Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2,36 Mb.
бет16/25
Дата21.12.2019
өлшемі2,36 Mb.
#24754
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Электротехника принциптері

Мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы
Біліктілігі: Мұнайды, газды, химиялық компоненттерді өңдеу технологы

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны
беті

1.

Түсіндірме жазба

216

2.

Курстың мазмұны

217

3.

Оқыту әдістері

223

4.

Оқыту ресурстары

223

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

223

6.

Курсты бағалау жүйесі

223


1. Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім бағдарламасы техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).

«Электротехника принциптері» пәні студенттерді электротехникалық терминдермен таныстырады, электротехникалық принциптерді, көптеген техникалық қосымшалар үшін негіз болып табылатын ұғымдар мен қатынастарды қолданады.

Модульдердің жалпы саны: 19

Сағаттар саны: 75

Кредиттер саны: 3.0

«Электротехника принциптері» пәнінің эксперименттік білім бағдарламасы білім беру ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу негізі болып табылады.

Жұмыстық білім бағдарламасын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының жұмыс берушілер мен жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін аймақтық компонентін енгізу бөлігінде бағдарламалық материалды зерделеу реттілігіне негізделген өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жаңа оқыту технологияларын, электрондық оқу құралын, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекті құралдар пайдалану, түрлі нысандарды, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.

Табысты меңгеру үшін бағдарлама теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық семинарлармен кезектестіруді қарастырады.

«Физика» пәнімен пән аралық ықпалдасу студенттерде мамандық ауқымында зерделенетін пәнді, болашақ еңбек қызметін тұтастай қабылдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді, түрлі білім бағдарламаларының өзара байланысын мойындауға көмектеседі.



2. Курс мазмұны
Модуль 1. Электрэнергетикалық жүйе.
Оқыту нәтижелері:

Энергетикалық принциптерді электрэнергетикалық жүйелерге қолдану.



Модуль тапсырмалары:

1.1. Басқа энергетикалық жүйені электрэнергиясы жүйесімен салыстыру.

1.2 . Энергия беру жүйесінің үш негізі компоненттерінің әрқайсысының

функциясын сипаттау.

1.3. Практикалық электр тізбегінің әрбір элементінің функциясын сипаттау.

1.4. Стандартты электр сұлбаларын түсіндіру.

1.5. Физикалық терминдерді және бірліктерді пайдаланып, электр энергиясын

электр тізбегіне беру принципін қолдану.

1.6. Электр тізбегінде энергияны сақтау тұжырымдамасын қолдану.
Модуль 2. Электр жүйесінің негізгі шамалары.

Оқыту нәтижелері:

Электр жүйесінің төрт негізгі шамасын түсідіру; энергия берілудің электрлік принциптеріне байланысты потенциалдар айырмасы, кедергі, ток күші және қуат.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Электр қозғаушы күшті, потенциалдар айырмасы мен кернеуді сипаттау.

2.2. Ток күшін сипаттау.

2.3. Ток кедергісін сипаттау.

2.4. Электр компонентінің немесе тізбегінің қуатын, энергиясын, жұмысын

және тиімділігін қолдану.

2.5. PEIR пішімді кестеде төрт негізгі шаманы жалпылау.
Модуль 3. Шығу көздері
Оқыту нәтижелері:

Негізгі электр көздерін талдау.


Модуль тапсырмалары:

3.1. Айнымалы ток кернеуі мен тұрақты ток кернеуі арасындағы айырманы

көрсету.

3.2. Электрэнергиясын дамыту механизмін сипаттау.

3.3. Электр элементтері мен батареялардың түрлі типтерін салыстыру.

3.4. Айнымалы синусоидтық ток толқынының қалыптасуын және қатынасын

сипаттау.

3.5. Кернеу мен ток мәндерінің әрекеттегі шамасын, олардың айнымалы ток

тізбегінің қуатымен қалай қатысатынын анықтау.

3.6. Үздіксіз қоректендіру жүйесін түсіндіру.


Модуль 4. Заңдар және элементтер мен тізбектердің қатынасы
Оқыту нәтижелері:

Элементтер мен тізбектердің кернеулері мен токтарының қатынасын талдау.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Электр тізбектерімен есептер шығару үшін Ом заңын қолдану.

4.2. Ток кернеуі мен күшіне кедергінің әсерін сипаттау.

4.3. Шама мен полярлыққа қарапайым тізбектер есептерін шығаруға арналған

Кирхгоф заңын қолдану.

4.4. Басқару құрылғылары әрекетін енгізе отырып, қысқа тұйықталу мен

ажырау әрекетін сипаттау.

4.5. Қуат ұғымы мен оның қатынасын ток кернеуі мен күшіне қолдану.

4.6. Кестенің PEIR тұжырымдамасына анықтама беру.

Модуль 5. Өлшегіш аспаптар, омметрлер, вольтметрлер, амперметрлер және осциллографтар
Оқыту нәтижелері:

Элементтер немесе тізбектер жағдайын анықтау және заңдар мен теоремаларды дәлелдеу үшін омметрлер, вольтметрлер, амперметрлер мен осциллографтар қолдану


Модуль тапсырмалары:

5.1. Тізбекте немесе элементте тұрақты токтың суық күйінде кедергісін

анықтау үшін, сонымен қатар үздіксіздігін тексеру үшін омметрді дұрыс

пайдалану.

5.2. Тізбекте немесе элементте кернеу мәнін анықтау үшін тізбекте

вольтметрді, тізбек жағдайын және Кирхгоф ток күші заңының

дәлелдемесін дұрыс пайдалану.

5.3. Тізбекте немесе элементте ток күші мәнін анықтау үшін тізбекте

амперметрді, тізбек жағдайын және Кирхгоф ток күші заңының

дәлелдемесін дұрыс пайдалану.

5.4. Вольтметрді, ыстық күйде кедергіні немесе тізбектің немесе элементтің

толық кедергісін анықтау үшін амперметр әдісі бойынша бөліп қолдану.

5.5. Осциллографтың қосылуын талдау және екі графиктік тербелістер

арасындағы фазалар қатынасын анықтау.


Модуль 6. Конфигурациялар: параллель және бірізді қосылыстар
Оқыту нәтижелері:

Параллель немесе бірізді қосылған электр компоненттері өнімділігіне жататын релеванттық электрлік әсерлерді зерделеу.



Модуль тапсырмалары:

6.1. Тізбектердің параллель немесе бірізді қосылысын қолдануды түсіндіру.

6.2. Кернеу түсу себептері мен салдарларын анықтау.

6.3. Идеал көз бен практикалық көз арасында ұғымды айыру.

6.4. Ток көзінің шығар жерінде кернеуді анықтау.

6.5. Практикалық көздерді, Тевенен немесе Нортон сияқты ток көзімен

эквивалентті сұлбаларды зерделеу.

6.6. Виатстон тізбегін өлшеу үшін көпір операциялары мен функцияларын

сипаттау.

Модуль 7. Ток әсері және электрмагниттік тізбектер.
Оқыту нәтижелері:

Ток әсерін және электрмагниттік тізбектерді зерделеу.


Модуль тапсырмалары:

7.1. Материалдардың магниттік қасиеттерін сипаттау.

7.2. Магниттік тізбектер принциптерін қолдану.

7.3. Реле және соленоидтар жұмысын сипаттау.

7.4. Фарадей заңы сипаттайтын әсерлер бойынша қорытындылар жасау.

7.5. Ленц заңы сипаттаған әсерлерді зерделеу.


Модуль 8. Тізбек пен элемент қасиеті
Оқыту нәтижелері:

Қарсы фазаның үш негізгі қасиеттері арасындағы айырманы анықтау.


Модуль тапсырмалары:

8.1. Кедергіні және оның әрекетін сипаттау.

8.2. Өткізгіш кедергісіне әсер ететін факторларды анықтау.

8.3. Индукциялығын және оның әрекетін сипаттау.

8.4. Индукциялығына әсер ететін факторларды анықтау.

8.5. Сыйымдылықты және оның әрекетін сипаттау.

8.6. Сыйымдылыққа әсер ететін факторларды анықтау.
Модуль 9. Қасиеттердің әсері
Оқыту нәтижелері:

Тұрақты және айнымалы ток жүйелерінде қарсы фазаның әсерін зерделеу.



Модуль тапсырмалары:

9.1. Кедергі әрекетін сипаттау.

9.2. Индукциялық әрекетін сипаттау.

9.3. Сыйымдылық әрекетін сипаттау.

9.4. Реакциялық кедергіні түсіндіру.

9.5. Жүйе индукциялығында, сыйымдылығында және жиілігінде өзгерістер

ток күшіне әсер ететінін түсіндіру.

9.6. Толық кедергіні түсіндіру.

9.7. Фазалық бұрышты түсіндіру.

9.8. Векторлық диаграмманы салу.


Модуль 10. Айнымалы ток жүйелері және электр құрылғыларының пайдалы әсер коэффициенті
Оқыту нәтижелері:

Айнымалы ток жүйелерінде электр құрылғыларының пайдалы әсер коэффициентіне жататын электр әсерлерін зерделеу.


Модуль тапсырмалары:

10.1. Графиктік түсініктерді және полярлық/тік бұрышты белгілерін

пайдалану арқылы векторлардың кез келген санын нәтижелейтінді

анықтау.

10.2. Бірізді және параллель толық кедергінің баламаларын анықтау.

10.3. Параллель қосылыс кезінде белсенді және реактивтік кедергінің ток

кернеуі мен күшінің қатынасын анықтау.

10.4. Бірізді қосылыс кезінде белсенді және реактивтік кедергінің ток кернеуі

мен күшінің қатынасын анықтау.

10.5. Қуатты, көрінерлік қуатты, реакциялық қуатты және қуат

коэффициентінің қатынасын қолдану.

10.6. Параллель қосылған нақты жүктердің әрекетін зерделеу.

10.7. Қуат коэфффициентін түзетудің негізгі принциптерін қолдану.
Модуль 11. Тұрақты ток жүйесі және электр құрылғыларының пайдалы әсер коэффициенті
Оқыту нәтижелері:

Тұрақты ток жүйелерінде кедергі, индукциялық және сыйымдылық әсерін зерделеу.


Модуль тапсырмалары:

11.1. Параллель резистивтік тізбектер үшін ток күшін анықтау.

11.2. Бірізді резистивтік тізбектер үшін кернеудің түсуін анықтау.

11.3. Кернеуді, ток күшін және уақытты анықтау үшін сыйымдылықтың

өшуде тұрақты уақытын пайдалану.

11.4. Кернеуді, ток күшін және уақытты анықтау үшін индукциялықтың

өшуде тұрақты уақытын пайдалану.
Модуль 12. Жартылай өткізгіш элементтер
Оқыту нәтижелері:

Тұрақты ток жүйелерінде кедергі, индукциялық және сыйымдылық әсерін зерделеу


Модуль тапсырмалары:

12.1. Терминологияны және жартылай өткізгіштер принциптерін түсіндіру.

12.2. Электр тізбектерінде диодтар функциясын сипаттау.

12.3. Тиристорлардың, транзисторлардың және микросұлбалардың

функцияларын және қолданылуын сипаттау.

12.4. Түзету, өзгеру, инверсия, күшею функциясын сипаттау.

12.5. Элементтер мен символдарды анықтау.

12.6. Негізгі жартылай өткізгіш элементтерден тұратын тізбектер әрекетін

зерделеу.

12.7. Электрондық элементтер сезімталдығын және мүмкіндігін сипаттау.


Модуль 13. Генераторлардың/альтернаторлардың жұмысы
Оқыту нәтижелері:

Генераторлардың/альтернаторлардың жұмысы сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Генератордың/альтернатордың қолдану орнын белгілеу.

13.2. Генератордың жұмыс принципін сипаттау.

13.3. Генератор параметрлері бойынша жүктердің шектеуін анықтау.

13.4. Үш фазалы жүйелер арасында айырманы орнату.
Модуль 14. Трансформаторлар
Оқыту нәтижелері:

Трансформаторлар жұмысын сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

14.1. Трансформатордың қолдану орнын белгілеу.

14.2. Трансформатордың жұмыс приципін сипаттау.

14.3. Трансформатор параметрлері бойынша жүктердің шектеуін анықтау.


Модуль 15. Электр қозғалтқыштардың жұмысы
Оқыту нәтижелері:

Электр қозғалтқыш жұмысын сипаттау.



Модуль тапсырмалары:

15.1. Қозғалтқыштың қолданар орнын белгілеу.

15.2. Қозғалтқыштың жұмыс принципін және қауіпсіздік техникасын

сипаттау.

15.3. Электр қозғалтқыш параметрлері бойынша жүктердің шектеуін

анықтау.

15.4. Қозғалтқышты негізгі өндірістік басқару жұмысын болжау үшін

диаграмманы пайдалану.


Модуль 16. Электр сұлбалары
Оқыту нәтижелері:

Тізбек жұмысын сипаттауға арналған электр сұлбасын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

16.1. Тізбек жұмысын сипаттау үшін сұлбалық бейнелеу, блоктар, сызықтық

диаграммалар пайдалану.

16.2. Қарапайым тізбектерді модельдеу, салу және қосу үшін сұлбаны

пайдалану.

16.3. Функционалдық тізбек бойынша электрлік сұлбаны бейнелеу.

16.4. Релелік тізбектер сұлбасын түсіндіру және пайдалану.
Модуль 17. Жабдықты қолдану
Оқыту нәтижелері:

Электр жабдығын шектеуді алдын ала ұйғаратын негізгі факторларды анықтау.


Модуль тапсырмалары:

17.1. Электр жабдығы жұмысына төменгі және жоғарғы кернеу әрекетін

анықтау.

17.2. Жұмысқа, қоршаған ортаны қорғауға және жабдықтың күтілген

жарамдық мерзіміне қатысты жылулық принципін қолдану.

17.3. Физикалық факторларды және олардың ұйғарылған ток күшіне әсерін

анықтау.

17.4. Техникалық сипаттамаларды және дайындаушы қауіпсіздігі

сипаттамаларын түсіндіру.
Модуль 18. Электржабдығының жұмысы
Оқыту нәтижелері:

Электржабдығының қауіпсіз жұмысы.


Модуль тапсырмалары:

18.1. Электр жүйелерінен тікелей жақындықта дұрыс жұмыс істеу үшін

рәсімдерді сипаттау.

18.2. Зертханалық жұмыстар мен есеп беру кезінде қауіпсіздікті жариялау.

18.3. Ажырату құрылғыларының қолданар орнын және жұмыс рәсімдерін

анықтау.

18.4. Электр жабдығы бойынша стандарттарды білу және оларды жұмыста

қолдану.

18.5. Ылғалдың электр жүйелерін қауіпсіз және тиімді пайдалануға әсерін

сипаттау.

18.6. Электр жүйелерін пайдалану апаттық жағдай тудыруы мүмкін ортаны

сипаттау.

18.7. Жерге қосу және жабдықты жерге қосу жүйелерінің белгіленген орнын

анықтау.
Модуль 19. Электр энергиясының құны және принциптері


Оқыту нәтижелері:

Электрэнергетикасында ресурстардың сақталу принциптерін қолдану.


Модуль тапсырмалары:

19.1. Шығындар құрылымын анықтау.

19.2. Шығындарды басқару әдістерін анықтау.

19.3. Электр энергиясын сөндірген жағдайларда әрекетті сипаттау.


3. Оқыту әдістері:

- Класта талқылау

  • Дәріс

  • Зертханалық жұмыс

  • Кеңестер

  • Семинарлар


4. Оқыту ресурстары:

  • Қажетті жабдықтар

  • Сұлбалар

  • Үлестірме материалы

  • Электрондық оқулықтар


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. ELCM-313 SAIT


6. Курстың бағалау жүйесі


Бақылау сауалнамалары/тапсырмалар

10%

Зертханалық жұмыстар

20%

Аралық емтихан

Қорытынды емтихан



30%

40%


Барлығы 100%

Бағалау шкаласы

Пайызбен бағалау

Әріптік бағалау

Балмен бағалау

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Минимум өту балы



0-49

F

0.0


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Материалдар

Мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы
Біліктілігі: Мұнайды, газды, химиялық компоненттерді өңдеу технологы

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
беті

1.

Түсіндірме жазба

228

2.

Курстың мазмұны

229

3.

Оқыту әдістері

232

4.

Оқыту ресурстары

232

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

232

6.

Курсты бағалау жүйесі

233



1. Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім бағдарламасы техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).

«Материалдар» пәні студенттерге өнеркәсіптік шикізат қасиеттері туралы негізгі ұғым беру және іріктеу процесіне логикалық түсінік беру үшін құрылған.

Модульдердің жалпы саны: 10

Сағаттар саны: 30

Кредиттер саны: 1.5

«Материалдар» пәнінің эксперименттік білім бағдарламасы білім беру ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу негізі болып табылады.

Жұмыстық білім бағдарламасын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының жұмыс берушілер мен жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін аймақтық компонентін енгізу бөлігінде бағдарламалық материалды зерделеу реттілігіне негізделген өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жаңа оқыту технологияларын, электрондық оқу құралын, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекті құралдар пайдалану, түрлі нысандарды, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.

Табысты меңгеру үшін бағдарлама теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық семинарлармен кезектестіруді қарастырады.

«Жабдықты қолдану арқылы зертханалық жұмыстар» пәнімен пән аралық ықпалдасу студенттерде мамандық ауқымында зерделенетін пәнді, болашақ еңбек қызметін тұтастай қабылдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді, түрлі білім бағдарламаларының өзара байланысын мойындауға көмектеседі.



2. Курс мазмұны
Модуль 1. Материалдар сипаттамасы
Оқыту нәтижелері:

Ерекше қолданбалы инженерия үшін ең үздік түрде сай келетін материалдарды таңдау үшін пайдаланылатын сынау әдістемесін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

1.1. Конструкциялық материалдардың төрт жалпы жіктеулері арасында

айырманы анықтау.

1.2. Материалдардың айрықша қасиеттерін түсіндіру.

1.3. Қысым және тартылу терминдерін және ауырлық компонентке немесе

құрылымға қолданылған кезде не болатынын түсіндіру.

1.4. Статикалық жүктеу күшін анықтау.

1.5. Иілімділік және сынғыштық көрсеткіштерін қолданып, созылуға

сынауды сипаттау.

1.6. Материалдар қасиеттерін қолданып, беріктікке сынауды сипаттау.

1.7. Белсенді заттың соққы тұтқырлығының қасиетін қолданып, соққы

тұтқырлығына сынауды сипаттау.

1.8. Деформацияны түсіндіру.
Модуль 2. Металл құрылымы
Оқыту нәтижелері:

Құрылысының көрінерлік нәтижесі болып табылатын материалдардың негізгі технологиялық қасиеттерін болжау.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Атомдық байланысты, техникалық процестерді түсіндіру.

2.2. Үш қорытпа типін атау.

2.3. Ыстықтай және суықтай өңдеу арасында айырманы түсіндіру.

2.4. Механикалық немесе жылулық өңдеулердің кристалл құрылымға

әрекетін түсіндіру.

2.5. Суықтай өңдеу механизмдерін, механикалық беріктендіруді және иілімді

деформацияны түсіндіру.

2.6. Бұрын суықтай өңдеумен өңделген металға термиялық өңдеу әрекетін

түсіндіру.

2.7. Материлдар қасиеттерінің атомдық құрылымға қалай әсер ететінін

түсіндіру.



жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау