«Этникалық және әлеуметтік процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Берілген терминдердің мағынасын сипаттап, оларға мысал келтіріңіз.
Антропогонез-Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.Мысалы, эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан.
Этногенез- (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Мысалы, Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.
Этнос-бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.Мысалы, мәденитілдік қауымдастық.
Берілген ұғымдарды пайдаланып, қазақ ұлтының этникалық құрамын сипаттаңыз.
Ру-арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы.
Тайпа-алғашқы қауымдық қоғамдағы бір жерде тұратын, тілі бірдей, бірнеше рулардан құралған, өзара туыстық байланыстары бар адамдар тобы.
Ата-жұрт-этникалық ұжымның (ру, тайпа, тайпалық одақ, елдің) байырғы ата-бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп-өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені.
Атамекен-адамның ата бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, ата бабасының қоныс тепкен , өсіп өніп келе жатқан жері.
Қазақ қоғамындағы туыстық, рулық қатынастардың ерекшелігін жазыңыз.
1) Қазақта жанұядағы ұлттық ерекшеліктеріне келетін болсақ, ол ең бірінші салт-дəстүрден басталады. Салт-дəстүр дегеніміз — халықтардың кəсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасындағы тəрбиеде қалыптасады
2) Туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол үшін беріп, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейіл бауырмалдығымен, дархандылығымен, жомарттығымен байқалады.
4«Қазақ қоғамында туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы зор» деген пікірмен қаншалықты келісесіз? Нақты дәлел келтіріп, кілт сөздерді толық пайдаланып, ойыңызды жазыңыз.
Кілт сөздер: қазақ жүздері, дәстүрлі қазақ қоғамы, ел, саяси-әлеуметтік жағдай, шежіре.
Достарыңызбен бөлісу: |