Айнымалы тоқ дегеніміз не?
Айнымалы ток дегеніміз –уақыт өткен сайын шамасы да, бағыты да периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп қарастыруға болады. Мұндай тізбекте ток күші мен кернеудің сан мәңі де, таңбасы да периодты түрде өзгереді. Мұндай ток пен кернеу, яғнм синусоидалық ток пен кернеу уақытқа байланысты синусойдалық заңмен өзгереді:
Айнымалы тоқтың лездік, әсерлік, орташа және амплитудалық мәндері.
Айнымалы тоқтың лездік мәңі деп кез келген уақыт моменті үшін пайда болатын токты атаймыз. Айнымалы тоқтын лездік мәңі кіші әрібімен белгіленеді.
Айнымалы ток күшінің әсерлік мәңі –бұл айнымалы ток өткізгіште қанша жылу мөлшерін бөліп шығарса, өткізгіште сонша уақытта дәл сондай жылу мөлшерін бөліп шығаратын тұрақты ток күшіне тең шама. Айнымалы ток күшінің әсерлік мәңін формуласымен анықтаймыз.
Айнымалы токтын орташа мәңі деп –жарты периодтағы токтың барлық лездік мәндерінің арифметикалық орташа мәні. Айнымалы токтын орташа мәңі келесі формуламен анықталады:
Амплитуда –деп бір период аралығындағы синусоидалық шаманың ең үлкен мәндерін айтамыз. Айнымалы тоқты амплитудалық мәңі, кей жағдайда максимал мәңі әрібімен белгіленеді.
Гармоникалық тербелістерді сипаттайтын параметрлер?
Гармоникалық тербеліс депбіз физикалық шаманың уақытқа тәуелді синус немесе косинус заңы бойынша периодты түрде өзгеруін айтамыз. Гармоникалық тербелістің теңдеуі келесідей:
Гармоникалық тербеліс үш негізгі параметрден тұрады: ығысу, тербеліс амплитудасы, фазадан тұрады
Ығысу – уақыттың t моментіндегі тербеліп тұрған нүктенің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы.
Гармоникалық тербеліс амплитудасы – тербеліп тұрған нүктенің тепе-теңдік жағдайынан максимал ауытқуын көрсететін шама
ω — циклдік жиілік, 2π секунд ішіндегі болатын толық тербелістердің санын көрсететін шама
Гармоникалық тербелістің фазасы – толық тербеліс фазасы
Айнымалы тоқ тізбегіндегі индуктивті катушка, конденсатор және резистор. Талдау.
Индуктивтілік (сыйымдылық, резистивті) элементтегі тоқ пен кернеудің бастапқы фазалары қалай ерекшеленеді?
Достарыңызбен бөлісу: |