Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет28/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103

IV Тарау 
67
IV Тарау
Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын білікті заң көмегін көрсету 
саласындағы халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелер
Сүлейменова Г.
1. Білікті заңгерлік көмек көрсету және оны алу құқығын қамтамасыз ету 
саласындағы халықаралық стандарттар
Әр  адамның  әділсотқа  жету  құқығының  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  заңгерлік  көмекпен  тиімді 
түрде  қамтамасыз  етілу  құқығы  адам  құқықтарын  және  оның  кепілдіктерін  қарастыратын  көптеген 
халықаралық шарттарда бекітілген. Айталық, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
38
 БҰҰ-ға 
мүше мемлекеттерге қылмыс жасады деп айып тағылған әр адамға әділ, тәуелсіз, бейтарап және жария сот 
талқылауы құқығын қамтамасыз ету міндетін жүктейді, сонда оның қорғануының барлық мүмкіндіктері 
қамтамасыз етілуге тиіс (10-бабы, 11-бабының 1-тармағы).
АСҚХП
39
 2-бабының 3-тармағы бойынша мемлекеттерге мынадай міндет жүктеледі: «a) құқықтары мен 
бостандықтары бұзылған кез-келген адамға тиімді құқықтық қорғау құралын қамтамасыз ету; b) құқықтық 
қорғауды талап ететін кез-келген адамның осындай қорғауға деген құқығын құзыретті сот, әкімшілік не-
месе заң шығарушы биліктің белгілеуін немесе мемлекеттің құқық жүйесінде көзделген кез-келген басқа 
құзыретті  органның  белгілеуін  қамтамасыз  ету,  және  сотта  қорғану  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ету;  c) 
құқықтық қорғау берілетін кезде құзыретті биліктің оны қолдануын қамтамасыз етуі».
Адамның  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтарын  қорғау  туралы  Еуропалық  Конвенцияда
40
  былай деп 
жарияланған:  «Құқықтары  мен  бостандықтары  бұзылған  кез-келген  тұлғаның,  тіпті  бұл  бұзушылықты 
ресми  сипатта  әрекет  еткен  тұлғалар  жасаса  да,  мемлекеттік  органда  пәрменді  құқықтық  қорғану 
құралына құқығы бар» (13-бабы), сондай-ақ қылмыс жасады деген айып тағылған кез-келген адамның 
«өзін өзі немесе өзі таңдаған қорғаушы арқылы өзін қорғауға» құқығы бар (6-бабының 3-тармағының «с» 
тармақшасы).
Әділсотқа  халықаралық  деңгейде  жету  туралы  Конвенцияның  1-бабында
41
  Уағдаласып  отырған  әр 
мемлекеттің азаматтарының, сондай-ақ олардың аумағында тұрып жатқан адамдардың әр Уағдаласып 
отырған мемлекетте азаматтық және сауда істері бойынша сол мемлекеттің азаматтарымен, сондай-ақ 
онда әдетте тұратын тұлғалармен бірдей жағдайлармен құқықтық жәрдем алу құқығы болуға тиіс деп 
белгіленген.
38 
1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші сессиясында 217 А (III) қарарымен қабылданды және жарияланды. // Адам 
құқықтары туралы халықаралық актілер. Құжаттар жинағы. М.: Норма-Инфра-М, 1998. 39–43-беттер.
39 
1966 жылғы 16 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 2200 А (XXI) қарарымен қабылданды // ҚР халықаралық шарттарының бюллетені. 
2006. № 4. 30-бап.
40 
1950 жылғы 4 қарашада қабылданды (1970 жылғы 21 қыркүйектегі., 1971 жылғы 20 желтоқсандағы, 1990 жылғы 1 қаңтардағы, 1990 жылғы 
6 қарашадағы өзгертулерімен).
41 
1980 жылғы 25 қазанда қабылданды.


68
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
«Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық жәрдем және құқықтық қатынастар 
туралы» Конвенцияда
42
 «Уағдаласып отырған әр мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ олардың аумағында 
тұрып жатқан адамдар... оның өз азаматтары сияқты дәл сондай шарттарда тегін заңгерлік көмекті пайда-
... оның өз азаматтары сияқты дәл сондай шарттарда тегін заңгерлік көмекті пайда-
ланады», деп көзделген.
Заңгерлердің  рөліне  қатысы  бар  негізгі  қағидалар
43
  әр  адамның  «қылмыстық  талқылаудың  барлық 
кезеңдерінде өзінің құқықтарын қорғау және сақтау және өзін қорғау үшін кез-келген заңгерге көмек 
сұрап жүгіну» құқығын көздейді. 
Бала құқықтары туралы Конвенция
44
 бойынша мемлекетке бас бостандығынан айырылған әр баланың 
заңгерлік және басқа да тиісті көмекке дереу қол жеткізу құқығының болуын қамтамасыз ету міндеті 
жүктеледі; қылмыстық заңнаманы бұзған немесе оны бұзды деген айып тағылған әр балада өзін қорғауға 
дайындалу және жүзеге асыру кезінде заңгерлік және басқа да қажетті көмек алу кепілдігі болуға тиіс 
(37-баптың «d» тармағы, 40-баптың 2-тармағының «b» тармақшасы). 
БҰҰ  Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссиясы  барлық  мемлекеттерді  өзінің  заң  үкіміндегі  соттардың 
немесе  трибуналдардың  қарауына  істері  берілген  барлық  тұлғалардың  өздерінің  қатысуымен  сотталу 
құқығының  және  өздерін  өздері  немесе  өздері  таңдаған  қорғаушысы  арқылы  қорғану  құқықтарының 
болуына кепілдік беруге бұлтартпай үндеді («Сот жүйесінің тұтастығы туралы» Қарардың
45
 4-тармағы). 
Адам  құқықтары  саласындағы  халықаралық  нормаларды  өрескел  бұзудың  және  халықаралық 
гуманитарлық  құқықты  елеулі  түрде  бұзудың  құрбандарының  құқықтық  қорғану  және  нұқсанын  өтету 
құқығына  қатысы  бар  Негізгі  қағидалар  мен  жетекші  ережелердің  2-тармағында
46
  мемлекеттер,  атап 
айтқанда,  «тиісті  пәрменді  заңнамалық  және  әкімшілік  процедураларды  және  әділетті  жағдайлармен 
әділсотқа  тиімді  әрі  дереу  жетуін  қамтамасыз  ететін  басқа  да  тиісті  шараларды  қабылдау»  арқылы 
өздерінің  ұлттық  заңнамасының  өздерінің  халықаралық-құқықтық  міндетемелеріне  сәйкес  болуын 
қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ  құқықтық  қорғанудың  дұрыс,  пәрменді,  жылдам  әрі  тиісті  құралдарын 
қамтамасыз етуге тиіс деп көзделген.
Білікті  заңгерлік  көмек  алуға  құқық  басқа  халықаралық  актілерде де  көзделген.  Бұл  орайда  олардың 
бірқатарында заңгерлік көмек алу құқығы көзделе отырып, оған мемлекет қаржыландыратын заңгерлік 
көмек алу құқығы да кіреді. Халықаралық құжаттарда мұндай құқық әділсотқа және оның талқылауына 
жетуге деген  құқықты  іске  асырудың  аса  маңызды  кепілдігі  ретінде  қарастырылады,  ол  екі  құрамдас 
бөліктің тұтастығы болып табылады, бұл: 1) тегін заңгерлік көмек алу құқығы және 2) мемлекеттің оны 
беру мен қаржыландыру жөніндегі міндеті.
Атап  өтетін  тағы  бір  маңызды  жайт,  халықаралық  құжаттарда  мұндай  жәрдемді  сезіктілердің, 
айыпталушылардың,  сотталушылардың,  сотталғандардың  ғана  емес,  сондай-ақ  басқа  санаттағы 
адамдардың да: өздеріне қатысты жасалған қылмыстан зардап шеккендердің; тұрмысы нашарлардың; 
белгілі әлеуметтік топтарға жататын адамдардың – қарттардың, мүгедектердің, босқындардың, мәжбүрлі 
42 
2002 жылғы 7 қазанда қол қойылды. // Халықаралық шарттар бюллетені. 1995. № 2.
43 
1990 жылғы 27 тамыз – 7 қыркүйекте БҰҰ Қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушыларға көзқарас жөніндегі сегізінші конгресте 
қабылданды.
44 
1989 жылғы 20 қарашада Бас Ассамблеяның 44/25 қарарымен қабылданды. 
45 
Адам құқықтары жөніндегі комиссия 2002 жылғы сәуірдегі Елу сегізінші сессиясында қабылдады.
46 
2009 жылғы 25 шілдедегі (Д) БҰҰ нұсқаулығы. 


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау