Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Физика сабағында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет19/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

Физика сабағында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту 
Оқушының білім алу үдерісінде оның оқу мақсатына жету үшін өзіндік реттелуі 
арқылы ойлау және іс-әрекетін жоспарлау дағдыларын дамытудың маңызы зор. Физика 
сабағында теориялық мәтінді, графиктерді, кестелер мен сызбаларды және формаулаларды 
талдау сияқты оқу материалдарын талдаудың барлық түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. 
Оқушылар физикалық заңдарды тұжырымдауға, болжамдар ұсынуға және тексеруге, 
физикалық есептерді шешу жолдарын анықтауа, физикалық шамалар мен құбылыстардың 
сипаттауға, физикалық ұғымдарға өз бетінше анықтамалар беруге үйренеді. Мұның 
барлығы оқушының өз бетінше білім алуына, оқу ақпаратын кез келген түрінде және 
әртүрлі өмірлік жағдайда тиімді пайдалана білуіне мүмкіндік береді. Информатикада 
ақпаратпен жұмысты ақпаратты құрастыру, ізеу, өңдеу, сақтау және таратумен 
байланыстырады. Мұғалім әрдайым оқу ақпаратын оқушылардың түйсініп қабылдауына 
көңіл бөледі. Физика сабағында оқушылар түрлі жағдайда ақпаратты қабылдау, өңдеу, 
пайдалану, жіберу (тарату) және сақтау үдерісіне қатысады. Физика сабағында 
оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытудың маңызы зор, себебі 
ақпаратты түсініп, түрлендіру барысында оқушылар оқу материалын терең ұғынады. 
Оқушылардың жеке немесе топтық талқылау арқылы ақпаратты өңдеуі олардың танымдық 
қажеттілігін қанағаттандыратын білім алуына, танымдық үдерісін және пәндік білік, 
дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Оқушы сыни ойлау арқылы оқу материалын 
түрлендіріп, жаңа түрге келтіру арқылы ақпаратты бойына сіңіреді, түсінігі дамиды. 
Оқу материалдарын (ақпаратты) ондағы берілетін білім мазмұны бойынша шартты 
түрде бірнеше ақпараттық бөліктерге жіктеуге болады: 
-
Ауызша хабарлама, мәтін (анықтамалар, тұжырымдамалар); 
-
Кестелер; 
-
Формулалар, графиктер, сызбалар, суреттер; 
-
Бейнеүзінділер; 
-
Физикалық тәжірибелер мен көрсетілімдер; 
-
Физикалық анимациялар, ақпараттық технология құралдары арқылы моделі 
жасалған физикалық үдерістер, құбылыстар 
Физика пәні бойынша сабақты өткізу әдістемесі оқу материалы түріндегі ақпаратпен 
жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін таңдаумен байланысты. Сондай-ақ, сабақты жоспарлауда 
оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу материалының мазмұндық ерекшеліктерін ескеру 
керек. 
Физика сабағында ақпаратпен жұмыс істеу кезінде дамитын келесі білік, дағдыларды 
атауға болады: 
-
Ақпаратты ауызша және жазбаша түрде көрсету, түрлендіру, жаңа ақпарат ұсыну; 
-
Ақпаратты талдауда логикалық біртұтастығын сақтау; 
-
Жаңадан ұсынылған ақараттың нақтылығын және ілгеріден белгілі ақпараттың 
ақиқаттығын көрсету үшін дәлелдер келтіре білу;


24 
-
Каталогтар, библиографиялық баспалар, ақпаратты жүйелеудің электронды 
құралдарын пайдаланып ақпарат іздеу және табу;
-
Ақпарат көздерімен жұмыс істегенде нақты мақсат қою; 
-
Мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдау, анықтамалардағы түйінді сөздерді анықтай 
білу,
-
Ақпаратты басқаша ықшамды түрде көрсету білу (мысалы, жоспар, алгоритм, 
кесте, логикалық сызба, тезис, түйіндеме, қысқартылған жазбалар, реферат 
түрлерінде) 
-
Ақпаратты толықтыра көрсете білу (мысалы, формулаларды, теңдеулерді оқу 
арқылы); 
-
Визиуалды ақпаратты сөзбен сипаттау немесе сөзбен берілген ақпаратты 
графиктік, символдық т.б. түрде түрлендіріп көрсете білу. 
Мәтінмен
 
жұмыс
 
істеу
.
Физика сабағында мәтінмен жұмысты екі түрге жіктеуге 
болады: толық мәтінмен немесе оның бір бөліктерімен жалпы жұмыс және заңдарды 
анықтау немесе тұжырымдау. Екі жағдайда да мәтін арқылы берілген оқу ақпаратты 
кеңейтіп талдау және ықшамдау арқылы түрлендіріп, оқушылардың оқу материалын 
қабылдауына 
мүмкіндік 
қарастырылады. 
Мәтінмен 
жұмыс 
оның 
мазмұнын 
тұжырымдайтын өңделген ақпарат беру түрінде болуы мүмкін; оқушылар оны ауызша 
немесе жазбаша орындауына болады. Сонымен қатар, мәтінмен жұмыста оқушыларға 
алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап берулерін ұйымдастыруға болады. Кейбір 
сұрақтарға мәтінде дайын жауап берілмеген болуы да мүмкін. Бұл жағдайда оқушылар 
сұрақтарға жауап беретін бөліктерді белгілеу арқылы мәтінді талдап, табылмаған 
сұрақтардың жауабын жоғары деңгейде ойлау дағдысын дамыта отырып өздері ұсынады. 
Физикалық мәтіннен негізгі ойды белгілеуді жалпы жағдайда төмендегідей қадамдар 
арқылы қарастыруға болады. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау