40
«ОҚУ ІСІ ТҮЗЕЛМЕЙ, ЖҰРТ ІСІ ТҮЗЕЛМЕЙДІ»
Ұлан Еркінбай
филология ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор
Сулейман Демирель атындағы университет
Бүгінде қайта жаңғырған Алаш зиялыларының еңбектері қазақы таным мен əлемдік мəдениетке
сүбелі үлес қосуда. Алаш зиялыларының қай-қайсысы болсын, ұлтқа барын салып қызмет етуді басты
мұрат еткен. Мұны олардың, ең алдымен, білім мазмұнын жетілдіруден бастағаны белгілі.
«Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты
мақаласында: «Біз əуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, бо-
лыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі» – деп жазады.
Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Əліпби» (1914), «Жаңа əліппе» (1926-
1928), «Баяншы» (1926), «Əдебиет танытқыш» атты оқулықтар, Телжан Шонанұлымен бірге «Оқу
құралы» (1926-1927) деп аталатын хрестоматиялық көмекші оқу құралдарын жазды. Қазақ тілінде оқу,
жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағырапия, шаруа-кəсіп, жаратылыс, т.б. ғылым салалары жайынан пай-
далы мағлұматтарды білім беру жүйесінің ең тиімді жолын пайдалана отырып берді.
Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Омарханұлы, Құдайберген Қуанұлы, Телжан Шонанұлы, Мағжан
Бекенұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты ұлт зиялылары туған халқының интелектуалдық деңгейін əрі-
ден ойлап, əр салада оқу-құралдарын жазды. Бүгінде аталмыш оқу құралдарын зерделеп отырып, олар-
дың əдістемелік тəсілдерінің қарапайымдылығына һəм нəтижелілігіне тəнті боласың. Қазір не көп,
оқытудың сан салалы тəсілдері көп. Солай бола тұра мектеп оқулықтарында оқушыға қажетті мағлұ-
маттар жоқ. Білім мазмұнына қатысты педагогтар оқытудың дəстүрлі /репродуктивтік/ жəне құрылым-
дық /конструктивтік/ тəсілдерін сарапқа салып тартысады. Əлбетте, бұл білім беруге қатысты жайттар.
Бұл мəселеде едəуір ілгерілеген де шығармыз. Бірақ одан нəтиже болмай отыр. Неге? Негесі сол, біз
білім беруді айта береміз де сол білімнің өзін сөз етпейміз. Білім мазмұнын түрлендірудің, жетілдіру-
дің жолдарын айтамыз, білім мазмұнын айтпаймыз. Оқулықтарымызда кез келген түсініктің жүзде-
ген анықтамаларын береміз де бірде-бір қасиетін айтпаймыз. Қазіргі мектептердегі оқытылып жатқан
оқулықтардың да басты проблемасы осы. Осы тұрғыда алаш зиялылары жазған оқулықтардың басты
артықшылығы олар білім берудің түрлі тəсілдері мен əдіснамалын емес, білімнің басты қасиетін ғана
беруді ұстанады. Нəрсенің көптеген құрғақ анықтамаларын емес, бала санасына қонымды жалғыз қа-
сиетін айтады. Жəне оны баланың баба тілінде қарапайым ауызекі сөзбен жеткізеді. Осылайша ондай
оқулықтар оқушының егіз қозыдай ажырамас досына айналады.
Мысал ретінде Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызылорда қаласында баспа бетін көрген
«Əдебиет танытқышын» айтуға болады. Бүгінде бұл оқулық əдебиетті қазақша танытатын бірден-бір
классикалық мұраға айналды. Оқулық дейтін себебіміз, автор, əрбір ұғым түсінікті баяндай отырып,
«нұсқалықты қараңыз» деп ескертіп отырады. Бұдан, «Əдебиет танытқышты» Ахмет Байтұрсынұлы
оқулық жəне нұсқалық /хрестоматия/ түрінде екі кітап етіп, білім беру жүйесіне оңтайлап, арнайы
жазғандығы мəлім болады. Алайда, оқулықпен қауышқанымызбен, нұсқалық əзірге табылмай отыр.
Айта кету керек, «Əдебиет танытқыш» соңғы кезде ірі теориялық еңбек ретінде де ғалымдар наза-
рына ерекше ілігіп жүр. Алайда, мұның өзі бұл оқулықтың орта жəне жоғары мектеп оқушыларына
əдебиетті танытқыштық қызметіне мүлде кедергі келтірмейді. Бір жағынан алғанда бұл, қазірде жиі ай-
тылып жүрген, білім берудегі оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыруға да таптырмайтын құрал.
Мектептегі əдебиет оқулықтарында əдебиет ұғымы мен ондағы түрлі жанрлық категориялар жоға-
ры сыныптарда өтіледі. Ал университеттерде керісінше төменгі сыныптарда өтеді. Бірақ, екеуінде де
ешқандай жаңашылдық жоқ - бұрынғы кеңестік тəсілдің көшірмесі.
Төменде Ахмет Байтұрсынұлы əдебиет оқулығының бірнеше артықшылықтарын санамалап кел-
тірейік:
1. «Əдебиет танытқыштың» құрылымдық ерекшелігі – тараулардың, əрбір жаңа сабақ тақырыбы-
ның, жекелеген тұжырымдардың реті бір-бірінен туындап отыратын қисындылығында. Ал тақырыпты
түсіндіру, баяндау тəсілінің бірден-бір ерекшелігі – нəрсенің анықтамасын айтудан бұрын оның қаси-
етін айтатынында. Яғни, кез-келген тақырыпты түсіндіру барысында біз үйреншікті дедуктивті əдіспен
емес, көбіне сол дедукцияның өзіне негіз болып келетін жолды ұстанып, нəрсенің анықтамасынан қа-
сиетіне қарай емес, керісінше, нəрсенің қасиетінен анықтамасына қарай баяндалады. Жəне оны пəл-
сəпалық һəм филологиялық ұғым-түсініктердің ішінде – қарапайым түсінікті тілмен дəл əрі шумақтап
(обобщение) беріледі. Мəселен, оқулықтағы роман, повесть, əңгіме жанрларын түсіндіру тəсілі осыған
41
дəлел бола алады. Романды – ұлы əңгіме, повесті – ұзақ əңгіме, əңгімені – ұсақ əңгіме деп əрбір жанр-
дың атауында оның мазмұны мен формасын қатар түсіндіріп кетеді.
2. Əдебиетті түсіндіргенде оқулықта ең алдымен осы сөздің өзін анықтап алу мақсат етілген.
Алғашқы тақырыптан бастап əдебиет ол - өнер, сондықтан өнердің өзін түсініп алалық дейді де оны
өте ұғынықты, қарапайым сөзбен баяндап береді: «Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қа-
зады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді, тағысын тағы сол сияқты шаруаға керек
нəрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сурет салады. Əдемі əн, əсерлі
күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден
шыққан нəрселер күн көру ісіне керек шаруа керек-жарақтары. Мұны істегенде, сұлуынан жылуы
дегендей, көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді.
Екінші өнерден шыққан нəрселер, жылуына гөрі сұлу болуы көбірек көзделінгендіктен, көзге көркем,
көңілге жағымды болып істелген нəрселер; алдыңғы нəрселер адамның мақұлықтық жан сақтау кере-
гінен шыққан нəрселер; соңғы нəрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нəрселер. Сондықтан
алдыңғы нəрселерді жасауға жұмсалатын өнер – тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері болады да,
соңғы нəрселерге жұмсалатын өнер – көркемшілік үшін жасалатын көрнек өнері болады».
3. «Əдебиет танытқыштың» білім беру тəсілінде алдымен күрделі тақырыпты ұғындырып алу көз-
деледі. Сол арқылы баланың талғамын қалыптастыру. Көркем дүниеге деген биік талғам қалыптасты-
рған оқушы үшін кез келген тақырыпты талдау зəредей қиындық тудырмасы анық. Осы ретте Бай-
тұрсынұлы сөз өнерінің барлық өнердің сұлтаны екенін айта отырып, биік талғам қалыптастыратын
ақындардың өлеңдерінен мысал береді.
Абайдың күзді күнді суреттеуі
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бəйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Айрылған жапырағынан ағаш қурай...
Мағжанның толқынды кескіндеуі
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады
Толқын мен толқын жарысад;
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен.
Жарысып жарға барысад.
* * *
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып,
Жарға жетер ентелеп...
Абайдың əн мен күйді сөзбен сипаттап танытуы
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған əн көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына билесін ол құлаққа.
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің лəззаты бəрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды...».
Достарыңызбен бөлісу: |