29
Оқушылар түсінікті қалыптастыру арқылы өздерінің қол жеткен деңгейінен Жақын
арадағы даму аймағына өте алады (ЖАДА, Vygotsky, 1978). Оқушы өзінің Жақын арадағы
даму аймағында әрекет еткен кезде, оған «дамытушы оқыту» деп аталатын қолдау қажет.
Мұндай дамытушы оқуды жұмыс жоспары, оқулықтар және т.б. көмегімен мұғалімдер,
құрдастары жүргізе алады. Оқушының жеке әрекетіне қарағанда сабақта «көпіршелердің»
көмегімен оқу мақсаттарына барынша толық қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Оқушы жетістіктерге жете бастағанда, оған әрі қарай қолдаудың қажеті болмайды
және соңында ол дербес жұмыс жасай алады. Оқытуға қолдау көрсету мақсатында
мұғалімдер дамытушы оқытудың
қажетті деңгейін ұсынуы керек, уақыт өте келе оның
деңгейі азаяды (немесе тоқтайды). Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтатылған кезде ғана
оқушы қажетті түсініктерді толық меңгерді деп айтуға болады.
Құрылымдалған зерттеу барысында дамытушы оқу жоғарғы деңгейде іске
асырылады. Сол себепті бұл әдісті жаңа түсініктер мен дағдылар енгізілетін (мысалы, курс
басында) сабақтарда қолданған орынды болып табылады. Оқушылар тәжірибе жинақтаған
кезде, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуді
қолданған орынды болса, курстың
қорытындылаушы бөлімінде ашық зерттеу тәсілін қолданған тиімді болады.
Оқушылар үшін жобалау жұмысының көздеген мақсаты жоғары деңгейлі ойлау
дағдыларын пайдалана отырып, қарапайым ашық зерттеу мәселесінің шешімін табу болып
табылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007). Алайда, мұнда ашық зерттеулер ғана оқуға сай
келетін жалғыз қолайлы педагогикалық тәсіл деп айтуға болмайды.
Зерттеуге негізделген оқу әдісін түрлі
пәндерді, оның ішінде физиканы оқытуда
қолданған тиімді болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда,
мұғалім көмекші рөліне ауысып, басты рөлге оқушы шығады.
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері
бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай
зерттеу модельдерінің бірі
«Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» (Hamston & Murdoch, 1996) деп аталады.
Модель әртүрлі жеті зерттеу кезеңін қамтиды (3-кесте). Дегенмен, зерттеу барысында
болжамдарға, зерттеу мазмұнына,
құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға
күмән тудырылған жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: