56
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Қазіргі тегін заңгерлік көмек беру жүйесінің аталған кемшіліктері оны берудің қағидаларын қайта
қарауды, сондай-ақ тегін заңгерлік көмек берудің (әкімшілік етудің) арнайы тәуелсіз әрі дербес жүйесін
құруды қажет етеді. Сондықтан бұл жағдайдан шығатын жол - Қазақстанда қаржыландырылатын заңгерлік
жәрдем беруге әкімшілік етудің (басқарудың) тиімді үлгісін құру, оны іске асырудың пәрменді құқықтық
тетіктерін әзірлеу қажет деп есептейміз, олар осындай жәрдем берудің тисті процедурасы мен сапасын,
бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын, берілетін заңгерлік көмектің сапасын бақылауды және т.б.
қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл орайда тегін заңгерлік көмек жүйесін құру және дамыту кезеңдері нақты айқындалуға тиіс. Мысалы,
бастапқы кезеңде республикада қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесін құру бойынша пилоттық
жобаны іске асыруға, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша тегін заңгерлік көмек беруге арналған
қоғамдық адвокаттар орталықтарын (бюроларын, қызметтерін) құруға болады. Нәтиже тиімді болған
жағдайда – берілетін қаржыландырылатын заңгерлік көмектің көлемі мен мазмұнын ұлғайту туралы
мәселені талдау және қарау қажет. Қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесінің сатылап енгізілуі
әділсотқа жетуін қамтамасыз етудің сандық және сапалық көрсеткіштерін болжауға және формализмді,
қақтығыстар мен басқа да жағымсыз құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік береді. Әрине, мұндай
құрылымды құру үшін белгілі бір қаржы жұмсалады. Бірақ, сонымен қатар, бұл қылмыстық ізге түсу
органдарын, соттар мен әділет органдарын тағайындалатын адвокаттармен қамтамасыз етуге байланысты
мәселелерден босатады.
Жоғарыда аталған кемшіліктердің кейбірі ресми деңгейде де көрсетілген. Мысалы, адвокат мамандығына
жету проблемасына байланысты адвокаттар қоғамдастығы санының аз екенін атап көрсеткен
республиканың әділет министрі Р.Т. Түсіпбеков мынадай деректерді келтіреді: адвокаттық қызметті
жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялар 9 179 азаматта бар, ал іс жүзінде небары 3 795 адам ғана
адвокат болып табылады (41%)
32
. Осы орайда ол былай деп атап көрсетеді: «Лицензияның болуымен
қатар қолданыстағы заңнама бойынша адвокаттар алқасына міндетті түрде мүше болу талап етіледі. Ад-
вокаттар алқасына кіру үшін алғашқы мүшелік жарнаны (кіру жарнасы) төлеу қажет, ал оның мөлшері әр
түрлі аймақтарда 116 мың теңгеден 518 мың теңгеге дейін жетеді. Бұдан басқа міндетті машықтамадан
өту үшін аумақтық адвокаттар алқаларына жылына 60 мың теңгеден 194 мың теңгеге дейін ақы төленеді.
Осылайша, өзінің кәсіби қызметін бастамай тұрып, адвокат мәртебесін алуға үміткер орташа есеппен 700
мың теңгеге дейін ақы төлеуге тиіс. Аталған жағдаяттар адвокат мамандығын заңгерлер үшін қол жет-
пес етеді, ал бұл Конституция бойынша кепілдік берілген тегін заңгерлік көмек көрсету үшін кадрлар
тапшылығының бір себебі болып отыр»
33
.
Тағы бір құжатта – ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1319 қаулысымен бекітілген ҚР
Үкіметінің және Еуропалық Коғамдастықтар Комиссиясының арасындағы Қаржыландыру туралы келісімнің
Жобасында былай деп көрсетілген: «Тәуелсіздік алған күннен бастап адвокатура институты жеткілікті
түрде дамыған жоқ. Адвокаттардың кәсіби машықтары, әдетте, әлсіз, … қазақстандық адвокатурада сапа
бақылауының жеткіліксіздігі адвокаттардың арнайы дайындық деңгейінің айтарлықтай төмен болуына
әкелді, сот істерін қарау кезінде олар кәсіби жағынан неғұрлым жақсы дайындалған судьялар мен
прокурорлардан көп жағдайда кем түсіп жатады»
34
.
32
Түсіпбеков Р. Конституциялық құқықтарды қорғау аясында // Казахстанская правда. 2009. 20 қазан.
33
Ол да сонда.
34
Қараңыз: «ҚР заңнамасы» ЭІЖ.
III Тарау
57
2. Қазақстанда қаржыландырылатын заңгерлік көмектің ұсынылатын
үлгісі
Шет елдердегі қаржыландырылатын заңгерлік көмек берудің тәжірибесін талдау нәтижелері
көрсеткендей, осындай жәрдем беруді ұйымдастыру мен үйлестіру жөніндегі барлық функциялар бір
органға шоғырланған жағдайда ғана ол тиімді беріледі, ал бұл органның құқықтық мәртебесінің өзіндік
ерекшелігі оның тәуелсіздігі болып табылады. Сондықтан мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмектің
шетелдік жүйелерінің жұмысының оң тәжірибесін, сондай-ақ оның кемшіліктерін ескере отырып,
Қазақстанда да кепілдік берілген қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру жүйесін құру қажет деген
пікірдемін, менің ойымша, ол бірнеше кезеңнен тұруға тиіс.
I. Ең алдымен, Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек жүйесін дамыту
бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу қажет. Осындай Бағдарламаның
және жүйе сай болуға тиіс стандарттардың мазмұнын айқындаудың негізіне
заңгерлік көмек, соның ішінде тегін заңгерлік көмек көрсету мәселелері жөніндегі
халықаралық актілер алынуға тиіс. Менің ойымша, бағдарламада мыналар
қарастырылуға тиіс:
1. Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі Тұжырымдаманы әзірлеу;
2. қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесін реформалаудың құнын бағалау;
3. қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру жүйесіне әкімшілік ету (басқару) үлгісін әзірлеу;
4. бастапқы, жедел және екінші жолғы заңгерлік көмекті ұйымдастыру негіздері (қағидалары);
5. бұл жүйеге бюджеттен тиісті қаржыландыру бөлу, сондай-ақ ұйымдық, техникалық, материалдық
және кадрлық жағынан қамтамасыз ету;
6. қаржыландырылатын заңгерлік көмекке мұқтаждық өлшемдерін айқындау;
7. мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8. бұл жүйеде жұмысқа қатыстырылатын адвокаттардың еңбегіне ақы төлеудің мөлшерін айқындау
өлшемдері;
9. мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек берушілердің қызметін үйлестіру;
10. тегін заңгерлік көмектің берілуі туралы халықтың құқықтық сауатын ашу және құқықтық жағынан
хабардар етуді қамтамасыз ету;
11. қаржыландырылатын заңгерлік көмек беретін тұлғалардың ұлттық тізілімін енгізу;
Достарыңызбен бөлісу: |