Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық. Алматы: АҮДҰИ, 2023. – 228б


Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер



жүктеу 5,34 Mb.
бет41/227
Дата22.12.2023
өлшемі5,34 Mb.
#44846
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   227
Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша басшылық

Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ананың борышы, сыйластық, эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект.
Жауапкершілік, шығармашылық, ықыластылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.


Жоспар
1. Ойын балаларды дамыту құралы ретінде.
2. Интеллектуалдық ойындар және олардың балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға әсері.
3. Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық зияткерлік ойындар.
4. Отбасы мен мектептің баланың тапқырлығын, эрудициясын дамытуғы өзара әрекеті.
Қорытынды. Қорытындылау, тілек айту.


Сабақтың ұзақтығы – 60 минут.




Уақыты

Мазмұны

Ресурстар

10 мин.

1 – слайд. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!
Абай атамыз әр заманда мәнін жоғалпайтын мынадай кеңес береді: «Адам – өз заманының перзенті. Жаман болса, замандастары кінәлі.» Жастарымызға біз – үлкендер (ата-аналар) жауаптымыз.
«Кел, сәлемдесейік» ойыны.
Сәлем беру кезінде қалыптасқан тәсіл бойынша амандасу керек:
Музыка естіледі – бәріміз залды аралап жүреміз.
Музыка 1-рет тоқтайды – қасына келіп қалған адаммен көзбенамандасамыз. Оның үстіне бүгін қандай көңіл-күйде екеніңізді де көзбен көрсетуге тырысыңыз.
2-рет – иіліп сәлемдесіміз.
3-рет – алақанды ашып қолымызды жоғары көтеріп амандасамыз. Сөйлесуге тыйым салынады.

2 – слайд. Тапсырма-ойын


Құрметті ата-аналар, мен сіздерге әдеттен тыс тапсырма ұсынамын: отбасылық кештеріңізді еске түсіріп, оларға өзіңізбаға беріңіз. Егер сіз айтылғандай орындасаңыз қызыл түсті, үнемі емес – сары, ешқашан болса – көк түсті жапсырма қойыңыз.
Күнде кешке мен балалармен ойнауға уақыт бөлемін.
Мен бала кездегі ойындарымды айтамын.
Ойыншық сынса, оны баламмен бірге жөндеймін.
Балаға ойыншық сатып әперіп, ойнаудың әртүрлі нұсқаларын көрсетемін, қалай ойнау керектігін түсіндіремін.
Баланың балабақшадағы ойындары мен ойыншықтар туралы әңгімесін тыңдаймын.
Мен баланы ойынмен, ойыншықпен жазаламаймын, яғни оны ойыннан немесе ойыншықтан біраз уақыт айырмаймын.
Балаға жиі ойын, ойыншық сыйлаймын.
Егер сіздің үстеліңізде қызыл жапсырмалар көбірек болса, сіздің үйіңізде ойын әрқашан бар. Балаңызбен теңдей ойнаңыз. Өйткені ойын – бала өміріндегі ең қызық нәрсе.
3 – слайд. Құрметті ата-аналар, мен сіздерге «Мен саған ойын сылаймын» ойынын отбасылық және біздің топтың дәстүріне айналдыруды ұсынамын. .
Аптасына бір рет, демалыс күні ата-аналар, балаға жаңа ойын «сыйлаңыздар», оны жай ғана сатып алмай, оны баламен бірге жасаңыз, бірақ ойынды түсіндіріп, баламен ойнауды ұмытпаңыз. Әр дүйсенбіде балалар мектепке үйде жасалған ойындарды «әкеледі». Балалар күні бойы оларды сыныптастарына таныстырады. Ең қызықты ойындар үшін сыйлықтар беріледі.
4 – слайд. Ойынхана (балалар мен ата-аналардың бірлескен ойындары).
Ата-аналар үстел басына отырады.
– Бүгінгі кездесуімізде ата-аналар балаларымен бірге өз қолдарымен жасай алатын қызықты ойындарға толығырақ тоқталғым келеді. Бұл математикалық ойын-сауық арасында ерекше орын алатын геометриялық фигуралардың арнайы жиынтықтарынан заттардың, жануарлардың, құстардың, үйлердің жазық кескіндерін құрастыруға арналған ойындар. Бұл ретте фигуралар жиыны ерікті түрде таңдалмайды, бірақ белгілі бір жолмен кесілген фигураның: шаршының, тіктөртбұрыштың, шеңбердің немесе сопақшаның бөліктері болып келеді. Олар балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты.



1,2,3,4-слайдтар

7 мин.


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   227




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау