2 Дәріс. Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру жүйесінің қалыптасуы.
1. Шет елдерде ХХ ғасырға дейінгі дамуында ақауы бар балаларды зерттеу жұмысының мазмұны
2. Кенес одағы кезеңіндегі арнайы білім берудің қалыптасуы мен дамуы
3. Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің дамуы
4. Қазіргі уақыттағы арнайы білім берудің дамуы мен өзекті мәселелері
Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға деген қоғамдық көзқарастар өз алдына тарихи мәнге ие бола отырып, қоғам дамуының кезеңдерімен, яғни ғылым мен мәдениеттің даму жағдайымен, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, діни көзқарастармен, ұлттық дәстүрлер және құқықтық ережелермен анықталады.
Ғасырлар бойы қалыпты жағдайдан тыс даму мәселесі ғылыми позициялық деңгейде қарастырылған жоқ. Қоғамның тарихи дамуындағы ерте кезеңдерінде психикалық және дене кемшілігі бар тұлғаларға деген қарым-қатынастың түрі тіпті басқаша болды. Көру қабілеті зақымдалған тұлғалар туралы ұғым Аристотель уақытынан бастап қарастырылды. Ежелгі Спартада, Римде IV-V ғғ. дамуында кемшілігі бар балалардың көзі жойылып отырды. Дамудағы кемшіліктің себептері әртүрлі жолдармен түсіндіріліп, дүниеге келген сәби қолына беріліп, жалпы тексеруден өткеннен кейін ғана бала дамуының жағдайына қарай болашағы анықталды.
Қайта өрлеу дәуірінде көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға деген гуманистік көзқарастар негізінде мейірімділік, адамгершілік идеяларын ұсынған Т.Мор Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, Д.Локк ағартушы философтар болды. Дәрігерлер сол кезден бастап монастырлер мен түрмелерге барып, жан ауруына ұшырағандарға бақылау жүргізу, оларға көмек көрсету, қоғамға араласуға бағыт беру түріндегі жұмыстарды ұйымдастыра бастады.
Ақыл-ой дамуы артта қалған балалардың оқыту мен тәрбиеге бағынышты екендігін айтып, оларға ерекше оқыту формасының қажеттілігі туралы пікірін ұсынған ең алғаш швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) болды.
Әйгілі чех педагогы Ян Амос Коменский барлық тұлғаның білім алуға құқылы екендігін айтып, ақыл-ой дамуының деңгейіне, мінез-құлықтағы ерекшеліктерге қарай көру қабілеті зақымдалған тұлғаларды типтерге бөлді.
Саңырауларды жеке түрде оқытудың алғашқы қадамдары1578 ж. Испанияда, 1648 ж. Англияда, соқырларды оқыту 1670 ж. Францияда жасалды.
Көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың азаматтығын қорғаудағы гуманизация мен демократизация туралы көзқарастар Жан Жак Руссо, Ф. Вольтер, Ш. Монтескье, Дени Дидро еңбектерінде, Ұлы Француз революциясы кезіндегі 1793 ж. «Адам декларациясы» еңбегінде баяндалады. Дегенмен, мемлекеттік қайраткерлер мен педагогтар арасындағы бұл идеялар қолдау таппай отырды.
XIX ғ. ортасынан Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропадағы тифлопедагогика ғылымының дамуында көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға педагогтар мен дәрігерлердің көмегі көрсетіле бастады. Бұл бағыттың қарқынды дамуына үлкен үлес қосқан сол кездегі зерттеушілер: жан ауруына ұшырағандарға адамгершілік қатынас көрсеткен француз дәрігері және психиатр Филипп Пиннель (1745-1826) болды. Тифлопедагогика ғылымына «аменция», «деменция» ұғымдарын енгізген оның шәкірті Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840). XVIII ғ. аяғы мен – XIX ғ. басында дамуында кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету жүйесі қалыптаса бастады.
Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларды медициналық-педагогикалық қолдау, оқыту мен тәрбиелеуді қолдаушы әйгілі француз психиатры Жан Итар (1775-1938). Жан Итар ақыл-ой дамуында күрделі кемшілігі бар балаға қимыл-қозғалысын дамытуға бағытта оқытудың көмегімен сезіміне әсер ету арқылы білім беруді ұсынды. Жан Итардың жүргізген зерттеулеріне оң нәтиже анықталмағанымен, дамуында күрделі кемшілігі бар балалардың сезім органдары мен моторикасын арнаулы дайындық жаттығулары арқылы қалыптастырудың жолдарын анықтады.
Тифлопедагогика ғылымының дамуына да зор үлесін қосқан
Э. Сеген идеялары болды. Оның идеялары Америкада ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған жеке мектептердің ашылуына ықпалын тигізді. Бұл мектептерде баланың еңбекке дайындығы мен дене дайындығын қалыптастыру бағытында педагогикалық көмек түрлері ұйымдастырыла бастайды. Осы кезеңге дейін дефектолог мамандар Э.Сегеннің жасаған оқыту құралдарын қолданып келеді. Еуропадағы Э.Сегеннің идеясы М. Монтессоридің ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту жүйесіндегі дидактикалық жүйелер арқылы, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық дамыту жүйесі арқылы жетістіктерге жетіп отырды.
Еуропада ХІХ-ХХ ғасырларда көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға арнайы мекемелерде көмек көрсету жұмыстарының төмендегідей негізгі бағыттары анықталды:
христиандық-филантропиялық бағыт: мүгедектерге арналған мекемелерде қайырымдылық көмек түрлерін ұйымдастыру;
медициналық-педагогикалық бағыт: емдеу, тәрбиелеу және оқыту;
педагогикалық бағыт: есту қабілеті, көру қабілеті, зияты бұзылған тұлғаларға білім беру;
психодиагностикалық бағыт: зияты бұзылған тұлғаларды диагностикалау, саралау.
Арнаулы ұйымдарды қаржыландыру мәселелері қайырымдылық қорлары арқылы шешіліп отырды.
Алғашқы емдік-сауықтыру мекемесі ХІХ ғасырда пайда болды. 1854 жылы Рига қаласында дәрігер Фридрих Пляц алғаш рет өзінің ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар мен эпилептиктерге арналған жеке емдік-педагогикалық мекемесін ашады. Аталған мекемеде медициналық көмек түрлерімен қатар Э. Сеген жүйесі бойынша сабақтар жүргізіледі. Петербургте осындай арнаулы мекемелер ақыл-ой дамуы бұзылған балалар үшін энтузиастар Е.К. Грачеваның, ерлі-зайыпты дәрігерлер И.В және Е. Маляревскийлердің басшылығымен жүзеге асты. Мәскеудегі ең алғашқы көмекші сыныптар М.П. Постовскаяның бастамасымен ашылды. Ресейлік коррекциялық педагогиканың даму кезеңі белгілі ағартушылар А.И. Граборов, Л.К. Шлегер, К.Н. Корнилов есімдерімен байланысты. Ресейдегі арнайы білім беру жүйесін ұйымдастырушылардың бірі
В.П. Кащенко (1870-1943) 1908 жылы Мәскеуде кемшілігі бар балаларға арнап Мектеп-санаторий ашады. Оның «Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлық жетіспеушіліктерін педагогикалық тұрғыдан түзету» еңбегі 1994 ж. қайта өңделіп шықты.
1917 жылы Совет одағындағы арнайы білім беру жүйесінің құрылуынан бастап көру қабілеті зақымдалған тұлғалар қалыпты тұлғалардан ерекшеленіп, мемлекеттің қарауына ауысады. Осы уақытта «жабық» түрдегі арнайы мектеп-интернаттар жүйесі құрыла бастады. 1917-1918 ж.ж. 30-ға жуық басқарушы биліктегі құжаттардың өзгеруіне мынадай мәселелер негіз болды:
білім беру ұйымдарын шіркеу мектептерінен ажырату;
қайырымдылық әрекеттеріне тыйым салу;
барлық қайырымдылық ұйымдарының қызмет түрлерін өзгерту.
1917 жылдың соңында Совет үкіметі құрылғаннан кейін жаңа мектептік жүйенің құрылуымен айналысатын Мемлекеттік халық ағарту комиссариаты құрылып, арнаулы білім беру ұйымдары заңды түрде А.В.Луначарский басқарған Халық ағарту комиссариатының қарауына ауыстырылады. Жаңа білім беру жүйесін көркемдеу ісі 1920-шы жылдардың соңында ұйымдастырылады. Арнаулы білім беру жүйесін қаржыландыру көзі ретінде алғаш рет мемлекеттік бюджет қабылданады. 1926 ж. Ресей Федерациясының Үкіметі бекіткен «Саңырау мылқауларға, соқырларға және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелер туралы» жобада арнаулы білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің регламенті беріледі. Арнаулы білім берудің мақсаты мектеп пен еңбек арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араласу деп белгіленеді.
Н.Н. Малофеев Кеңес Одағындағы арнайы білім беру жүйесінің ерекшелігін цензалы білім беру сипатымен түсіндіреді. Кеңес Одағы кезіндегі 1950-60-шы жылдары арнаулы білім беру ұйымдарының диффиренциациясы жүзеге асады, яғни арнаулы білім беру ұйымдарының жаңа типтері мен түрлері пайда болады; мектеп реформасын анықтаудағы – (1959 ж.) міндетті 8 жылдық білім беру, одан кейін (1966 ж.) 10 жылдық білім беру жүйесін енгізу арқылы олардың тізбегі кеңейеді.
1970-80-ші жылдары психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу (ПДТ) жүйесі қалыптасады. 1981 жылы бұл балаларға арналған мектептер ашылып, 1988 жылдан бастап жалпы мектептерде ол балаларға арналған түзету сыныптары ашыла бастайды.
1980-ші жылдардың соңына қарай көмекші мектептерде ақыл-ой дамуы күрделі түрде кешеуілдеген балаларға арналған эксперименттік сыныптар алғаш рет ашылады.
1990 жылға қарай, яғни Совет үкіметінің құлдырауы кезенінде, арнайы білім беру мекемелерінің жалпы саны 2789-ға жетіп, ол мекемелерде 575 мыңға жуық бала білім алады. Олардың қатарында арнайы мекемелердің 8 түрі және арнайы оқытудың 15 түрі болды.
1970-ші жылдардан бастап ашыла бастаған мектепке дейінгі ұйымдарда көру қабілеті зақымдалған 300 мыңға жуық бала тәрбиеленді.
Кеңес Одағы кезіндегі арнайы білім беру мәселесінің позитивті жақтары ретінде мына жағдайларды қарастыруға болады:
арнаулы білім беру жүйесіндегі құрылымдық жүйелердің пайда болуы, саралау, арнайы білімді қажет ететін тұлғаларды толықтай қамту;
арнаулы педагогиканың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздерінің жоғары деңгейдегі дамуы;
арнайы педагогикалық технологиялардың жоғарғы деңгейде дамуы, көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың түрлі категорияларын оқытудағы толықтай қамту жолдарының құрылуы (Л.С. Выготский, В.П .Кащенко, А.Р. Лурия, А.Я. Граборов, А.С. Грибоедов, Г.М. Дульнев, Ф.А. Рау, Н.А. Рау, Ф.Ф. Рау, Ж.И. Шиф, Р.М. Боскис, И.А. Соколянский, Р.Е. Левина, Н.Г. Морозова, Б.Д. Корсунская, М.С. Певзнер, А.И. Дьячков, С.А. Зыков, К.Б. Бектаева, К.К. Өмірбекова, З.А. Мовкебаева, И.Г. Елисеева, А.Н. Аутаева және т.б.).
Арнаулы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастыра келе, Н.Н. Малофеев оны бірнеше кезеңдерге бөледі.
1-ші кезең – (VIII ғ. – XII ғ.) агрессия, шыдамсыздық күйден мүгедектерді саналы түрде қабылдау кезеңі.
2-ші кезең – ( ХІІ ғ. - ХVIIІ ғ.) мүгедектерді саналы түрде қабылдау кезеңінен саңыраулар мен соқырлардың оқуға мүмкіндігін анықтау, оларды жетім үйлерде оқытудың жеке формасымен арнайы білім беру мекемелерінде оқыту кезеңі.
3-ші кезең – (ХVIIІ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы) сенсорлық кемшілігі бар тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжирибесінен дамуында ақауы бар барлық балалардың білім алуға құқылы екендігін мойындау кезеңі.
4-ші кезең – (ХХ ғ. басы мен 1970-ші жылдарға дейінгі кезең) көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың барлық категорияларын оқытудың қажеттілігін мойындаудан оларға арнайы білім беру жүйесінің қажет екендігін анықтау, яғни арнайы білім беру жүйесін дамыту мен дифференциациялау кезеңі;
5-ші кезең - (ХХ ғ. 1970 ші жылдарынан бастау алған уақыт) тең құқық пен тең мүмкіндіктерге, сегрегациядан интеграцияға көшу кезеңі.
Қазақстан Республикасындағы көру қабілеті зақымдалған балаларға білім беру тарихына шолу жасайтын болсақ, бірден екінші кезеңге көшуге болады, өйткені көшпенді қазақтардың мүгедек тұлғаларға шыдамсыздық пен агрессивті көзқарас туралы мәліметіміз жоқ. Мүмкін, көшпенділердің тұрмыстық өмір жағдайы мен ауа райы төзгісіз боғандықтан мүгедек балалардың ішінде өлімге ұшырауы жиі кездесетін, сол себептен ересек мүгедектер саны аз болатын.
Сонымен қатар батыс елдегі көрініс алған мүгедек балаларға арналған діни-қайырымдылық ұйымдар біздің еліміздің дәстүрінде қалыптаспаған.
Үшінші және төртінші кезеңді біріктіруге болады, өйткені арнайы білім беру жүйесі Совет одағы құрылғаннан кейін басталды. Қысқа уақыт мерзімде көру қабілеті зақымдалған балалардың әр категориясына арналған (соқыр, керең, тіл кемістігі бар, зияты зақымдалған және т.б.) арнайы білім беру жүйесі құрылды.
ХХ ғасыдң 30-жылдарынан бастап республикамызда білім беру жүйесіндегі көру қабілеті зақымдалған балалардың түрлі категорияларын (арнаулы білім беру мекемелерінің типтерінде дамуында кемшілігі бар тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу) саралау арқылы оқытумен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытқа дейін арнаулы мекемелеріндегі оқытудың мазмұны мен формаларын қамтамасыз ететін 8 типтегі білім беру мекемелері жұмыс жасаған. Бұл кезеңдерде арнаулы мектептердің барлық түріне арналған түрлі деңгейдегі бағдарламалар мен оқытуды ұйымдастырудың вариативтік формалары қалыптасқан болатын.
Арнайы педагогиканың әдіснамасы мен теориялық негіздері шет мемлекеттердегі білім беру жүйесінің, тифлопедагогика мен арнайы психологияның дамуындағы әлемдік жүйелері ұсынған міндеттерді шешуді көздеп отыр. Дегенмен, ғылыми білімдер жүйесіндегі салыстырмалы талдаулардың қорытындысы кеңестік арнайы білім беру жүйесіндегі кемшіліктерді анықтауда. Оларды атап айтсақ:
білім берудің цензалық сипаты дамуында кемшілігі бар балаларды «оқуға мүмкіндігі бар» және «оқуға мүмкіндігі жоқ» деген ұғымдармен ажыратуға бағыт беріп отырды;
білім берудің құрылымдық және мазмұнды жақтарының біркелкілігі;
көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың барлығына арнайы білім берудегі заңнамалық актілердің жоқтығы;
жабық түрдегі ұйымдарда білім алатын тұлғалар мен қоршаған ортада оқшауланбаған тұлғалар арасындағы кедергілердің сақталуы;
көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың дамуындағы кемшіліктерді анықтау, диагностикалау және есепке алудағы мемлекеттік жүйенің жүзеге аспауы;
күрделі және ауыр кемшілігі бар тұлғалар тәрбиеленетін отбасыларын қолдауға арналған әлеуметтік бағдарламалардың жоқтығы;
арнаулы мекемелердің арнайы педагог кадрлармен толық қамтамасыз етілмеуі.
5-ші кезең – тең құқық пен тең мүмкіндіктерге, сегрегациядан интеграцияға көшу кезеңі – Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін басталып қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.
2017 жылғы мәліметі бойынша республикамызда 1501000 астам көру қабілеті зақымдалған балалар тіркелген. Көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес республиканың барлық облыстарында арнайы мектептер және бала бақшалармен қатар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттері, логопедиялық пункттер қызмет жасайды. Мысалы, 2017 жылғы мәлеметтер бойынша оңалту орталықтарының саны – 14; психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттері – 174; логопедиялық пунктер – 900 ден астам; психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары – 68 болған. Бірақ әлі де болса олардың саны тұрақсыз, себебі көру қабілеті зақымдалған тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуде арнаулы мекемелердің саны артып келеді.
Қазақстан Республикасында көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыратын мекемелердің бірнеше түрлері бар. Осы ұйымдардың қызметін реттеуші - арнайы нормативтік құжаттар, оның ішіндегі ең маңыздының бірі - ҚР-да «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы Заңы» (2002). Қабылданған заңда БҰҰ Мемлекеттік Ассамблеядағы көрсетілген «Мүгедектердің тең құқығын сақтаудағы стандартты ережелері» (1993) және Саламандық декларациясындағы (1994) т.б. халықаралық тенденциялары мен талаптар ескертілген.
2002 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы Заңында» арнаулы (коррекциялық) ұйымдарының келесі тізімі бекітілген:
1. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мекемелер (естімейтін, нашар еститін, кейінен саңырау болып қалған).
2. Көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін) балаларға арналған мекемелер.
3. Қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған балаларға арналған мекемелер.
4. Тіл кемістігі бар балаларға арналған мекемелер.
5. Зияты зақымдалған балаларға арналған мекемелер.
6. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мекемелер.
7. Эмоциялық-ерік жағынан және мінез-құлқы бұзылған балаларға арналған мекемелер.
8. Күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған ұйымдар.
Соңғы он бес жылда мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау бойынша арнайы оқыту қызметтерін көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері ашылды:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары;
- оңалту орталықтары;
- психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер;
- логопедиялық пункттер.
2008-2010 жылдары көру қабілеті зақымдалған тұлғаларды сапалы білім беруге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін шешуге арналған нормативтік құқықтық базасы құрастырыла басталды. Оның негізінде 2010 жылы «Білім беру» заңына толықтырулар енгізілді (ст.1. п.21-3). Толықтырудың мазмұнында инклюзивті білім беру ұғымына анықтама беріліп, дамуының құқықтық негізі қаланды. Сонымен, жоғарыда көрсетілген заңдардың толық іске асырылу мәселесі Қазақстан Республикасының «2015-2021 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында» анықталған. Инклюзивті білім беруді дамытудағы көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей: Арнайы білім беру ұйымдарын, коррекциялық кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін және т.б. арнайы білім беру мекемелерді сақтай және кеңейте отырып көру қабілеті зақымдалған балаларға ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету. Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын көру қабілеті зақымдалған балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру. Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |