IV Тарау
71
құрбандарының өтем алу рәсімдеріне қол жеткізуін (Азаптауға және басқа да қатал, адамгершілікке жат
және адамның қадір-қасиетін кемсітетін басқа да қарау түрлері мен жазалауға қарсы Конвенцияның
14-бабы
53
); босқындар мен апатридтерге сол елдің азаматтарымен бірдей жағдайда әділсотқа, соның
ішінде заңгерлік көмекке қол жеткізуін (Босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияның 16-бабы
54
және
Апатридтердің мәртебесі туралы Конвенцияның 16-бабы) қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеледі.
Мәселен, Босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияның 6-бабы және Апатридтердің мәртебесі туралы
Конвенцияның 16-бабында көзделгендей,
босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғалар «сотқа жүгіну
құқығына қатысты, атап айтқанда, заңгерлік көмек және сот шығындарының төленуін қамтамасыз етуден
босатылу мәселелерінде азаматтармен дәл бірдей жағдайды пайдалануға тиіс» тиіс.
Бірқатар халықаралық органдар мен ұйымдар, аталған халықаралық актілерге және өздерінің практикалық
қызметіне негізделе отырып, қаржыландырылатын заңгерлік көмек беруге қатысты нақты стандарттарды,
сондай-ақ заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттер іске асыра алатын шараларды
әзірледі. Айталық, БҰҰ құжаттарының бірқатары дәл осы мәселелерге арналған (мысалы, Заңгердің рөлі
туралы негізгі қағидалар
55
, Қандай да болмасын нысанда ұстауға немесе қамауға душар болатын барлық
адамдарды қорғау қағидаларының жиынтығы
56
; Психикалық жағынан ауру адамдарды қорғау және
психиатриялық жәрдемді жақсарту қағидалары
57
; Бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарды
қорғауға қатысты БҰҰ Ережелері
58
; Кәмелетке толмағандарға қатысты әділсотты атқару бойынша БҰҰ-ның
ең төменгі стандартты ережелері
59
және т.б.).
Мысалы, «Заңгерлік көмек пен кеңестемелер туралы» (78) 8-Қарарда былай деп белгіленген: «Заңнамалық
сипаттағы кедергілерге орай ешкімді де азаматтық, сауда, әкімшілік, әлеуметтік немесе салық істері бой-
ынша шешім шығаруға құқығы бар кез-келген соттарда өзінің құқықтарын пайдалану немесе қорғау
мүмкіндігінен айыруға болмайды. Бұл мақсатта кез-келген тұлғаның сот талқылауында қажетті заңгерлік
көмекке құқығы болуға тиіс».
«Халықтың әл-ауқаты нашар санаттарының құқыққа және әділсотқа тиімді жетуі туралы» № R (93) 1
Ұсыныста «халықтың ең кедей санаттарының соттарға тиімді қол жеткізуіне, әсіресе: ...барлық сот саты-
ларына (азаматтық, қылмыстық, коммерциялық, әкімшілік, қоғамдық және т.б.) және мүдделі тұлғалардың
қандай сипатта іс-қимыл жасайтынына қарамастан, барлық жарыспалы және жарыспалы емес процестерге
заңгерлік немесе кез- келген басқа көмек нысандарын көрсету жолымен» ықпалдасу қажеттігі көрсетіледі.
Бірқатар құжатта егер ұсталған, айыпталушы, сондай-ақ қамауда отырған адамның өзі таңдаған
қорғаушысы болмаса, онда мұндай жағдайларда, егер мұны әділсот мүддесі қажет етсе, оның судья немесе
53
1984 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 39/46 қарарымен бекітілді.
54
1951 жылғы 28 шілдеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1950 жылғы 14 желтоқсандағы 429 (V) қарарына сәйкес шақырылған Босқындар мен
апатридтердің мәртебесі туралы мәселе жөніндегі өкілетті өкілдердің Конференциясында қабылданды.
55
БҰҰ Қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушыларға қарау жөніндегі БҰҰ-ның сегізінші Конгресінде қабылданды, Гавана, 1990 жылғы 27
тамыз – 7 қыркүйек.
56
1988 жылғы 9 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 43/173 қарарымен қабылданды.
57
1991 жылғы 17 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 46/119 қарарымен қабылданды.
58
1990 жылғы 14 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 45/113 қарарымен қабылданды.
59
1985 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 40/33 қарарымен қабылданды.
72
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
сот билігі тағайындаған қорғаушыға құқығы бар деп көрсетіледі. Егер адамның адвокаттың қызметіне ақы
төлеуге жағдайы болмаса, оған адвокат тегін тағайындалуға тиіс
60
.
Қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету мәселелеріне Еуропа Кеңесі айтарлықтай көңіл бөледі, ол
заңгерлік көмекке, соның ішінде қаржыландырылатын жәрдемге қатысты мәселелер бойынша бірқатар
стандарттар, ұсыныстар, қарарлар мен директивалар әзірледі (мысалы: Еуропалық Кеңестің Негізгі
құқықтар туралы хартиясы
61
, «Заңгерлік көмек пен кеңестемелер туралы» (78) 8 Қарар
62
; «Азаматтық,
коммерциялық және әкімшілік істер бойынша құқықтық жәрдем туралы» (76) 5 Қарар
63
, «Жағдайы нашар
халық санаттарының құқыққа және әділсотқа тиімді қол жеткізуі туралы» № R (93) 1 Ұсыныс
64
, «Адвокат
кәсібін жүзеге асырудың еркіндігі туралы»
65
№ R 2000(21) Ұсыныс; «Заңгерлік көмек беруге қатысты жал-
пы ең төменгі ережелерді белгілеу арқылы шекара аралық дауларда әділсотқа жетуді жақсарту туралы»
ЕК 2003/8/ Директивасы
66
және т.б.).
Көптеген АҚЕС қаулыларында заңгерлік көмек берудің стандарттары ғана емес, сондай-ақ осындай
көмекті мемлекеттің есебінен берудің негізгі қағидалары көрсетіледі (мысалы, тегін заңгерлік көмек алу
құқығын қолдану саласы туралы
67
, қаржы өлшемін қолдану
68
; «әділсот мүддесі» деген өлшемді қолдану
69
,
азаматтық істер бойынша тегін заңгерлік көмек
70
, тиімді құқықтық қорғау құралына және өтемақы
төленуіне құқық туралы
71
және т.б.).
Осылайша, барлық аталған халықаралық актілерді мына жағдай біріктіреді: оларда, біріншіден, білікті
заңгерлік көмекке қол жеткізу құқығын және екіншіден, белгілі бір санаттағы адамдарға белгіленетін
(1), сондай-ақ әділсот мүддесі қажет ететін жағдайларда (2) қаржыландырылатын заңгерлік көмек алу
құқығына кепілдік беретін ережелер бекітілген.
Аталған кепілдіктердің біріншісі мына көздейді:
•
заңгерлік көмекке бірдей қол жеткізу, онда заңгердің білікті көмегін, соның ішінде
қаржыландырылатын заңгерлік көмек алуда теңсіздік пен алалауды болдырмау қажет;
•
заңгерлік көмектің, соның ішінде қаржыландырылатын көмектің берілуі туралы өтініштерді
қараудың әділ әрі тиімді процедурасына деген құқық;
60
Қағидадар жинағының 17(2)-қағидасы, Адвокаттардың қатысуының негізгі қағидаларының 6-қағидасы, Югославия ережелерінің 42(A)(i)
ережелері, Руанда ережелері 42(A)(i), Югославия статутының 21(4)(d) бабы, Руанда статуты 20(4)(d), МУС Статутының 55(2)(c) бабы.
61
2000 жылғы 7 желтоқсанда қабылданды.
62
1978 жылғы 2 наурызда ЕК Министрлер Комитеті Министрлер Өкілдерінің мәжілісінде қабылдады.
63
1976 жылғы 18 ақпанда ЕК Министрлер Комитеті Министрлер Өкілдерінің 254-ші мәжілісінде қабылдады.
64
1993 жылғы 8 қаңтарда ЕК Министрлер Комитеті Министрлер Өкілдерінің 484-ші мәжілісінде қабылдады.
65
2000 жылғы 25 қазанда ЕК Министрлер Комитеті Министрлер Өкілдерінің 727-ші мәжілісінде қабылдады.
66
2003 жылғы 27 қаңтарда ЕО Кеңесі қабылдады
67
Мысалы, Голдер Біріккен Корольдікке қарсы (Golder v. UK) (1975 жыл), Артико Италияға қарсы (Artico v. Italy) (1980 жыл).
68
Мысалы, Пакелли Германияға қарсы (Pakelli v. Germany) (1985 жыл), Твалиб Грекияға қарсы (Twalib v. Greece) (1998 жыл).
69
Мысалы, Бенхам Біріккен Корольдікке қарсы (Benham v. UK) (1996 жыл), Перкс және басқалары Біріккен Корольдікке қарсы (Perks and others v.
UK) (1999 жыл).
70
Мысалы, Мк Викар Біріккен Корольдікке қарсы (McVicar v. UK) (2002 жыл), Стил мен Моррис Біріккен Корольдікке қарсы (Steel and Morris v. UK)
(2005 жыл).
71
Мысалы, Майкл мен Брайен Хилл Испанияға қарсы (1993 жыл) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |