Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет32/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103

76
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
берудің ведомстволары мен бағдарламалары құрылды, ол федералдық бюджеттен қаржыландырылатын. 
АҚШ-та федералдық деңгейде, сол сияқты жеке штаттарда кедейлерге және тұрмысы нашар азаматтарға 
тегін заңгерлік көмек көрсетудің әр түрлі ұйымдық нысандары бар, атап айтқанда: 
1)   1974 жылы АҚШ Конгресі Заңгерлік көмек көрсету жөніндегі корпорацияны құрды, оның негізгі 
міндеті – қылмыстық істерден басқа, азаматтық және өзге істер бойынша кедейлерге және әл-
ауқаты  төмен  азаматтарға  заңгерлік  көмек  көрсету  жөніндегі  бағдарламалар  мен  ұйымдарды 
қаржыландыру; 
2)   жекелеген  штаттарда  заңгерлік  көмек  көрсетудің  негізгі  нысандары  «көпшілік  қорғаушылар» 
(public defender offices) деп аталатын ведомстволар – штаттың мемлекеттік бюджетінде тұрған 
әл-ауқаты төмен азаматтарға ақысыз негізде қызмет көрсететін ұйымдар болып табылады;
3)   жекелеген  ірі  қалаларда  қалалық  билік  органдарымен  жасалған  келісімшарт  негізінде  тегін 
заңгерлік көмек көрсету жөніндегі ұйымдар құрылады, олардың жеке коммерциялық емес корпо-
рация мәртебесі бар; 
4)   «тізімдегі адвокаттар» сияқты нысан да кең тараған, бұл – өздерінің негізгі адвокаттық практи-
касынан бөлек, әл-ауқаты төмен адамдарға заңгерлік көмек көрсетуге ниет білдірген адвокат-
тар. Осындай адвокаттар туралы деректер муниципалитеттердің арнайы тізімдеріне, сондай-ақ 
федералдық деңгейде жасалатын тізімдерге кіргізілген. Олардың жұмысына мемлекет тарифтік 
кесте бойынша ақы төлейді (сағатына төлеу немесе іс үшін төлеу); 
5)   белгілі бір халық санаттарына заңгерлік қызмет көрсету үшін (нақты этникалық немесе кәсіби 
топтарға) көптеген қалаларда заңгерлік көмек қоғамдары (legal aid societies) ұйымдастырылған, 
олар  негізінен  әр  түрлі  қайырымдылықтар  мен  ерікті  жарналардың  есебінен  қызмет  етеді; 
сондай-ақ билік органдары да бұл қоғамдарға қаражат бөле алады;
6)   1970  жылдан  бері  «қоғамның  мүдделерін  қорғайтын»  адвокаттық  кеңселер  (pro  bono  publico 
law firms) жұмыс істейді, олар жеке клиенттердің істерін жүргізбейді, тек белгілі бір санаттағы 
азаматтардың (тұтынушылардың, саяси қайраткерлердің, сайлаушылардың, салық төлеушілердің) 
құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға  байланысты  немесе  табиғатты  қорғауға  және  халықтың 
денсаулығын  қорғауға  байланысты  (мысалы,  қоршаған  ортаны  ластайтын  кәсіпорындарға 
қарсы  немесе  атом  электр  станцияларын  салуға  қарсы  талап-арыздар)  мемлекетке  немесе 
корпорацияларға қарсы талап-арыздармен іс-қимыл жасайды; 
7)   жеке азаматтарға заңгерлік көмек көрсететін орта және ірі адвокаттық фирмалар
77
.
Аталған  құрылымдарда,  әдетте,  әл-ауқаты  төмен  адамдарға  заңгерлік  көмек  берудің  үш  үлгісі 
пайдаланылады:  1)  тағайындалған  адвокаттар  жүйесі;  2)  шарт  жүйесі;  3)  мемлекеттік  қорғаушылар 
жүйесі
78
.
77 
Қараңыз: Барщевский М.Ю. АҚШ пен Германиядағы бизнес-адвокатура: Оқу құралы. М.: Белые альвы, 1995. 5, 31–32-беттер; Власихин В.А. 
АҚШ-тағы заңгер мамандағы және заңгерлік білім // АҚШ-та қылмыстық істер бойынша қорғаудың ұйымдастырылуы. М., 1999; Сол автор: АҚШ-
тағы жеке заңгерлік қызмет // Заңгерлік кеңестемеші. 1997. № 8. 79-бет; АҚШ азаматтарына берілетін тегін заңгерлік көмек // Адвокат газеті. 
1998. № 2. 10-бет.
78 
Апарова Т.В. Шетелдерде адвокатураның ұйымдастырылуы және функциялары. Әл-ауқаты төмен адамдарға құқықтық жәрдем / Жауапты ред. 
Решетников Ф.М. М., 1991. 59-бет.


IV Тарау 
77
ОАР 1937 жылы Йоханнесбургте тұңғыш мемлекеттік заңгерлік бюро құрылған алғашқы мемлекеттердің 
бірі болып табылады. Кейіннен, 1969 жылы Заңгерлік көмек туралы заңға сәйкес, үкіметтен тәуелсіз орган 
– Заңгерлік көмек жөніндегі кеңес құрылды, ол 1971 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Аталған Кеңестің 
негізгі міндеті – әл-ауқаты төмен адамдардың заңгерлік көмекке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету. 
ОАР-да заңгерлік көмек жүйесінде мынадай үлгілер пайдаланылады: 
1)   бекітілген еңбекақы алатын қоғамдық қорғаушылар (адвокаттар мен машықтанушылар); 
2)   тізім бойынша тағайындалатын және белгілі бір жұмыс түрлері үшін және сотта жұмыс істеген әр 
күні үшін бекітілген тарифтерге сәйкес еңбекақы алатын жеке адвокаттар; 
3)   заңгерлік көмек қызметінің жұмыскерлері соттарда беретін бастапқы заңгерлік көмек; 
4)  заңгерлік  емханалар,  әділсот  орталықтары,  сондай-ақ  келісімнің  негізінде  –  жеке 
мамандандырылған  заң  фирмалары,  кеңестеме  орындары,  оларда  кеңесші  заңгерлер  жұмыс 
істейді. ОАР көрсеткендей, мемлекеттік қорғаушыларға кеткен шығыстар жеке практикасы бар 
адвокаттарға кеткен шығыстан 40% арзанға түседі.
ОАР-да заң жоғары оқу орындарының түлектеріне міндетті 2 жылдық тағылымдама жүйесі көзделген. 
Машықтанушыларға  мемлекеттік  қорғаушылардың  көмекшілері  болып  жұмыс  істеуге  құқық  берілген. 
Бір  мемлекеттік  қорғаушының  10  жуық  машықтанушысы  болады,  олар  мемлекеттік  қорғаушылардың 
аудандық мекемелерінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, машықтанушының жекеменшік фирмада жұмыс 
істеуі  де  қарастырылған.  Машықтанушы  айына  10  іс  жүргізеді  және  аптасына  бір  күн  халыққа  тегін 
кеңестеме  береді.  Сондай-ақ  заң  фирмаларымен  және  заңгерлік  емханалармен  белгілі  бір  заңгерлік 
көмек түрлерін беру туралы келісімшарттар жасасу сияқты нысан да көзделген. 
Израильде заңгерлік көмек беру жүйесі 1972 жылы «Азаматтық істер бойынша заңгерлік көмек беру 
туралы» заң қабылданғаннан кейін жұмыс істей бастады. 1995 жылы қабылданған «Қоғамдық қорғаушы 
туралы»  заңға
79
  сәйкес  Әділет  министрлігінің  құрылымдық  бөлімшесі  болып  табылатын  Қоғамдық 
қорғаушы  бюросы,  сондай-ақ  бес  адамнан  тұратын  Қоғамдық  қорғаушы  кеңесі  құрылды
80
.  Израильде 
тегін заңгерлік көмек берудің аралас үлгісі пайдаланылады, онда штаттағы мемлекеттік қызметшілер бо-
лып табылатын мемлекеттік қорғаушылар үлгісінің элементтері және Мемлекеттік қорғаушының бюросы-
мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін және әл-ауқаты төмен айыпталушыларды қорғауды қамтамасыз 
ететін жеке практика жүргізетін адвокаттар үлгісінің элементтері үйлескен. 
Заңгерлік көмек берудің израильдік жүйесі екі маңызды құрамдасқа бөлінген: біріншісі азаматтық істерде 
заңгерлік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етумен байланысты; екіншісі Қоғамдық адвокаттар кеңсесінің 
(Public Defender Office – PDO) қылмыстық істер бойынша заңгерлік көмек беруімен байланысты. Заңгерлік 
кеңестемелерді  сондай-ақ  университеттердің  жанындағы  заңгерлік  емханалар  да  береді,  олардың 
құрамына негізінен студенттер кіреді, олар заңгерлік көмек жөніндегі практикалық курстарға қатысқаны 
үшін академиялық балл ала алады
81

79 
Қараңыз: Моше Хакохем. Израильде адам құқықтарын сақтау қағидасына негізделген заңгерлік көмек берудің құқықтық жүйесінің құрылуы // 
Құқықтық бастамалар. 2004. Ақпан. 59-бет.
80 
Қараңыз: Ол да сонда. 58-бет.
81 
Қараңыз: Ол да сонда. 60-бет.


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау