38
Түркі халықтарының ортақ əдебиет тарихының негізін жекелеген ұлт əдебиеттерінің тарихы құрай-
ды. Сондықтан да алдымен, ұлттық əдебиет тарихтарын жасау мəселелері дұрыс шешілуі керек. Əрбір
ұлт əдебиет тарихының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, тəжірибелері тиянақталуы қажет. Осылардың
негізінде түркі халықтары əдебиетінің ортақ əдебиет тарихын жасаудың теориялық, практикалық мəсе-
лелері айқындалып, толық шешімін табатын болады.
Қазір кейбір зерттеушілер қазақ əдебиетінің тарихын біздің дəуірімізден бес мың жыл бұрынғы шу-
мер ескерткіштеріндегі жазбалардан бастап жүр. Ал шумерлердің кезінде аса дамыған өркениетті ел
болғандығын соңғы зерттеулер дəлелдеп отыр.
Қазақ əдебиетінің тарихы қай кезден басталады, қазақ хандығы құрылып, жеке ұлт, мемлекет бо-
лып, тарих сахнасына шыққан ХV ғасырдан ба, əлде, қазақтың құрамына кірген ру-тайпалардың ары-
да жатқан терең тарихынан ба деген сауалдарға келгенде, əлі де түркілік тұрғыдан, қазаққа қатысы
жағынан салыстыра отырып, ғылыми жағынан зерттей, нақтылай түсуді қажет ететін тұстары бар-
шылық.
Əдебиетті дəуірлеу жолдары. Əдебиеттің тарихын жазу барысында, оны жасау жолдары қандай,
оны дəуірлерге бөлгенде, қандай ұстанымдар басшылыққа алынады, қандай талаптар қойылады деген
ыңғайдағы біраз сауалдар туындайды. Қазір əдебиет тарихын дəуірлеудің негізгі үш жолы белгілі:
1. Хронологиялық.
2. Азаматтық тарихпен орайлас.
3. Əдебиеттің өзіндік көркемдік дамуына қарай.
Осылардың ішінде көбірек қолданылып жүргені – алғашқы екеуі. Өйткені, əдебиет дегеніміз, халық
тарихының көркем бейнесі, бейнелі шежіресі. Сондықтан да халық бар жерде оның тарихы бар десек,
оның ажырамас бір бөлігі ретінде белгілі бір оқиғаның, болмаса қайраткердің өмірде болғандығын көр-
кем бейнелеп, иллюстрациямен дəлелдей түсетін əдебиетінің болуы да – заңдылық. Сол себептерден
де əдебиет тарихын дəуірлеуді қолға алған кездерден бастап, оның шегараларын жылдармен, немесе
ғасырлармен анықтап отырған дəстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді
Əдебиет тарихын дəуірлеудің алғашқы екі түрі жеке-жеке де, бірігіп те қолданылып жүр. Екі том-
дық «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихында» (1-ші кітап 2001; 2-ші кітап 2002) ұлттық əдебиетіміздің
ғасырлар бойы жүріп өткен жолы «Ертедегі көшпелі тайпалар əдебиеті», «Ежелгі түрік əдебиеті (VI)»,
«Қазақтың төл əдебиеті (ХV-ХVIII)», «ХIХ ғасыр əдебиеті», «ХХ ғасыр басындағы əдебиет», «Кеңес
дəуіріндегі əдебиет» болып көрсетілген. Мұндағы 4,5-ші бөлімдердің атауы хронологиялық принципке
сүйенсе, 1,2,3 жəне 6-шы бөлімдердің тақырыбы қазақ халқының азаматтық тарихын еске түсіреді.
КСРО Ғылым Академиясы М. Горький атындағы Əлем əдебиеті институтының ғалымдары шығарған
«Древнегреческая литературная критика» (1975) атты ұжымдық еңбекте осы кездің əдеби сынын іштей
кезеңдерге жіктегенде, хронологияны жəне сол дəуірдің тарихи атауын қатар пайдаланған.
Əдебиет тарихын дəуірлеудің үшінші жолы – əдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін, сапалық даму жол-
дарын басшылыққа алып отыру. Əдеби мұраны зерттеудің алғашқы кезеңдерінде оның қай кездерде
жазылғанын, авторы кім екендігін анықтау, шығарманың өмірге келуінің алғы шарттары, обьективтік,
субьективтік себептері секілді толып жатқан жақтарын ашу алдыңғы орынға шығып, яғни, əдебиеттің
əлеуметтік қырларын ашуға көбірек мəн беріледі де оның көркемдік қырларына түрлі себептермен
тереңдей алмай жататындығын байқау қиын емес. Əдебиеттану ғылымы қоғамдық ғылымдардың ая-
сында бірге дамып, əбден бұғанасы бекіп, кемеліне келген кезде барып, ғылыммен қаруланып, əдебиет
атты əлемнің ішіне кіріп, оның əсемдік əлемін көре алады.
Тіпті соңғы зерттеулерде əдебиеттің тарихын көркемдік əдістің дамуымен, орын ауыстырып оты-
руымен түсіндіретін концепция күшейіп келеді. Орыс ғалымы С.С. Аверинцев осы тұрғыдан келіп,
«мəдениеттің рефлекстілігі мен дəстүрлілігі» терминін енгізіп, əлем əдебиетінің тарихын үлкен үш
дəуірге бөледі. Оның біріншісі «рефлексіз, дəстүрлі» əдебиетке ежелгі, V ғасырға дейінгі уақытты
жатқызған. Бұл кездің əдебиеті бүгінгі күнгі түсінігіміздей, əдебиеттің қисынына келмейді; көркем
туынды ретінде пікір туғызып, талданылып жатпаған. Екіншісі V ғасырдан риторика, поэтика, грам-
матика пайда бола бастаған кезеңді қамтыса, үшіншісі осы кезден бүгінгі күнге дейін созылады. Екін-
шісінде əдебиет «рефлексті, дəстүрлі» болса, соңғы дəуірде рефлекстілік сақталып, сыртқы əсерлердің
салдарынан əдебиеттегі дəстүр жалғастығы бұзыла бастайды. Əдебиет тарихын бұлайша жүйелеуден
əдебиет деуге əлі келе бермейтін, элементтері жетілу, қалыптаса бастаған кезін, əдебиеттің қалыпта-
сып, онымен бірге сөз өнерінің пайда болған жəне қазіргі жаһандану жағдайындағы дəуірлерін көреміз.
Бұл, əрине, еуропалық əдебиеттің тəжірибелеріне сүйене отырып, түйілген пікір болса керек. Өйт-
кені, дəл осылайша дəуірлеу қазақ əдебиетіне қолдануға келе бермейтін сияқты. Бір жағынан, Еурази-
яның кең даласында сайран салып, теңдесі жоқ көшпелілер мəдениетін жасаған, екінші жағынан, Сыр
39
бойында, Жетісуда, Алтайда гүлденген қалалар тұрғызып, мəдениеті өркендеп, əлемдік білім-ғылымға
айтарлықтай үлес қосқан ғұламалар шыққан қазақтың əдебиеті оның ғылымы пайда болмай тұрып-ақ
халықтық эстетика негізінде одан көп ғасырлар бұрын өмірге келгендігін айта кеткен лазым.
Əдебиеттің тарихына осы рефлекс, дəстүр жағынан келетін болсақ, қазақ жəне басқа да түркі ха-
лықтарына ортақ деп жүрген ежелгі дəуірдегі Орхон-Енисей сияқты сына жазуларынан бастап, одан
арғы кездердегі əдеби мұра деп жүргеніміздің барлығы да көркем əдебиетке қойылар талаптардың
үдесінен шыға бермейді. Анықтаңқырай айтқанда, бұлардың көркемдік сыпатынан гөрі құжаттық, та-
рихилық, танымдық қызметі басым. Десек те бұлар – əдебиеттің бастауларында тұрған құнды мұралар.
Əдебиет тарихын зерттеушілер (Д.С. Лихачев, И.П. Еремин, В.В. Кусков, Н.И. Прокофьев, Н.К. Гу-
дзий, т. б.) орыс əдебиетінің төл тарихын Х ғасырдағы түрлі шежірелерден, князьдардың бір біріне
жазған хаттарынан, шіркеу жазбаларынан бастап жүр. Қазақ əдебиетінің бастаулары бұдан да ары кез-
дерден, біздің жыл санауымыздан бұрынғы V-Х ғасырларда жатқандығын соңғы зерттеулер анықтап
отыр. Қытай, араб, парсы мұрағаттарында сақталынып қалған сақтар, ғұндар туралы жазбалар осы
«рефлекссіз, дəстүрлі» əдебиет дəуіріне жатады. Бұлар – ұлыстың өзін сақтап қалуы үшін отан сүй-
гіштік рухта тəрбие беру, ел бірлігін сақтаған, елді жаудан қорғаған ерлердің ерлігін ертеңгі ұрпаққа
жеткізу, үлгі ету мақсатымен жазылған тарихи маңызы аса құнды мұралар. Сондықтан да бұларды
зерттегенде, көркемдік жағынан гөрі тарихи танымдық, дидактикалық, тəрбиелік қызметтеріне көбірек
мəн берілгені жөн.
Н.Л. Лейдерманның ХХ ғасырдағы орыс əдебиетінің тарихын дəуірлерге бөлуі жаңашылдығымен
ерекшеленеді. Ғалымның тарихи хронологиядан гөрі əдебиеттің «ішкі» даму жақтарына, сол дəуірдің
мəдени-əдеби өмірінде болған өзгерістерден туындаған əдебиеттегі көркемдік жаңалықтарға көбірек
назар аударғаны байқалады.
Кеңестік империяның соңғы жылдарында жазылған «Əлем əдебиетінің тарихындағы» мұндай өре-
скел кемшіліктерді сол кездерде қоғамдық, мəдени өмірдің барлық салаларында салтанат құрып тұрған
отаршылдық саясаттың, еуропацентризмнің салқыны демеске лаж жоқ. Ал есесіне тəуелсіз ел ретінде
түрік əдебиетіне үшіншіден бастап, əр томда жеке тарау берілгенін құптасақ та, оның жалпы түркілік
əдебиеттен бөлек қарастырылуы ойлантады. ХIII ғасырға дейінгі түркі халықтарының əдебиеті бір-
ге қамтылған да, одан кейінгі томдарда түрікпен бірге өзбек əдебиеті де бөлек қарастырылған. Оның
үстіне Орта Азия əдебиетіне жатады деп, тəжік əдебиетін де түркілік топқа қосып жіберген. Ал Ресей
құрамындағы татар, башқұрт, шуваш секілді түркі тектес халықтардың əдебиеттері де осы томдардан
өзіне лайықты орнын алуға хақысы бар еді. Өкінішке орай, олай болмаған: тек кеңестік дəуірдегі Еділ
жəне Жайық бойындағы халықтардың əдебиетіне берілген 7, 8-томдардағы қысқа ғана 7 беттік шолу-
мен ғана шектеліпті.
Əдебиеттің тарихын жасау – оның жүріп өткен жолдарын, əдеби құбылыстарын сол кездердің əлеу-
меттік-тарихи жағдайы аясында, қоғамдық оқиғаларымен тығыз байланыста қарастыру деген сөз. Өй-
ткені, əдебиет дегеніміз – белгілі бір қоғамдық өмірдің, дəуірдің тұтастай алғандағы көркем бейнесі.
Əлеуметтік өмірдің зəру проблемалары сол дəуірдің əдебиетінде қаншалықты көрініс тапқандығын,
уақыт талабына, ұлттық, халықтық мүдделерге қаншалықты жауап беріп, қызмет ете алғандығын
анықтау əдебиет тарихшысының алдында тұрады. Мұның өзі зерттеушіден бүкіл қоғамдық ғылымдар-
дың жетістіктерімен, оның ішінде зерттеу əдістерімен де толық қарулануды қажет етеді. Етіп қана қой-
майды, талап етеді.
Көркем əдебиетің бірнеше құрылымдық қатпарлары бар. Оның ең сыртында əлеуметтік, ең ішкі
жақтарында көркемдік қатпарлары орналасқан. Бірінсіз бірі жоқ. Бұлар бір-біріне алғышарттар жасап,
біртұтас өмір сүруді қамтамасыз етеді. Əдеби шығарманың көркемдік қасиеттерін бағалау алдымен,
оның «сыртындағы» əлеуметтік қырларын анықтаудан бастау алады. Сондықтан да белгілі бір туынды-
ны, қаламгерді, əдеби дəуірді бағалау сол дəуірдің қоғамдық-саяси өміріне экскурстан басталады. Өйт-
кені, қаламгер де – қоғам мүшесі. Суреткер де қоғамда болып жатқан оқиғалардан тыс қала алмайтыны
сияқты бұлардың да оның шығармашылығына əсері болмай қоймайды.
Негізгі мəселе əдебиет тарихы болғандықтан да белгілі бір дəуірдің əдебиеті, болмаса сол əдеби-
еттің көрнекті өкілдері əдеби дамуға қаншалықты үлес қосты деген сауалға жауаптар ғылыми негізді
болғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |