Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет31/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103

IV Тарау 
73
• 
қылмыстық қана емес, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік көмек алу 
құқығы;
• 
заңгерді таңдау құқығы (қаржыландырылатын заңгерлік көмекке қатысты осындай құқықты шек-
теуден басқа);
• 
Екінші топ – қаржыландырылатын көмек алу құқығына кепілдіктер мынаны көздейді:
• 
адвокаттың көмегіне ақы төлеу үшін қаражаты жоқ болған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке 
тартылған және қылмыстан зардап шеккен тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ әлсіз топтарға жа-
татын  адамдарға,  сондай-ақ  жекелеген  санаттағы  адамдарға  көзделген  қаржыландырылатын 
заңгерлік көмек алу құқығы;
• 
заңгерлік көмек алу құқығы туралы хабардар ету;
• 
қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  бағдарламаларын  қаржылай,  ұйымдық  және  ресурс 
жағынан қамтамасыз ету; 
• 
оның сапасы мен тиімділігі.
Қаржыландырылатын заңгерлік көмек берілуінің аса маңызды және негізгі кепілдігі болып табылатын, 
қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  бағдарламаларын  қаржылай,  ұйымдық  және  ресурс  жағынан 
қамтамасыз ету туралы айтылғанда, мыналар қаперге алынады.
Мемлекет білікті заңгерлік көмек берілуіне кепілдік беріп қана қоймай, сонымен қатар оның тиімді болуы 
үшін тиісті жағдай жасауға тиіс. Мысалы, Заңгердің рөлі туралы негізгі қағидаларының 2-тармағында бы-
лай деп белгіленген: «Үкімет өзінің аумағында жүрген және өзінің заң юрисдикциясына жататын барлық 
тұлғалардың заңгерлердің көмегіне тиімді әрі бірдей дәрежеде қол жеткізуінің тиімді процедуралары 
мен икемді тетіктерін қамтамасыз етеді».
Көптеген  құжаттарда  мемлекеттерге  адамның  адвокатын  өзі  таңдау  мүмкіндігіне  кепілдік  беретін 
заңгерлік көмек бағдарламаларын ұйымдастыру туралы кеңес беріледі. Айталық, «Халықтың әл-ауқаты 
нашар  санаттарының  құқыққа  және  әділсотқа  тиімді  қол  жеткізуі  туралы»  №  R  (93)  1-Ұсыныста  бы-
лай деп көрсетілген: «Халықтың ең кедей санаттарының соттарға тиімді қол жеткізу құқығын, әсіресе, 
мүмкіндігінше,  айыпталушының  таңдауы  бойынша  тиісті  адвокаттың  көмегін  алу  құқығын  мойындау... 
жолымен  ықпалдасу».  Сонымен  бірге,  заңгерді  таңдау  еркіндігіне  деген  құқық  қаржыландырылатын 
заңгерлік көмек берілетін жағдайда шектелуі мүмкін. Мысалы, «Заңгерлік көмек пен кеңестемелер ту-
ралы» (78) 8-Қарарда былай деп көрсетілген: «Көмек берілетін адамның білікті қорғаушыны таңдауда 
мүмкіндігінше еркі болуға тиіс».
Өз  шешімдерінде  бұл  факторды  бірнеше  мәрте  көрсеткен  АҚЕС  былай  деп  атап  өтті:  «…өкіл  таңдау 
құқығын  абсолютті  деп  санауға  болмайды.  Әңгіме  тегін  заңгерлік  көмек  туралы  болған  жағдайда,  ол 
қажетті шектеудің нысанасы болуы мүмкін. Адвокатты тағайындау кезінде ұлттық соттар айыпталушының 


74
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
тілегін назарына алуға тиіс екені күмәнсіз. Дегенмен, егер әділсот мүддесінде қажет деп санауға салмақты 
негіз болған жағдайда, олар бұл тілектерді қабылдамай тастауы мүмкін»
72
.
Сонымен  бірге  халықаралық  құжаттарда  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  берудің  шартта-
ры  белгіленген  –  бұл  әділсот  мүддесінің  және  заңгерлік  қызметке  өзі  ақы  төлей  алмайтын  адамның 
материалдық жағдайының талаптары. Алайда бұл орайда «әділсот мүддесі» деген ұғымның анықтамасы 
берілмеген,  сондай-ақ  адамның  материалдық  жағдайының,  оның  заңгерлік  көмек  үшін  ақы  төлеуге 
қабілетсіздігі өлшемдерін айқындауға қатысты ережелер жоқ. 
Осылайша, халықаралық актілерде білікті заңгерлік, соның ішінде қаржыландырылатын көмек берудің 
мынадай қағидалары көзделген:
• 
заңгерлік көмекке бірдей қол жеткізу;
• 
адамның  білікті  заңгерлік  көмек,  соның  ішінде  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  алу 
мүмкіндігі туралы хабардар етілуге құқығы;
• 
заңгерді таңдау құқығы және оның қаржыландырылатын заңгерлік көмекке қатысты шектелуі;
• 
әділсот мүддесі қажет ететін кез-келген жағдайда қорғаушының тағайындалуына деген құқық 
(адамда келісім бойынша қорғаушысы болмаса); 
• 
заңгердің  қызметтеріне  ақы  төлеу  үшін  қаражаты  жеткіліксіз  болған  жағдайда  тағайындалған 
қорғаушының заңгерлік көмегін ақысыз пайдалану құқығы;
• 
қаржыландырылатын заңгерлік көмек алуға құқығы бар адамдардың қатары;
• 
қаржыландырылатын заңгерлік көмектің сапасына қойылатын талаптар;
• 
қаржыландырылатын заңгерлік көмекке қол жеткізу тәртібін белгілеу;
• 
қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  жүйесін  ұйымдастыру,  оны  жеткілікті  дәрежеде 
қаржыландыру және өзге ресурстарды беру бойынша мемлекеттің міндеті;
• 
тағайындалатын заңгерлердің тиісті біліктілігінің, құзыретінің және тәжірибесінің міндетті түрде 
болу қажеттігі;
• 
адвокаттар қауымдастықтарының жұртшылыққа азаматтың құқықтары туралы құқықтық ақпарат 
беру бағдарламаларына ынтымақтасу және қаржыландырылатын заңгерлік көмек беруге қатысу 
жөніндегі міндеті;
• 
берілетін заңгерлік көмектің сапасын бақылау, сондай-ақ кейбір басқа да қағидалар.
72 
Мысалы, қараңыз: Вожигов Ресейге қарсы (№ 5953/02, 2007 жылғы 26 сәуір); Круассан Германияға қарсы (№ 13611/88, 1992 жылғы 25 
қыркүйек).


IV Тарау 
75
2. Шет елдерде қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету жүйесінің негізгі 
үлгілері
Шетелдік сарапшылар атап көрсететіндей, бастапқыда тегін заңгерлік көмек азаматтардың сот алдында 
тең  болуын  қамтамасыз  етудің  тәсілі  ретінде  ғана  қарастырылған  еді:  көмек  тек  сот  талқылауына 
байланысты ғана берілетін, ал оны көрсетуге соттағы өкілдік функцияларын жүзеге асыратын адвокаттар 
мен тұлғалар қатыстырылатын. Бұл орайда іс бойынша өндірісті жүзеге асырушы органдар тегін адвокат 
кімге  тағайындалуға  тиіс  деген  мәселені  шешуде  басты  рөл  атқаратын  әрі  оларға  процестің  нақты 
қатысушысының тегін заңгерлік қызмет алуға мұқтаждығын айқындауда көп еркіндік берілетін еді. Ол 
кезде кең тараған жағдай, тегін заңгерлік көмекке мұқтаж адамдарды онымен қамтамасыз ету мемлекеттің 
міндеті емес, қайта заңгерлер қоғамдастығының кәсіби борышы ретінде қарастырылатын, сонда әл-ауқаты 
төмен адамдарға көрсетілген қызметтер үшін қандай да бір өтемақының болмайтыны көзделетін
73
. Уақыт 
өте келе әділсотқа жету деген ұғымның дамуына және оны қамтамасыз етуде мемлекеттің белсенді рөл 
атқаратынының  мойындалуына  орай  тегін  заңгерлік  көмекке  деген  көзқарас  өзгерді.  Тегін  қызметке 
деген бүкіл мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін заңгерлер қоғамдастығының ресурстары жеткіліксіз деп 
танылды:  мемлекеттер  тегін  заңгерлік  көмек  бағдарламаларын  қаржыландыруға  және  ұйымдастыруға 
байланысты  міндеттерді  өздеріне  алатын  болды.  Мұндай  көзқарастың  салдарынан  заңгерлік  қызмет 
көрсету  әлеуметтік  жағынан  қамтамасыз  етудің  бір  түрі  ретінде  қарастырылатын  болды,  ал  заңгерлік 
көмек бағдарламаларының кеңеюінің арқасында тегін заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жаңа 
көзқарастар  қалыптасты.  Мұның  мәнісі  мынада  еді:  мұқтаж  адамдарға  заңгерлік  көмек  көрсету  үшін 
адвокаттарды  қатыстырумен  қатар,  ал  кейбір  жағдайларда  олардың  орнына  мемлекеттің  заңгерлік 
қызметтер  –  мемлекеттік  қорғаушылар  бюролары  және  т.с.с.  құрыла  бастады,  ал  заңгерлік  көмек 
бағдарламаларына әкімшілік ету функциясы соттардан алынып, мамандандырылған органдарға берілетін 
болды
74
. Уақыт өте келе заңгерлік көмек бағдарламаларының шеңберінде соттан тыс кеңестеме беруге 
көңіл бөлініп, ал заңгерлік көмек бағдарламалары халыққа құқықтық жағынан ақпарат беру жөніндегі кең 
ауқымды бағдарламалармен толықтырылатын болды.
75
 
Әр адамның білікті заңгерлік көмекке тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында көптеген 
мемлекеттер  осындай  көмек  үшін  ақы  төлеу  міндетін  өздеріне  алады  немесе  заңгерлік  көмекке  ақы 
төлеудің арзандатылған тарифтерін белгілейді және бұл үшін арнаулы қаржыландырылатын заңгерлік 
көмек жүйелерін құрады, оның шеңберінде бұл жүйені басқаратын, үкіметпен тығыз байланысты, бірақ 
формалды түрде тәуелсіз болатын арнайы органдар құрылады
76
.
Қазіргі уақытта тегін заңгерлік көмек жүйесі Австрия, Австралия, Албания, Бельгия, Ұлыбритания, Голлан-
дия,  Германия, Дания,  Израиль,  Канада,  Нидерланд,  Португалия,  Солтүстік  Ирландия, АҚШ,  Финляндия, 
Франция, Швеция, Оңтүстік Африка Республикасында, Еуропалық Одаққа мүше барлық мемлекеттерде, 
сондай-ақ көптеген басқа елдерде жұмыс істейді. 
АҚШ тұңғыш рет заңгерлік көмек беру жүйесін қайта құруды бастаған елдердің бірі: 1957жылы онда 
мемлекет  қаржыландыратын  заңгерлік  көмек  берудің  сұлбасы  жасалды.  60-шы  жылдардың  ортасын-
60-шы  жылдардың  ортасын-
да кедейлікке қарсы күрес жөніндегі үкіметтік бағдарламалар шеңберінде кедейлерге заңгерлік көмек 
73 
Тегін заңгерлік көмек көрсету саласындағы халықаралық тәжірибе. М.: «Қоғамдық мүдделер құқығы» институты (PILI), 2008. 2–4-беттер.
74 
Ол да сонда.
75 
Ол да сонда. 4-бет.
76 
Әділсотқа жету жөніндегі Еуропалық форум. Бесінші бөлім. Будапешт, 2002. 458-бет.


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау