Бекітілген қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту



жүктеу 1,01 Mb.
бет9/12
Дата23.11.2018
өлшемі1,01 Mb.
#24281
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2.12. Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

2009 жылдың 9 айын қоса алғанда, 1993 жылдан бергі кезеңде ел экономикасына 102,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі – ТШИ), оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына – 14,6 млрд. АҚШ доллары (жалпы көлемнің 14,2 %-ы) тартылды.

Экономиканың Қазақстан үшін перспективалы көптеген секторларының тартымдылығына кері әсер ететін факторлардың арасында мыналар негізгілері болып табылады:

ішкі нарық сыйымдылығының төмендігі;

ірі өткізу нарықтарынан шалғайлығы және қолайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуір шығыстарға алып келеді;

жоғары білікті кадрлардың жетіспеуінен жұмыс күші құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиісті инфрақұрылымның болмауы;

инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша орталықтандырылған жүйенің болмауы, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі.

Қазіргі уақытта ТШИ тарту арналарын кеңейту арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА, ИА) инвестициялық тартымдылығын көтеру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту арқылы жүзеге асырылады.

1. АЭА-ның, ИА-ның ағымдағы жай-күйі

Қазақстанда барлығы 6 арнайы экономикалық аймақ құрылған, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар – «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және индустриялық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана – жаңа қала» (Астана қаласының ИА); 2) сервистік – «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана – жаңа қала»; 3) техникалық-енгізу аймағы – «Ақпараттық технологиялар паркі». Бұдан басқа, Астана және Қарағанды қалаларында 2 индустриялық аймақ құрылды, бұл ретте Астана қаласының ИА-сы «Астана – жаңа қала» АЭА-ның құрамына енгізілді.

Әлемдік тәжірибе АЭА және ИА құру халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, интеграциялық экономикалық процестерді тереңдету есебінен жеделдетілген экономикалық өсу факторы болып табылатынын көрсетіп отыр.

Қазақстандық АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығы қазіргі уақытта онша жоғары емес, өйткені олардың жұмыс істеуі нақты қажеттіліктерге және инвесторлар мүдделеріне толық бағдарлана қоймаған.

2. МЖӘ-нің ағымдағы жай-күйі

Қазақстанда инфрақұрылым объектілеріне және олардың сапалы қызмет көрсетуіне қоғам қажеттілігінің өсуі, негізгі құралдардың моральдық және табиғи тозуының ұлғаюы және мемлекетте инфрақұрылым объектілерін жаңарту мен құруға арналған жеткілікті қаржы ресурстарының болмауы жағдайында МЖӘ тетіктерін пайдалану мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете алады, жеке инвесторлар әлеуетін іске асыруға және дамытуға әрі институционалдық инвесторлар қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда алғашқы концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесі МЖӘ тетігін пайдалану арқылы көлік инфрақұрылымын дамытуға қомақты инвестиция тарту мүмкіндігінің айғағы болып отыр.

Концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуына қарамастан, мыналар:

1) Мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларына жеке меншік инвестицияларды тарту;

2) Капиталды көп қажет ететін объектілерді (инфрақұрылымдық, энергетикалық және т.б.) инвестициялау кезінде инвесторлар мен кредиторлар үшін қолайлы жағдай жасау;

3) Жеке меншік капиталды тарту жолымен тұрғын-үй коммуналдық саланың мемлекеттік меншік объектілерін басқарудың тиімді әдістерін енгізу бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Негізгі міндеттер

Экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту.


Нысаналы индикаторлар

1. Global – 2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған мақсатты инвесторлар саны: 2010 – 2, 2011 – 3, 2012 – 4, 2013 – 4, 2014 – 5.

2. Шетелдік мемлекеттермен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу. 2010 – 2, 2011 – 2, 2012 – 2, 2013 – 2, 2014 – 2.

3. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішіне қол жеткізу: «Тікелей шетел инвестицияларын реттейтін ережелердің бизнеске әсері (101-орын)» - 2010 жыл – 100-орын, 2011 – 99, 2012 – 98, 2013 – 97, 2014 – 96. «Тікелей шетел инвестициялары мен технологиялары» (104-орын) – 2010 жыл – 103-орын, 2011 – 102, 2012 – 101, 2013 – 100, 2014 – 99. «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша «DoingBusiness» рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту. 2010 жыл – 52-орын, 2011 – 51, 2012 – 50, 2013 – 49, 2014 – 48. Елдің бәсекеге қабілеттілігі бойынша Дүниежүзілік Банк индексін 2014 жылы


60 орынға дейін (2009 жылы – 67-орын).

4. АЭА-да қатысушылар санын 2009 жылғы 39-дан 2015 жылы 159-ға дейін және ИА-да 2015 жылға қарай 42-ге дейін ұлғайту.

5. АЭА аумақтарындағы экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндіріске инвестицияларды 2015 жылға қарай
1588 млрд. теңгеге дейін және ИА аумағында – 151 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.

6. АЭА аумақтарында тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндіру көлемін 2009 жылғы 21,9 млрд. теңгеден 2015 жылға – 718 млрд. теңгеге дейін, ИА-да 2015 жылға 719 млрд. теңгеге дейін, оның ішінде өнім экспортын шығарылатын өнім көлемінің кем дегенде 50 %-ына дейін ұлғайту.

7. МЖӘ-нің жалпы сомасы 900 млрд. теңгеден астам кем дегенде
15 жобасын 2015 жылға қарай іске асыру.

Іс-қимылдар стратегиясы

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың негізгі құралдарының бірі тікелей инвестициялар тарту болып табылады.

Жалпы қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі шаралармен қатар Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру бойынша ірі және трансұлттық компаниялар үшін арнайы жағдай жасалатын болады.

Бұл үшін тікелей инвестициялар тарту жөніндегі біртұтас жүйе құру ұйғарылып отыр, ол ынталандырушы шараларды да, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен жұмыс істеудің институционалдық тетіктерін қамтитын болады.

Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі мынадай шараларды қолдану көзделеді:

1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін:

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық преференциялар;

жедел және өтеусіз негізде шетел мамандары үшін келу визаларын берудің арнайы тәртібі.

2. АЭА аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін:

әлемдік үздік практиканы ескере отырып, ерекше салық салу тәртібі. Жеңілдіктер осы Бағдарламада айқындалған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға ұсынылатын болады.

шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.

3. Танымал шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялар қатысатын неғұрлым ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шаралары:

салықтық жеңілдіктер және преференциялар;

ұзақ мерзімді мемлекеттік ең аз тапсырысты және ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қамтамасыз ету;

ынталандырудың басқа да қаржылық және қаржылық емес шаралары көзделейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалатын болады.

Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың осы шаралары жөніндегі шешім Үкімет деңгейінде қабылданатын болады.

Экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар тартуды өрістету мақсатында әрбір әлеуетті ірі инвестормен жеке келіссөздер жүргізілетін болады.

Тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтиды:

мақсатты әлеуетті инвесторларды, ең алдымен ТҰК арасынан іздестіру және айқындау;

мыналарды:

Қазақстанда бизнес ашуға және жүргізуге байланысты қажетті формальдылықтарды жүзеге асыруға жәрдемдесуді;

Қазақстанда басты саяси көшбасшылармен және жетекші компаниялармен кездесулер ұйымдастыруды;

инвестициялық жобаны әзірлеу сатысында да, оны іске асыру сатысында да консультациялық қызметтер ұсынуды;

постинвестициялық қолдауды қоса алғанда, әрбір мақсатты инвестормен жұмыс жасау жөнінде «жол карталарын» әзірлеу және іске асыру.

Жеке тәсілді іске асыру үшін шетелдік инвесторларымен өзара іс-қимыл жасаудың институционалдық тетіктері жетілдірілетін болады. Мыналар көзделіп отыр:

шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» және «бірыңғай консультант» принципі бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитетін шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай үйлестіруші орган ретінде күшейту. Сондай-ақ, «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС-ні Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беру ұйғарылып отыр.

Халықаралық желі құру шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердің, сауда өкілдіктерінің, құрметті консулдар институтының ресурстарын пайдалану, сондай-ақ инвестициялар, сауда және технологиялар мәселелері бойынша өкілдер институтын құру үшін елдің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері құрамындағы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұсынымы бойынша тағайындалатын және оған есеп беретін дипломатиялық рангтегі Кеңесші-елші және жекелеген елдердегі Қазақстан елшіліктерінде атташе штаттық бірліктерін айқындау мәселесін пысықтау есебінен қамтамасыз етілетін болады. Олардың қызметін рейтингілік бағалау енгізілетін болады;

Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметін үйлестіру және бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен тұрақты жұмыс істейтін шетелдік инвестициялар жөнінде комиссия құру. Комиссия шетелдік инвесторлар үшін «омбудсмен» рөлін атқаратын болады.

Комиссия жобаларды қарап, ірі жобаларды іске асыру кезінде инвесторлар үшін эксклюзивті жағдай жасауға қатысты шешімдер қабылдайтын болады. Айрықша жағдайларда жобаларды АЭА аумағынан тыс іске асыру үшін жекелеген ірі инвесторлармен белгілі бір жеңілдіктер пакеті мен преференцияларды, оның ішінде инвестициялардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін инвестициялық келісімдер жасалатын болады.

Аса ірі инвестициялық жобаларды іріктеуді және инвестициялық келісімдер шеңберінде барлық жеңілдіктер мен преференциялар жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын болады. Инвесторлармен жұмыс жүргізудің жеке ұстанымымен қатар Қазақстанның тартымды инвестициялық имиджін ілгерілету жөніндегі жұмыс (жалпы ұстаным) жалғасатын болады, олар мыналарды қамтиды:

ақпараттық-таныстыру іс-шараларын өткізу (жарияланымдар, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар; баспа, телевизиялық және электрондық БАҚ, интернет ресурстар). Шетелдік инвесторлар үшін бірыңғай интернет-портал құру осы бағыт бойынша түйінді іс-шара болады;

инвесторларға әріптестер іздеуде, іскерлік байланыстар орнатуда, қажетті ақпарат беруде жәрдемдесу.

Күш-жігерді ТШИ тартуға шоғырландыру мақсатында үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің қызметі жүйеленеді, мұнда бұл мәселелерді Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті үйлестіретін болады.

АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру

Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мен индустриялық аймақтар жеке меншік инвестицияларды тартудың базалық құралдарының бірі болады. Арнайы экономикалық аймақтардың салалық бекітілуі алынып тасталады, компаниялар үшін өндіріс пен еңбек өнімділігінің экспорттық бағытталуы негізгі өлшем болады.

АЭА туралы жаңа заң әзірленетін болады, онда қолданыстағы жеңілдіктерден басқа мыналар көзделеді:

АЭА-ға қатысушыларға жобаны іске асыру кезеңінде салық режимінің тұрақтылығы туралы кепілдіктер беру мәселесін пысықтау;

АЭА аумағына шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік енгізу;

АЭА-ға қатысушыларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету тетігін енгізу.

АЭА желісін кеңейту мәселелері қаралатын болады.

Жаңа АЭА мен ИА шикізатты жеткізу және дайын өнімді жеткізіп беру үшін қолайлы коммуникацияның болуы ескеріліп құрылатын болады.

Мұндай принцип бойынша 2011 жылы жаңадан:

АЭА-лар:


«Қорғас» ШЫХО базасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» ШСЭА» –өңдеуші өндірістердің алуан түрлерін және көлік-логистикалық қызметтерді дамыту үшін;

Қарағанды қаласында Қарағанды қаласының ИА базасында – металлургия мен металл өңдеуді дамыту үшін;

ИА-лар:

Алматы қаласында – машина жасауды, өңдеуші өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту және құрылыс кластерін құру үшін;



Павлодар қаласында – металлургияны және металл өңдеуді, химия, фармацевтика өнеркәсібін, энергетика мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту үшін құру мәселелері пысықталады.

Бұдан басқа, Ақтөбе, Өскемен және Орал қалаларында жаңа ИА құру мәселесі пысықталатын болады.

Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін АЭА пен ИА шеңберінде әлеуетті инвесторлардың сұранысына жауап беретін сапалы инженерлік инфрақұрылым құрылатын болады.

2012 жылы «Астана – жаңа қала» АЭА-ның индустриялық қосалқы аймағының (Астана қаласының ИА) және «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымының қосымша объектілерінің құрылысы (өрт сөндіру депосы, жүк терминалы және интеграцияланған сервистік-технологиялық орталық) аяқталатын болады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кіші электр станцияларына қосу қамтамасыз етіледі; аумақтың өзгеруі ескеріле отырып, «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА бойынша жобалау жұмыстары жүргізіледі; сондай-ақ Қарағанды қаласындағы ИА-ның көлік және инженерлік инфрақұрылымын (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз) салу аяқталады.

2013 жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның № 1 және № 3 қосалқы аймақтарының көлік және инженерлік инфрақұрылымын (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, газ жүргізу, телекоммуникация) салу аяқталады.

2014 жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның № 2, № 4 – № 6 қосалқы аймақтары бойынша жобалау жұмыстары жүргізіледі; «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-ның 1-ші кезеңін пайдалануға беру қамтамасыз етіледі; аумақтың өзгеруі ескеріле отырып, жобалау жұмыстары жүргізіледі және «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ның 1-ші кезеңін пайдалануға беру қамтамасыз етіледі; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін запасқа ауыстыру қамтамасыз етіледі және «Бурабай» АЭА-ның 1-ші кезеңін пайдалануға беру қамтамасыз етіледі;

Бұдан басқа, 2014 жылы жаңадан құрылатын АЭА және ИА шығарылатын өнім көлемімен бірге жобаларды іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі:

«Қорғас – Шығыс қақпасы» ПТЭЗ» АЭА – 4 млрд. теңгеден астам;

Қарағанды қаласындағы АЭА – 280 млрд. теңгеден астам;

Алматы қаласындағы ИА – 135 млрд. теңгеден астам;

Павлодар қаласындағы ИА – 297 млрд. теңгеден астам.

Кеден одағының, ҚХР мен Орталық Азияның нарықтарын игеруге мән бере отырып, жоғары технологиялы шикізат емес өнім өндіру үшін «зәкірлі» (стратегиялық) инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту АЭА мен ИА-ның жұмыс істеу тиімділігін арттырудың маңызды факторы болады.

АЭА мен ИА-ны жалпы бақылау және мониторингілеу, әдіснамалық және заңнамалық сүйемелдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2010 жылы АЭА және ИА бойынша бірыңғай уәкілетті орган болып айқындалады. Тиісті жергілікті және орталық атқарушы органдар АЭА мен ИА-ның үйлестіруші органдары болып айқындалады.

Инвесторларды басқару, іздеу әрі тарту және АЭА мен ИА қатысушыларына базалық және мамандандырылған қызмет көрсету үшін мемлекеттің шығындарды ішінара өтеуі тетігін пайдалана отырып, кәсіби оператор компаниялар (халықаралық) тартылатын болады.



Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту

Инвестицияларды мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі саласына тарту келісімшарттардың мынадай түрлерін жасау арқылы мемлекеттің билік ету құқығын сақтай отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жеке меншік секторға беру негізінде жүзеге асырылатын болады:

жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану (концессия), бұлар бойынша жеке меншік секторы концессия объектісін салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру, басқару, ұстау және пайдалану жөніндегі функцияларды орындайды, мемлекет қызмет көрсету сапасын бақылау функциясын өзіне қалдырады, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын беруі мүмкін.

Мыналарды концессияға беру ұйғарылып отыр:

Астана – Қарағанды, Алматы – Қорғас, Ташкент – Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы, Алматы – Қапшағай, Орал – Каменка – Ресей Федерациясының шекарасы (Озинкиде), Астана – Щучинск автомобиль жолдарының учаскелері;

Жетіген – Қорғас, Ералиев – Құрық темір жол учаскелері;

Кендерлі жаңа халықаралық әуежайын салу.

пайдалану және ұстау, бұлар бойынша жеке меншік секторы өндірістік объектілерді жалға алады, қызметтерді жеткізуші ретінде тұтынушы алдында жауапты болады, мемлекет жобаны іске асыру кезінде инвестиция үшін жауапкершілікті өзіне қалдырады;

салу және пайдалану, бұлар бойынша жеке меншік секторы объектіні салу (қайта жаңарту) және пайдалану жөніндегі функцияны орындайды, мемлекет пайдалану кезінде жобаның іске асырылуын қаржыландыруға жауапты болады;

басқару және ұстау (мүлікті сенімгерлік басқару), бұлар бойынша жеке меншік секторы мемлекеттік меншік объектілерін басқару және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды орындайды, мемлекет қызмет көрсету үшін, объектілерді кеңейту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жөніндегі міндеттерді шешу үшін тұтынушылар алдында жалпы жауапкершілікті өзіне қалдырады.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жинақтаушы зейнетақы қорлары маңызды рөл атқарады, олардың қаражатын тарту үшін мемлекеттің кепілгерлігімен инфрақұрылымдық облигациялар шығару тетігі қолданылатын болады.

Мемлекет синдикаттық қаржыландыру және секьюритилендіру тетіктерін пайдалана отырып, МЖӘ жобаларын жобалық қаржыландыру принциптерін енгізу, құрылымдау және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Заңнамаға ерекше заңды мәртебесі бар арнайы жобалау ұйымдарын құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін түзетулер енгізіледі.


Заңнаманы жақсарту

1. «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда қабылдау.

2. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

3. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

5. Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.



2.13 Сауда саясаты
Ағымдағы жағдайды талдау

Тиімді сауда саясатын жүргізу индустриялық-инновациялық дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жаһандану және қатаң бәсекелестік жағдайында қазақстандық экспорттаушылар әлемдік нарықтарда қолда бар «тауашаны» ұстауы және жаңаларына ие болуы қажет, бұл ретте халықаралық сауда ережесін ұстануы тиіс.

Осыған байланысты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Кеден одағына кіруі жолымен жаһандық экономикаға кірігуі объективті шарт болып табылады.

Қазіргі уақытта Кеден одағының негізгі құқықтық базасы әзірленді.


2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы аумағында үшінші елдерге қатысты сыртқы сауданы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады.

Кеден одағына қатысушы үш елдің ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздерді үш елдің бірыңғай келіссөз делегациясы қайта бастады.

Жаһандық нарықтарға кірігумен қатар, экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамыту жөніндегі қойылған міндеттерді шешу үшін экономикалық мүдделерді ілгерілетудің және сыртқы нарықтардағы сауда және сауда емес кедергілерді жоюдың тиімді жүйесін, сондай-ақ шикізат емес экспортты ілгерілету институттарын қалыптастыру талап етіледі.

Ішкі сауданы дамытудың оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен қатар жүреді.

Биржалық сауда, сауданың қазіргі заманғы форматы дамымаған. Сауда базарларында көлеңкелі айналымның қомақты көлемі, контрабандалық және контрафактылық өнімді өткізу деңгейінің жоғарылығы; сатылатын тауарларға жалған сертификаттарды кеңінен пайдалану шоғырланған.
Негізгі міндеттер

1. Әлемдік сауда жүйесіне кірігу жолымен республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету мен қорғаудың тиімді әрі жедел жүйесін құру.

2. Экономиканың шикізат емес секторының қазақстандық өнімінің экспортын дамыту мен ілгерілетуге жәрдемдесу.

3. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін ұлғайту.



Нысаналы индикаторлар

2014 жылдың соңына қарай мыналар жоспарланып отыр:

1. Әлемдік саудаға тартылуы жөнінен ДЭФ рейтингін  80 орынға дейін жоғарылату.

2. Кеңейтілген экономикалық санаттар жөніндегі сыныптамаға (БҰҰ хатшылығының статистикалық сыныптамасы) сәйкес экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорттың үлесін 40,0 %-ға дейін ұлғайту.

3. 2014 жылдан бастап бөлшек сауда айналымы өсімінің жыл сайынғы қарқынын алдыңғы жылға қарағанда %-бен кемінде 106,0 %-ға жеткізу, бұл ретте 2010 жылы – 100,0 %, 2011 жылы – 102 %, 2012 жылы – 103 %, 2013 жылы – 104 %.

4. Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесін 50 %-ға дейін жеткізу.


Іс-қимылдар стратегиясы

Республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету және қорғау, әлемдік сауда жүйесіне кірігу жүйесін құру

1. Әлемдік сауда жүйесіне кірігу жолымен республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету мен қорғаудың тиімді әрі жедел жүйесін құру мақсатында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын қалыптастыру аяқталатын болады.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын іс жүзінде іске асыру басталды.

Кеден одағы бажсыз саудаға қосымша ретінде үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясатын қолдануды және ішкі кедендік шекараларды жоюды көздейді.

Бұл мақсатта бүгінде үш мемлекетте жұмыс істейтін сауда режимдерін біріздендіру үшін үшінші елдермен, оның ішінде ТМД елдерімен келіссөздер жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, мемлекеттер басшылары қабылдаған шешімдерге сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттықтан тыс органға (Кеден одағы комиссиясы) бірыңғай кедендік тарифті жүргізу және үш мемлекетке қатысты болатын әрі тараптардың ұсыныстары негізінде қалыптасатын тарифтік емес шараларды қолдану жөніндегі өкілеттіктер берілді.

2010 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі кедендік шекараларда кедендік ресімдеу, ал 2011 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік бақылау жойылады. Осылайша, әкімшілік кедергілерді жою және біздің елдер арасында тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету арқылы кеден одағының сыйымдылығы шамамен 165 млн. адам болатын ішкі нарығы бар бірыңғай кедендік аумағы құрылады.

Ішкі нарықты кеңейту шетелдік инвестициялар тарту, жаңа өндірістерді дамыту, өзара толықтыратын кәсіпорындарды кооперациялау үшін әкімшілік кедергілерді жою негізгі ынталандыру шарасы болады, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру және өзара инвестициялардың өсуі үшін жағдай жасамақ.

2. 2012 жылға дейін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігі құрылатын болады.

Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру қатысушы мемлекеттердің ішкі инфрақұрылымына тең қол жеткізуді көздейді, бұл теңізге шығатын жолы жоқ ел ретіндегі Қазақстан үшін айрықша өзекті.

Сондай-ақ қызметтер нарығының жұмыс істеуінің бірыңғай шарттарын белгілеу, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы, бәсекелестіктің, өнеркәсіптік субсидиялаудың біріздендірілген ережелер, ауыл шаруашылығын қолдаудың бірыңғай шаралары, бірыңғай экономикалық саясат, тарифтік саясат жүргізу, мемлекеттік сатып алудың біріздендірілген ережелері көзделіп отыр.

Бұл мақсатта Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық негізін құрайтын тиісті халықаралық құжаттар әзірленетін болады.

3. Үшінші елдермен және елдер бірлестіктерімен преференциялық сауда туралы келісімдер жасасу жөніндегі ұсыныстарға бастама жасалатын болады.

Кеден одағына мүшелікті есепке ала отырып, Түркіменстанмен, Еркін сауданың Еуропалық қауымдастығына мүше мемлекеттермен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Сербиямен және Черногориямен еркін сауда туралы, Египетпен, Иорданиямен, Израильмен, Ауғанстанмен, парсы шығанағы елдерімен (Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар, БАӘ) және басқа да елдермен преференциялық сауда туралы келісімдер жасасу жөнінде келіссөздер жүргізілетін болады.

4. Келіссөздерді аяқтау және ДСҰ-ға кіру.

Қазақстанның ДСҰ-ға толыққанды мүше болуы, сондай-ақ осы халықаралық ұйымның нормалары мен ережелеріне сәйкестік қазақстандық тауарлардың ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің нарығына кемсітпеушілік негізде енуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық төрелікке қол жеткізу жолымен үшінші елдердің нарығында қазақстандық өндірушілердің мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

ДСҰ-ға мүше болу сыртқы экономикалық саясаттың болжауға болатындығы және ашықтығы есебінен тікелей шетелдік инвестициялар түріндегі капитал ағынын ұлғайтуға, сондай-ақ қазақстандық тауарларға қойылатын сауда шектеулері мен саудадағы дауларда кемсітушілік тәсілдерді жоюға мүмкіндік береді.

5. Экономикалық мүдделерді ілгерілету және сыртқы нарықтардағы сауда және сауда емес кедергілерді жою.

Қазақстандық тауарларға қатысты сауда шектеулерін белгілеу кезінде бастама білдіру және халықаралық сауда дауларын шешу рәсімін жүргізу не халықаралық келісімдерге сәйкес қарсы шаралар қолдану тетігі пайдаланылатын болады.

6. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу тетіктерін қолдану.

Қолда бар өндірісті және оны дамыту жөніндегі жоспарды зерделеу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады, оның нәтижесі бойынша өндірілуі Қазақстанда жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік бажды жоғарылату бойынша, сондай-ақ оларға қатысты алыс шетелдерден импортқа мүдделілігі бар тауарларға кедендік баждарды төмендету бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

Сондай-ақ әлемдік нарық конъюнктурасы өзгерістерінің ішкі нарыққа әсерін талдау негізінде тауарлардың сыртқы саудасын кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің басқа да шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

Бұдан басқа, отандық кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықта тауарлардың аса жетіспеушілігінің пайда болуына жол бермеу мақсатында экспортты шектеу жөнінде тиісті ұсыныстар әзірленетін болады.

Ұсыныстар Кеден одағы комиссиясының қарауына жіберілетін болады.

Экономиканың шикізат емес секторының қазақстандық өнімінің экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу

1. Экспорттаушыларды ақпараттық және сараптамалық қолдауды қамтамасыз ету.

Мақсатты мүддесі бар елдердің нарықтарына экономиканың шикізат емес секторының қазақстандық нақты тауарларымен ену үшін елдер, саудадағы серіктес елдердің салалары/өнімдері бойынша шолулар, әлемдік сауда үрдісін (Trade Performance Index (TPI)), Қазақстан экспорт өнімінің жыл сайынғы анықтамалығын, «Экспорттаушыға көмек» атты нұсқаулық, «Export Guide» жол көрсетуші материалдар топтамасының жариялымдарын талдау тұрақты жүргізіледі және қазақстандық кәсіпорындар мен өнімдер туралы ақпарат халықаралық мамандандырылған каталогтарда орналастырылады.

Жаңа экспорттық тауашаларды игеру үшін экономиканың өңдеуші секторының нақты өнімдерінің тауар белгілерін әзірлеу және оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.

Экспорттық қызметті басқару бойынша мамандарды даярлау жөніндегі оқу бағдарламалары іске асырылып, озық тәжірибені Қазақстан кәсіпорындарында қолдану мақсатында шетелдік озық экспорттық өндірістерге бару ұйымдастырылатын болады.

«Экспортқа бағдарлану» идеологиясын қалыптастыру үшін жеке меншік және мемлекеттік секторларды тарта отырып, экспортты нысанаға алуды насихаттау жүргізілетін болады.

2. Экспорттық сауда операцияларын қаржылық қолдау.

2010 жылдан бастап экономиканың шикізат емес секторының өнімін (қызметтерін) экспорттаушыларға олардың маркетингтік зерттеулер жүргізуге; отандық тауарлардың шетелдегі брендингіне; сыртқы нарық үшін тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге; мамандардың біліктілігін арттыруға; шетелдерде өкілдіктер ашуға; Интернет-ресурс құруға және шетелдерде тарату үшін баспа өнімін дайындауға байланысты іс-шаралар жөніндегі шығындарын өтеу түрінде экспорттық гранттар ұсынылатын болады.

Экспортты сақтандыруды және сауда экспорттық операцияларға кредит беруді, сондай-ақ бірқатар жанама қызметтерді қамтитын экономиканың шикізат емес секторларының шағын және орта бизнес өкілдерінің сауда экспорттық операцияларын қаржылық қолдауды жүзеге асыру үшін экспорттық-кредит агенттігі (ЭКА) құрылатын болады.

3. Экспорттаушыларға мақсатты нарықтарда дистрибуция арналарына қол жеткізуге жәрдемдесу

Мыналар көзделіп отыр:

шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердің, сауда өкілдіктерінің, құрметті консулдар институтының ресурстарын пайдалану, сондай-ақ инвестициялар, сауда және технологиялар мәселелері бойынша өкілдер институтын құру үшін елдің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері құрамында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұсынымы бойынша тағайындалатын және оған есеп беретін дипломатиялық рангтегі Кеңесші-елші және жекелеген елдердегі Қазақстан елшіліктерінде атташе штаттық бірліктерін айқындау мәселесін пысықтау есебінен халықаралық желі құру. Олардың қызметін рейтингтік бағалау енгізілетін болады;

отандық өндірушілердің өнімін кепілдікпен жылжыту және экспорттаушыларға қосылған құны жоғары тауарларды өткізу арналарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін мамандандырылған мемлекеттік трейдинг компаниясын құру;

әлемдік үздік тәжірибе үлгісінде экспортты қолдау жүйесінің басты элементтерінің бірі ретінде экспорттық орамды дамыту үшін мамандандырылған құрылым құру.

Экспорт елінде қазақстандық өндірушілерге тікелей кешенді жәрдемдесу мақсатында 2010 – 2014 жылдары Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі ұлттық ұйымның (Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің экономиканың шикізаттық емес секторының экспортын дамыту және жылжыту жүйесінің операторы болып табылатын «KAZNEX» экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы» АҚ) шетелдік өкілдіктерінің желісі ашылатын болады.

Бірлескен стратегияны әзірлеу және мемлекеттік органдардың экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ экспортты дамыту мен жылжытуға тосқауыл болатын әкімшілік және төрешілдік шараларды жою мен бизнестің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық экспорттаушылардың мүдделерін қорғау және проблемаларын шешу кезінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы Экспорттаушылар кеңесінің, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың (ҮАК) жұмысы жандандырылатын болады.

Мемлекеттің қазақстандық экспорттаушылар үшін пәрменді шараларды қамтамасыз етуі мақсатында 2010 жылдан бастап Қазақстанды ізгілік көмек шеңберінде өнім жеткізушілер қатарына кіріктіру жүргізілетін болады.

Көліктік-логистикалық орталықтар құруды ынталандыру жолымен қазіргі заманғы көліктік-логистикалық инфрақұрылым түзу арқылы Қазақстанның Еуропа, Ресей, Қытай мен Орталық Азия арасындағы халықаралық сауда хабы ретіндегі әлеуетін іске асыру.

Отандық өндірушілер мен шетелдік әлеуетті сатып алушылар арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесу, өнімнің сапалық және баға көрсеткіштері бойынша ақпарат алмасу, экспорттық келісімшарттарды мұқият талқылау үшін Қазақстанның шетелдердегі тұрақты сауда миссиялары, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде «Сатушылар мен Сатып алушылар» форматында кездесулер, нақты тауарларды мақсатты түрде ілгерілету іс-шаралары ұйымдастырылатын болады.

Ішкі сауданың тиімділігін арттыру

Халықаралық практиканы ескере отырып, баға белгілеудің ашық жүйесін қалыптастыру мақсатында қазіргі заманғы биржалық сауда инфрақұрылымы құрылатын болады.

Сауданың қазіргі заманғы нысандарын дамыту мақсатында ірі сауда форматтары, сауда желілері дамытылатын болады. «Өндіруші – тұтынушы» тізбегіндегі шығындарды азайту үшін өңдеу, орау, сауда жабдығын сатып алуды жеңілдікпен қаржыландыру жолымен және шағын сауда форматтарын (гипермаркеттер, супермаркеттер, дискаунтерлер үлгісіндегі сауда үйлері және т.б.) бірыңғай брендпен және бірыңғай ассортиментпен әрі баға саясатымен біріктіру арқылы сауда-сатып алу кооперациясы жүйесі құрылатын болады.

Отандық тауар өндірушілердің өніміне қашықтан қол жеткізуді дамыту мақсатында екінші деңгейдегі барлық банктерді бірыңғай прессинг орталығына (Webmoney-ге, Paypal-ға ұқсас) біріктіретін Интернет-дүкендерге кіріктіру үшін қолайлы модульдері бар Интернет желісінде қолма-қол ақшасыз ақы төлеудің электрондық жүйесі, сондай-ақ бірыңғай республикалық электрондық сауда алаңы құрылатын болады.

Тауарларды қашықтан жеткізу жүйесін дамыту, бөлшек тауар айналымын ұлғайту және тұтынушылар үшін қызмет көрсету сервисін жоғарылату мақсатында Астана және Ақтөбе қалаларында почталық-логистикалық орталықтар құрылып, олардың жанынан жеткізудің оңтайлы схемаларын (халықаралық стандарттар деңгейінде) көздейтін сұрыптау орталықтары жұмыс істейтін болады.


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау