ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
6
4.
Құқық қорғау институттарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының сот жүйесіне
кірмейтін мемлекеттік органдарда халыққа кеңестеме беру мен мүдделерін білдіру түрінде
құқықтық көмек көрсетіп жүрген үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету.
5.
Мемлекеттік бюджет есебінен құқықтық көмек алуға кімнің және қашан құқығы бар екенін заңда
нақтылап көрсету. Қылмыстық және әкімшілік процесте жауапкершілікке тартылған кез келген
тұлғаның өтініші бойынша оған осындай көмек тегін көрсетілуге тиіс болатын қазіргі қолданыстағы
тәртіпті қалдыру керек екені даусыз. Азаматтық процесте, бәлкім, әр түрлі көлемдегі тегін
құқықтық көмекті, мысалы, бастапқы көмек ретінде, мемлекеттік бюджеттің есебінен кепілдік
берілген кеңестеме беруді және негізгі құжаттарды жасауды және сотта және мемлекеттік ор-
гандарда, бірақ тек азаматтардың ерекше әлеуметтік жағынан осал топтары (мысалы, мүгедектер,
әл-ауқаты төмен адамдар, оралмандар, жетім балалар және т.с.с.) үшін мүдделерді білдіруден
тұратын толық көлемдегі құқықтық көмекті қарастырған дұрыс болар. Сонымен қатар, бюджеттің
есебінен баршаға құқықтық көмек көрсету мүмкін болатын азаматтық істердің санаттарын (мыса-
лы, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің заңдылығы туралы олармен арадағы даулар, еңбек
даулары, экологиялық даулар және т.с.с.) заңда атап көрсету қажет.
Білікті заңгерлік көмек алу құқығы демократиялық қоғамның жеке бас бостандығы, әділсотқа жету
құқығы, кінәсіздік презумпциясы, адамның намысы мен абыройын құрметтеу сияқты және көптеген басқа
іргелі негіздерінің кепілдігі болып табылады. Түптің түбінде әр азаматтың игілігі мен қауіпсіздігі осындай
көмектің қаншалықты пәрменді әрі қисынды ұйымдастырылуына байланысты болмақ. Сондықтан осы
мәселені шешудің маңызы зор әрі қоғам мен мемлекет тарапынан тиісінше назар аударуды қажет етеді.
Тарауларға қысқаша шолу
7
ҚЫСҚАША ШОЛУ
Қазақстан Республикасында тегін заңгерлік көмек көрсетудің жаңа
үлгісін әзірлеу бойынша ұсыныстамалар
(II-тарау бойынша)
Қолданыстағы үлгінің кемшіліктері
Қылмыстық істер бойынша мемлекеттік қаражат есебінен заңгерлік көмек көрсету мен қаржыландырудың
қазіргі кезде Қазақстанда қолданылатын үлгісі мемлекет өкілдерінің адвокатты тағайындауын топшы-
лайды. Әдетте ол кезекші адвокат немесе тағайындалған адвокаттың міндеттерін атқаруға қарсы емес
кез келген басқа адвокат болады. Тағайындалған адвокаттар жүйесінің басты кемшілігі – еңбекке ақы
төлеудің төмен тарифтері, қорғау үрдісін ынталандыру мен бақылаудың болмауы. Осы факторлардан
қосымша мынадай кемшіліктер туындайды: тағайындалған адвокаттардың әлсіздігі, іске жадағай көзқарас
танытуы. Сонымен қатар, уақыт бойынша ақы төлеу жүйесі және төлемақының төмен деңгейі адвокаттар-
ды процесті созуға және сыбайласып заң бұзуға итермелейді.
Ұсынылып отырған үлгінің тұжырымдамалық негізі
Біз ұсынып отырған үлгінің басты мәні – тағайындалған адвокаттардың істің түпкілікті нәтижесіне мүдделі
болуы. Бұл үшін табыстылық қаламақысын енгізуді ұсынамыз, ол іс оңды аяқталған жағдайда (нәтиженің
жүз пайыз болуы міндетті емес) адвокатқа белгілі бір сыйлықақы ретінде төленетін болады. Сонымен
қатар, тағайындалған адвокаттарға ақы төлеу жүйесінің үлгісін өзгертуді ұсынамыз, ол қорғау процесіне
байланысты сағаттар санына емес, істің күрделілік дәрежесіне байланысты болады. Төлемақыны есеп-
теу істің тарифтік тордың нақты деңгейіне сәйкестігін айқындау арқылы іске асырылады. Сонымен бірге,
біз қорғау өкілдері ретінде (белгілі бір бағыттар бойынша) әрекет ете алатын ұйымдардың ауқымына
құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдар мен заңгерлік емханаларды кіргізуді (олардың қорғау бойынша
жұмысын мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру мүмкіндігін бере отырып) ұсынамыз. Аталған
қадам адвокаттар қоғамдастығына салауатты бәсекелестік жасауға көмектеседі. Біздің тұжырымдамада
сондай-ақ тегін заңгерлік көмек алудан үміткер адамдардың санын азайту ұсынылады, бұл бір нақты
тұлғаны қорғауға арналған соманы арттырады. Сондықтан мемлекетте сот сақтандыруы жүйесін енгізуді
ұсынамыз, бұл жүйе бойынша сақтандыру оқиғасы орын алатын, атап айтқанда, сот ісі бойынша қорғану
қажет болатын жағдайға арнап жарналар аударатын әрбір адам заңгерді жалдап, оған мемлекетте
қолданылатын ресми орташа тарифтер бойынша сот сақтандыруы қорларының қаражатынан сыйақы
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
8
төлеу мүмкінідігіне ие болады. Аталған жүйенің әкімшілік, азаматтық істер, сондай-ақ қылмыстық істер
кезінде де адамдардың ынтасын туғыза алатыны әсіресе өзекті жайт болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
•
істердің сапасын жоғарылатып, мерзімдерін азайтуға деген адвокаттардың мүдделілігінің артуы;
•
адвокаттардың төлемақысы мен сыйақысын есептеу тәсімінің оңайлауы;
•
заңгерлік емханалар мен құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының жандануы
тегін заңгерлік көмек көрсетуде адвокаттар қоғамдастығына бәсекелестік жасайды;
•
заңгерлік сақтандыру механизмін ендіру тегін заңгерлік көмек алудан ықтимал үміткерлердің са-
нын азайтады, бұл өз кезегінде, төлемақының жаңа жүйесі болғанда, тағайындалған адвокаттардың
төлемақысын арттыру бағытында жасалған қадамдардың бірі болмақ;
•
мемлекет қаржыландыратын тегін заңгерлік көмек беру мен оның ақысын төлеу туралы халықтың
хабардарлығының артуы да тағайындалған адвокаттар мен заңгерлік көмек көрсетудің баламалы
мүмкіндіктерінің арасындағы бәсекелестікті арттырады;
•
тағайындалған адвокаттарға ақы төлеудің деңгейін арттыру олардың арасындағы бәсекелестікті
арттырады, бұл сапалы қорғау қызметтер көрсетуге жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |