Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет29/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103

IV Тарау 
69
түрде  көшкендердің,  апатридтердің,  психиатриялық,  психо-неврологиялық  медициналық-әлеуметтік 
мекемелерде,  оңалту  орталықтарында  емделіп  жатқан  адамдардың,  шетелдіктердің,  азаматтығы  жоқ 
адамдардың  және  кейбір  басқа  тұлғалардың  алуы  көзделген.  Мысалы, АСҚХП  14-бабының  3-тармағы 
«d»  тармақшасында  кез-келген  қылмыстық  айып  тағылған  кезде  әр  адамның  «егер  оның  қорғаушысы 
болмаса, өзінің бұл құқығы туралы хабардар етілуге және әділсот мүддесі мұны қажет ететін кез-келген 
жағдайда, оның осындай қорғаушыға ақы төлеуге жеткілікті қаражаты болмаған кезде осындай кез-келген 
жағдайда өтеусіз негізде өзіне тағайындалған қорғаушыға ие болуға» құқығы бар деп белгіленген.
Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары қорғау туралы Конвенцияның 6-бабының 3-тармағы «с» 
тармақшасында айыпталушыда «қорғаушының қызметіне ақы төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болғанда, 
әділсот  мүддесі  қажет  ететін  кезде  өзіне  тағайындалған  қорғаушының  қызметін  тегін  пайдалануға» 
құқылы болатыны көзделген.
Заңгерлердің рөлі туралы негізгі қағидалардың 3-тармағы бойынша үкіметтерге «кедейлерге және басқа 
да дәрменсіз адамдарға заңгерлік көмек беру үшін қажетті қаржыландыруды және басқа да ресурстарды 
қамтамасыз  ету»  міндетін  жүктейді.  «Кәсіпқой  адвокаттар  қауымдастықтары  осындай  көмекті 
ұйымдастыруда және оны беруге жағдай жасауда ықпалдасуға тиіс». Дәл осы қағидалардың 6-тармағында 
былай деп көзделген: «Әділсот мүддесі қажет ететін барлық жағдайда, заңгері жоқ осындай әр адамның 
(ұсталған, сезікті, айыпталушы, сотталушы), егер оның заңгердің қызметіне төлеу үшін жеткілікті қаражаты 
болмаса, оған тиімді заңгерлік көмекті тегін беру мақсатында тағайындалған, тәжірибесі мен құзыреті 
құқық бұзушылықтың сипатына сай келетін заңгердің көмегін алуға құқығы бар». 
Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының  Адамның  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтары  туралы 
Конвенциясының (Минск, 1995 жылғы 26 мамыр)
47
 7-бабының 3-тармағы «в» тармақшасында қылмыс 
жасады деген әр айыпталушы «әділсот мүддесі қажет ететін кез- келген жағдайда өзін-өзі немесе өзі 
таңдаған қорғаушысы арқылы өзін қорғауға немесе өзіне тағайындалған қорғаушыға ие болуға, сондай-
ақ  ұлттық  заңнамада  айқындалған  жағдайларда  адвокаттың  тегін  көмегін  пайдалануға»  құқылы  деп 
белгіленген.
Қамаудағы адамдарға қараудың ең төменгі стандартты ережелерінің 93-тармағына сәйкес
48
, тергеудегі 
сотталғандардың  өзін  қорғау  мақсатында  мүмкін  болатын  жерлерде  тегін  заңгерлік  кеңестеме  сұрап 
жүгінуіне, оларды қорғау міндетін өзіне алған заңгер кеңесшіні қамау орнында қабылдауға құқығы болуға 
тиіс. 
Қандай  да  болмасын  нысанда  ұстауға  немесе  қамауға  душар  болатын  барлық  тұлғаларды  қорғау 
қағидалары  жинағының
49
  17  және  18-қағидасы  бойынша  ұсталған  немесе  қамауда  отырған  адамның 
адвокатпен хабарласуға және кеңестеме алуға құқығы бар, бірақ сондай-ақ егер ұсталған адамның өзі 
таңдаған адвокаты болмаса, егер бұл адамның жеткілікті ақша қаражаты болмаса, оның әділсот мүддесі 
қажет ететін барлық жағдайларда оған сот немесе өзге орган тағайындаған адвокаттың қызметіне ақы 
төлеместен, оның қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
47 
ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің ақпараттық хабаршысы. 1995. № 2.
48 
1955  жылы  Женевада  болып  өткен  Қылмыстылықтың  алдын  алу  және  құқық  бұзушыларға  көзқарас  жөніндегі  бірінші  БҰҰ  Конгресінде 
қабылданды және Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1957 жылғы 31 шілдедегі 663 С (XXIV) және 1977 жылғы 13 мамырдағы 2076 
(LXII) қарарларында бекітілді.
49 
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы 43/173 қарарымен қабылданды.


70
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
1978 жылғы 2 наурыздағы ЕКМК «Заңгерлік көмек және кеңестемелер туралы» (78) 8 Қарары бойын-
ша, заңгерлік көмектің берілуі жағдайы тұрмысы нашар адамдарға қайырымдылық ретінде емес, тұтас 
алғанда бүкіл қоғам көтеретін міндеттеме ретінде қарастырылуға тиіс, сондай-ақ онда көрсетілгендей, 
әділсотқа  жетуді  оңайлату  үшін  кедергілерді  жоюға  заңгерлік  көмектің  берілуі  ғана  емес,  сондай-
ақ  экономикалық  жағынан  қолайсыз  жағдайда  тұрған  адамдарға  заңгерлік  кеңестемелердің  берілуі 
де  септігін  тигізеді  (кіріспесі).  Бұл  орайда  онда  былай  деп  көрсетілген:  «Экономикалық  сипаттағы 
кедергілерге орай азаматтық, сауда, әкімшілік, әлеуметтік немесе салық істері бойынша шешім шығаруға 
құқығы бар кез-келген соттарда өзінің құқықтарын пайдалану немесе қорғау мүмкіндігінен ешкімді де 
айыруға болмайды. Бұл мақсатта кез-келген тұлғаның сот талқылауында қажетті заңгерлік көмек алуға 
құқығы болуға тиіс» (1-тармағы).
1990 жылғы Адам өлшемі жөніндегі Конференцияның Копенгаген кеңесі құжатының
50
 5.17-тармағында 
былай деп белгіленген: «сот тәртібімен қудаланатын кез- келген тұлғаның өзін-өзі немесе өзі таңдаған 
қорғаушы  арқылы  өзін дереу  қорғауға,  немесе  егер  бұл  адамның  қорғаушының  қызметіне  төлеу үшін 
жеткілікті  қаражаты  болмаса,  әділсот  мүддесі  қажет  ететін  жағдайда,  осындай  қызметті  өтеусіз  алуға 
құқығы бар». Ал 1991 жылғы Адам өлшемі жөніндегі Конференцияның Копенгаген кеңесінің құжаты
51
 
бойынша мемлекеттерге «қылмыс жасады деп айып тағылған кез-келген адамның өзін-өзі немесе өзі 
таңдаған  адвокатының  көмегімен  өзін  қорғауға  немесе  егер  бұл  адамның  адвокаттың  қызметіне  ақы 
төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, әділдік мүддесі қажет ететін жағдайда бұл қызметтердің оған 
тегін берілуіне құқығының болуын» қамтамасыз ету міндеті жүктелген.
Осылайша, аталған халықаралық актілерде тегін заңгерлік көмек, мұны: 1) әділсот мүддесі қажет ететін; 
2) осындай қызметке мұқтаж адамда адвокаттың қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті қаражат болмаған 
жағдайда беріледі деп белгіленген. 
Сонымен қатар, аталған құжаттардан шығатыны, халықаралық актілердің көпшілігінде қаржыландырылатын 
заңгерлік көмек алу құқығы белгілене отырып, қылмыстық емес істер бойынша тегін заңгерлік көмекке қол 
жеткізу туралы тікелей көрсетілмеген. Сонымен бірге, халықаралық құжаттарда әлсіз топтарға (кәмелетке 
толмағандарға,  жағдайы  нашар  адамдарға,  босқындарға,  апатридтерге  және  басқа  да  әлсіз  топтарға), 
сондай-ақ құқық бұзушылықтың нақты түрінен (қатал, адамгершілікке жат және адамның қадір-қасиетін 
кемсітіп қараудан және жазалаудан, азаптаудан және т.с.) зардап шеккен адамдарға қаржыландырылатын 
көмек беру арқылы олардың әділсотқа жетуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті ерекше ескеріледі.
Мысалы, Бала құқықтары туралы Конвенцияда «балалардың ерекше қамқорлыққа және көмекке құқығы 
бар»  (Кіріспесі)  деп  көрсетіліп,  «бас  бостандығынан  айырылған  әр  баланың  құқықтық  және  басқа  да 
тиісті жәрдемге дереу қол жеткізу құқығы болуға тиіс» (37-бабының «d» тармағы), ал кәмелетке толмаған 
әр айыпталушыға немесе кінәліге мемлекет «өзін қорғауға дайындалу және оны жүзеге асыру кезінде 
құқықтық  және  басқа  да  қажетті  көмек  алуын»  қамтамасыз  етуге  тиіс  (40-бабының  «b»  тармағы  «ii» 
тармақшасы) деп белгіленген.
Басқа  әлсіз  топтарға  қатысты  мемлекеттерге  оларды  алалаудан  құқықтық  жағынан  қорғаудың  тиімді 
құралдарымен (Нәсілдік алалаудың барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның 6-бабы
52
), азаптау 
50 
1990 жылғы 29 маусымда қол қойылды.
51 
1991 жылғы 3 қазанда қол қойылды.
52 
1965 жылғы 21 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 2106 (XX) қарарымен бекітілді.


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау