54
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Осы санаттағы істер бойынша еңбегіне төленетін ақы мөлшерінің аздығынан адвокаттарда материалдық
мүдделілік болмауымен ұштасатын аталған кемшіліктер, бір жағынан, және олардың төлем қабілеті
бар клиент алуға ұмтылуы екінші жағынан, жекелеген судьялардың, тергеушілердің, анықтаушылардың
және олардың «қалтадағы» адвокаттарының арасында одақтар құрылуы сияқты жағымсыз құбылысқа
жағдай жасайды. Мұндай «одақтар» адвокаттардың іс жүргізіп отырған, сөйтіп тергеудегі адамға немесе
сотталушыға «ыңғайлы», өздеріне аса қиындық туғызбайтын, іс бойынша белсенділік танытпайтын («артық»
өтінім, бас тарту, шағым және т.с. мәлімдемейтін) қорғаушының тағайындалуына мүдделі органдармен
сыбайлас болуына әкеледі. Бұл жағдайды бұрынғы кеңестік елдердегі заңгерлік көмек беру жүйесін
талдаған В. Уатенберг өте дәл сипаттап берді: «Кеңес Одағының ыдырауымен адвокаттардың беделі көп
жағынан бұрынғысынан да төмендеп кетті, ол кезде тіпті іс жүргізу нормаларының формалды талаптары
сирек сақталатын болды. Көптеген істер жабық есіктің ар жағында уағдаластық бойынша «шешілетін», ал
сот отырыстары алдын ала келісілген тиісті нәтижені жариялау үшін ғана пайдаланылатын болды. Ұзақ
уақыт бойы осылайша тездетілген сот процестеріне қатысушылар деп ұғынылған адвокаттар өздерінің
қағидаттан жұрдай клиенттерінің және әділсот жүйесінің дәл сондай қызметкерлерінің арасындағы тым
пысық делдалдар деген атаққа ие болды. Кеңес заманының соңында нарықта жеке практика қаптап
кеткен кезде, олардың бұл бейнесі одан да бұрмалана түсті: бай адвокаттар табысты да ақылды, бірақ
адамгершілігі жоқ деп есептелді, ал жағдайы нашарлауы дарынсыз деп саналды. …адвокаттар қазірдің
өзінде әділет жүйесі қызметкерлеріне бұрынғыдан да қатты тәуелді. Адвокат құқық қорғау органдарына
немесе судьяларға жайсыздық туғызса немесе қосымша жұмыс тауып берсе, олардың өкілдерінен
қандай жауап болатынынан қауіптенуге тиіс, өйткені оның өз жұмысына ақы алатыны не алмайтыны:
іс бойынша тағайындау үшін қандай адвокаттың шақырылатыны, адвокаттың көрсеткен қызметтерін
растайтын анықтамаларға қол қойылатыны не қойылмайтыны, ал егер қол қойылса, жұмыстың неше
сағатына қол қойылатыны тікелей не жанама түрде соларға байланысты. Адвокаттардың қорғауымен
байланысты жағдайды қосымша шиеленістіретін жайт…, адвокаттар әлі күнге дейін
ex officio төлемақыны
басымдықтары кеңестік уақытта айқындалған сұлба бойынша алады…»
29
.
Бұдан басқа, атап көрсететіні, қазір қолданылып жүрген адвокаттарды тағайындау жүйесі олардың
заңгерлік көмекті шынайы шығындарға сай келмейтін тарифтер бойынша беруге ерік білдіруіне
қарамастан, ҚР Конституциясының 24-бабының 1-тармағына да қайшы келеді, онда адамдардың еңбек
еркіндігіне құқығы және мәжбүрлеп еңбек еткізуге тыйым салынатыны белгіленген.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде тегін заңгерлік көмек берудің қазіргі тәртібінің мына
себептерден кемшіліктері бар деп тұжырымдауға болады:
•
қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру, халықтың құқықтық сауатын ашу саласындағы
мемлекеттік саясат негіздерінің тұжырымдамасы мен бағдарламасының жоқтығы;
•
мемлекет тарапынан қаржыландырылатын заңгерлік көмек беруді ұйымдастыру және оның
тәртібі мәселелерін реттемелейтін арнайы заңның жоқтығы;
•
осындай жәрдем берілуін және осы саладағы бағдарламалардың іске асырылуын басқаруды
(әкімшілік жасалуын) қамтамасыз ететін құрылымның жоқтығы;
29
Уaтенберг В. Әділсотқа барар жол: бұрынғы кеңестік блоктың дәстүрінен бас тарту // Құқықтық бастамалар: Тегін заңгерлік көмек жүйесінің
реформасы және әділсотқа жету, 2004. Ақпан. 11–14-беттер.
III Тарау
55
•
оны берудің нақты негіздері мен шарттарының жоқтығы;
•
заңгерлік көмекке жету мүмкіндігінің шектеулі болуы: заңнамада (ҚР АҚтҚЗ, ҚР АІЖК, ҚР ӘҚБтК
және басқа да заңнамалық актілерде) тегін заңгерлік жәрдем алуға құқығы бар тұлғалардың
шектеулі ауқымы белгіленген;
•
заңгерлік көмек беру тәртібінің құқықтық жағынан жеткілікті дәрежеде реттемеленбеуі;
•
қылмыстық істер бойынша тегін заңгерлік көмектің анықтаушының, анықтау органының,
тергеушінің, соттың субъективті ұйғаруына қарай берілуі;
•
берілетін тегін заңгерлік көмектің сапасын қамтамасыз ету жүйесінің және оны бағалау әдістерінің
жоқтығы;
•
берілетін тегін заңгерлік көмектің сапасын бақылау жүйесінің жоқтығы;
•
кеңестік заманнан бері келе жатқан адвокаттарды адвокаттар алқасы арқылы тағайындау
процедурасының сақталуы, өйткені бұл осы саладағы қазіргі заманғы халықаралық стандарттаға
сай келмейді және заңгерлік көмектің сапалы берілуін қамтамасыз етпейді;
•
заңгерлік көмек көрсету үшін адвокаттарды тағайындаудың және олардың еңбегіне ақы төлеудің
қазір қолданылып жүрген жүйесі, себебі мұның өзі оларды қылмыстық процесс жүргізуші
органдарға тәуелді етіп қояды, әрі адвокатта заңгерлік көмек беруге материалдық ынтаның бол-
мауына әкеліп қана қоймай, сондай-ақ оның сапасына теріс әсерін тигізеді;
•
ҚР АІЖК бойынша азаматтық сот ісін жүргізуде өкілдік ету міндетін заң білімінің бар-жоғына
қарамастан кез келген тұлғалардың жүзеге асыруы, өйткені бұл жағдай олар беретін заңгерлік
көмектің сапасына теріс әсер етеді;
•
қылмыстық-атқару заңнамасында белгіленген бас бостандығынан айыруға сотталған адамның сот
шешімінің орындалу сатысында заңгерлік көмек алуға құқығының іске асырылуын қамтамасыз
ету тетігінің жоқтығы, сондай-ақ бұл үшін тиісті бюджетті көздейтін бағдарламаның жоқтығы;
•
бастапқы заңгерлік көмек беру және азаматтарды құқықтық жағынан хабардар ету және құқықтық
сауатын ашу жүйесінің жоқтығы;
•
адвокаттар қоғамдастығының адам саны жағынан аздығы және оның белгілі бір бөлігінің кәсіби
біліктілік деңгейінің төмендігі, сондай-ақ басқа да кемшіліктер бар.
Осыған орай атап өтетіні, көрсетілген кемшіліктердің негізгі бөлігі ТМД елдеріне, сондай-ақ мемлекет
кепілдік беретін қаржыландырылатын көмек жүйесі енгізілгенге дейінгі кезеңдегі Орталық және Шығыс
Еуропа мемлекеттерінің басым көпшілігіне тән
30
. Бұл кемшіліктердің түп тамыры заңнамалық базаның
жеткілікті дәрежеде жан-жақты болмауында, сондай-ақ тиісті заңнама ережелерін нақты іске асырудың
нашар жүргізілуінде жатыр
31
.
30
Қараңыз: Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде әділсотқа жету. Елдердің баяндамалары. Будапешт, 2003. 7-40-беттер.
31
Қараңыз: Хриптиевски Н. 2002 жылдан кейінгі Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде тегін заңгерлік көмек саласындағы жаңа заңнама
ережелеріне және бастамаларға шолу. 2–3-беттер // www.pili.org.
Достарыңызбен бөлісу: |