78
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Нидерландта өткен ғасырдың 50-шы жылдарында басталған және 1970 жылға таман шарықтау шегіне
жеткен әлеуметтік қызмет көрсетудің оңтайлы жүйесінің құрылуы «әлеуметтік адвокатура» деп аталатын
жүйенің құрылуына алып келді, онда: 90 заңгерлік көмек орталығы (1948 жылдан бері жұмыс істейді);
50-ден астам ерікті «заңгерлік дүкен» (1969 жылдан бері жұмыс істейді); 20 заңгерлік көмек бюросы
болды (1974 жылдан бері жұмыс істейді)
82
. 1957 жылы адвокатураның бастамасы бойынша тұңғыш рет
мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмектің сұлбасы енгізілді. 1994 жылдың қаңтарында күшіне ен-
ген Заңгерлік көмек туралы заңға сәйкес, заңгерлік көмектің ұйымдастырылуы үшін жауапкершілік Әділет
министріне және Әділет министрлігі жанындағы Заңгерлік көмек департаментінің бастығына жүктелді.
Ал заңгерлік көмекке әкімшілік ету мәселелері тәуелсіз басқармалар ретінде құрылған Заңгерлік көмек
жөніндегі бес Кеңеске тапсырылды. Заңгерлік көмек жүйесі аралас сипаттағы үлгі – көмекті жеке адвокат-
тар және заңгерлік көмек бюросының адвокаттары береді. Нидерландыда заңгерлік көмек көрсететін 30
бюро құрылып, күрделі емес құқықтық проблемалар бойынша жалпы құқықтық ақпарат пен кеңестемелер
береді. Осы бюроларға қабылданатын адамдар бірқатар талапқа сай келуге тиіс: белгілі бір істер санына
қатысуға, оқу курастарынан өтуге, кезекші адвокаттар ретінде қатысу үшін арнайы біліктілігі болуға
тиіс. Көп жағдайда қаржыландырылатын заңгерлік көмек түгелдей тегін болмайды – оны өтініш беруші
табысының көлеміне қарай ішінара төлейді. Заңгерлік көмек туралы заңда заңгерлік көмектің үш түрін
көрсету қарастырылған:
1) кез- келген азаматқа кез- келген сипаттағы құқықтық мәселелер бойынша жарты сағаттық тегін
кеңестеме беру, оны заңгерлік көмек пен кеңестеме орталықтарының штаттағы заңгерлері жүзеге
асырады;
2) заңгерлік мәселені салыстырмалы түрде тез шешуге болатын жағдайларда кеңейтілген кеңестеме
беру (жарты сағаттан асады, бірақ 3 сағаттан ұзақ емес). Клиент төлемақыны енгізіп, өзінің табысы
туралы ақпарат беруге, ал Кеңес бұл мәліметтерді тексеруге тиіс;
3) ұзақ мерзімді заңгерлік көмек жағдайында (үш сағаттан басталып және одан асатын)
қолданылатын сертификаттар процедурасы, оны орталықтың адвокаттары немесе жеке практи-
касы бар заңгерлер береді, ал олардың жұмысына Кеңес ақы төлейді.
Жеке практикасын жүргізетін адвокаттарға істің белгілі бір түріне жұмсалған орташа есептелген уақыттың
жұмсалуына қарай бекітілген қаламақы төленеді; ал штаттағы заңгерлер еңбекақы алады.
Ұлыбританияда 1945 жылы әл-ауқаты төмен адамдарға Заңгерлік көмек беру қызметі ұйымдастырылған
болатын, ал заңгерлік көмек жүйесі 1950 жылы құрылған. Бұл уақытқа дейін тегін заңгерлік көмекті
жеке практика жүргізетін кезекші адвокаттар (солиситорлар) беретін. Олардың жұмысына үкімет арнайы
қорлардан ақы төлейтін еді
83
. 1987 жылға дейін тегін заңгерлік көмек беру жүйесін адвокаттардың
кәсіби бірлестігі – Заңгерлік қоғам басқарып келді, кейін оның орнын Заңгерлік көмек жөніндегі кеңес,
ал 2000 жылдан бастап үкіметтен тәуелсіз орган – франчайзинг немесе келісімшарт негізінде жұмыс
істейтін Заңгерлік көмек жөніндегі комиссия басты. Комиссия Қоғамдық заңгерлік көмекті басқарады.
Заңгерлік көмекті негізінен жеке практикасы бар адвокаттар (азаматтық істер жөніндегі қызмет) және
Қылмыстық істер бойынша қорғау қызметі береді. Ағылшындық жүйенің өзіндік ерекшелігі, онда жеке
практика жүргізетін заңгерлер басым (салыстырма үшін – АҚШ-та заңгерлік көмектің және мемлекеттік
82
Қараңыз: Голландияның құқықтық мәдениеті / Жауапты ред. В.В. Бойцова мен Л.В. Бойцова. М.: «Легат», 1998. 115–117-беттер.
83
Апарова Т.В. Көрс. жұмыс. 56–58-беттер.
IV Тарау
79
қорғаушылардың штатында және қызметтерінде жұмыс істейтін адвокаттар кеңінен пайдаланылады)
84
.
1972 жылға қарай Англияда әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан, заңгерлік көмек берудің үш жүйесі
қалыптасты: 1) тегін кеңестеме және ынтымақтастық; 2) азаматтық істер бойынша өкілдік ету; 3)
қылмыстық процесте қорғау
85
.
Осыған ұқсас қаржыландырылатын заңгерлік көмек сондай-ақ ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында бірқатар
Батыс Еуропа мемлекетінде құрылды (мысалы,
Австралия, Канада
86
, Франция
87
, ГФР
88
, Финляндия
89
,
Швецияда
90
және кейбір басқа елдерде).
Өткен ғасырдың ортасында бұрынғы социалистік жүйенің көптеген мемлекетінде – Орталық және Шығыс
Еуропа елдерінде (Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Словакия, Чех Республикасы және т.б.), сондай-
ақ осы жүзжылдықтың басында бұрынғы КСРО республикаларында (Литва, Латвия, Эстония, Грузия,
Молдова, Украина, Ресей, Қырғызстан және т.б.) құқықтық және институционалдық реформалар жүргізіле
бастады, олардың негізгі мақсаты – білікті заңгерлік көмекпен, соның ішінде тегін көмекпен қамтамасыз
ету. Осыған орай сарапшылар Орталық және Шығыс Еуропаның барлық елдерінде және бұрынғы Кеңес
Одағының мемлекеттерінде заңгерлік көмек беру жүйелері іс жүзінде кеңестік заманнан бері өзгеріссіз
қалып отырғанын атап көрсетеді
91
. Сондықтан қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесінің құрылуына
әкелген негізгі себептер, бұл елдердің көбінің ЕО-ға кіруге ниет білдіруінен басқа, мынадай болды:
•
адамның материалдық жағынан қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржылан-
дырылатын заңгерлік көмек берудің нақты қаржылық және материалдық өлшемдерінің белгіленуі;
•
бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін барлық істер бойынша қорғану
құқығына кепілдікті көздейтін, қылмыстық істер бойынша заңгерлік көмекке қол жеткізу
мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігі;
84
Әділсотқа жету жөніндегі Еуропалық форум. Бесінші бөлім. Будапешт, 2002. 455-бет.
85
Аппарова Т.В. Көрс. жұмыс. 56-бет.
86
Бұл елдерде адвокаттардың әл-ауқаты төмен адамдарға беретін заңгерлік көмегіне мемлекет ақы төлейді (Қараңыз: Әділсотқа жету мүмкіндігі.
Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. Материалдар мен құжаттар жинағы / Ред. Резниченко Л. Буда-
пешт, 2004. 3–4-беттер, 525-бет, 692-669-беттер.
87
Бүкіл Франция аумағында Заңгерлік көмек жөніндегі кеңестер қызмет етеді, олар құқықтық ақпарат пен кеңестемелер береді, сондай-ақ сұрау
салудың негізінде өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады (бұл жағдайда толық немесе ішінара заңгерлік көмек беріледі, ол өтініш иесінің
табысының деңгейіне байланысты). Бұл елде тегін заңгерлік көмектің берілу мүмкіндігі клиенттің қолындағы қаражатқа байланысты, мұның
өзі оны ақысыз алу үшін соншалықты дәрменсіз емес және бүкіл сот шығынын өздері төлеу үшін соншалықты бай емес адамдарға құқықтық
жәрдем беруге мүмкіндік береді (Қараңыз: Смоленский М. Б. Ресей Федерациясындағы адвокаттық қызмет пен адвокатура. Ростов н/Д: «Фе-
никс», 2004. 218–219-беттер). Француздық жүйенің өзіндік ерекшелігі, әл-ауқаты төмен адамдарға заңгерлік көмек көрсетуге байланысты
мемлекеттің шығындарды сақтандыруы жолымен заңгерлік «әлеуметтік қамсыздандыру» жүзеге асырылады: сақтандыру полисі адвокаттың
қаламақысын өтейді (Қараңыз: Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. Ма-
териалдар мен құжаттар жинағы / Ред. Резниченко Л. Будапешт, 2004. 3-4-беттер, 692-693-беттер).
88
Германияда заңгерлік көмек беру жүйесі жерлер (Lander) арқылы басқарылады. Заңгерлік көмек азаматтық істердің барлық түрлері бой-
ынша беріледі. Қылмыстық істер бойынша айыпталушыларға және банкроттық туралы істер бойынша борышкерлерге заңгерлік көмек алу
құқығы берілмеген. Бремен мен Гамбург жерлерінде заңгерлік кеңестемелік көмекті заңгерлік көмек жөніндегі мемлекеттік басқармалар
қамтамасыз етеді. Қазіргі жүзжылдықтың басына қарай Германияда Еуропалық одақтың басқа елдерімен салыстырғанда заңгерлік көмек бой-
ынша шығындарды сақтандыру нарығы ең ірі болып отыр. (Қараңыз: Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін
заңгерлік көмек проблемалары. Материалдар мен құжаттар жинағы / Ред. Резниченко Л. Будапешт, 2004. 694-695-беттер, 701-бет).
89
Финляндияда заңгерлік көмек жөніндегі мемлекеттік басқармалардың кеңестемелік орталықтары жұмыс істейді, олардың қызметкерлері
(мемлекеттік заңгерлік көмекшілер) мемлекеттік қызметшілер болып табылады (Қараңыз: Ол да сонда. 680-681-беттер).
90
Швецияда заңгерлік көмек туралы заңға сәйкес қоғамдық заңгерлік бюролар жұмыс істейді, олардың құрамына мемлекеттік кеңесшілер мен
жеке практикасы бар адвокаттар кіреді. Заңгерлік көмек берудің бес нысаны бар: 1) кез келген құқықтық мәселелер бойынша заңгерлік
кеңестеме; 2) азаматтық істер бойынша заңгерлік көмек; 3) мемлекеттік қызметшінің қызмет көрсетуі; 4) жәбірленушінің өкілі; 5) мемлекеттік
кеңесші (Қараңыз: Ол да сонда. 685, 687-беттер).
91
Құқықтық бастамалар. 2004. Ақпан. 6-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |