Заңнаманы жақсарту
Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1. «Банкроттық туралы».
2. «Темір жол көлігі туралы»
Қазақстан Республикасының мынадай заңдарын әзірлеу және қабылдау:
3. «Кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдарының тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға арналған құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
2.7 Бәсекелестікті дамыту
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Дағдарыстың салдарын еңсеру жөніндегі міндеттерді шешу және кейінгі экономикалық өсімді дайындау кезінде бәсекелестіктің маңызы артады. Әлемдік экономикалық дағдарыс үрдісі тұтастай алғанда бәсекелестіктің дамуына әсер етті.
2009 жылы жүргізілген талдау нәтижелері темір жол саласы, отын-энергетика кешені және телекоммуникация секторы ұзақ уақыт бойы монополияланған және шоғырлануы жоғары нарықтар болып отырғанын растады. Экономика құрушы болып табылатын бұл салалар аралас салалардағы бәсекелестіктің дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Азық-түлік тауарлары нарығында бәсекелестік жеткілікті түрде дамымаған.
Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі жоғары, соның ішінде мемлекет қатысатын кәсіпорындар саны ұлғаюда, бұл бәсекелестік ортаға кері әсер етеді, ал мемлекеттік кәсіпорындарға ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулердің сапасы өте төмен болуда.
Негізгі міндеттер
Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығына тең қолжетімдікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін жағдайлар жасау.
Нысаналы индикатор
Тауар нарықтарына талдаулар жүргізу
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Тауар нарықтарына талдаулар жүргізу
|
бірлік
|
20
|
20
|
20
|
20
|
20
|
Адал бәсекелестікті қорғау (насихаттау)
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Әділ бәсекелестіктің басымдықтары және негізгі қызмет жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық материалдар әзірлеу (БАҚтағы жарияланымдар, теледидар мен радиода сөз сөйлеу)
|
бірлік
|
120
|
144
|
145
|
149
|
150
|
Бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдері үшін монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар (соның ішінде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)
|
бірлік
|
40
|
50
|
55
|
60
|
65
|
Іс-қимылдар стратегиясы
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекеттің республиканың нарықтарына қатысу үлесін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу, экономиканың салаларын монополиясыздандыру, сондай-ақ монополияға қарсы бақылау құралдарын жетілдіру талап етіледі:
1) монополияға қарсы бақылауды арттыру және қызметтік бейінді емес активтерді жеке секторға беру жолымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын ЖШС мен АҚ-лардың қызметін реттеу;
2) бәсекелестікті дамыту және экономиканың салалары мен секторларын монополиясыздандыру мақсаттарын, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енгізу;
3) темір жол көлігімен тасымалдау нарығында:
инвестициялық тарифті бекіту;
магистральдық желілерге және басқа да инфрақұрылым объектілеріне кемсітпей қол жеткізуді қамтамасыз ету;
заңнамаға тиісті өзгерістер енгізе отырып, жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар тасымалдау бойынша бағытқа құқық беру мерзімін 1 жылдан 3-5 жылға дейін ұзарту;
әділ тариф белгілеу мақсатында тоғыстыра субсидиялауды жою және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне тарифтер қалыптастырудың ашық саясатын қамтамасыз ету;
4) әуе тасымалы мен әуежай қызмет көрсетулері нарығында:
әуежай және тасымалдау қызметтерін бөлу;
техникалық қызмет көрсетуде, багажды, жүктерді және почтаны өңдеуде, перронда қызмет көрсетуде, тамақ өнімдерін жеткізуде, бажсыз саудада, автотұрақтарда және т.б. бәсекелестікті дамыту;
авиа компаниялардың әуежайлар мен аэронавигация қызмет көрсетулеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін әзірлеу және енгізу;
бюджеті төмен авиа тасымалдарын кеңейту үшін жағдай жасау, іскерлік және шағын авиацияны дамыту;
авиа тасымалдаушылары үшін тең бәсекелестік жағдай жасау (оның ішінде мемлекеттік көмек беруді бақылау жолымен);
авиа компанияларына және әуежайларға делдалдық құрылымдарды айналып өтіп, авиа ЖЖМ өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
авиа тасымалдаушылардың авиаотынды сақтауы жөніндегі әуежайлардың қызмет көрсетулер ұсынуын және балама отын құю кешендерін салу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
5) телекоммуникация нарығыда:
орта мерзімді перспективада телекоммуникация қызмет көрсетулері нарығының экономикалық шоғырлану дәрежесін азайту мақсатында қор нарығында «Қазақтелеком» АҚ акцияларының пакеттерін және тіркелген, ұялы байланыс және Интернет операторларындағы қатысу үлестерін сату;
байланыс операторларының мұқтажы үшін оларды босату мақсатында радиожиілікті конверсиялау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне тең ашық қол жеткізуді, сондай-ақ айқын әрі кемсітусіз оператораралық қосылуды қамтамасыз ету;
6) мұнай өнімдері мен көмір нарығында:
мұнайды алу-берушілердің МӨЗ қызмет көрсетулеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын жою мақсатында қазақстандық мұнайды толлинг схемасы бойынша Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының МӨЗ-де өңдеу туралы мәселені қарау;
бензинді, дизель отынын, авиациялық керосинді, табиғи және сұйытылған газды, көмірді сату нарығындағы өнімсіз делдалдық құрылымдарды жою;
7) азық-түлік тауарлары нарығында:
ритейлер тарапынан өктемдік фактілерін жою үшін ритейлердің азық-түлік тауарларын жеткізушілермен өзара қатынастарының жеткізушілердің ірі сауда желілеріне кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін және әртүрлі шарттар таңуды жоятын тетігін заңнамалық деңгейде регламенттеу.
Заңнаманы жақсарту
Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және мынадай нормативтік құқықтық актілерді қабылдау:
1) бірқатар заңдарды «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 2010 жылы бағыттар беру мерзімін 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайту бөлігінде темір жол көлігімен әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауды субсидиялау тетігін жетілдіру бөлігінде өзгерістер енгізу;
4) жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау тәртібін, жеке тасымалдаушылар институтының пайда болуына сәйкес темір жол вокзалдарының жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттаманы қайта қарау және өзгерістер енгізу;
5) әуе кеңістігін пайдалану туралы екі жақты үкіметаралық келісімдерді монополияға қарсы заңнаманың нормаларына сәйкес келтіру бөлігінде әуе тасымалын реттейтін заңнаманы үйлестіру (оларды кемсітуді немесе әділетсіз бәсекелестік саясатын жоюға бағытталған бәсекелі нормалармен толықтыру);
6) «Темір жол көлігі туралы» Заңға және басқа заңнамалық актілерге инвестициялық тарифті бекіту бөлігіне өзгерістер енгізу;
7) МӨЗ қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін қабылдау.
2.8 Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру
Ағымдағы ахуалды талдау
Қазіргі уақытта нормативтік экспансия әдістерімен – техникалық регламенттерде, стандарттарда, аккредиттеу әдістерінде, сәйкестікті бағалау және нарыққа қол жеткізудің өзге де нысандарында мүдделік қолдау арқылы экономикалық тауашаларын жеңіп алу үрдісі бар.
Техникалық регламенттер қабылдау арқылы өнімдердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздік үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске жасалатын қысымды азайту, импорттық өнім нарығында қол жеткізуді шектеу мәселелері шешілуде.
Тұтынушылар үшін техникалық регламенттер тұтынатын өнімінің қауіпсіздік кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің түпкілікті талабын қамтитын құжат болып табылады.
Техникалық регламенттер әзірлеу жөніндегі 2007–2009 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 97 техникалық регламент әзірлеу жоспарланған, оның 61 бекітілген. Енгізілген түзетулерге сәйкес енді 43 техникалық регламент әзірленіп, қабылдануы қажет.
Бірыңғай кеден одағын құру жұмыстары белсенді сатыда тұр және оның маңызды бағыттарының бірі техникалық реттеу болып табылады.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бірінші кезектегі техникалық регламенттерін әзірлеудің бекітілген кестесіне сәйкес 32 техникалық регламент әзірлеп, қабылдау көзделіп отыр, бұл ретте 24 техникалық регламенттің қазақстандық аналогы бар немесе әзірленуде.
Осыған байланысты, Қазақстанның сапалы әзірленген техникалық регламенттері негізге алынуы тиіс ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламенттерін қабылдау кезінде өз мүддесін талап ету Қазақстан үшін маңызды болып табылады.
Мемлекет пен кәсіпкерліктің мүдделерін теңгерімдеуі тиіс бейімделген техникалық регламенттерді енгізу талап етіледі.
Техникалық регламенттердің талаптарын толыққанды енгізу үшін орташа алғанда кемінде бір жыл қажет, бұл уақытта ведомстволық нормалау, бизнес ортаға әкімшілік қысым жасауды азайту, қажет болғанда өндірісті жаңғырту, сынақ базасын құру жөніндегі шаралар қабылдап, үйлестірілген стандарттар әзірленіп, қабылдануы тиіс.
Бүгінгі күні Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында стандарттау жөніндегі 56 342 астам нормативтік құжат бар, оларға мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және өңірлік стандарттар кіреді. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 2 791 бірлік қабылданған, оның ішінде 1 846 бірлігі – халықаралық талаптармен үйлестірілген, бұл жалпы үйлестіру пайызының 66 %-ын құрайды.
Салалар бөлінісінде мемлекеттік стандарттарды үйлестіру деңгейі: 1. Машина жасау және машина жасау өнімі (80,3 %); 2. Энергетика және электрлік-техника (57,4 %); 3. Жол-көлік техникасы (72,8 %); 4. Құрылыс материалдары және құрылыс (72,3 %); 5. Жеңіл өнеркәсіп (32,9 %); Ауыл шаруашылығы (47,1 %); 7. Тамақ өнеркәсібі (60 %); 8. Химиялық технология (70,1 %); 9. Металлургия және тау ісі (59,7 %); 10. Мұнай және газ. Аралас өндірістер (92,4 %).
Жыл сайын шамамен 350 мемлекеттік стандарт қабылданады. Бұл белгілі бір шамада жалпы үйлестіру деңгейін 1-2 %-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Индустрияландыру шеңберінде жұмыстарды үдету ескерілді. Сондықтан жыл сайын қосымша 500 стандарт қабылдау қажет және 5 жыл ішінде кемінде 2500 мемлекеттік стандарт қабылдануы тиіс. Бұл ретте, халықаралық талаптармен үйлестіруге көп көңіл бөлінеді.
2008 жылдан бастап ұлттық аккредиттеу жүйесі құрылды, ол барлығы 1059 құрылымды қамтиды, соның 186-ы сертификаттау жөніндегі орган, 541-і сынау зертханасы және 332-сі метрологиялық қызметтер.
Сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар мен сынақ зертханаларының желісі тең бөлінбеген, олар негізінен Алматы қаласында, гендік-түрлендіру көздерін айқындау жөніндегі, отын мен автомобильдердің Евро экологиялық талаптарына сәйкестігі, өрт қауіпсіздігі бойынша және басқа да аккредиттелген сынау зертханалары жоқ.
Негізгі міндеттер
Индустрияландыру процестеріне техникалық реттеу құралдарын пайдалану және мыналарға:
1. Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімнен шектеу.
2. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру, менеджмент және технологиялық қайта жарақтану жүйелерін енгізу жағдайларын жасау үшін сапа инфрақұрылымын құру.
Нысаналы индикаторлар
1. 2010 жылды қоспағанда, жыл сайын кемінде 850 мемлекеттік стандарт әзірлеу және қабылдау.
2. Стандарттар енгізудің 16 өңірлік және 10 салалық жоспарын іске асыру.
3. 2012 жылға барлық техникалық құжаттарды бір қорға шоғырландыру және олардың қол жетімдігін қамтамасыз ету.
4. 2014 жылға қарай мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлесу деңгейін 65 %-дан 76 %-ға дейін жеткізу (2010 жылы 68 %, 2011 жылы 70 %, 2012 жылы 72 %, 2013 жылы 74 %, 2014 жылы 76 %,).
5. 2010 жылға қарай менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындар санын 2035-тен 3000 кәсіпорынға дейін ұлғайту (2010 жылы 2200, 2011 жылы 2400, 2012 жылы 2600, 2013 жылы 2800, 2014 жылы 3000).
6. 2014 жылға қарай енгізілген техникалық регламенттер санын 90-ға дейін жеткізу, бұл ретте салалар қажеттіліктеріне байланысты оларды өзектендіру болжанады.
7. 2014 жылға қарай кемінде 30 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдықтарды 60 мәрте жаңғырту (толық жарақтандыру).
Іс-қимылдар стратегиясы
Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімнен шектеу жөніндегі міндеттер шеңберінде:
орталық және жергілікті атқарушы органдар өнімінің қауіпсіздігіне жоғары талаптар мен отандық өнім нарығына қол жеткізудің ерекше шарттарын белгілейтін техникалық регламенттер әзірленіп, енгізіледі;
тәуекелдерге барынша аз араласу және тиімді басқару принциптеріне негізделген мемлекеттік бақылау жүргізіледі;
сынақ, оның ішінде шекара маңы сауда орталықтарын, арнайы экономикалық аймақтар салу шеңберінде, сондай-ақ инвестициялық жобалар шеңберінде сынақ зертханалары құрылады және жаңғыртылады;
аккредиттеу, сертификаттар және хаттамалар жүйелерінің барабарлығы бойынша, соның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде көп жақты және екі жақты келісімдер жасасу бойынша шаралар қабылданады;
техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті деңгейлерде инвестициялық жобаларды қаржыландыру және қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізу жүргізілетін болады.
техникалық регламенттер мен стандарттарды сақтау бойынша техникалық нормалау мен мемлекеттік бақылау жөніндегі саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша кәсіптік мемлекеттік органды құру жөніндегі жұмыстар.
Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімдер өндіру, менеджмент және техникалық қайта жарақтандыру жүйесін енгізу үшін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттер шеңберінде:
нақты өндірістер шеңберінде өнім шығару үшін қажетті озық халықаралық стандарттарға негізделген мемлекеттік стандарттар әзірленіп, қабылданады;
орталық және жергілікті атқарушы органдар өнімге, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымға стандарттар енгізуге бағытталған шаралар ұйымдастырылады;
Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қорын құру және оларды халықаралық ұйымдардың құжаттарымен толықтыру жүзеге асырылады;
менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуді және өнім сапасын арттыруды насихаттау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру, менеджмент жүйесі стандарттарын енгізген кезде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын субсидиялауды жүзеге асыру тетіктері әзірленеді;
жыл сайынғы мемлекеттік сатып алулар жоспары қалыптастырылып, бекітілген кезде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігін көрсету тәжірибесі қайта жаңғыртылады;
техникалық реттеу және метрология саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде бірыңғай орталық құрылады;
салаларды метрологиялық қамтамасыз ету және эталон базасының халықаралық деңгейге баламалығын растау үшін ұлттық эталон базасына жаңғырту жүргізілетін болады.
Заңнаманы жақсарту
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Техникалық регламенттерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, техникалық регламенттер талаптарын сақтамаған кәсіпорындарға қатысты әкімшілік әсер етуді күшейту; ЕурАзЭҚ және Кеден одағы шеңберлерінде қабылданған келісімдерге сәйкестендіру.
2.9 Энергия үнемдеу
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта Қазақстанға отын-энергетика ресурстары (бұдан әрі – ОЭР бағасының төмендігі мен қолжетімділігі нәтижесінде қалыптасқан ОЭР бағасының әлемдік бағаға қарағанда төмендігі, оларды өндіру, шығару, қайта өңдеу, беру (тасымалдау), сақтау, бөлу және тұтыну (қайта түрлендіру) кезеңдерінде пайдалану тиімділігінің қанағаттанарлық еместігі тән.
Өнеркәсіп секторы, ол ЕС елдерінің энергияны қажетсіну бойынша осыған ұқсас көрсеткішінен бес есеге көп. Әлемдік нарық жағдайларында энергияға бағаның өсуін ескере отырып бәсекеге қабілеттілік мәселелері өткір күйінде қалуда.
Мемлекеттік мекемелердің (мектептер, ауруханалар және т.б.) басым бөлігі, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттары энергия жүйелерімен тиімсіз жарақтандырылған және жаңартуды талап етеді.
Әлемдік экономикада энергияны үнемдеу соңғы жылдары қорлардың азаюымен және қалпына келтірілмейтін ОЭР қорының сарқылуымен, климаттың өзгеруіне байланысты экологиялық проблемалармен, парниктік газдардың ауаға шығуын азайту қажеттілігімен сипатталатын жаһандық энергетика проблемасын шешудің ең бір сенімді құралы ретінде көрініп отыр.
Дамыған елдердің даму тәжірибесі қаражатты энергия үнемдеуге салу, энергия объектілері құрысының толық құқықты баламасы, бірқатар жағдайларда тіптен барынша орынды екенін көрсетіп отыр.
Ел экономикасының халықаралық нарықтық қатынастарға бейімделуі жағдайларында ОЭР-дің ішкі нарығында бағаның іс жүзінде әлемдік деңгейге дейін сөзсіз өсу үрдісі болжануда.
Индустриялық дамыған елдердің өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдарындағы энергетикалық дағдарыстан шығу тәжірибесі энергия үнемдеу саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді нақты түрде шешу қажеттілігін, әсіресе материалдық өндіріс саласындағы, энергияны үнемдеуді ғылыми және техникалық негізді түрде азайтуға бағытталған нысаналы жобалар кешенінде энергия тұтынуды үздіксіз жүзеге асыру қажеттілігін көрсетіп отыр.
Сондықтан осы саладағы саясаттың мақсаты мыналарды қамтамасыз ететін энергия ресурстарын реттеуші және ынталандырушы тұтынушылардың кең ауқымын пайдалана отырып, энергия тиімділігі өсуінің белгіленген стратегиялық бағдарларына сөзсіз қол жеткізу болып табылады:
энергияны аз тұтынатын өңдеу салаларының пайдасына құрылымдық қайта құру;
технологиялық энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру.
Энергияны тиімді пайдалануға ынталандыратын құқықтық, әкімшілік және экономикалық шаралардың тұтастай жүйесін жүзеге асыру қажет. Осы жүйенің шеңберінде мыналар көзделуі тиіс:
отын мен энергияның энергия үнемдеу талаптарын қатаңдату бағытында жұмсалуын айқындайтын қолданыстағы нормаларға, ережелер мен регламенттерге өзгерістер енгізу;
энергия тұтынудың есебін жүргізу мен бақылауды жетілдіру, сондай-ақ энергия тұтыну стандарттарын белгілеу және кеңінен қолданылатын энергия тұтынатын аспаптар мен жабдықтарды олардың энергияны жұмсау нормативтеріне сәйкестігіне міндетті түрде стандарттау;
кәсіпорындарға тұрақты түрде энергетикалық аудит жүргізу (ірі кәсіпорындар мен бюджет саласы үшін міндетті түрде);
оны бизнестің тиімді саласына айналдыратын энергия үнемдеудің қосымша ынталандыруларын жасау;
мемлекеттің тұрғындар арасында энергияны тиімді пайдалануды тартымды етуі, персоналды жаппай оқыту; энергияны үнемдейтін іс-шаралар, технологиялар мен жабдықтар, нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпараттары бар қолжетімді деректер базасы;
тәжірибе алмасу конференциялары мен семинарлары, бұқаралық ақпарат құралдарында энергия үнемдеуді насихаттау және т.б.
Басты міндет ықтимал қаржы-экономикалық тәуекелдерді азайту арқылы капиталды осы қызмет саласына салу үшін барынша тартымды жағдайлар жасай отырып, нысаналы саясат есебінен энергия ресурстарын тұтынушылардың энергия үнемдеуге инвестиция салуға деген қызығушылығының тұрақты және тиімді жүйесін құру болып табылады.
Энергияны үнемдеу және энергияны тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралар өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың өңірлік кешенді бағдарламаларының (жоспарларының), соның ішінде өңірлік энергетикалық бағдарламалардың негізгі бөлігі болуы тиіс.
Өңірлік бағдарламаларда (жоспарларда) жергілікті атқарушы органдардың өңірлерде энергия үнемдеу саясатын жүйелі жүргізу қызметін бағалау тетіктерін қарастыру қажет.
Негізгі міндеттер
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында өндірістің энергия қажетсінуін төмендету.
Энергияны аз тұтынатын өңдеу салаларын ұлғайта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру.
Технологиялық энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру.
Энергияны тиімі пайдалануға ынталандыратын тұтастай құқықтық, әкімшілік және экономикалық шаралар жүйесін жүзеге асыру.
Нысаналы индикаторлар
1. Энергия үнемдеу туралы ҚР Заңын іске асыру мақсатында заңға тәуелді актілерді әзірлеу және қабылдау.
2. Энергия үнемдеу туралы ҚР Заңына сәйкес міндетті түрде зерттелуі тиіс кәсіпорындар бойынша тізілім жасауды аяқтау.
3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің 2010 – 2015 жылдарға арналған кешенді өңірлік энергия үнемдеу жоспарларын әзірлеуі.
Іс-қимылдар стратегиясы
Энергетика секторы ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының өміршеңдігін қамтамасыз етеді және көпшілік жағдайда негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруды айқындайды. Табиғи отын-энергетика ресурстарын, энергетика секторының өндірістік, ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану халықтың әл-ауқатының өсуі мен өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін тұрақты дамудың қажетті алғышарттарын жасайды.
Жаңа уақыт талаптарына қаржылық тұрақты, экономикалық тиімді және серпінді дамитын, алайда үздік технологиялармен және білікті кадрлармен жарақтанған қоршаған орта үшін аса қолайлы сапалық жаңа отын-энергетикалық кешені (ОЭК) ғана сәйкес келе алады.
Мыналар іс-қимыл стратегиясының басымдықтары болып табылады:
өндірістің жалпы шығынын азайту және энергия ресурстарын тұтыну тиімділігі, оларды энергия үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды қолдану есебінен пайдалану;
бәсекеге қабілетті инновациялар құру үшін энергия тиімділігі саласында шағын инновациялық және венчурлік кәсіпкерлікті құруға ынталандыру;
энергия тиімділігі жөніндегі жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвестицияларды тарту.
Бұл кезеңде «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Заңды іске асыру үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, сондай-ақ Мемлекеттік энергия үнемдеу тізілімін ұйымдастыру және ірі ОЭР тұтынушыларының энергияны үнемдеуіне мониторинг ұйымдастыру бірінші кезектегі міндеттер болып табылады.
Бұл ретте, заңнамада:
тарифтік, салық, кеден, монополияға қарсы реттеу шараларын қарастыру;
перспективалық техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар мен энергетиканы дамыту процесін басқаруды арттыратын және энергия үнемдеуге ынталандыратын нормалар жүйесін енгізу;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық, инновациялық және энергия үнемдеу белсенділігі саласында стратегиялық бастамаларын ынталандыру және қолдау қажет.
Отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды стандарттау әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз ету;
Отын-энергетика ресурстарын пайдалану көрсеткіштерінің оңтайлы номенклатурасы мен деңгейін және қазіргі заманғы ғылым мен техникаға сәйкес келетін бағалау әдістерін белгілеу.
Отын-энергетика ресурстарын есепке алу және жұмсау жүйесін жетілдіруді, газды, суды, жылуды есепке алудың қазіргі заманғы аспаптарын, электр энергиясын тұтыну есептеуіштерін, тиімді құрал-жабдықтарды, жарық техникасын және жылу энергиясын тұтынуды бағдарламалық реттеу жүйелерін енгізуді қамтамасыз ету.
Тұрмыстық электр құралдары мен радиоэлектронды жабдықтарды энергетикалық таңбалау стандарттарын әзірлеу есебінен энергия тұтынатын өнімдерді энергетикалық таңбалауды қамтамасыз ету, бұл халықтың барынша үнемді аспаптарды сатып алуына, ішкі бәсекелестікті күшейтуге жағдайлар жасайды.
Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларындағы нормативтік құжаттарды үйлестіру үшін шетелдердің халықаралық, өңірлік және ұлттық даму стандарттарын сатып алу.
Энергия тиімділігі саласындағы статистикалық есептілік пен мониториг жүйесін жетілдіру мақсатында статистикалық есеп беру тәртібін жүргізу (есептіліктің арнайы нысандарын, әдістерін әзірлеу), сондай-ақ елдегі энергия тиімділігі саласындағы мониторинг жүйесін әзірлеу қажет.
Бюджеттік мекемелердің энергия ресурстарын ұтымды пайдалануы жөніндегі қызметін ынталандыру мақсатында бюджеттік ұйымдардың энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу нәтижесінде үнемделген бюджетік қаражатты қайта инвестициялау тетігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек.
Энергия тиімділігі саласындағы іс-шаралар мен жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және энергия үнемдеуді бизнестің тиімді жұмыс істейтін түріне айналдыру мәселесі ерекше көңіл бөлуге лайық. Дамыған елдердің тәжірибесі энергия сервистік келісімшарттар схемасы бюджеттік мекемелерде энергия үнемдеудің барынша қолайлы тетігі болып табылатынын көрсетіп отыр.
Осы мақсатта энергия үнемдеуді жүзеге асыратын бюджеттік ұйымдар мен энергия сервистік компаниялардың өзара іс-қимыл тетігін және энергетика ресурстарын тұтынуды қысқарту мақсатындағы іс-шараларды әзірлеу қажет.
Бюджеттік мекемелердің энергия ресурстарын ұтымды пайдалануды жөніндегі жұмысын ынталандыру мақсатында бюджеттік ұйымдардың энергия үнемдеу іс-шараларын еңгізу нәтижесінде үнемдеген бюджеттік қаражатта қайта инвестициялау тетігінің істеуін қамтамасыз ету керек.
Іс-қимыл стратегиясының тағы бір басымдығы:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықты, оның ішінде өнеркәсіптік даму жөніндегі ынтымақтастықты дамыту;
Еуропалық Одақ елдерінің энергия үнемдеу жөніндегі уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тәуелсіз Елдер Достастығына қатысушы мемлекеттерде энергия тиімділігін көтеру мәселесімен айналысатын ұйымдармен тұрақты байланыс орнату. Бірлескен жобаларды іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |