Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет25/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103

58
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
12. құқықтық  жағынан  қамтамасыз  ету,  бұл  мынадай  нормативтік  құқықтық  актілер  жобаларын 
әзірлеуді қажет етеді:
• 
Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек туралы заң;
• 
Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек мәселелері бойынша АІЖК, ҚР ӘҚБтК, ҚІЖК, ҚҚ, ҚР 
АҚтЗ-ға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң;
• 
Халықтың құқықтық сауатын ашу және құқықтық жағынан хабардар ету саласындағы мемлекеттік 
саясат негіздерінің бағдарламасы;
• 
Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмектің уәкілетті органы туралы ереже (шартты түрде бұл 
органды,  мысалы,  Мемлекет  кепілдік  берген  заңгерлік  көмек  жөніндегі  ҚР  Ұлттық  кеңесі  деп 
атайық (бұдан әрі – Ұлттық кеңес);
• 
Ұлттық кеңестің аппараты туралы ереже;
• 
Ұлттық кеңестің аумақтық органдары туралы ереже (мысалы, оларды бюро, қызмет, орталық және 
т.с. деп атайық);
• 
Мемлекет кепілдік беретін білікті заңгерлік көмек көрсету үшін адвокаттардың конкурсы туралы 
ереже; 
• 
Бастапқы заңгерлік көмек көрсету тәртібі туралы ереже; 
• 
Жедел заңгерлік көмек көрсету тәртібі туралы ереже; 
• 
Жедел заңгерлік көмек көрсету үшін адвокат тағайындау тәртібі туралы ереже;
• 
Екінші жолғы заңгерлік көмек көрсету тәртібі туралы ереже;
• 
Мемлекет кепілдік берген білікті заңгерлік көмек алудан үміткер тұлғалардың табысын есептеу 
ережелері; 
• 
Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмекті беретін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеудің тәртібі 
мен мөлшері туралы ережелер, сондай-ақ кейбір басқа актілер.
13. жергілікті сипаттағы бірыңғайландырылған құқықтық актілердің (мысалы, білікті заңгерлік көмек 
берілуі туралы өтініштің; табыс пен мүлік туралы үлгілік декларацияның; заңгерлік көмек көрсету 
туралы  шарттың;  қылмыстық  іс  бойынша  өндірісті  жүзеге  асырып  отырған  органның  білікті 
заңгерлік көмек көрсету туралы сұратуының; заңгерлік көмек көрсету туралы аумақтық органның 
шешімінің; заңгерлік көмек көрсетудің есебін сауалдамасының; заңгерлік көмек көрсетіп жатқан 
адвокаттың  есепхатының;  аумақтық  органның  өзінің  қызметі  туралы  және  заңгерлік  көмек 
көрсетуге бөлінген ақша қаражатының пайдаланылуы туралы есепхатының және басқа да қажетті 
актілер;


III Тарау 
59
14. бастапқы тегін заңгерлік көмекті кәсіпқой заңгерлердің ақысыз негізде, пара-заңгерлердің, соның 
ішінде қоғамдық және басқа ұйымдардың қызметінің шеңберінде (pro bono) көрсетуінің мақсатқа 
сай болу мүмкіндігі;
15. барлық практика жүргізуші заңгерлер және олардың қауымдастықтары, қоғамдастықтары және 
қызметі заңгерлік практикамен байланысты өзге де органдар сақтауға тиіс болатын Заңгерлік 
мамандықтың стандарттары туралы меморандумды және Заңгерлік әдептілік кодексін қабылдау.
II. Қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру жүйесінің үлгісін құру, ол, менің 
ойымша, мынадай болуға тиіс:
1. Мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмекті басқару (әкімшілік ету) жүйесі. 
Ең алдымен, мұндай жүйе тәуелсіз болуға тиіс. Оған тегін заңгерлік көмек беру саласындағы саясатты 
әзірлеу  және  іске  асыру;  жүйенің  жұмысын  ұйымдастыру,  бақылау  және  тиімділігін  қамтамасыз  ету, 
сондай-ақ тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша бюджеттік қаражатты бөлу, жыл сайын қаржыландыруды 
қамтамасыз ету сияқты міндеттер жүктелуге тиіс. Халықаралық актілерде (мысалы, АСҚХП 2-бабының 
3-тармағында)  заңгерлік  көмекке,  соның  ішінде  тегін  заңгерлік  көмекке  деген  құқықтың  қамтамасыз 
етілуі  үшін  мемлекеттің  жауапкершілігі  көзделетіндіктен,  бұл  функция  үшін  жауапты  негізгі  құрылым 
атқарушы билік органдары болуға тиіс. Мұндай тұжырымды АҚЕС прецеденттік құқығы қуаттай түседі, 
оның көптеген шешімінде АҚЕК 6-бабының 3(с) тармағын кез келген заң бұзушылық үшін жауапкершілікті 
үкімет арқылы мемлекет, яғни жоғары атқарушы билік органы көтеруге тиіс деп көрсетілген. 
Сондықтан, біздіңше, қаржыландырылатын заңгерлік көмекті басқару (әкімшілік ету) жүйесіне мыналар 
кіруге тиіс:
1) ҚР Әділет министрлігі;
2) Қаржыландырылатын заңгерлік көмек жөніндегі ҚР Ұлттық кеңесі (бұдан әрі – Ұлттық кеңес);
3) қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету жөніндегі аумақтық органдар;
4) мәслихаттар;
5) адвокаттар алқалары.
Мемлекеттік саясатты жүргізу процесі үшін жауап беретін жетекші мекеме болып табылатын ҚР Әділет 
министрлігіне  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  жүйесін  ұйымдастыру  және  оның  жұмысын 
қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жүктелуге тиіс.
Ұлттық кеңеске – 5–7 мүшеден (мүдделі тараптардың өкілдерінен – адвокаттардан, ҮЕҰ өкілдерінен, 
ғалымдардан, Әділет министрлігінің, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету саласының қызметкерлерінен, 


60
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
яғни құқықтық жәрдем көрсету жүйесінде жұмыс істейтін тұлғалардан және т.б.) тұратын тәуелсіз алқалы 
органға  заңгерлік  көмек  көрсету  және  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  беру  процесін  басқару 
(әкімшілік  ету)  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру  міндеттері  жүктелуге  тиіс.  Бұл  кеңестің 
қызметін Кеңес Аппараты қамтамасыз етеді.
Әкімшілік-аумақтық қағида бойынша аймақтарда (қалаларда, аудандарда) құрылуға тиіс Ұлттық кеңестің 
аумақтық органдарына қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз 
ету міндеті жүктеледі. Біздіңше, аумақтық органдар қызметінің негізіне аралас үлгі алынуға тиіс.
Мәслихаттарға бастапқы заңгерлік көмек беруді ұйымдық жағынан қамтамасыз ету үшін жауапкершілік 
жүктелуге тиіс.
Адвокаттар  алқаларына  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  берудің  сапасын  қамтамасыз  ету  және 
оны бақылау, қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету үшін конкурсқа қатысу үшін адвокаттарды 
іріктеудің өлшемдерін әзірлеу және т.б. жөніндегі функциялар жүктелуге тиіс.
Ерекше  қозғалатын  мәселе  –  дәл  осы  тәуелсіз  алқалы  орган  –  Ұлттық  кеңесті  құру  қажеттігі.  Мұндай 
органды  құрудың  керектігі  мынада:  мұндай  орган  мемлекеттік  құрылымдардан  ғана  емес,  адвокаттар 
алқалары арқылы адвокаттық қоғамдастықтан да тәуелсіз болуға тиіс. Мұндай органның қандай да бір 
мемлекеттік органның жанынан құрылуы даудың бір тарапы қандай да бір мемлекеттік құрылым болатын 
жағдайларда, оның тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осы  сияқты,  адвокаттар  алқасы  да  мына  себептерге  орай  өзінің  мүшелеріне  қатысты  бейтарап  бола 
алмайды. Біріншіден, адвокаттар алқалары тегін заңгерлік көмек жүйесін тиімді басқара алмай қалады, 
өйткені  бұл  жағдайда  олар  бір-біріне  қайшы  екі  функцияны  атқаруға  мәжбүр  болады,  себебі  бұл 
міндеттерді  бір  органға  жүктеу  мүмкін  емес,  атап  айтқанда:  бір  жағынан,  олардың  өздері  қызметтер 
көрсетуші  болып  табылады,  яғни  заңгерлік  көмек  көрсетеді;  ал  екінші  жағынан  –  олар  бюджеттік 
қаражатты  басқаруға  (әкімшілік  етуге),  яғни  осы  көмекті  үлестіруге  және  оның  ақысын  төлеуге,  тиісті 
түрде қаржыландыру және көрсетілетін заңгерлік көмектің сапасын бақылау және т.с.с. арқылы өздерінің 
іс-қимылына бақылау жасауға тиіс болады. Мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек жүйесі жұмыс 
істейтін  елдердің  тәжірибесі  көрсетіп  отырғандай,  шығынның  елеулі  бөлігі  басқару  функцияларын 
атқаратын  –  адамның  тегін  заңгерлік  көмек  алуына  құқық  беретін  өлшемдерді  әзірлейтін  және 
тексеретін,  іс  қағаздарын  жүргізетін,  адвокаттардың  атқарған  жұмысының  көлемін  анықтайтын,  есеп 
жасайтын, статистикалық деректерді жинайтын және т.с. жасайтын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге 
бағытталған. Ал, мұндай функциялар басқару сипатында болғандықтан, оларды адвокатураға жүктеуге 
болмайды, өйткені жүктеген жағдайда олар адвокатураның құқықтық табиғатының мәніне қайшы келеді, 
өйткені оның негізгі мазмұны тек қана заңгерлік көмек көрсету және оны ұйымдастыру болып табылады. 
Оның үстіне, адвокаттарға оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін 
лауазымдарды иеленуге тыйым салынған (ҚР АҚтЗ 15-бабының 6-тармағы). 
Екіншіден,  адвокаттар  алқалары  өз  мүшелері  адвокаттық  қызметті  жүзеге  асырған  кезде  оларды 
қорғауға тиіс (ҚР АҚтЗ 20-бабының 4-тармағының 1-тармақшасы), сондықтан олар өздерінің мүшелері 


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау