Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Белсенді оқудағы физика мұғалімінің рөлі



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет22/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

Белсенді оқудағы физика мұғалімінің рөлі
«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың өз бетінше 
жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығына 
қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол 
бермеуі аса маңызды. Оқушылар жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау 
көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Мысалы, оқушыларды зерттеу 
сұрағын анықтау және тапсырма таңдау үдерісіне қатыстыру олардың оқу үдерісіндегі 
белсенділік дәрежесін арттырады, себебі белгілі бір деңгейде зерттеу бағытын олар 
өздері бақылайды (Cavagnetto, Hand & Norton-Meier, 2011). Негізгі орта және жалпы орта 
білім беруде зерттеу сұрағын талқылау үдерісі мұғалімнің көмегімен де, өз бетінше де 
жүргізілуі тиіс.
Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен 
қолдау көрсету қажет болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту 
әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін 
оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, 
оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін 
дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата 
(Rata, 2012) өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға 
лайықты емес деп тұжырымдайды.
Хэтти (Hattie, 2009) педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізіп, мұғалімдер 
«үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырған. 
Ол қолданған тәсілдерде 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімін 
және 1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін атқарған 
тәсілдердің орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім ынталандырушы болған 
(мәселен, кері байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту 
тәсілдерінің орташа әсер мөлшері 0,60 болған. 
Мұғалімдердің кері байланыс көмегімен және модельдеу, көрсету, сұрақ қою, 
бақылау, танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің 
ілгерілеуіне үнемі қолдау көрсетуі керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алуы 
мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған 
дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының 
жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр 
оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін 
тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың 
келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен 
білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде 
халықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998). 
Белсенді оқу барысында мұғалімдер: 
-
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу 
ортасын қалыптастыруға; 


28 
-
сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,
рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге; 
-
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-
тәсілдерлі қолдануға
-
алға қойылған оқу мақсатына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді 
өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, 
бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, жеке жұмыс істеуін 
ұйымдастыруға және уақытты басқаруға
-
оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды 
түсіндіруде, мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті де анық, қарапайым тілді 
пайдалануға; 
-
оқушыларды оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс. 
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта 
қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың 
өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін 
ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін 
жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы 
тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау