III Тарау
61
қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсеткен жағдайда да оларға қатысты бейтарап позицияны ұстана
алмайды.
Үшіншіден, адвокаттар алқасының тегін заңгерлік көмек көрсету жөніндегі міндеті тек қана оны
ұйымдастыру болып табылады, бұл ҚР АҚтЗ 20-бабының 4-тармағының 4-тармақшасында бір мәнді
түрде белгіленген, бұдан шығатыны, ол басқару (әкімшілік ету) функцияларын атқаруға құқылы емес,
себебі адвокатураның міндеті мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында бекітілген адамның
өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заңгерлік көмек алуға құқығын іске асыруға
ықпалдасу ғана болып табылады, бұл сондай-ақ ҚР АҚтЗ 1-бабының 1-тармағында да бекітілген.
Төртіншіден, әдептілік аспектісінің де маңызы бар – мемлекет бөлетін қаржы ресурстары адвокатураның
мұқтаждарына жұмсалып отыр деген күдіктің де туындауына жол беруге болмайды.
2. Бастапқы, жедел және екінші жолғы заңгерлік көмекті ұйымдастыру
2.1. Бастапқы заңгерлік көмекті ұйымдастыру. Бастапқы заңгерлік көмектің мәні мынада, ол
кезде:
•
адам тегін заңгерлік көмек алуға қатысты өзінің құқықтары туралы хабардар етіледі;
•
адамның жүгінуіне себеп болған құқықтық проблема бойынша ауызша және жазбаша кеңестемелер
беріледі, сондай-ақ осындай құқықтық мәселені шешудің тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы
ақпарат беріліп, түсіндіріледі және кеңес беріледі;
•
екінші жолғы көмек алуға негіз болған жағдайда, аумақтық органға жіберіледі;
•
қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізушілік құжаттардан басқа, құқықтық
құжаттар (шағымдар, өтініштер, сұратулар, және т.б.) жасалады.
Бастапқы заңгерлік көмек алу құқығы әр адамның табысының деңгейіне қарамастан берілуге тиіс, бірақ
мұндай көмек уақыт жағынан шектеледі.
Бастапқы заңгерлік көмектің тиімділігінің маңызды шарты – оған аумақтық жағынан қол жеткізу
мүмкіндігі болуға тиіс.
Бастапқы заңгерлік көмек берудің субъектілері мыналар болуы мүмкін:
•
Ұлттық кеңестің аумақтық органдары;
•
Мәслихаттардың жанында құрылатын арнаулы құрылымдар (мысалы, қызметтер, орталықтар
және т.с.);
62
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
•
Құрылтай құжаттарында заңгерлік қызметі көрсету көзделген заңды тұлғалар мен жеке
кәсіпкерлер;
•
Бастапқы заңгерлік көмек көрсету үшін конкурстық негізде таңдалған жеке тұлғалар және
практика жүргізуші заңгерлер;
•
Өзге тұлғалар мен органдар (заңгерлік көмек көрсету бойынша маманданатын ҮЕҰ, жоғары оқу
орындарының заңгерлік емханалары, пара-заңгерлер және т.б.).
Шетелдердің (мысалы, Литва, ОАР, Израильдің) тәжірибесін ескерсек, заңгер студенттерге тәжірибелі
қызметкерлер – адвокаттар қатарындағы тәлімгердің жетекшілігімен заңгерлік практикадан өтуге құқық
беру мақсатқа сай болып көрінеді.
2.2. Жедел заңгерлік көмекті ұйымдастыру және оны беру. Жедел заңгерлік көмектің мақсаты
– адамды ұстау және қамауға алу кезінде оның қорғануға құқығын қамтамасыз ету.
Жедел заңгерлік көмекке мыналар кіреді:
•
ұсталған адамға оның заңгерлік көмек алуға құқығы туралы адвокаттың түсіндіруі;
•
сезіктінің қатысуымен жүргізілетін кезек күттірмес тергеуге және өзге де әрекеттерге, ал кейіннен
қылмыстық процестің барлық кезеңдеріне адвокаттың қатысуы.
Жедел заңгерлік көмек алу қажеттігі адам қылмыстық және әкімшілік құқық бұзу жайттары бойынша
ұсталғанда, сондай-ақ сот қылмыстық ізге түсу органдарының қамауға алу және үйінде қамау шарасын
қолдану туралы өтінімдерін қараған кезде туындайды. Мұндай жағдайларда қылмыстық ізге түсу
органдары Ұлттық кеңестің аумақтық органына кезекші адвокатты тағайындау туралы (айталық, 1
сағаттың ішінде) дереу сұрау салуға міндетті. Кезекші адвокаттардың тізімі және олардың кезекшілік
кестесі ай сайын жасалуға және оны Ұлттық кеңес бекітуге тиіс. Кезекші адвокат бос болмаған жағдайда
(мысалы, оның сотқа, тергеу әрекеттеріне қатысуына және т.с. орай), адвокат кестеде көрсетілген кезек
бойынша тағайындалады. Бұл жағдайда кезекшілік етудің реттік тәртібінің бұзылуы үшін жауапкершілікті
белгілеу қажет.
Адвокат келгенге дейін, ҚР ҚІЖК 134-бабының 2-бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында
(жауап алу басталғанға дейін қорғаушыға көзбе-көз әрі құпия жолығуын қамтамасыз ету), ұсталған
адаммен тергеу және өзге де іс жүргізу әрекеттері жүргізілмеуге тиіс. Сезікті өзіне адвокаттың берілуінен
бас тартқан жағдайда, оның бас тарту жайты оған келген адвокаттың көзінше хаттамада бекітілуге тиіс.
Бірқатар шетел тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай рәсім айтарлықтай тиімді болып табылады әрі ол
мынадай мүмкіндіктер береді:
•
біріншіден, сезіктінің және өзіне қатысты қамауға алу туралы мәселе шешіліп жатқан тұлғаның
қорғануға құқығын қамтамасыз ету;
III Тарау
63
•
екіншіден, кейіннен тергеу барысында өзіне заңсыз әдістердің қолданылғаны туралы сезіктінің
(айыпталушының, сотталушының) негізсіз сілтеме жасауына жол бермеу;
•
үшіншіден, сезіктіге (айыпталушыға) кінә етіп тағылып отырған қылмыс бойынша кінәсін мойын-
дату мақсатымен заңсыз әдістердің қолданылуына жол бермеу;
•
төртіншіден, жемқорлық арқылы құтылу жолдарын және «қалтадағы» адвокаттарды пайдалану
мүмкіндігіне жол бермеу.
2.3. Екінші жолғы заңгерлік көмекті ұйымдастыру және беру. Екінші жолғы заңгерлік көмектің
мақсаты – әділсотқа жету құқығын қамтамасыз ету. Жәрдемнің бұл түріне қылмыстық, әкімшілік
және азаматтық істер бойынша сотта қорғау және өкілдік ету кіреді. Екінші жолғы құқықтық
жәрдем алуға құқық әділсот мүддесі және өзіне тегін заңгерлік көмек берілуін сұраған адамның
қаржылық мүмкіндіктері сияқты өлшемдердің негізінде айқындалуға тиіс.
Өзінің аумақтық органы – Ұлттық кеңес арқылы мемлекет пен адвокаттың арасында жасалған шарттың
негізіндегі екінші жолғы заңгерлік көмек беру үлгісі қазіргі еx оfficio үлгісімен салыстырғанда әлдеқайда
тиімді болып отыр, өйткені ол мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
•
берілетін заңгерлік көмектің сапалы болуы;
•
адвокаттардың біліктілік деңгейін арттыру;
•
берілетін заңгерлік көмектің сапасын және қаржы шығыстарын бақылау;
•
«қалтадағы» адвокаттарды, демек, бұл саладағы жемқорлық «қуыстарды» пайдалану мүмкіндігін
болдырмау.
Қаржыландырылатын екінші жолғы заңгерлік көмек алуға құқығы бар субъектілер мынадай болуға тиіс:
•
қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық жасады деген сезік бойынша ұсталғандар, сондай-ақ
өздеріне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдар;
•
өздеріне қатысты ҚР ҚІЖК, ҚР ӘҚтК және ҚР АІЖК-де міндетті түрде қорғаушының, өкілдің
берілуі көзделген адамдар;
•
қылмыстық, әкімшілік, азаматтық сот ісін жүргізу барысында өздеріне адвокаттың тағайындалуы
туралы өтінім берген, бірақ оған төлеуге ақшалай қаражаты жоқ адамдар.
Заңгерлік көмекке мұқтаж адамның табысына байланысты оны өтініш берушінің қаржылық қатысуымен
беру мүмкіндігін қарастыруға болады.
Қаржыландырылатын екінші жолғы заңгерлік көмек беретін субъектілер мыналар болуға тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |