64
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
•
Ұлттық кеңестің аумақтық органының штатына кіретін адвокаттар;
•
Ұлттық кеңестің аумақтық органдарымен жасалған шарттың негізінде заңгерлік көмек беретін
адвокаттардың ұлттық тізіліміне кіргізілген адвокаттар;
•
Белгіленген қаламақы үшін жедел заңгерлік көмек беруге байланысты өздері Аумақтық органмен
жасасқан шарттың негізінде кезекші адвокаттар тізіліміне кіргізілген адвокаттар. Бұл орайда
екінші жолғы заңгерлік көмек беретін негізгі тұлға болып табылатын адвокаттар алқаларының бұл
жәрдемді тиімді беруін қамтамасыз ету мақсатында оларға мынадай міндеттерді жүктеген жөн:
- адвокаттардың екінші жолғы заңгерлік көмек беруін қамтамасыз етуді Аумақтық органдар-
мен бірге үйлестіру;
- екінші жолғы заңгерлік көмек беретін адвокаттардың жұмысының сапасын бақылау.
Адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу:
•
Ұлттық кеңестің аумақтық органының штатындағы адвокаттар атқарған жұмысының көлеміне
қарамастан ай сайын белгіленген мөлшерде еңбекақы алады;
•
Шарттың негізінде заңгерлік көмек беретін адвокаттар сыйақыны бөлек, яғни әр қылмыстық іс
бойынша бөлек алады. Төлемақының мөлшерін айқындаудың өлшемдері мынадай болуға тиіс:
нақты іске жұмсалған уақыттың мөлшері, оның күрделілігі және арнайы Ережеде белгіленуге тиіс
басқа да өлшемдер.
2.4. Қаржыландырылатын заңгерлік көмекке мұқтаждық өлшемдерін айқындау. Заңгерлік
көмек беру жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін нақты өлшемдер айқындалып, және бұл жүйе
соларға сай болуға тиіс. Олар мынадай болуы керек:
•
қаржылық өлшем (тегін заңгерлік көмек алғысы келетін адам заңгерлік көмекке ақы төлеу үшін
өзінде қаражаттың жеткіліксіз екенін дәлелдеуге тиіс);
•
әділсот мүддесі (істің заңгерлік жағынан және іс жүзіндегі күрделілігі, айыпталушының өзін-өзі
дербес қорғауға қабілетсіздігі).
Сондықтан екінші жолғы заңгерлік көмектің екі түрі болуға тиіс:
1) адамның материалдық жағдайына қарамастан берілетін;
2) адамның материалдық жағдайына қарай берілетін жәрдем.
Бірінші жағдайда заңгерлік көмекті тегін алу құқығы мыналарда болуға тиіс:
•
қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасады деген сезікпен ұсталған адамдарда;
III Тарау
65
•
ҚР ҚІЖК, ҚР АІЖК, ҚР ӘКтК-де көзделген жағдайларда тегін заңгерлік көмек алуға құқығы бар
адамдарда;
•
I және II топтағы мүгедектерде;
•
Ұлы Отан соғысының ардагерлерінде;
•
жасы бойынша зейнетақы алатын, жұмыс істемейтін зейнеткерлерде;
•
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың шешімімен психиатриялық
стационарларда жатқан адамдарда, сондай-ақ онда мәжбүрлеу тәртібімен жатқандарда;
•
ауыр психикалық дерттен зардап шегетін адамдарда 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 96-1
«Психиатриялық көмек және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтарының кепілдіктері ту-
ралы» ҚР заңына сәйкес – оларды мәжбүрлеп жатқызу және емдеу туралы мәселе шешіліп жатқан
және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында оларға заңгерлік көмек беру қажет
болған жағдайда;
•
адам құқықтарын бұзудың құрбандары болған және баспана беру туралы өтінішпен келіп жүгінген
шетелдіктерде;
•
мүмкіндіктері шектеулі балаларда, сондай-ақ психоневрологиялық ұйымдарда, арнайы оқытатын
мектептерде және интернаттарда жүрген балаларда;
•
әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын өзге адамдарда.
•
Екінші жағдайда мына тұлғалар тегін заңгерлік көмек алу құқығын иеленуге тиіс:
•
Қазақстанда тұрақты түрде тұрып жатқан адамдар, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық шарт-
тарына сәйкес осындай жәрдем алуға құқығы бар, мүлкі мен жылдық табысы кепілдік берілетін
қаржыландырылатын заңгерлік көмек туралы заңнамаға сәйкес заңгерлік көмек алу үшін қажетті,
ҚР үкіметі белгілеген мүлік пен табыс деңгейінен аспайтын адамдар;
•
2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңының
2-бабына сәйкес атаулы әлеуметтік жәрдем алуға құқығы бар адамдар (босқындар, шетелдіктер
және Қазақстанда тұрғылықты мекендейтін, адам басына шаққандағы орташа табысы кедейлік
шегінен аспайтын, азаматтығы жоқ адамдар);
•
1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-I «Мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы және жасы
бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» ҚР заңына
сәйкес әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар;
•
мемлекеттік интернат-үйлерде тұрақты түрде тұратын қарттар мен мүгедектер.
66
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Сондай-ақ атап көрсететіні, шет елдердегі қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйелерінің қызмет
тәжірибесі сарапшыларға мүліктік сынақты тұжырымдау бойынша негізгі үш әдісті бөліп алуға мүмкіндік
берді.
Бірінші әдіске сәйкес барлық азаматтарды екі санатқа бөлетін мүліктік шек белгіленеді: 1) түгелдей
мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін заңгерлік көмек алуға құқығы бар азаматтар; 2) ешқандай
көлемде мемлекеттің қолдауын алуға құқығы жоқ азаматтар. Мұндай әдіс Италия, АҚШ, ОАР, Ирландия,
Словакияда және кейбір басқа елдерде қолданылады. Кейбір елдерде мүліктік шек пайыз немесе
ең төменгі өмір сүру деңгейінің үлесі түрінде белгіленеді (айталық, АҚШ-та мұндай шек белгілі бір
мөлшердегі үй шаруашылығы үшін белгіленген ең төменгі өмір сүру деңгейінің 125%-ына тең)
35
.
Екінші әдіс бойынша қаржыландырылатын көмек ең кедейлерге ғана емес, сондай-ақ тұрмыс деңгейі
орташаға жақын азаматтарға да беріледі. Бұл жағдайда мемлекет заңгерлік қызметке ішінара ақы төлейді,
ал қалған шығынды көмек алушының өзі төлеуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттің төлейтін ақысының мөлшері
азаматтың табысына байланысты айқындалады – табысы неғұрлым көп болса, мемлекеттік жәрдемнің
көлемі соғұрлым аз болады. Мұндай әдіс Еуропаның көптеген елдерінде, соның ішінде Германия, Швеция,
Нидерланды, Ұлыбритания, Бельгия, Францияда қолданылады
36
.
Үшінші әдіс қаржыландырылатын көмек алудан үміткер нақты адамның мүліктік жағдайын бағалауға
негізделген. Әр жағдайда оның табысы мен мүлкіне ғана емес, сондай-ақ шығынына да баға беріледі, ал
адамның мүліктік жағдайы оған қажетті заңгерлік қызметтердің болжамды құнымен салыстырылады
37
.
35
Тегін заңгерлік көмек көрсету саласындағы халықаралық тәжірибе. М,: «Қоғамдық мүдделер құқығы» институты. 7–8-беттер.
36
Ол да сонда. 8-бет.
37
Ол да сонда. 10-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |