4. Балаңызға мектепке бейімделуге көмектесу үшін не істедіңіз? (ата-аналардың жауаптары)
Топтың өкілдері өз шешімдерін айтады
Аудиторияда талқылау, нәтижесі ретінде «Сүйсініп оқимыз» чек-парағын әзірлеу
1. Бақылау. Үлгерімді қатаң бақылауды қойыңыз. Білдіртпей бақылаңыз, бұл қысым болмауы керек.
2. Жауапкершілік аймағы. Мектеп өмірінің ең басынан бастап балаңызға оның оқу үдерісіне жеке жауапкершілік аймағын айқындап беру қажет. Бала тапсырмаларды өз бетінше орындайды, портфельді өзі жинайды. Сіз тек орындалу фактісін тексере аласыз.
3. Көмек. Егер бала сұраса ғана көмектесіңіз. Бұл ретте көмектесу дегеніміз – ол үшін тапсырманы орындау немесе дұрыс жауапты айту емес, дұрыс шешім қабылдауға итермелеу болады.
4. Дербестік. Дербестік – яғни өз бетімен әрекет ету – бұл бала үйренуі қажет нәрсенін ең бастысы. Өз бетімен істей алатын жерде балаға көмектесудің қажеті жоқ. Ол неғұрлым көбірек өзі істесе, соғұрлым өзін сенімді сезінеді. Оған қателік жіберуге мүмкіндік беріңіз. Бұл оның жолы, оның тәжірибесі, оларсыз ол жетіліп, ақылды бола алмайды.
5. Сенім және қолдау. Егер бала теріс қылық жасаса да, балалар өздерінің дұрыс емес әрекеттерін жақсы біледі. Сіздер, ересектер алдында оны ешқашан мойындамаса да. Шындығында, олар өздерінің теріс қылықтарынан өздері толықтай зардап шегеді. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз – ұрысу және жазалау емес, баланы қолдау және оған қорытынды жасауға көмектесу.
6. Жеке кеңістік. Баланың жеке кеңістігі міндетті түрде болуы керек. Бұл кез-келген тұлғаның табиғи қажеттілігі және оны құрметтеу керек.
7. Сүйіспеншілік. Балаңызды жақсы көріңіз. Кез-келген: міні бар ма, жоқ па, күнделікте екісі бар ма, жоқ па, оны қабылдаңыз, қолдаңыз. Балаңызды түсінуге тырысыңыз. Оны тыңдаңыз және оның өзіне-өзі келуіне көмектесіңіз.
17 – слайд. Бастауыш сынып оқушысын ынталандыру жағының өзіндік ерекшеліктері бар. Бастауыш сынып оқушысында жетістікке жету ынтасы бекітіліп, жеке қасиетке айналады. Бұл екі түрткімен байланысты – табысқа қол жеткізу және сәтсіздіктерден аулақ болу.
Отбасындағы тәрбие сүйіспеншілікке, тәжірибеге, дәстүрге, балалық шақтағы жеке мысалға, көршілердің кеңестеріне негізделген. Мектептің функцияларына оқушылар мен ата-аналарды ақпараттандыру, қолдау кіреді, өз кезегінде отбасы мектепке ден қойып, көмектеседі. Отбасы мен мектеп бір-бірін толықтырады, балалардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін жақсы жағдай жасайды. Бала үшін ең жарқын үлгі – ата-аналар мен мұғалімдердің үлгісі. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуінің басты шарты – бір-бірінің қызметтерінің функциялары мен мазмұны туралы толық түсініктерінің болуы. Көбінесе отбасы тәрбие эстафетасын мектепке өткізіп беріп, осылайша баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу үдерісінен өзін-өзі алып тастайды. Алайда екі тарап та бір-бірін толық түсініп және бір-біріне өзара көмектесіп, баланың жеке қалыптасуына қатысуы керек.
Отбасы мен білім беру мекемесінің тиімді өзара әрекеті үшін шарттар:
1. Отбасы мен мектептің сенімді қарым-қатынасы, еріктілік;
2. Қарым-қатынастың ұзақ мерзімділігі;
3. Екіжақты жауапкершілік
|
РоликтіMail.ru: интернеттен іздеу
Үлестіру материалдары 3.
Парақшалардағы сұрақтар
15 – слайд
16 – слайд.
Флипчарт, маркер
(тақта, бор)
17 – слайд
|
5-7 мин
|
Қорытындылау. Ата-аналар рефлексиясы «Біздің сабақтан кейін мектеп, сабақ туралы сөз бола кетсе, сіз өз балаңызға айтатын алғашқы сөз тіркесін жазуды сұраймын».
|
18 – слайд.
Стикерлер
|
Үлестіру материалы 1
Достарыңызбен бөлісу: |