АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ
№6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ЖОЛДАСОВА АЙКЕНЖЕ ЖАЛМАҒАНБЕТҚЫЗЫ
ПӘНІ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
СЫНЫБЫ: 10 Б
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: М.Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін
тереңдету, шығармаларымен таныстыру.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Өз бетімен іздене білуге, қосымша материалдарды іріктеу
алуға,ой қорыта білуге жағдай жасау.
ТӘРБИЕЛІК: Сөз құдіретін ұғындыру, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Аралас ( І кезең – 5 минут, ІІ кезең – 25 минут,
ІІІ кезең – 15 минут)
Сабақтың мазмұны: І – ІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының жұмыс
дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар – кілтінде берілген).
Сабақтың әдіс –тәсілі:
І кезеңде: сұрақ –жауап;
ІІ кезеңде: а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі;
б) практикада бекіту әдісі;
в) дискуссия.
ІІІ кезеңде: үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.
Формасы: І кезеңде: фронтальды, жеке;
ІІ кезеңде: а) топтық; б) фронтальды;
ІІІ кезеңде: жеке.
Көрнекіліктері:
І кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушының жеке журналдары;
ІІ кезеңде: а) оқулық, слайдтар, интерактивті тақта;
б) оқулық, жұмыс дәптері;
в) оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
ІІІ кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары.
«Көпір» тапсырмалары
|
Хронологиялық кесте толтырыңыз.
Мерзімі
|
Болған оқиғалар
|
1858 жылы
|
Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді.
|
1870 жылы
|
Хамаретдинхазіреттің медресесінде, кейін Бұхарадағы Мірарабмедресесінде білім алған.
|
1875 жылы
|
«Дала уәлаяты» газетіне мақалалар жіберіп тұрады. Мәшһүр атанады.
|
1887 – 1890 жылы
|
Орта Азияның Самарқан, Тәшкен, Бұхара, Түркістан қалаларында болып, білімін жетілдіріп отырды. Шығыс зерттеушісі, фольклоршы В.Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырады.
|
1907 жылы
|
Қазан қаласындағы Хұсайыновтар баспасында «Хал – ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығады.
|
1931 жылы
|
Дүниеден өтті.
|
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс)
Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
|
Теориясы «Білу»
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?
|
І. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев кім?
Жауабы: ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көсемсөзші, қарулы қаламгер
2. Жасында кімнен дәріс алады?
Жауабы: ауыл молдасынан дәріс алады.
3. Алғашқы шығармашылық қадамы неше жасында басталады?
Жауабы: 15 жасында
4. Кітаптары қайда, қашан басталды?
Жауабы: Қазан қаласында 1907 жылы басылып шықты.
5. Қандай тілдерді меңгерген?
Жауабы: араб, парсы
|
Теориясы «Түсіну»
( Неге? Себебі? Неліктен? Не үшін?)
Теориясы «Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде? Т.б.с.с және бастысын бөліп шығар)
|
І. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Оның Мәшһүр аталуына не себеп болды?
Жауабы: Әр ақын, әрі газет тілшісі, сөз өнеріне бейім, білімді болуынан.
Ақын шығармаларында қандай мәселелер көтерді?
Жауабы: қазақ халқының бостандық алуы, мектеп медреселер ашу, жер мәселесі,сөз бостандығы сияқты мәселелер.
Жер мәселесін көтеру себебі не?
Жауабы: Ата – баба жерін патша үкіметі тартып алды.
ІІ. Кестені толтырыңыз.
Ақын шығармаларының тақырыбы
Салыстыру жұмысы
Ұлылар үндестігі
«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
«Адам екі түрлі» өлеңі»
Сүйінбай
Мәшһүр Жүсіп
Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма, өріктің ағашындай,
Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып – ай.
Бір адам бар өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
|
Теориясы «Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус т.б түріндегі тапсырмалар)
|
Ақын туралы өз ойың:
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
|
М.Көпеев_–_жазушының_еңбегімен_қатар_ауыз'>Практикасы «Қолдану»
|
Шығармашылық диктантты орындаңыз
М.Көпеев – жазушының еңбегімен қатар ауыз әдебиеті мұралары мен тарихи мәліметтерді, деректерді жинақтаумен, оны зерттеумен айналысқан фольклортанушы – этнограф қаламгер.
|
Практикалық «Бағалау»
( Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
|
Ақынның төмендегі сөзіне қандай пікір айтар едің?
Сияның құрамына мышьякты қосып, зауытпен жазу жазамын. Сонда менің қолтаңбамнан ешбір жазу көрінбей қалмайды және өшпейді.
М.Көпеев
|
|
ІІІ. Бағалау кезеңі (жеке жұмыс) Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинаңыздар.
|
Теориясы «Білу»
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
|
І деңгей
Ақын кімдердің дәстүрін жалғастырды? (Жауабы: Шоқан, Абай, Ыбырай т.б)
В.Радловпен шығармашылық байланысының нәтижесі қандай? (Жауабы: ауыз әдебиеті үлгілерін жинады)
Ауыз әдебиетінің қандай мұраларын жинады? (Жауабы: айтыс, тұрмыс – салт жырлары, ертегілер, батырлар жыры, аңыздар,ақын – жыраулар мұрасы)
|
Практикасы «Қолдану»
|
Ақынның төмендегі өлең жолдарында не туралы айтылған?
Биге – пара, байларға – өсім болды,
Бойға тартқан, адамдықтан бар ма қашқан?
«Сен кімнен қорқасың?» деп жел береді,
Кісі жоқ қой дейтұғын, жұртты басқар.
|
Теориясы «Түсіну»
(неге? себебі? Неліктен? Не үшін?)
|
ІІ деңгей
Төмендегі өлең жолдарына түсінік беріңдер
Өлең жолдары
|
Түсінгенім
|
Қыран құс көңіл ашар, жүйрік тазы.
Жігітті мұңайтады малдың азы.
Әркім – ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыяатын болмаған соң муфти - қазы
|
|
|
Теориясы «Талдау»
( Салыстыр, айырмашылығы неде? Т.б.с.с және бастысын бөліп шығар)
|
Салыстыру жұмыстары
№
|
Ақындар
|
Басты шығармалары
|
Тақырыптары
|
Ғибратты сөздері
|
Маңызы,мәні
|
1.
|
Шәкәрім
|
|
|
|
|
2.
|
Мәшһүр Жүсіп
|
|
|
|
|
|
Практикасы «Қолдану»
|
1.«Ғылым – білім» еңбегінде ақын ұсынған кеңестер туралы өз ойыңды жазыңыз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
|
|
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
|
Теориясы «Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус т.б түріндегі тапсырмалар)
|
Асыл сөздің жалғасын және авторын тап
Р/с
|
Өлеңнен үзінді
|
Авторы
|
1
|
Сары алтын – сабыр түбі деген сөз бар
Тілектің жүрген екен көзі жетпей,
Көшпес кент, ұшпас тауын болып қазақ,
Самұрыққа қарлықты ғой, үкі жетпей.
|
М.Көпеев
|
2
|
Оқыса бал деген сұңкар болар,
Жүзден жүйрек, тұлпар болар.
Қиыр ұшып, қияннан тоят тілеп,
Көрінген жан құрметтер іңкәр болар
|
Нарманбет
|
3
|
Ақын сұрасаң азбассың
Көпті көрген көнеден.
Байлықтың алды иман – ды,
Тәңірім сөйтіп берген -ді
|
Шортанбай
|
Сәйкестендіру тесті
Өлеңнен үзінді Көркемдік тәсілдер
«Халық сүйгенді тәңір сүйді»
Деп едім: «Бізге де бір дәурен тиді» теңеу
Бір адам бар, өрік – мінез ағашы сықылды
Бір адам бар терек ағаш сықылды мақал - мәтел
Айналдым бұлт болып биік тауға,
Іліндім болып шортан жібек ауға метафора
|
Практикасы «Баға беру»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
|
І. Сұраққа жауап беріңіз.
Ақын ел ішіндегі қандай адамдарды сынады?
Халық арасындағы келеңсіз құбылыстардың қазіргі таңдағы көрінісі қандай?
|
Достарыңызбен бөлісу: |