II Тарау
45
еңбекақы, біртұтас бюрократтандырылған жүйенің болуы – осының бәрі түптің түбінде мемлекеттік
қызметтің әдеттегі дерттерінің пайда болуына әкелуі мүмкін, ал олардың ішіндегі ең қорқыныштылары
сыбайлас жемқорлық және өзінің негізгі міндеттеріне немқұрайды қарау болып табылады. Ол тергеу
мен сот талқылауы барысында айыптау мен тергеу жүйесіне пәрменді қарсы тұра алар ма екен. Себебі
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 15-бабының 6-бөлімінде «Адвокатқа
мемлекеттiк қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе
шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады»
делінген. Ұсынылып отырған үлгі аталған құжатқа іс жүзінде қайшы келеді.
Тарифтер бойынша ақы төлеу үлгісі туралы
Өзіміздің үлгіні әзірлей отырып, біз тағайындалған адвокаттардың көмек көрсетуі және оны қаржыландыру
саласында Қазақстан Республикасында орын алып отырған нақты жағдайды негізге алуға тырыстық. Кез
келген қайта құру кезіндегі сияқты, біздің шығармашылық ұжым нысанаға алып отырған басты мақсат –
тегін заңгерлік көмектің үлгісін оңтайландыру. Бұл орайда біз әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын
түрлі үлгілердің тәжірибесіне жүгініп, олардан біздің мемлекетімізге барынша оңтайлы келетін қоспа
жасауға тырыстық. Баяндалған тұжырымдама құқықтық кеңістіктегі қазақстандық әлеуетті дамытуға
ықпалдаса алады деп топшыланып отыр. Бұл орайда біз жолға қойылған үйлестіру жүйесін түбірінен
өзгертуді ұсынбаймыз. Басқару функцияларын қазір атқарып жүрген органдар болашақта да оларды
атқара берсін. Біз ұсынып отырған үлгінің негізгі мақсаты төмендегі факторларды тетікке енгізу екенін
атап өткіміз келер еді:
•
істі жүргізудің жылдамдығы;
•
адвокаттардың жұмысының сапасы, кәсіпқой деңгейін жоғарылтуға деген ұмтылысы;
•
халықтың, атап айтқанда айыпталушылардың, айыпкерлер мен сотталушылардың қорғануға деген
өз құқықтары туралы хабардарлығын жақсарту;
•
құқық қорғаушы ұйымдар көрсететін заңгерлік көмекті кеңейту.
Біз жоғарыда аталған тұстар жағдайды қатып қалған қалпынан қозғап, Қазақстандағы тегін заңгерлік
көмек тетігін оңтайландыру мен одан әрі дамыту үшін қозғаушы күш болады деп үміттенеміз.
46
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
III Тарау
Қазақстанда қаржыландырылатын білікті заңгерлік көмектi: құқықтық
реттеу, ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мәселелері
Сүлейменова Г.
Кіріспе
Елдің негізгі заңында заңмен көзделген жағдайларда тегін заңгерлік көмек алу құқығын мәлімдей оты-
рып, мемлекет сөйте тұра осындай құқықты қаржылық жағынан қамтамасыз ету бойынша кепілдіктерді
тиісті шамада көздемейді, сондай-ақ көрсетілетін заңгерлік көмектің сапасына жеткілікті кепілдіктерді де
қарастырмайды. ҚР Конституциясы қабылданғаннан бері 15 жыл өтсе де, осы конституциялық норманы
іске асырудың дәл әрі жолға қойылған құқықтық тетігі осы уақытқа дейін құрылған жоқ. Білікті заңгерлік
көмек көрсету саласындағы қазақстандық заңнаманы талдау және тегін заңгерлік көмек алу құқығын
іске асыру тәжірибесі өткізіліп жатқан сот-құқықтық реформа жылдары ішінде республикада осын-
дай көмекті көрсету саласында айтарлықтай өзгерістердің орын алмағаны туралы қорытынды жасауға
әкеледі. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмекті алу құқығының
іске асырылуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы да, бағдарламасы
да жасалмаған. Және де, тегін заңгерлік көмек алуға құқығы бар азаматтардың санаты өте шектеулі, сол
сияқты осындай көмек көрсетілуіне негіз болатын, қолданыстағы заңнамамен көзделген мән-жайлардың
шеңбері де шектеулі.
Тегін заңгерлік көмек берудің қазіргі сәтте қолданылатын жүйесінің кеңестік үлгінің бұрынғы жүйесінен
шамалы ғана айырмашылығы бар, кеңестік жүйеге көпшіліктік мүдделерінің жеке адамның мүдделерінен
басым түсуі тән болатын, сондықтан да оның сапасы мен ұйымдастырылуы тұрғысынан ол тиімсіз,
ескірген, бірқатар халықаралық актілер белгілеген стандарттарға сай емес жүйе болып табылады. Ең әуелі
мұндай жүйе әділсотқа тең дәрежеде жету қағидасын бұзады, бұл қағиданың ажырамас бөлігі әркімнің
білікті заңгерлік көмек алу құқығы болып табылады. Қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсетудің
жекелеген ережелері заңнамамен реттемеленген, бірақ заңгерлік көмекті ұйымдастыру мен көрсету
арқылы оған нақты қол жеткізу мүмкіндігін бере алатындай біртұтас жүйе жоқ.
Әрине, қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету мемлекеттік бюджеттен айтарлықтай
қаржыландыруды және пәрменді жұмыс істейін жүйені - қаржыландырылатын білікті заңгерлік көмек
көрсетуге әкімшілік етуді (басқаруды) жүзеге асыру, оның бақылануын және сапалы болуын қамтамасыз
ету бойынша міндет жүктелетін институционалдық инфрақұрылымды құру қажет болатыны даусыз. Осын-
дай жүйе құрылмаса, Негізгі заңда мемлекет мәлімдеген, білікті заңгерлік көмек алуға және заңмен
айқындалған жағдайларда тегін заңгерлік көмек берілуіне деген әркімнің құқығы бұрынғысынша,
III Тарау
47
азаматтардың осы көмекке мұқтаж көптеген санаттары үшін тек декларативтік норма болып қала береді.
Ал бұл өз кезегінде халықтың құқықтық нигилизмінің және мемлекет пен оның органдарына деген
сенбеушілігінің артуына ықпалдасады.
Сонымен қатар, бұл мәселедегі жағдайды жақсарту бағытында мемлекет белгілі бір қадамдарды іске
асырып та үлгерді. Мысалы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» № 1202 Қаулысына
сәйкес, стратегиялық бағыттардың бірі ретінде адвокатура мәселелерін реттемелейтін, азаматтардың
тегін заңгерлік қызметтерді заңнамамен көзделген жағдайлардың 100%-нда алу мүмкіндігін қамтамасыз
ететін жетілдірілген нормативтік-құқықтық база көзделген. Осы бағытты іске асыру мақсатында 2009
және 2010 жылдары халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған санаттарының адвокаттар көрсететін
тегін заңгерлік көмек алуын көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу көзделген.
Қазақстанның 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының тұжырымдамасы,
құқықтар мен бостандықтарды қорғауға байланысты мамандандырылған институттарды одан әрі
жетілдіру қажеттігін көздей отырып, төмендегілерді көрсетеді: «Заңгерлік көмек көрсету жүйесінің өзі де
жетілдіруді талап етеді. Ең әуелі кіріс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту
қажет. Қалалық және ауылдық жерлерде адвокаттық қызметтермен қамтамасыз етудің біркелкі болмау
мәселесін дәйекті түрде шешу керек. Сондай-ақ тегін заңгерлік көмек көрсететін адвокаттардың еңбегіне
ақы төлеуді басқару жүйесі де түзетуді қажет етеді. Бұл жүйені біріктірілген әрі айқын ету қажет, сонда бұл
бюджеттік қаражатты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді (ҚР Президентінің «Қазақстанның 2010
жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының концепциясы туралы» Жарлығының
3.3-тармағы
23
). Сол арқылы Концепция заңгерлік көмек көрсетудің негізгі бағытын республиканың
халқының әл-ауқаты төмен топтары үшін қол жете аларлық болуымен байланыстырады.
Сондай-ақ заңгерлік көмек көрсету жүйесін жетілдіру оны ең бірінші кезекте осы салада белгіленген
халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру бағытында жүргізілуге тиіс екенін атап өтудің маңызы
зор. ҚР Конституциясының 4-бабының 3-тармағында былай делінген: «Республика бекiткен халықаралық
шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану
үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады» (мен бөлектедім – Г.С.).
Осы нормаға сәйкес 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
туралы» № 54-III ҚР Заңының 20-бабының 1-тармағында былай делінген: «Қазақстан Республикасының
қолданыстағы әрбiр халықаралық шартын Қазақстан Республикасының мiндетті және адал орындау-
ына жатады». Сол арқылы, аталған нормалар Қазақстанға халықаралық құқықтың жалпы қабылданған
қағидалары мен нормаларын ұстану және оларды ұлттық заңнамаға ендіру міндетін жүктейді, мұның
білікті заңгерлік көмек алу, соның ішінде оны тегін алу құқығы саласындағы халықаралық актіге де бірдей
дәрежеде қатысы бар.
Алайда қолданыстағы заңнамамен көзделген тегін заңгерлік көмек көрсету жағдайлары, сондай-ақ
оны ұйымдастыру осы саладағы халықаралық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның
нарықтық экономикасы жағдайларында құқықтық қатынастардың сан алуан күрделі түрлерінің пайда
болуы мен дамуына, және олардың реттелуіне байланысты қазіргі заманғы қоғамдық мұқтаждықтарға
23
ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы «Қазақстанның 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының концеп-
циясы туралы» Жарлығы // Казахстанская правда. 2009 жылғы 27 тамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |