Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы



жүктеу 2,36 Mb.
бет15/25
Дата21.12.2019
өлшемі2,36 Mb.
#24754
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

Модуль тапсырмалары:

3.1. Кері байланыспен басқарудың қарапайым тұйықталған жүйелерін

қысқаша сипаттау және белгілеу, реттегішті, қадағаны, атқару элементі

және процесін белгілеу және сипаттау.

3.2. Жұмыс сыйымдылығы мен бақылағыш арасында өзара байланысты

салыстыру.



Модуль 4. Кері байланыстағы контур және оның динамикасы
Оқыту нәтижелері:

Сұлбаны пайдаланып, кері байланыстағы контурды және оның динамикасын түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Сұлбалардың көмегімен күш коэффициентінің ұлғаюы тұрақсыздыққа

және төмендетілген күш коэффициенті аса демпфирленген жағдайға

қалай алып келуі мүмкін екенін түсіндіру.

4.2. Фазалық өзара байланыстар төзімділкке қалай әсер етуі мүмкін екенін

көрсету.

4.3. Реттігіштің күш коэффициентін таңдау кезінде жұмыс

сыйымдылығының маңыздылығын түсіндіру.



Модуль 5. Қысымды өлшеу бойынша техникалық талаптар
Оқыту нәтижелері:

Қысымды өлшеу бойынша түрлі техникалық талаптардың әрекет ету принциптері мен шектеулерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Манометрлік талапқа анықтама беру.

5.2. Манометрлердің, сынаптық барометрлердің жұмыс принципін, жүк

поршеньдік манометрлерді, салыстырмалы манометрлерді сипаттау

және олармен байланысты есептеулер жүргізу.

5.3. Флюидтік сұйықтардың қалаулы сипаттамаларын сипаттау және

манометр деректерінде қателер тудыруы мүмкін факторларды сипаттау.

5.4. Манометрлер шектеуін сипаттау.

5.5. Жүк поршеньдік манометрлерді өлшеуде және калибрлеуде қателер

тудыруы мүмкін факторларды сипаттау.


Модуль 6. Негізгі өлшегіш аспаптарды калибрлеу
Оқыту нәтижелері:

Бірнеше негізгі өлшегіш аспаптарды калибрлеу үшін рәсімді түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

6.1. Келесі терминдерді қысқаша сипаттау: созылымдылық, қол жетерлігі,

сызықтық, гистерезис және қайталанғыштық.

6.2. Созылымдылық, қол жетерлігі және стандартты сигналдарды пайыздық

мәндерге және кері түрлендіру үшін есептеу жүргізу.

6.3. Манометрді калибрлеу үшін әдістерді қысқаша сипаттау.

6.4. Пневматикалық қадағаны калибрлеу әдісін қысқаша сипаттау.

6.5. Электрондық қадағаны калибрлеу әдісін қысқаша сипаттау.

6.6. Ашық бактарда, жабық бактарда және герметикалық конденсаторлық

булану және сұйықтық болатын бактарда (ылғал және құрғақ буақ)

қадағаның қосылуын сипаттау және түсіндіру.
Модуль 7. Қысымды өлшеу
Оқыту нәтижелері:

Манометрлер әрекеті және оны қолдану.


Модуль тапсырмалары:

7.1. Абсолюттік, молшылық, вакуумдық және атмосфералық қысым

терминдеріне анықтама беру.

7.2. С - тәріздес, шиыршық тәріздес манометр және Бурдон шиыршық

манометрінің әрекетін сипаттау.

7.3. Сильфондар мен диафрагмаларды қысым өлшеуде қолдануды сипаттау.

7.4. Абсолюттік қысымдағы қадаға әрекетін, барометр – анероидпен қоса,

сипаттау.


Модуль 8. Өлшегіштерді қорғау
Оқыту нәтижелері:

Өнеркәсіптегі өлшегіштер осал болатын қатерді талқылау.


Модуль тапсырмалары:

8.1. Өнеркәсіптегі өлшегіштер осал болатын қатерді талқылау.

8.2. Өлшегіштерді қорғаудың келесі әдістерін қысқаша сипаттау:

амортизаторлар, жергіліктендіру, толтыру майы, вентильдер,

бекіткіштер, химиялық бекіткіштер және тазарту.
Модуль 9. Қадағаның негізгі принциптері
Оқыту нәтижелері:

Пневматикалық және электрондық қадаға жұмысының негізгі принциптерін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

9.1. Пневматикалық қадаға жұмысын сипаттау.

9.2. Электрондық қадағаның негізгі жұмыс принципін сипаттау.

9.3. Пневматикалық реле мақсатын көрсету.

9.4.Теріс кері байланысты және пневматикалық және электрондық қадағаға

қолданарлық пропорционалдық шығысты анықтау.

9.5. Электрондық қадағаның негізгі жұмыс принципін салыстыру.

9.5. Егер шығатын жері болса, қадағаның кірер жерін есептеу.

9.6. «Ток-қысым» түрлендіргішіің мақсатын көрсету.

Модуль 10. Уровнеметрия
Оқыту нәтижелері:

Қалтқылық барботаждық жүйелердің, диафрагмалық жақтауларды және деңгейді өлшеумен және басқарумен байланысты деңгейлер релесін қолдануды және орнатуды талқылау.


Модуль тапсырмалары:

10.1. Архимед принципінің уровнеметрияға қолданылуын, буйкаларды

пайдаланып, талқылау.

10.2. Қалтқылық – кабельдік және қалқылық – таспалы аспаптарды деңгейді

өлшеу үшін сипаттау және қысқаша түсіндіру.

10.3. Реттеуші клапандарды және иінтірек мехаизмдерін сипаттау, олар

қалтқылық реттегіштер жүйесінде пайдаланылады.

10.4. Ашық және жабық бактар үшін құбырлардың барботаждық жүйесін

қысқаша түсіндіру және сипаттау.

10.5. Барботаждық құбыр немесе тазарту жүйесінің және оны қолдану

сипаттамасын беру.

10.6. Деңгей өлшеу жүйесінде диафрагманың қораптық типін қысқаша

сипаттау және түсіндіру.

­­­­­­­­­­



Модуль 11. Уровнеметрия II
Оқыту нәтижелері:

Электр сыйымдылық, өткізгіштік, масса, сәулелену, ультрадыбыс әдістері және термиялық әдістер арқылы деңгей өлшегішті қолдануды талқылау.



Модуль тапсырмалары:

11.1. Келесі әдістерді қолданып, уровнеметрияны қысқаша сипаттау:



  1. электр сыйымдылық

  2. өткізгіштік

  3. масса

  4. сәулелену

  5. ультрадыбыстық әдіс

  6. жылулық сәулелену көздері

  7. айналатын қалақтар

  8. тербелетін қалақтар

  9. лазерьлік, тым жоғары жиіліктік және оптикалық аспаптар


Модуль 12. Уровнеметрия – өлшегіш диафрагмалар
Оқыту нәтижелері:

Өлшегіш диафрагмалардан айырмасы қысымның құбылуын өлшейтін шығын өлшегіштің негізгі жұмысын сипаттау.



Модуль тапсырмалары:

12.1. Дифференциалдық шығын өлшегіштерді пайдалану кезінде қозғалған

теория туралы айту.

12.2. Өлшегіш диафрагмалар түрін және олардың қолданылуын сипаттау.

12.3. Өлшегіш диафрагманы пайдалану кезінде дәлдігін қамтамасыз ету үшін

басшылыққа алатын мехаикалық талаптарды талқылау.

12.4. Өлшегіш диафрагма арқылы құбырда жүзеге асырылған қысымның

тұрақты шығынын есептеу.


Модуль 13. Расходометрия – өлшегіш диафрагманы орнату
Оқыту нәтижелері:

Өлшегіш диафрагманы орнатуды сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Ағын түзеткіштер үшін себептері мен талаптарын сипаттау.

13.2. Қысым қабылдағыштар типтері мен орналасуын сипаттау.

13.3. Жазық клапан тақтасының алмасу құрылғысын пайдаланып, қысымның

әсерімен шығын өлшегіш диафрагмасын өзгерту рәсімін сипаттау.
Модуль 14. Расходометрия – шығын өлшегіш диафрагмасын жеткізгішті орнату
Оқыту нәтижелері:

Дәл және жөндеуді талап етпейтін жұмысты қамтамасыз ету үшін екіншілік элементтерді орнату бойынша талаптарды көрсету


Модуль тапсырмалары:

14.1. Будың, сұйықтықтың және газдың шығынын өлшеуге арналған

қадағаны орнату бойынша талаптарды көрсету.

14.2. Тығыздағыш сұйықтықтың мақсатын көрсету.

14.3. Бу шығынын өлшеу кезінде пайдаланылатын конденсациялық

горшоктардың немесе резервуарлардың функциясын көрсету.

14.4. Клапандық қорап әрекетін сипаттау.

14.5. Қадаға құралын және қысқы мерзімге байланыстырылған өлшегіш

желілерін талқылау. ­­­­­­­­­­
Модуль 15. Қысым құбылысын өлшейтін шығын өлшегіштер
Оқыту нәтижелері:

Өлшегіш диафрагмалардан айырмасы қысымның құбылуын өлшейтін шығын өлшегіштің негізгі жұмысын сипаттау


Модуль тапсырмалары:

15.1. Қысым құбылысын өлшейтін келесі шығын өлшегіштердің: Вентури

шығын өлшегішін, өлшегіш соплосы бар шығын өлшегішін, Пито түтігі

бар шығын өлшегішін, иілген түтігі бар шығын өлшегішін және

айналып ағу шығын өлшегішін жұмыс принципін қысқаша сипаттау.

15.2. Арынсыз шығын өлшегіштердің лотоктық және су ағызғыш түрлерінің

әрекетін қысқаша сипаттау.

15.3. Осы құрылғылардың әрқайсысының басымдықтары мен кемшіліктерін

көрсету.
Модуль 16. Камералық және басқа шығын өлшегіштер
Оқыту нәтижелері:

Камералық шығын өлшегіштер мен түрлі ротаметрлер әрекетін қысқаша түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

16.1. Дозалаушы сорғылар мен өлшегіштер арасында айырманы түсіндіру.

16.2. Камералық шығын өлшегіштердің келесі типтерін қысқаша сипаттау

және түсіндіру: дисктік шығын өлшегіш, сильфондық шығын өлшегіш,

ілгерілемі-қайтымды поршені бар шығын өлшегіш, бұрылыс поршені

бар шығын өлшегіш, сырғымалы қалақтары бар, айналмалы қалақтары

бар, айналмалы тістегеріштері бар шығын өлшегіштер.

16.3. Түрлі ротаметрлердің әрекетін қысқаша сипаттау және түсіндіру.


Модуль 17. Шығынды өлшеу - тахометрлік шығын өлшегіштер
Оқыту нәтижелері:

Түрлі стандартты шығын өлшегіштер әрекетінің негізгі принципін талқылау және лайықты өнеркәсіптік қолдануды нұсқау.


Модуль тапсырмалары:

17.1. Жылдамдықты құбыр ауданымен байланыстыратын ағын

қозғалысының негізгі теңдеуін нұсқау.

17.2. Турбиналық, құйынды, магниттік, ультрадыбыстық және массалық

шығын өлшегіштердің негізгі әрекет ету принципін сипаттау.

17.3. «K-фактор» параметріне анықтама беру.

17.4. Тахометриялық шығын өлшегіштің әрбір түрін өнеркәсіптік

қолданылуын сипаттау.


Модуль 18. Температураны өлшеу құрылғысы
Оқыту нәтижелері:

Температураны өлшеу үшін кең таралған құрылғылардың негізгі әрекет ету принципі мен қолданылуын сипаттау.



Модуль тапсырмалары:

18.1. Биметалл термометрлердің әрекетін сипаттау және қолдану.

18.2. Толтырылған терма-түрлендіргіштер жүйесінің әрекеті, класы және

қолданылуы.

18.3. Термопарлардың әрекеті мен қолданылуын сипаттау.

18.4. Резистивтік пирометрдің әрекеті мен қолданылуын сипаттау.

18.5. Радиациялық пирометрлердің әрекеті мен қолданылуын сипаттау.
Модуль 19. Реттеуші клапан
Оқыту нәтижелері:

Клапандық корпустың әр түрлерін сипаттау және клапандық корпустың қай типі белгілі бір құрылғы үшін ең қолайлы екенін анықтау.


Модуль тапсырмалары:

19.1.Түрлі корпустарды және үлестіргіш клапан орындарын сипаттау.

19.2.Үлестіргіш шетіндегі қосылыстардың әр түрлерін сипаттау.

19.3. Берілген құрылғы үшін пайдаланылуы мүмкін үлестіргіш клапан

корпусының типін анықтау және осы таңдау себептерін түсіндіру.
Модуль 20. Клапандардың орындау механизмдері
Оқыту нәтижелері:

Клапанның (жетектің)типтік механизмі компоненттерін сипаттау, олардың алуан түрлерін санау және белгілі бір құрылғы үшін сәйкес жетек таңдау.


Модуль тапсырмалары:

20.1. Клапанның типтік жетегінің жұмысын сипаттау және басты

компоненттерді атау.

20.2. Клапанның орындау механизмдерінің әр типтерін сипаттау және оларды

қайда пайдаланады.

20.3. Клапандық және технологиялық талаптар негізінде клапан жетегі қалай

есептелетінін түсіндіру.

20.4. Клапан жетегінің тоқтап қалуда қауіпсіз орнын таңдауға арналған

критерийді түсіндіру.
Модуль 21. Реттеуші клапанның орындаушы механизмінің қосымша жабдығы
Оқыту нәтижелері:

Клапандардың орындау механизмдері үшін қажетті қосымша аспаптарды санау, олардың функцияларын сипаттау және олардың әрекетін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

21.1. Клапандардың орындау механизмдері үшін қажетті қосымша

аспаптарды санау .

21.2. Әрбір қосымша аспаптың функциясы мен құрылымын түсіндіру.

21.3. Қосымша жабдықтың әрбір негізгі түрінің әрекетін сипаттау.
Модуль 22. Реттеуші клапанды есептеу
Оқыту нәтижелері:

Неге реттеуші клапанды есептеу маңызды болып табалатынын сипаттау және жеке шығын жабдығы үшін талап етілетін реттеуші клапан өлшемін анықтау.


Модуль тапсырмалары:

22.1. Клапанның өткізгіш қабілетінің коэффициентіне анықтама беру (Cv).

22.2. Cv үшін үш негізгі формулаларды атау.

22.3. Реттеуші клапандарды есептеу үшін негізгі есептеуді жүргізу.

22.4. Бір сәттік булану және кавитация терминдерін түсіндіру.
Модуль 23. Пневматикалық реттегіштер I – Екі позициялық басқару жүйесі
Оқыту нәтижелері:

Екі позициялық басқарудың басты жүйесіне жататын принциптер мен терминдерді талқылау және пневматикалық екі позициялық реттегіш әрекетін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

23.1. Басқару жүйесінің әрекетін сипаттау.

23.2. Тікелей және кері әрекетін реттегіш арасында айырмасын түсіндіру.

23.3. «Сопло – қалқан» типті пневматикалық реле әрекетін сипаттау.

23.4. Екі позициялық пневматикалық реттегіш негізінде «сопло – қалқан»

әрекетін бейнелеу және сипаттау.


Модуль 24. Пневматикалық реттегіштер II – пропорционалды реттеу
Оқыту нәтижелері:

Пропорционал реттегіш принципін және үш режимді реттегішті басқарудың негізгі терминдерін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

24.1. Екі позициялы реттегіш пропорционал реттегішке қалай қайта

жасалатынын түсіндіру.

24.2. Офсет терминіне анықтама беру (реттеудің ауытқуы).

24.3. Реттегіште шоғырлану режимінің мақсатын нұсқау.

24.4. Реттегіште туынды әдісінің мақсатын нұсқау.

24.5. Үш режимді пневматикалық реттегішті бейелеу және сипаттау.

24.6. Баламаға, бастапқы күйіне қайтаруға және теңдеудегі пропорцияға

арналған терминдерді түсіндіру.

24.7. Теңдеудің негізгі принципін сипаттау.


Модуль 25. Автоматты – қолмен берілетін құрылғылар
Оқыту нәтижелері:

Автоматты – қолмен берілетін құрылғылардың принциптерін, функцияларын және жұмысын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

25.1. Процестер неге көбінесе қолмен басқарылатынын түсіндіру.

25.2. Автоматты – қолмен берілетін құрылғылардың жұмысын сипаттау.

25.3. Технологиялық контурда кез келген автоматты – қолмен берілетін

құрылғылардың негізгі компоненттерін бейнелеу және сипаттау.

25.4. Автоматты – қолмен берілетін құрылғылардың мақсатын сипаттау.

25.5. «Балансталған беріліс» терминін сипаттау.
Модуль 26. Технологиялық процесті басқару стратегиясына кіріспе I

Оқыту нәтижелері:

Пропорционал, автоматты түрде таңдалған және екі ауқымды басқару теориясын талқылау, тұйықталған басқару жүйесіне жататын әрбір теорияның өзара әрекеттесуі және әрбір әдісті практикалық қолдану.


Модуль тапсырмалары:

26.1. Пропорционал тұйықталған басқару жүйесінде көбейткіш және бөлгіш

функциялар арасында айырманы сипаттау.

26.2. Пропорционал теңдеуді қолданудың жалпы сипатында сипаттау.

26.3. Автоматты түрде таңдап алынған контурды анықтау.

26.4. Типтік автоматты түрде таңдап алынған контурды сипаттау.

26.5. Автоматты түрде таңдап алынған тұйықталған контурлардың ерекше

қолданылуын сипаттау.

26.6. Басқарылатын шаманың контурлық сипаттамаларын жақсарту үшін екі

ауқымды басқару жүйесін қолдану.


Модуль 27. Технологиялық процесті басқару стратегиясына кіріспе II

Оқыту нәтижелері:

Кері байланыстағы каскадтық басқару теориясын сипаттау, әрқайсының тұйықталған басқару жүйесі шегінде өзара әрекеттесуі және әрбір әджісті практикалық қолдану.


Модуль тапсырмалары:

27.1. Сұраныстың да, сондай-ақ ұсыныстың да бұзылуы кезінде каскадтық

басқаруды тиімді пайдалануды сипаттау.

27.2. Кері байланыстағы басқаруға жалпы анықтама беру.

27.3. Жалпы түрде типтік каскадтық тұйықталған басқару жүйесін сипаттау.

27.4. Кері байланыстағы басқару жүйесінің жалпы блок-диаграммасын

сипаттау.

27.5. Кері байланыстағы басқарудың төрт проблемасын атау.

27.6. Каскад қандай жағдайларда контур сипаттамасын жақсарта алатынын

сипаттау.

27.7. Тікелей байланыспен басқаруды әзірлеудің негізгі әдісін сипаттау.

27.8. Тікелей әсерді реттеу жүйесінде кері байланысты болдырмау себептерін

көрсету.

27.9. Басқару контурының біріншілік және екіншілік баптауын талқылау.


Модуль 28. Электрондық және пневматикалық басқару жүйелері

Оқыту нәтижелері:

Типтік өнеркәсіптік басқару жүйелерінде қолданылатын электрондық және пневматикалық жабдықты салыстыру.


Модуль тапсырмалары:

28.1. Пневматикалық және электрондық жабдықтар мен басқару жүйелерінің

басымдықтары мен кемшіліктерін сипаттау.

28.2. Пневматикалық басқару жүйесін қалыптастыруға қажетті жабдық пен

тетіктерді бейнелеу және сипаттау.
Модуль 29. Электрондық өлшегіш аспаптары

Оқыту нәтижелері:

Түрлі өлшеу және басқару әдістерінде электроника қалай қолданылатынын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

29.1. Аналогтық және цифрлық электроника арасында негізгі айырманы

түсіндіру.

29.2. Типтік электрондық басқару жүйесіндегі негізгі компоненттерді

бейнелеу және сипаттау.

29.3. Интеллектуалды қадаға негізін сипаттау және оның кәдімгі қадағамен

салыстырғанда басымдықтары мен кемшіліктерін түсіндіру.

29.4. Ағынды/компьютерленген жүйені типтік электрондық өлшеу

компоненттерін жалпы түрде бейнелеу және сипаттау.
Модуль 30. Технологиялық процесті басқарудағы ЭЕМ I
Оқыту нәтижелері:

ЭЕМ өнеркәсіптік бақылауды басқаруда қандай роль атқаратынын түсіндіру, компьютер компонентін және құрылымын түсіндіру және ЭЕМ байланысты терминологияны пайдалану.


Модуль тапсырмалары:

30.1. ЭЕМ тарихи эволюциясын және компьютерді анықтау үшін

пайдаланылатын критерийлерді сипаттау.

30.2. ЭЕМ қандай компоненттерден тұратынын анықтау және сипаттау.

30.3. ЭЕМ пайдаланып, есептерді орындау үшін бағдарламалық қамтуды

пайдалануды сипаттау.

30.4. Компьютердің технологиялық процесті басқаруда қолданылуын

атаңыз.


Модуль 31. Технологиялық процесті басқарудағы ЭЕМ II
Оқыту нәтижелері:

Технологиялық процестерді басқару үшін ЭЕМ жүйелерінің (консолінің) басты жұмыс компоненттерін сипаттау және компьютерді басқарудың типтік консолі үшін аппараттық және бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптарды сипаттау. Студент диспетчерлік бақылаудың және деректерді жинаудың қарапайым жүйесін, жүйенің басты компоненттерін және түйіндер арасында коммуникациялардың сәйкес түрлерін сипаттайды.


Модуль тапсырмалары:

31.1. «Аппараттық қамтамасыз ету» және «бағдарламалық қамту»

терминдеріне анықтама беру және олардың арасындағы айырманы

нұсқау.

31.2. Технологиялық процестерді басқару бойынша ЭЕМ жүйелері үшін

аппараттық құралдарға минимум талаптарды атап шығу.

31.3. Консольге енгізу мен шығару құрылғысын анықтау және берілген

құрылғылардың функцияларын сипаттау.

31.4. Технологиялық процестерді басқару үшін ЭЕМ жүйесінде табылған

түрлі бағдарламалық мүмкіндіктерді атап шығу.

31.5. Басқару консолінде табылған түрлі бағдарламалық мүмкіндіктердің

функциясын сипаттау.


3. Оқыту әдістері:

  • Класта талқылау

  • Компьютерде презентация

  • Дәріс

  • Зертханалық жұмыс

  • Кеңестер

  • Семинарлар

4. Оқыту ресурстары:

  • Қажетті жабдық

  • Үлестірме материалы

  • Электрондық оқулықтар


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Р.Х. Перри и Д. Грин. Химик-Технолог. Справочник. McGraw-Hill.


6. Курстың бағалау жүйесі


Теориялық сауалнама

10 %

Аралық емтихан

25 %

Қорытынды емтихан

35%

Зертханалық жұмыс

20%

Зертханалық жұмыстарға қатысу

10%

Барлығы

60%

Бағалар шкаласы

Пайызбен бағалау

Әріптік бағалау

Балмен бағалау

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Минимум өту балы



0-49

F

0.0



жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау