Бекітілген қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



жүктеу 1,01 Mb.
бет5/12
Дата23.11.2018
өлшемі1,01 Mb.
#24281
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ресурстық қамтамасыз ету

Құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдаланылатын пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлау есебінен құрылыс индустриясының минералдық шикізат базасы кеңейтілетін болады.



1.3 Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау
Агроөнеркәсіптік кешен
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

Қазіргі кезеңде мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында экономиканың аграрлық секторы тұрақты дамып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 13,8 %-ды құрады. Іс жүзінде ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері бойынша өсуге қол жеткізілді. Жете өңделгеннен кейінгі салмағымен алғанда 20,8 млн. тонна көлемінде астық дақылдарының рекордтық өнімі алынды.

Республикада мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері саланың тұрақтылығын, мал басы мен құстың және мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің жыл сайын ұлғайып келе жатқанын растап отыр. Соңғы жылдары мал басы мен құс жыл сайын орташа алғанда 3,8 %-ға, мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 3,5 %-ға ұлғаюда.

Елдің әлеуеті ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын, оны негізгі тамақ өнімдерімен кепілді толтыруды және экологиялық таза өнімдермен сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз етуге толықтай мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда республикада халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін орнықты негіз жасалған.


Негізгі міндет

Сыртқы нарықта жетекші орындарға шығу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және экспорт ресурстарын қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде өндірудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Экономиканың су секторы мен су шаруашылығы саясатын дамыту.
Нысаналы индикаторлар

1. Ішкі нарықтың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

2. АӨК-тің жалпы қосылған құнын кемінде 16 %-ға ұлғайту.

3. Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге арттыру.

4. Экспорттың жалпы көлеміндегі саланың экспорттық әлеуетін 8 %-ға дейін өсіру.
Саланы дамытудың негізгі бағыттары

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту саланы әртараптандыру, егіншілік мәдениетін арттыру, өндіріске қазіргі заманғы ылғал, ресурс үнемдейтін технологиялар енгізу, кең ауқымды химиялау, жаңа және қазір пайдаланылмайтын суармалы жерлерді айналымға енгізу арқылы өткізу нарығы бар ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыруға бағытталады.

Мал шаруашылығында саланы өнеркәсіптік негізге көшіру, асыл тұқымды базаны дамыту, малдың тұқымдық әлеуетін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы өндіріс көлемін ұлғайтуға салмақ түсіру көзделіп отыр және ғылыми негізде ірі ауқымды селекцияны жүзеге асырумен қатар жүргізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, сапаның халықаралық стандарттарына ауысу және осы негізде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру өзектілігін сақтап отыр.

Біртұтас экспорттық астық саясатын қалыптастыру, нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен толтыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кооперативтендіру арқылы дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жөніндегі жұмыс жанданады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің индустриялық-инновациялық дамуына жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ су ресурстарын интеграциялық басқару принциптерін енгізу жолымен қол жеткізілетін болады.

Агроөнеркәсіптік кешенде кем дегенде 20 ірі жобаны іске асыру, оның ішінде 8 мал шаруашылығы кешенін, 2 құс фабрикасын, 3 жылыжай, 3 тауарлы сүт фермасын, 1 ет комбинатын, 1 нан-тоқаш өнімдерін өндіру, 1 мақтаның сортты тұқымдық материалын өндіру зауыттарын салу көзделіп отыр.

Аграрлық секторға ірі ауқымды инвестициялар тарту үшін жағдай жасау және мемлекеттің қаржы институттарымен өзара іс-қимылын жалғастыру көзделіп отыр.

Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде кәсіпкерлер, қаржы институттары, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін АӨК-тің басым бағыттары бойынша мастер-жоспарлар, оның ішінде астық және оны тереңдете қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер, ет және ет өнімдері, майлы дақылдар, жеміс-көкөніс өнімдері, сүт және сүт өнімдері , жүн және оны тереңдете қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер өндірісі мен экспортын дамыту, құс өсіруді, қант қызылшасынан ақ қант өндірісін дамыту нақты бағдарға айналады.

Сонымен қатар минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдары, ветеринариялық препараттар, диагностикумдар, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін қоса алғанда, экономиканың аралас салаларын дамыту қажет.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын отандық өндіруші кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тетігі іске асырылатын болады.
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Инвестицияларды ынталандыру

Саланы дамытуды экономикалық ынталандыру және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді мынадай бағыттар бойынша субсидиялау жалғасатын болады:

агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылығы техникасымен, жабдықпен қамтамасыз ету кезінде пайыздық ставкаларды арзандату;

тұқым шаруашылығын дамыту;

мал шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;

өсімдік шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын басым дәнді дақылдар өндірісін субсидиялау жолымен арзандату;

отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалықты қоспағанда) құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (қалыптастырған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;

өндірісті және ауыл шаруашылығы өнімінің нарығын басқару жүйесін дамыту;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, сондай-ақ жеңілдікті кредит беру және шағын кредит беру, ауыл шаруашылығы техникасының, арнайы техниканың және технологиялық жабдықтың лизингін дамыту, агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыру жүйесін дамыту, ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жолымен де жүзеге асырылатын болады.


Технологиялық жаңғырту, инновациялар мен аграрлық ғылымды дамыту

прогрессивті технологияларды пайдалана отырып, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру жолымен өсімдік шаруашылығының өнімін және сапасын арттыру;

көкөністің жабық топырақта өндірілуін ынталандыру;

орта және ірі тауарлы мал шаруашылығын құруды ынталандыру;

тауарлы балық шаруашылығын дамыту;

ұлттың денсаулығын бекемдеу мақсатында марал шаруашылығы мен бал арасы шаруашылығы өнімін өндіруді ынталандыру;

ауыл шаруашылығы құрылымдарын және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық-технологиялық жаңғырту және мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы сапа менеджментінің қазіргі заманғы жүйелеріне ауысу;

АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша зерттеулерді шоғырландыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды жүргізу;

аграрлық ғылым инфрақұрылымын дамыту және шетелдік аграрлық технологиялар трансфертін қамтамасыз ету жолымен ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін енгізу және процестерін жеделдету, сондай-ақ өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу және ғылыми қызметкерлер қызметін ынталандыру және аграрлық ғылымға жас мамандарды тарту.

Бәсекеге қабілетті кәсіби кадрлар даярлау

ауылдық жерден келген азаматтарға арналған квоталар бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алған ауыл шаруашылығы мамандарын оқу орнын аяқтағаннан кейін кем дегенде 3 жыл ауыл шаруашылығы ұйымдарында жұмыс істеуін міндеттеуді енгізу болжанып отыр;

кейбір заңнамалық актілерге ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауыл шаруашылығы мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарау;

аграрлық саланың қажеттіліктеріне сәйкес PhD докторларын, магистрлер мен бакалаврлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринариялық мамандықтардың техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту мәселесін қарау.



Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету

елдің фитосанитарлық және ветеринариялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

малды сою, ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жөніндегі инфрақұрылымды дамыту;

су ресурстарын интеграциялық басқару принциптерін ескере отырып, су ресурстарын пайдалану;

шаруашылық жүргізу жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру, дайындау-өткізу құрылымдарының желісін құру және кеңейту арқылы тауар өнімін өсіру үшін ынталандырулар жасау;

суарудың озық әдістерін енгізу жолымен жердің мелиоративтік жағдайын сақтау және жақсарту.


Жеңіл өнеркәсіп
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Жеңіл өнеркәсіп тоқыма, тігін, трикотаж, былғары-бағалы тері және аяқ киім салаларын қамтиды.

Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80%-дан астамы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.

Саланың технологиялық даму перспективалары табиғи шикізаттың, өндірістік қуаттар мен адами ресурстардың болуына байланысты.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттар бар – Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 – 450 мың тонна шиті мақта жиналады, елдегі табиғи шикізат – мақта талшығының өндірісі (жылына 130 – 170 мың тонна), жүн (15 – 20 мың тонна) және былғары шикізаты 7,5 млн. данадан астам, табиғи шикізаттан жасалған көрсетілген өнімге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киімнің әлемдік тауар нарықтарына экспорттау мүмкіндігі бар.

Сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы ескі жабдықтармен жарақтандырылған, жұмысының көптігі 30 – 40 %-ды құрайды.

Саланың дамуының жалпы үрдісі оның республика өнеркәсібінің көлеміндегі үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқартылуымен ұштасады.

Саланың өнімі Қытайда өндірілген, оның ішінде контрафактілі тауарлар санының көп болуымен байланысты бағасы бойынша бәсекеге қабілеттілігі төмен болып отыр.


Негізгі міндет

Шикізатты өңдеу, қосылған құны жоғары және оны сыртқы нарықтарға шығару перспективасы бар өнім өндіру есебінен ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін қанағаттандыру.


Нысаналы индикаторлар

1. 2014 жылға қарай салада жалпы қосылған құнды 2008 жылмен салыстырағанда 50 %-ға арттыру.

2. 2014 жылға қарай ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін 30 % деңгейге дейін қанағаттандыру.

3. Еңбек өнімділігін бір жарым есе 4,9 млн. теңге/адамға дейін ұлғайту (33 мың USD).
Саланы дамытудың негізгі бағыттары

Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөніндегі өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады.

Қосылған құны жоғары өнімдер шығару мақсатында:

Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту, ал Алматы облысында жүнді қайта өңдеу жөніндегі толық технологиялық циклды ұйымдастыру үшін жүн кластерін жасау үшін жүн бұйымдарын өндіретін кіші салаларды;

«Оңтүстік» АЭА аумағында (ОҚО) қызмет түрлерін кеңейту арқылы кардтық және таралған мақта-қағаз тоқыма, мата мен дайын тоқыма бұйымдары, тоқыма мен матаны бояу және безендіру, сондай-ақ дайын тігін бұйымдары өндірісінің толық технологиялық циклын ұйымдастыру үшін, оның ішінде «Оңтүстік» АЭА қызмет түрлерін кеңейту есебінен мақтадан жасалған бұйымдар өндірісін (жібек маталар шығару, маталық емес тоқыма материалдар, кілем бұйымдары мен гобелендер, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикізатынан өндірілетін жоғары сапалы қағаз және былғарыдан жасалған бұйымдарын шығару);

ауыл шаруашылығы жануарларының терісін тереңдете өңдеуді ұйымдастыру үшін былғары және аяқ киім кіші саласын және Тараз және Семей қалаларында былғары-бағалы тері өндірістері негізінде бәсекеге қабілетті тауарлы былғары, тон-бағалы тері бұйымдары мен аяқ киім шығару;

бренд өнімін шығару үлгісінде (велоспортқа арналған бұйымдар) келісімшарттық өндірісті ұйымдастыратын кәсіпорындарды жаңғыртуды жүзеге асыру үшін тігіншіліктің кіші саласын қолдау шаралары көзделетін болады.

Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде:

Шығыс Қазақстан облысы – «Былғары өндірісін реконструкциялау және жаңғырту»;

Оңтүстік Қазақстан облысы – «Оңтүстік» АЭА-да қазіргі заманғы тоқыма өндірісін ұйымдастыру»;

Оңтүстік Қазақстан облысы – «Су сіңіргіш мақта және целлюлоза шығару»;

Оңтүстік Қазақстан облысы – «Тарамды және кардтық мақта-мата жібін шығаратын қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастыру».


Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Жеңіл өнеркәсіпте 20 мамандық бойынша кадрларға қажеттілік Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жоғарғы оқу орындары мен 89 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебінен өтелетін болады.

2011 жылы Шымкент қаласында 700 оқушы орнына арналған өңдеу саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі Өңіраралық орталықтың құрылысы басталады.

Әкімшілік кедергілерді алып тастау

Лицензияланатын қызмет түрлерінен шиті мақтаны мақта талшығына қайта өңдеу және мақта өңдеу ұйымдары үшін «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жолымен шиті мақтаны бастапқы өңдеуге жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салуды алып тастау.



Техникалық регламенттерді енгізу

Сапаның тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін әлеуетті құрылымдар мен ұлттық компаниялар үшін жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру бойынша 2 техникалық регламент және 50 ұлттық стандарт әзірленеді және енгізіледі.



Инновациялар мен ғылымды дамыту және жаңғыртуға жәрдемдесу

Алматы технологиялық университетінің жанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін инженерлік орталық пен өнім сапасын бағалау жөніндегі зертхана құру мәселесі пысықталатын болады.


Туристік сала
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Соңғы жылдары тұтастай алғанда республиканың туризм саласы дамуының оң серпіні байқалады: 2008 жылдың қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда келушілердің саны 3,1 % өсті, ішкі туризмнің көлемі 8,2 % өсті, сыртқа шығушылар туризмі 15,3 % өсті.

Туризм объектілерін дамытуға инвестициялар көлемі 2005 жылғы
47 млрд. теңгеден 2007 жылы 97 млрд. теңгеге дейін өскен, ал 2008 жылдың қорытындылары бойынша осы көрсеткіш 129,3 млрд. теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар, әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс сырттан келу туризміне жағымсыз әсерін тигізді, оның көлемі 11 % төмендеді және 2007 жылғы 5,3 млн. салыстырғанда тек 4,7 млн. туристі құрады.

Қазақстан Республикасына сырттан келетіндер санының төмендеуін құрайтындардың бірі туризм индустриясы объектілерінің моральдық тозуына және инфрақұрылымның жоқтығына байланысты тартымдылығы аз болып табылды.

Сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орналастыру орындары санының аз болуы сырттан келетін туристерге қызметтер көрсетудің толық спектрін ұсыну мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алмауға және бұл экономикалық қайтарымның төмендігіне әкеп соқтырады.

Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және ұлттық турөнімді әлемдік нарыққа жылжыту жөнінде шаралар қабылданды. Осы мақсаттарда Қазақстанның Мадридтегі, Берлиндегі, Пекиндегі, Сеулдегі, Токиодағы және Лондондағы ең ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысуы қамтамасыз етілуде, CNN, BBC, Евроньюс және Дискавери сияқты әлемнің жетекші арналарында жарнамалық бейнероликтер орналастырылуда. Сонымен қатар, Алматы қаласында КИТФ – Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесі өткізіледі.
Негізгі міндеті

Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру.


Нысаналы индикатор

Туризм қызметі саласында қызмет көрсетулер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін 2015 жылға 2008 жылдың деңгейінен кемінде 12 % ұлғайту.



Саланы дамытудың негізгі бағыттары

Саланың дамуы туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын жасауға, ұлттық туристік өнімдерді қалыптастыруға, оның халықаралық және ішкі нарықтарда жылжуына бағытталады.

Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:

Күніне 2000-ға дейін адам қабылдау үшін Алматы қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту.

Жылына 220 000 дем алушыларды қабылдау үшін Ақмола облысындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы шекарасында туристік ойын-сауық кешенінің құрылысын салу, онда мынадай бағыттарда шағын және орта бизнес субъектілеріне жағдайлар жасалады:

сауықтыру, ойын-сауық саласында қызметтер көрсету, тамақтануды ұйымдастыру, қонақ үй, экскурсиялық, ақпараттық, көліктік қызмет көрсетулер ұсыну, бұл ретте көлік қызметін көрсету кезінде экологиялық таза көлік пайдаланылады, оның ішінде кіші авиация да бар;

туризмнің мәдени-танымдық, экологиялық, іскерлік, спорттық және басқа да түрлері саласында қызметтер көрсету;

әр түрлі естелік өнімін жасау мен шығару бойынша өндірістер ұйымдастыру.


Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету

Туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын жасау шеңберінде мынадай мәселелер пысықталатын болады:

көлік дәлізі бойымен жол бойы инфрақұрылым объектілерін салу үшін жергілікті атқарушы органдарға жер учаскелерін бөлу;

қайтадан жасалатын туризм индустриясы нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасау;

жол бойы инфрақұрылымы объектілері құрылысының үлгі жобасын әзірлеу;

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында ұлттық туристік кластердің инвестициялық жобаларына кредит беру бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау.



Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

туристік сала үшін 14 мамандық бойынша кадрларға деген сұраным жоғары оқу орындарына даярлау және 77 ТжКБ оқу орнының шеңберінде қанағаттандырылатын болады.

Ақмола облысының «Бурабай» АЭА туристік ойын-сауық кешені және Алматы облысының «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің туристік базасы үшін кадрларға деген қосымша сұраныс (ойын-сауық персоналы, сауда-коммерциялық персонал) ТжКБ оқу орнындарында және қысқа мерзімді даярлау оқу орталықтарында кадрлар даярлау есебінен толықтырылатын болады.

«UNWTO-TedQuaL» туризм білім сапасын сертификаттау бойынша бір мемлекеттік ЖОО-ға аудит жүргізу және  туризм индустриясы саласында кәсіби стандарттарды әзірлеу жолымен туристік білім сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалатын болады.



Бәсекелестікті дамыту

Туристер үшін қызмет көрсетулер нарығында бәсекені дамыту мақсатында:

туристік операторларды біртіндеп ірілендіру үшін заңнамалық жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі;

туристік әлеуеті бар өңірлерде Экскурсоводтар бюросын және туристік ақпараттық орталықтар құру мүмкіндігі қаралады.



Инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау

Инвесторлар тарту мақсатында «Бурабай» АЭА шекарасы шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қор жерлеріне ауыстыру, сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойымен туристік кластердің туризм нысандарын салуды жеңілдетілген кредиттеу бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауды қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.


1.4 «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Саланың ағымдағы ахуалына қысқаша талдау

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) ауқымды енгізу еңбек өнімділігін арттырудың және отандық кәсіпорындардың әлемдік экономикаға кірігуі үшін жағдайлар жасаудың міндетті шарты болып табылады.

Бизнес пен халық тарапынан телекоммуникациялар қызметіне өсіп жатқан сұраныс телекоммуникациялық операторлар кірісінің өсуіне алып келді. 2009 жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша байланыстың қызмет көрсетулерден түскен кіріс 430 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға жоғары. Интернет қызметіне (2008 жылмен салыстырғанда 22%-ға ұлғаю), жергілікті телефон байланысына (19%-ға) және ұялы байланыс сегментіне (9%-ға) қол жетімді қызмет көрсетулер ұсыну серпінді дамуда. Қазақстандық операторлардың талшықтық-оптикалық байланысының магистралды желісін дамытудың және елдің бірегей географиялық орналасуының арқасында пайда болған үлкен өсім деректер беру қызметін көрсету сегментінде байқалып, 37%-ды құрады.

2009 жылы почта және жеткізу қызметінің операторлары жалпы сомасы 12,3 млрд. теңгеге қызмет көрсетулер ұсынып, ол 2008 жылмен салыстырғанда 100 млн. теңгеге артық. 40-тан аса кәсіпорын, ұсынатын курьерлік байланыс қызмет көрсетулері неғұрлым серпінді дамуда, оның ішінде шағын және орта бизнестің отандық өкілдері де бар.

2009 жылдың нәтижелері бойынша ақпараттық технологиялар саласында алдын ала жасалған бағалаулар бойынша кәсіпорындардың жалпы пайдасы 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға азайып, шамамен 90 млрд. теңгені құрайды, бұл елдегі экономикалық белсенділіктің жалпы құлдырауымен және
2009 жылдың басында өткізілген ұлттық валютаның бір уақытылы девальвациясымен түсіндіріледі. АКТ-ға жұмсалатын шығыстарда ақпараттық технологиялардың барлық шығыстардың 75%-ын құрайтын компьютерлік және желілік жабдықтауды сатып алу шығыстары басым болып келеді, бұл қазақстандық қоғамды компьютерлендірудің жалғасып жатқанын байқатады. Отандық компаниялар компьютерлік жабдықтарды жинақтау, жүйелік ықпалдасу және тапсырыс бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу секторларында кеңінен қамтылған.

Қазақстан Республикасы АКТ секторы дамуының жоғары қарқыны мен жылдамдығын қолдау үшін мынадай бірқатар қазіргі бар проблемаларды шешу қажет:

ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін әкімшілік кедергілер (кедендік ресімдеу және ақпараттық өнімдерді есепке алу рәсімдерінің жетілдірілмегендігі);

мемлекеттік органдардың және мемлекеттің қатысуы бар компаниялардың ақпараттық технологияларға байланысты қызметтерді сатып алуда «қазақстандық қамту» үлесінің төмендігі;

АКТ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындарды кадрлық қамтамасыз ету проблемасы;

инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру үшін венчурлық капиталды тартудағы инвестициялық белсенділіктің төмендігі.



Негізгі міндет

Инфокоммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған ұлттық секторын қалыптастыру.


Нысаналы индикаторлар

Инфокоммуникациялық инфрақұрылымдарды қоса алғанда, АТК секторының үлесі 2014 жылы ЖІӨ-де – 3,8%.


Саланы дамытудың негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасында АТК секторында мынадай бағыттарды дамыту жоспарлануда.

Бизнес пен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету мен оңтайландыру мақсатында электрондық қызмет көрсетулер мен «электрондық үкіметті» дамыту шеңберінде:

«электрондық үкіметтің» нысаналы сәулеті құрылады;

Кеден одағы шеңберінде ақпараттармен алмасу үшін инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрылады;

жаңа электрондық қызмет көрсетулер әзірленеді, оның ішінде, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау секторларындағы, көлік және коммуникация және ауылшаруашылығы секторларындағы қызмет көрсетулер;

электрондық лицензиялау, электрондық нотариат және электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйелері енгізіледі.

Қазақстандық контентке халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту шеңберінде:

бизнес үшін электрондық коммерциялық алаң құрылады;

ұлттық-интернет ресурстар, оның ішінде, жаңалық, мултимедиялық, әлеуметтік желілер құрылады.

Ішкі сұранысты және кезең-кезеңмен сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары технологиялық жабдықтар мен микроэлектрониканың отандық өндірісін дамыту шеңберінде:

Алматы қаласында «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында мемлекеттік сектордың ірі өнім берушісі болып табылатын халықаралық компаниялардың жабдықтарын жинау және техникалық қызмет көрсету жөнінде кәсіпорындар құру жоспарланып отыр.

Сыртқы нарыққа кезең-кезеңімен шыға отырып, бизнес пен мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлемелері мен қызметтер секторын дамыту шеңберінде:

Алматы қаласындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында инновациялық ақпараттық жүйелер мен өнімдерді әзірлейтін және пайдаланатын компаниялар құрылады.

Техникалық және кәсіби деңгейдегі білікті мамандармен саланың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникация саласында білім беруді дамыту шеңберінде:

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін дамыту қамтамасыз етіледі;

Инфокоммуникация мамандықтары бойынша үш кәсіптік-техникалық оқу орны құрылады.
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Білікті кадр ресурстары қажеттілігін қамтамасыз ету

2009 жылмен салыстырғанда Қазақстан ЖОО-да оқыту үшін инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын екі есеге арттыру;

қабылданған халықаралық стандарттар бойынша жоғары және кәсіптік техникалық оқу деңгейлерінде ИТ мамандарын даярлаудың оқу бағдарламаларын өзгерту.

Техникалық регламенттерді енгізу

Инфокоммуникация саласындағы стандарттар базасын халықаралық деңгейге дейін дамыту.



Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға көмектесу

«ҰЗҚ» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ арқылы инфокоммуникация саласындағы жобаларды венчурлық қаржыландыру шеңберінде Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған гранттар бөлу;

CDMA технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін дамыту үшін 450 МГц ауқымында радио жиілік спектрді босату;

3 кГц бастап 400 ГГц дейінгі радиожиілік жолақтарының кемінде


50 %-ын «бірлесіп пайдалану» санатынан «азаматтық пайдалану» санатына қайта бөлу.
Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау

«Алатау» ПИТ АЭА инфрақұрылымын дамыту;

Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын дата-орталықтарды салу жөніндегі жобалар үшін жер гранттарын бөлу.

Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жасау;

«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулер санын ұлғайту;

Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі әлеуметтік жобаларды, оның ішінде балалар әлеуметтік желісін мемлекеттік қаржыландыру;

жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу және технологиялық әлеуетін тиімді пайдалану үшін Алматы қаласындағы «Алатау» ИТП АЭА зияткерлік бөлігін ұйымдастыру.

Биотехнология
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қазақстанда биотехнологиялар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау үшін A/H1N1 доңыз тұмауына қарсы рекомбинанттық вакцина және H5N1 құс тұмауына қарсы вакцина жасайтын технология әзірленді. Осы вакциналарды клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталды және клиникалық сынаулар басталды.

Бүгінгі таңда ҚР өзінің медициналық дәрі-дәрмектерін әзірлеу 11 % (оның ішіде вакциналар – 1,1 %), ветеринарлық дәрі-дәрмектер 78 % (дәрі-дәрмектерді негізінен импорттық субстанциялардан өндіреді) құрайды, ал қалған дәрі-дәрмектер елге сырттан әкелінеді.

Негізгі проблема – перспективалы тәжірибелік әзірлемелердің болуына қарамастан бірегей отандық биотехнологиялық дәрілік препараттардың жоқ екендігі. Осы уақытқа дейін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеу кезеңдерінен өткен және өтіп жатқан бірегей отандық және бірлескен әзірлемелер болғанымен гендік-инженерлік дәрі препараттарын өндіру іс-жүзінде жолға қойылған жоқ.

Өсімдік саласын одан әрі дамыту үшін ауылшаруашылығы өсімдіктерінің жоғары сапалы бәсекеге қабілетті сорттарын жасау және өндіріске енгізу қажет, осыған байланысты селекцияларды сапалы деңгейге ауыстыру талап етіледі.

Малдың жоғары өнімді тұқымын сақтау және өсіру мал шаруашылығындағы пайдалылық пен тиімділікті арттырудың басты мәселесі болып табылады, сондықтан малдың жаңа тұрпаттары мен тұқымын өсіру үшін гендік инженерия әдістерін пайдалану қажеттігі туындайды.

Жыл сайын әлемде қоршаған ортаға шамамен 50 млн.тонна мұнай тасталады. Су мен топырақты кең ауқымдағы ластағыш заттардан, оның ішінде мұнай көмірсутегілерінен тазартудың барынша перспективалы әдісі, биологиялық объектілердің, ең алдымен микроағзалар мен өсімдіктердің биохимиялық әлеуетін пайдалануға негізделген биоремедация тәсілдері болып табылады.

Тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің мұқтаждықтарына арналған ашытқыларды, ферментті препараттарды, биологиялық белсенді қоспаларды және пробиотиктерді әзірлеу биотехнологияның басым бағыттарының біріне жатады.


Негізгі міндет

Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін ғылымды қажетсінетін және бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімдерді жасау және енгізу.



Нысаналы индикаторлар

  1. 2015 жылға қарай экспорттың жалпы көлеміндегі саланың үлесін
    1 %-ға дейін ұлғайту.



Секторды дамытудың негізгі бағыттары

Биотехнология саласын тиімді және сапалы дамыту мақсатында мынадай шаралар іске асырылатын болады:

әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау үшін геномды технологияларды пайдалану негізінде жаңа отандық тест-жүйелер жасау;

гендік-инженерлік рекомбинанттық субстанциялар негізінде технологиялар әзірлеу және бірегей дәрі препараттарын өндірістік-тәжірибелік өндіру;

ағзаларды трансплантациялау, бағаналы жасушалар, ұзақ ғұмыр медицинасы саласында әзірлемелер орталығын құру және оларды регенеративтік медицинада және жасушалы терапияда пайдаланудың әдістемелік негіздерін әзірлеу;

халықаралық өндірістік тәжірибе стандарттарына (GMP) сәйкес келетін диагностикумдар мен вакциналар шығару бойынша өндірістер құру;

ашытқы, тамақ белогын, аминқышқылдарын, ферменттер, биоконсерванттар шығару үшін микроағзалар мен биотехнологиялық өндірістердің коллекцияларын жасау;

ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін өсімдіктердің өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті сұрыптарын шығару;

өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық таза биологиялық әдістерін әзірлеу;

мұнай өнімдерімен ластанған топырақ және су экологиялық жүйелерін биоремедиациялау мақсатында пайдалану үшін микроағзалар штаммдарының консорциумдарын құру;

ауыр металдармен және пестицидтермен ластанған топырақты гипераккумулятор-өсімдіктерді пайдалану негізінде фиторемедиациялау тәсілдерін әзірлеу;

гендік инженерия әдістерін пайдалану негізінде малдың өнімділігі жоғары тұқымдарын өсіру.


Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Биотехнология саласы үшін ғылыми кадрларды және инженер-техникалық персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету

Технологиялық корпусты салуға ТЭН және ЖСҚ әзірлеу және биотехнологиялық медициналық препараттарды, инактивизацияланған және тірі вакциналарды аз серияда өндіру үшін, сондай-ақ регенеративтік медицинада және жасушалы терапияда пайдалану үшін технологиялық корпус салу және инфрақұрылымды құру қажеттігі мәселелерін пысықтау.

Ғарыш қызметі
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Біздің елде ғарыш саласын қалыптастыру үшін объективті алғы шарттары бірегей бәсекелі басымдықтың – жұмыс істеп тұрған «Протон», «Союз», «Зенит» ғарыш зымыран кешендерімен (бұдан әрі - ҒЗК) және құру сатысында тұрған «Бәйтерек» ҒЗК әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының; ғарыш байланысын басқарудың жердегі кешенінің; үш жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) спутниктерінен ғарыш ақпаратын қабылдайтын орталықты қамтитын Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (ҰҒМЖ) базалық элементтерінің; ғарыш сәулелері станцияларын, ғылыми зертханаларды, астрономиялық обсерваторияларды қамтитын ғылыми-технологиялық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бар екендігі болып табылады.

2005 – 2007 жылдарға арналған бірінші ғарыш бағдарламасы шеңберінде «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін құру, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын (ҒТ АКТБ) ұйымдастыру жобалары іке асырылды, ҰҒМЖ кіші жүйелері дамытылды. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК), «KazSat-2» байланыс және хабар тарату спутнигін, Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесін, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ЖСК), ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесін, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құрудың жобалық материалдары әзірленген болатын.

Қазақстанда бүгінгі таңда түрлі ғарыш қызмет көрсетулеріне, атап айтқанда, ғарыш байланыс жүйелерінің, ЖҚЗ ғарыш жүйесінің және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) қызмет көрсетулеріне айтарлықтай сұраныс қалыптасты.

Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін толыққанды ғарыш саласын құрудың мынадай бірқатар проблемаларын шешу қажет:

отандық ғарыш қызмет көрсетулері (байланыс, ЖҚЗ, навигация, ғарыш техникасын өндіру, іске қосу қызмет көрсетулері) нарығының жеткіліксіз дамуы;

ғарыш қызметін дамыту үшін нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаның жоқтығы;

ғарыш қызметін кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығы.

Осы проблемаларды шешу үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:

мақсатты ғарыш жүйелерін және жердегі ғарыш инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;

ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту;

кәсіби кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру;

ғарыш саласының шарттық және нормативтік құқықтық базасын құру.
Негізгі міндет

Республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жеделдетуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, ғылым мен жоғары технологияларды дамытуға ықпал ететін ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық экономиканың секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру.


Нысаналы индикаторлар

1. ЖҚҚ 2015 жылға қарай кемінде 85,0 млрд. теңгеге өседі.

2. 2015 жылға қарай экспорт кемінде 15,0 млрд. теңгеге өседі.

3. Бекітілген спутник байланысы арналарына еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі – 80 %, дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін көрсетуге (Қазақстан аумағын жабу %) – 30 % .

4. Тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық ЖҚЗ ҒЖ деректерінің үлесі – 50 %.
Саланы дамытудың негізгі бағыттары

Мақсатты ғарыш жүйелерін құру мен дамыту және олардың пайдалану мыналарды:

сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен шығумен ішкі нарықта ғарыш байланыс жүйелерінің қызмет көрсетулері үшін «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін;

ішкі және сыртқы нарықтарға ЖҚЗ деректерін беру қызмет көрсетулері үшін ЖҚЗ ғарыш жүйесін;

ғарыш ғылымын және технологиясын дамыту, жер сілкіністері жаршысын зерттеу міндеттерін шешу үшін ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесін құруды көздейді.

Өңдеу мен қосылған құнының деңгейі жоғары ЖҚЗ деректеріне ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысты қанағаттандыру үшін Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесін (ҰҒМЖ) дамытуды көздейді.

Жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құру және дамыту мыналарды көздейді:

сыртқы және ішкі нарықтарда ұшыру қызмет көрсетулері үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық таза «Бәйтерек» ҒЗК;

мемлекеттік тапсырма және сыртқы тапсырмалар шеңберінде ҒА жобалау, әзірлеу, құрастыру және сынау бойынша қызмет көрсетулері үшін ҒА ЖСК;

спутниктік навигациялау және ішкі нарықта навигациялық жабдықты сертификаттау бойынша қызмет көрсетулері үшін дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) жердегі инфрақұрылымы;

ішкі және сыртқы нарықтар үшін тұтынушы навигациялық жабдық өндіру.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының бірте-бірте Қазақстанға өтуі мақсатында ішкі және сыртқы нарықтарда ұшыру қызметтерін көрсетулері үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрған «Зенит» және «Днепр» ҒЗК коммерциялық пайдалану жобаларына қатысу көзделеді.

Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:

«KazSat» («KazSat – 2,3», жерден басқарудың резервтік кешені) спутниктік байланыс және хабар тарату жұйесін құру;

«Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;

ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;

жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;

Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жердегі инфрақұрылымын құру;

«Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрған «Зенит» және «Днепр» ҒЗК коммерциялық пайдалану жобаларына қатысу;

«Бәйтерек» ҒЗК жобасы бойынша Ресей кәсіпорындары, ЖҚЗ ғарыш жүйесін және ЖСК құру жобасы бойынша француз кәсіпорындары жұмыстар мен қызмет көрсетулерді берушілер болып табылады.


Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Ғарыш саласы үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.

Мамандар даярлау Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында (Байқоңыр қаласы), сондай-ақ Қазақстанның, «Болашақ» бағдарламасы бойынша таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында жүргізілетін болады.

Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру шетелдік мамандар тартыла отырып ұйымдастырылады. Осы заманғы ғарыштық технологияларды игеру стратегиялық әріптестермен ЖҚЗ және ҚұСК ғарыш жүйесін құру жөніндегі келісімшартта көзделген.

700 адамға дейін ғарыштық бейіндегі мамандарды даярлау және қайта даярлау көзделіп отыр.

Әкімшілік кедергілерді алып тастау

Ғарыш жүйелерін құру, пайдалану және коммерциялық пайдалану саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін ғарыш қызметі туралы заң әзірленетін болады.

Техникалық регламенттерді енгізу

Саланы дамытуды техникалық реттеу саласындағы: зымыран және ғарыштық кешендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі, автоматты ғарыштық аппараттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі, зымыран-ғарыш техникасы бұйымдарын тасымалдау құралдарының және зымыран отынының құрамдауыштарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі регламенттер әзірленетін болады.

Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу

Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту ғарыштық техника мен технологияларды құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеуді, астрофизикалық және ғарыштық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамытуды, атмосферадағы – Жердің ионосферасындағы оптикалық және электродинамикалық процестерді зерттеу, жер қабатының жер үсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін құру.
Балама энергетика
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қалпына келтірілетін энергетика ресурстарын пайдалану Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың және экологиялық проблемаларын шешудің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда қалпына келтірілетін энергетика ресурстарының (су энергиясы, жел және күн энергиясы) елеулі әлеуеті бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның су энергетикасын мынадай шамамен сипаттауға болады:



Жалпы (теориялық) әлеуеті

170х109 кВтс/жыл;

Техникалық (пайдаланылуы мүмкін) әлеуеті

62х109 кВтс/жыл;

Экономикалық әлеуеті

27/30х109 кВтс/жыл.

Қазақстан аумағында су энергетикасы ресурстары біркелкі бөлінбеген, олардың көпшілігі Қазақстанның үш өңірінде шоғырланған:

Оңтүстік Шығыс аймақта, Іле Алатауы тауларынан ағатын өзендер (Қаскелең, Ақсай, Түрген, Шелек, Шарын) келіп құятын Іле өзені бассейні және шығыс Балқаш бассейні мен Жетісу Алатауынан ағатын өзендер келіп құятын Алакөл көлі тобы.

Шығыс аймақта, басты ағындармен Ертіс өзені бассейнінде.

Оңтүстік аймақта, Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бассейіндері.

Жел энергетикасы қалпына келтірілетін энергия көздерінің ең перспективалы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстанның жел атласы әзірленді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жел электр станцияларын (бұдан әрі – ЖЭС) салу үшін 10 алаң зерттелді. Бұл алаңдардың барлығын көлемі 2-3 млрд. кВтс электр энергиясын коммерциялық өндіру үшін жалпы қуаты 1000 МВт дейінгі ірі жел электр станцияларын салу үшін пайдалануға болады.

Қазақстан географиялық орналасуы бойынша солтүстік ендікте жатқанына қарамастан, елдегі күн энергиясының ресурсы ыңғайлы климаттық жағдайдың нәтижесінде тұрақты әрі қолайлы болып табылады. Зерттеулердің қорытындылары бойынша елдің оңтүстік аудандарындағы күн энергиясының әлеуеті жылына 2500 – 3000 күн сағатқа жетеді.


Негізгі міндет

Елдің энергия теңгерімінде қалпына келтірілетін энергия көздерінің (шағын су электр станциялары, күн қондырғылары) үлесін ұлғайту.




Нысаналы индикаторлар

1. Қалпына келтірілетін энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін 2014 жылы – жылына 1 млрд. кВт.с жеткізу.

2. 2015 жылға қарай қалпына келтірілетін энергия көздерінің электр тұтынудың жалпы көлеміндегі үлесін 1 %-ға жеткізу.
Саланы дамытудың негізгі бағыттары

Алғашқы жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Астана қаласы, Ақмола облысы, Алматы облысының Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі орналастырудың болжамды аудандары болып табылады. Өндірілетін электр энергиясының болжамды қуаты бірінші кезеңде 50-100 МВт құрауы мүмкін.

2015 жылға қарай электр энергиясы сағатына 400 млн. кВт болатын белгіленген қуаттылығы 125 МВт жел қондырғыларын салу көзделіп отыр.

2015 жылға дейін Республикада электр энергиясы сағатына 300 млн. кВт болатын жалпы белгіленген қуаттылығы 100 МВт-ден жоғары жаңа кіші ТЭС-ті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдаланатын объектілерден өндірілген электр энергиясын ескере отырып, қазіргі уақытта 2014 жылы қалпына келтірілетін энергия көздерінен электр энергиясын өндіру жылына 1 млрд. кВт.с. деңгейінде күтіліп отыр.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жиынтық қуаты 8,4 МВт болатын шағын ГЭС салудың жобаларын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты да жалғастыру күтіліп отыр.

Қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру жоспарын әзірлеу көзделіп отыр.

Қазақстанның алғашқы жел атласын жетілдіру және кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

«Қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында заңға тәуелді актілер әзірлеу және қабылдау көзделіп отыр.
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Қалпына келтірілетін энергия көздерін қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау көзделіп отыр, оның ішінде: қалпына келтірілетін энергия көздері объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру кезінде резервтеу және басымдық; энергия беретін ұйымдардың қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалана отырып өндірілген электр энергиясын сатып алу жөніндегі міндеттемелері; қалпына келтірілетін энергия көздерін электр энергиясының желілері бойынша тасымалдағаны үшін ақы төлеуден босату; қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді энергия беретін ұйымдардың желісіне қосу кезінде қолдау.


Атом энергетикасы
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін барлық объективті алғышарттар бар. Оларға:

айтарлықтай барлау жасалған уран қорларының және уран өндіру және уранды қайта өңдеу өнеркәсібінің болуы;

ядролық реакторлары үшін отын және конструкциялық материалдар өндіру кәсіпорындарының болуы;

елде ядролық реакторларды пайдалану тәжірибесі бар біліктілігі жоғары мамандардың болуы;

зерттеу реакторларымен және бірегей электрлік физикалық қондырғылармен және стендтермен жарақтандырылған, ядролық физика, ядролық реакторлар физикасы мен техникасы, ядролық энергетикалық қондырғылар қауіпсіздігі саласында зерттеулер жүргізетін кәсіпорындардың болуы жатады.


Негізгі міндеттер

Атом энергетикасының инфрақұрылымын дамыту.

Атом саласы үшін жаңа жоғары технологиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру.
Дамудың негізгі бағыттары

Атом энергетикасын дамыту және елдің үдемелі индустриялық дамуына жағдай жасау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізу көзделіп отыр:

атом энергоблоктарды параметрлерін орналастыру және таңдау схемасын негіздеу;

Қазақстан Республикасында АЭС және атом саласының басқа да объектілерін әзірлеуді ұйымдастыру және жобалау;

ядролық, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті атом саласының стратегиялық объектілерін, нақты қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;

ядролық сынақтардың мониторингі;

атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Атом саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу үшін техникалық регламенттер мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.

Білікті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету.

2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың

басты шаралары

Индустрияландыруды мемлекеттік қолдау макро- және секторалдық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын қаржылық қолдаудың селективті шараларын және қаржылық емес қолдау шараларының құрастырылған пакетінің негізінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру, қолайлы макроэкономикалық орта қалыптастыру; Бағдарламаны қолдаудың қаржылық құралдарын кеңейту; инфрақұрылымдық, ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету; бизнес-ортаны жақсарту; технологиялық жаңғырту, инновацияларды және ғылымды дамыту; тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау; тиімді сауда және тариф саясаты арқылы жүзеге асырылатын болады.

Макроэкономикалық саясаттың жүйелі шаралары индустрияландыру міндеттеріне сәйкес іске асырылатын ақша-кредит, фискалдық, сондай-ақ құрылымдық саясаттар құралдарын теңдестіріп және келісіліп пайдалануды қамтитын болады.

Ақша-кредит және фискалдық саясаттың келісілуі Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің жыл сайын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемелерін қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.

Ақша-кредит саясаты шеңберінде отандық қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ мыналар арқылы теңгенің тұрақты айырбас бағамы мен елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданатын болады:

Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған және ұлттық валюта бағамын қайта бағалауға жол бермеуге бағытталған бағамдық саясат. Айырбас бағамының саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, осылайша ішкі экономиканы дамытуға іргетас қалай отырып, сыртқы сауда шарттарына барабар назар аударатын болады;

Үкіметтің инфляцияға қарсы саясатымен бірге кешенді түрде ұстап тұрылатын инфляцияның төмен деңгейі (жылдық инфляцияның деңгейі 2010 -2014 жылдары 5,0-8,0 % шегінде (бұған дейінгі жылдың желтоқсанына);

қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, Ұлттық Банк операциялары бойынша ақша нарығындағы жағдай мен инфляциясының деңгейіне байланысты ставкаларды реттеу құралдарын пайдалана отырып, оны барабар деңгейде қолдау мақсатында банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу.

Салық-бюджет саясаты индустрияландыру процестерін фискалдық ынталандыру, индустриялық инфрақұрылымды, ғылым мен инновацияларды, адами капиталды дамытуды қаржыландыру арқылы экономиканы жаңғырту және әртараптандыру үшін жағдай жасауға бағытталатын болады.

Мемлекеттік бюджет параметрлерімен өзара байланыста мемлекеттік институттар арналары бойынша экономикаға капитал тарту мен бөлудің оңтайлы үлгісін қалыптастыру.

Ұлттық қор активтерін қалыптастыру және пайдалану саясаты Ұлттық қордағы жинақтарды көбейтуге бағытталатын болады, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және елдің егемен рейтингін арттыру мен мемлекеттік және корпоративтік секторлардың сыртқы қарыздарын арзандатуға қажетті жағдайлар жасайды.
2.1 Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Әр түрлі меншік нысандарындағы өнеркәсіптік және өңірлік бағыттағы ұлттық маңызы бар 59 электр станцииясы электр энергиясын өндіруді жүзеге асырады, олардың жалпы орнатылған қуаты – 18 992,7 МВт, қолда бар қуаты – 14 558,0 МВт, электр станцияларының 80, %-ы көмірмен жұмыс істейді.

2009 жылдың қорытындылары бойынша елдің электр станцияларында электр энергиясын өндіру 78,4 млрд. кВтс құрады, тұтыну 77,9 млрд. кВтс құрады.

Электр энергетикасы саласы активтерінің тозу деңгейі жоғары, оның ішінде:

генерациялайтын жабдық – 70 %;

электр желілері – 65%.

Электр станцияларының электр генерациялайтын жабдықтарының одан әрі тозуына, 2009 жылдың мамырынан салаға инвестициялардың болмауына байланысты электр энергетикасында тариф белгілеудің жаңа тетігі енгізілуде, онымен энергия өндіретін ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті, есептік және жеке тарифтерді енгізу және тиісінше электр өндіретін ұйымдардың энергия жинақтайтын қуаттарды қайта құру, жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін орындауы көзделген.

2009 – 2015 жылдар кезеңінде жылдар бойынша бөле отырып энергия өндіретін ұйымдардың 13 тобы бойынша электр энергиясына арналған шекті тарифтері бекітілді, олар саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, жыл сайын түзетілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергия өндіретін ұйымдар арасында 84,2 млрд. теңгеден астам көлемде 2010 жылға арналған шекті тарифтер шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасына инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы 36 келісімге қол қойылды.

Жаңа электр станцияларын салу сияқты ірі ауқымды инвестициялар іске асырылған жағдайда инвесторлар есептік тариф немесе жеке тариф бойынша жұмыс істей алады.

Жаңа тариф белгілеу тетігін енгізу саланың инвестициялық тартымдылығын көтеруге, салаға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға және энергия өндіретін ұйымдардың инвестициялар қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін есептеуге мүмкіндік береді.


Негізгі міндет

Экономиканы электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу.


Нысаналы индикаторлар

1. Тұтыну болжамы 96,8 млрд. кВтс болған кезде электр энергиясын өндіруді 2014 жылы 97,9 млрд. кВтс жеткізу.

2. Көмір өндіру көлемін 2014 жылға қарай 123 млн. тоннаға дейін қамтамасыз ету.
Іс-қимылдар стратегиясы

Қазақстанның экономикасы мен халқын сенімді түрде электрмен жабдықтау жаңа электр энергетикасы объектілерін салуға, жұмыс істеп тұрған станцияларды кеңейтуге және қайта жаңартуға, ұлттық электр желілісін жаңғыртуға, болжамдық теңгерімдерді әзірлеу негізінде қолда бар энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты болады.

Негізгі ресурстардың болжамдық теңгерімдерінің негізінде бизнестің қажеттілігін ескере отырып салаларды дамытудың және елдің инфроқұрылымдық және ресурстық әлеуетін кешенді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары үйлестірілетін болады.

Жоспарланған кезеңде, жаңа қуаттарды қосу және қолданыстағыларын жаңғырту есебінен елде өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі болжамды тұтыну көлемінен асып түседі.

Екібастұз бен Ақсу ГРЭС-і есебінен жаңғыртылатын Солтүстік энергетикалық аймағында электр энергиясын өндіру көлемінің көп болуы Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы және Солтүстік-Оңтүстік өңіраралық электр тарату желілері бойынша энергиясы тапшы Оңтүстік және Батыс энергетикалық аймақтарына қайта бөлінетін болады.

Батыс Қазақстандағы энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін Орал ГЖЭС-ін пайдалануға беру және Атырау ЖЭО кеңейту, елдің оңтүстік өңірлерінде – 2012 жылға Мойнақ ГЭС-ін, Ақшабұлақ ГЖЭС-ін, 2015 жылға Балқаш ЖЭС-нің екі энергоблогын, бірқатар электр желілері объектілерін салу, оның ішінде «Алма» кіші станциясын және Мойнақ ГЭС қуатын беру жөніндегі электр тарату желілерін салу болжанып отыр, жұмыс істеп тұрған электр желілері мен төмендететін кіші станцияларды қайта жаңарту жүзеге асырылатын болады.

Мынадай жобаларды іске асыру көзделеді:

1) Атырау ЖЭО. Жобаны іске асыру құны – 16,4 млрд. теңге. Қуаты 75 МВт. Іске асыру мерзімі 2006 – 2010 жж.

2) Орал ГЖЭС. Жобаны іске асыру құны – 9,8 млрд. теңге. Қуаты 54 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

3) Балқаш ЖЭО. Жобаны іске асыру құны – 360,7 млрд. теңге.

1-модулінің қуаты 1320 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2015 жж.

4) Мойнақ ЖЭО. Жобаны іске асыру құны – 54,1 млрд. теңге. Қуаты 300МВт. Іске асыру мерзімі 2006 – 2012 жж.

5) Ақшабұлақ кен орнындағы ГЖЭС. Жобаны іске асыру құны –

17,7 млрд. теңге. Қуаты 87 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

6) Екібастұз ГРЭС-2 (№ 3 блокты салу). Жобаны іске асыру құны – 118,3 млрд. теңге. Қуаты 525 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2014 жж.

7) Екібастұз ГРЭС-1 (№ 8 блокты қалпына келтіру). Жобаны іске асыру құны – 23,4 млрд. теңге. Қуаты 500 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

8) Ақсу ГРЭС-нің № 2 блогын қалпына келтіру. Жобаны іске асыру құны – 12,9 млрд. теңге. Қуаты 325 МВт. Іске асыру мерзімі 2009 – 2011 жж.

9) Шардара ЖЭО жаңғырту. Жобаны іске асыру құны – 13,6 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2009 – 2015 жж.

10) Мойнақ ЖЭО қуатын беру. Жобаны іске асыру құны – 10,3 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

11) 500, 220 кВ желілерімен бірге Қазақстанның ҰЭЖ қоса отырып ПС 500 кВ Алма құрылысын салу. Жобаны іске асыру құны – 30 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2010 - 2014 жж.

12) Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту, ІІ кезең. Жобаны іске асыру құны – 52,012 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2010 - 2016 жж.

13) Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық кіші станциялар салу. Жобаның құны – 19,9 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2009-2011 жж.

Көмір өндіру көлемінің өсуі мынадай жобалар есебінен қамтамасыз етіледі:

Екібастұз көмір бассейнінің разрездерінде:



  • «Богатырь» разрезінің көліктік схемасын қайта құру, разрезде жылына 48 миллион тонна көмір өндірілетін жаңа автомобильді-конвейерлік технологияға ауысу жобасы;

«Восточный» разрезінде циклдық-ағымдық ашу кешені (ЦААК) құрылысының жобасын аяқтау. ЦААК өндірісі жылына ашылатын кендердің 10 млн.текше метрін құрайды;

  • 3000-5000 тонна деңгейінде тазалау забойында орта тәуліктік жүктемені қамтамасыз ететін жоғары өндірістік тау–кен техникасы мен технологияларын енгізу арқылы Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында;

- Қарағанды облысында жобалық қуаты жылына 500 мың тонна көмірді құрайтын «Жалын» тас көмір кен орнының құрылысы және пайдалануға қосу.

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

17 мамандық бойынша мамандарға деген қажеттілік жоғары оқу орындарына дайындық және 80 ТКБ оқу орнының шеңберінде жабылатын болады.

Екібастұз қаласында 700 оқу орнына арналған Отын-энергетика саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталады.
2.2 Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта көлік саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жүзеге асырылады: қолданыстағы темір жолдарды жаңғырту жүргізілуде,– Өзен – Түркіменстан мемлекеттік шекара және Қорғас – Жетіген жаңа темір жол желілерінің құрылысы басталды; жер үсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту және дамыту бағдарламасы іске асырылуда; 5 шешуші әуежай (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қайта жаңартылды, Ақтау қаласының әуежайында жаңа әуе вокзалы пайдалануға берілді; автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін одан әрі жақсарту жұмысы жалғасуда, 6 жолақты қозғалысы бар «Астана – Щучинск» жылдам жүретін автомагистралі ашылды; жыл сайын кеме жүзетін су жолдарын ұстау жұмысы жүргізіледі, Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңарту жобасын іске асыру басталды.

Сонымен қатар автокөлік инфрақұрылымының маңызды бөлігі нормативті мерзім шегінен тыс пайдаланылады, екіншісі осы мерзімге жақындап отыр, осыған орай көлік жұмысының қауіпсіздігі айтарлықтай нашарлап отыр. Қолда бар жол-пайдалану техникасы тозуының жоғары екендігі байқалуда.

Темір жол көлігі саласында темір жол желісі жеткілікті дамымаған, темір жол саласында негізгі құралдардың тозуы, жолаушылар жылжымалы құрамының тапшылығы өсе түсуде; қызмет көрсетудің төмен деңгейі және бәсекелестіктің болмауы; теміржол көлігін жақсарту мен дамыту жеткілікті қаржыландырылмаған; тариф құрылымының қолданыстағы принциптері және реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке бағдарлануын есепке алмайды. Елдің транзиттік әлеуетін барынша тиімді іске асыру және темір жол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, өз кезегінде бұл көлік-коммуникациялық кешенде бәсекелестік орта қалыптастыруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблема Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келмейтін өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі; авиациялық персоналдың, әсіресе ұшқыш құрамының тапшылығы болып табылады.

Су көлігі саласында порт инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, сервистік инфрақұрылымның нашар дамығаны, білікті отандық мамандар тапшылығы, кеме жүретін шлюздерді қайта жаңғыртудың қажеттілігі байқалуда.
Негізгі міндет

Экономика мен халықтың көлік қызмет көрсетулеріне деген қажеттігін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникациялық кешенді дамыту.


Нысаналы индикаторлар

1. 2015 жылға қарай көлік бойынша жалпы қосылған құнның өсуін 63 %-ға жеткізу үшін көлік-коммуникациялық кешеннің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту.

2. Республикалық маңызы бар шамамен 7 мың км автожолды қайта жаңғырту, 10 мың км автожолды және жергілікті маңызы бар 12 мың км жолды жөндеу;

3. Автожолдардың республикалық желісінің 85 %-ы және жергілікті желісінің 70 %-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы жүйе енгізу;

5. 453 км темір жол салу;

6. Қазақстан Республикасының аумағындағы темір жол көлігімен жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар көлемін 25 %-ға өсіру;

7. 2015 жылға қарай жүк қатынасының жылдамдығын 15 – 20 %-ға, ал негізгі халықаралық көлік дәліздері бойынша 20 – 30 %-ға арттыру;

8. 2014 жылға қарай республиканың 14 әуежайында ұшу-қону жолақтарының, жолаушылар мен жүк терминалдарын қайта жаңғырту(салу);

9. 2010 жылмен салыстырғанда халықаралық әуе қатынастары санын екі есеге арттыру және еуропалық авияция стандарттарын енгізу;

10. 2015 жылға қарай сауда флотын 11 бірлікке, оның ішінде 9 танкер мен 2 құрлықтағы жүк кемесіне дейін жеткізу;

11. 2015 жылға қарай мемлекеттік техникалық өзен флотының 40 бірлігін жаңалау және жаңғырту;

12. 2014 жылға қарай Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі шлюздерін жаңалау және жаңғырту;

13. 2014 жылға қарай кемелер қозғалысын және теңізде құтқару операцияларын басқару жүйесін құру.


Іс-қимылдар стратегиясы

Саланың дамуы экономиканың көлік қызмет көрсетулеріне деген қажеттігін және елдің халықаралық көлік желілеріне кірігуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Қойылған міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

қолда бар темір жол желісін жаңа учаскелерді салу арқылы желіні оңтайландырумен бірге қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестендіру;

негізгі халықаралық транзиттік дәліздерді, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту;

аэронавигациялық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен жаңғырту және республиканың әуежай желісін қайта жаңғыртуды аяқтау, қазіргі заманғы әуе кемелерін сатып алу;

теңіз сауда флотын қазіргі заманғы кемелермен одан әрі жарақтандыру, айлақтық және сервистік инфрақұрылымды дамыту, кеме жүзу қауіпсіздігі мен кеме жүзетін шлюздерді және өзен техникалық флотын жаңғырту.

Автожол саласында мынадай жобалар іске асырылатын болады:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Омбы – Павлодар – Майқапшағай», «Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы», «Шучинск – Көкшетау – Петропавл», «Ресей Федерациясы шекарасы – Орал – Ақтөбе», «Астана – Қостанай – Челябинск», «Ақтөбе – Атырау», «Астана – Ерейментау – Шідерті», «Құрты – Бурылбайтал» негізгі транзит дәліздерінің автомобиль учаскелерін қайта жаңғырту;

«Алматы – Өскемен», «Үшарал – Достық», «Жазқазған – Петропавл», «Қызылорда – Павлодар – Успенка Ресей Федарациясы шекарасы», «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңғырту, сондай-ақ жергілікті автожол желісін қайта жаңғырту шараларын жүзеге асыру.

Концессиялық негізде автомобиль жолдары учаскелерін салу және кейіннен ақылы жүруді енгізе отырып, «Астана – Щучинск» автомагистраліне ЗКЖ енгізу мәселесі пысықталатын болады.

Темір жол саласында «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы», «Жетіген – Қорғас», «Ералиев – Құрық» темір жол желілерін салу жобасы іске асырылатын болады.

Азаматтық авиация саласында Қызылорда, Көкшетау, Семей, Қостанай, Орал, Талдықорған, Петропавл және Өскемен мен Ақтау қалаларындағы 9 әуежайда ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртудан өткізу; Көкшетау және Орал қалаларында жолаушылар терминалдарын қайта жаңғырту жоспарлануда, сондай-ақ Астана қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағын және Алматы, Шымкент қалаларының әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары мен Атырау қаласында жаңа жолаушы және жүк терминалын салу жоспарлануда.

Концессиялық негізде Кендірлі жаңа халықаралық әуежайын салу мәселесі пысықталатын болады.

Су көлігі саласында Құрық, Атырау, Ақтау айлақтарындағы кеме қозғалысын басқару жүйесі, Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйелері құрылатын болады, сондай-ақ танкерлік және құрғақ жүк тасу флоттарын салу, Өскемен және Бұқтарма шлюздерін қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстарын жалғастыру, Шүлбі шлюзінің қорғаныс гидротехникалық құрылғыларын салу, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, Ақтау айлағының инфрақұрылымын техникалық жаңғырту жоспарлануда.

Инновациялардың дамуы және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу

Автожол саласында автожол көпірлерінің темір бетон бөліктері құрылысының ресурстарын болжау бөлігінде автомобиль көлігі саласында ірі қалаларда жолаушылар тасымалын диспетчерлік басқару проблемалары бойынша; транзиттік әлеует саласында өңірлік экономикалық ұйымдар шеңберінде көлік қызметі нарығында бәсекелестік ортаны зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.



Инвестицияларды ынталандыру:

білікті халықаралық жолаушылар операторлары арасынан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартымен стратегиялық инвесторларды темір жол жолаушылар тасымалының қазақстандық нарығына тарту;

темір жол саласы нарығын ырықтандыру және темір жол саласының мақсатты үлгісіне сәйкес мемлекеттік реттеу реформалары;

әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалы және тұрақты ішкі және халықаралық әуе тасымалдарын субсидиялау жөнінде шаралар қабылдау.



Техникалық реттеу:

2015 жылға қарай азаматтық авиация саласына толықтай еуропалық авиация талаптары енгізіліп, 12 әуежайдың Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) санаты болады.

2012 жылға қарай автомобиль көлігі саласында Евро-3 экологиялық стандарттары, қозғалыстағы автокөлік құралдарын автоматты өлшеу жүйесі енгізіледі, халықаралық тасымалдауларда сандық тахографтар енгізіледі;

кәсіпорындардың өзінің қаражаты есебінен ИСО 9001:2000, ИСО 9001, ИСО 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент және сапа жүйесін енгізу.



Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

көлік саласы бойынша мамандар даярлау мемлекеттік білім тапсырысы, грант және кәсіпорындардың қаражаты есебінен техникалық, кәсіптік және жоғары білім беретін оқу мекемелері мен кәсіпорындардың оқу орталықтарында жүзеге асырылатын болады. 2010 – 2012 жылдары көлік- коммуникация кешені саласындағы қажеттілік білікті мамандардың 70 мыңнан астамын құрайды;

көлік пен коммуникациялардың 8 мамандығы бойынша кадрларға деген қажеттілік жоғары оқу орындарында және 109 ТжКБ оқу орындарында жүзеге асырылатын болады;

жұмысшыларды поездардың қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты 75 біліктілік пен кәсіп бойынша кәсіптік оқыту «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары – Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Тараз қалаларындағы «Темір жол көлігі қызметкерлерін оқыту орталықтарында» жүзеге асырылатын болады.


Заңнаманы жақсарту

Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерістер енгізіледі:



  1. Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңға жеке сектордың қызметін ынталандыру мақсатында рұқсат ету функцияларын қысқарту, кеме қатынасы компанияларының шетел азаматтарын кеме экипаждарының құрамына тарту құқығын ұзарту бөлігінде;

  2. Автомобиль көлігі туралы заңға халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезінде ел аумағында цифрлық тахографтарды енгізуді қамтамасыз ету бөлігінде.

  3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және әуе қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.


2.3 Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Халықты, бизнесті және мемлекетті ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсетулермен және технологиялармен қамтамасыз ету елдің инновациялық экономикаға әрі ақпараттық қоғамға өту шарттарының бірі болып табылады.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың енуі мынадай индикаторлармен сипатталады. Интернет желісін пайдаланушылардың саны 5,1 миллион абонентке жетті (100 адамға 32-ден). Қоғамның компьютерлермен қамтылуы 2009 жылы 100 адамға 12,7 компьютерге жетті (2008 жылы 100 адамға 11,2 компьютер). Тіркелген байланыс абоненттерінің саны 2009 жылы 3,7 млн. абонентті құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 100 мың абонентке артық. Орташа телефон тығыздығы 100 тұрғынға 23,4 абонентті құрады (2008 жылы 100 тұрғынға 22,2 абоненттен). Ұялы байланыс абоненттерінің саны 14,9 млн. абонентке жетті, бұл 100 тұрғынға 95,5 абонент тығыздығына сәйкес келеді.

Ақпараттық коммуникациямен қамтамасыз етудің негізгі проблемалары:

инфрақұрылымдық проблемалар (жаңа буын телекоммуникациялық технологияларын енгізу үшін қажетті радиожиіліктің жетіспеушілігі; телерадио хабарларын тарату кешенінің материалдық базасының ескіруі);

бәсекелестікті дамытудағы кедергілер (ауылдық почта және жергілікті телефон байланысының залалдылығы, Интернет қызметтерінің қайталама провайдерлері үшін үстем операторлардың көтерме тарифтерінің жоғарылығы).


Негізгі міндет

Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға өту үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту.


Нысаналы индикаторлар

1. Жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейін 100 %-ға арттыру.

2. Интернеттің кең жолақты желісі абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 22.

3. Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 135.



  1. Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейін 40 %-ға дейін арттыру;

  2. Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсетулердің кемінде 50 % -ын электронды нысанға көшіруді қамтамасыз ету.

  3. Қазақстан аумағын цифрлық эфирлі теледидар хабарларын таратумен қамту – 95 %;

  4. Почта байланысының 560 ауылдық бөлімшесін салу және жаңғырту.


Іс-қимылдар стратегиясы

Ақпараттық коммуникацияның дамыған инфрақұрылымы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді және корпоративтік сектордың дамуы мен басқа да бірқатар әлеуметтік міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады:

телекоммуникация қызметтеріне (сандық телевизия, Интернетке кең жолақты қол жеткізу) және почта байланысына ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;

веб-хостинг қызмет көрсетулеріне, деректерді бастапқы және резервтік сақтауға және сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен өтуге деген сұранысты қамтамасыз ету мақсатында есептеу орталықтарын дамыту.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарын телефон байланысымен және Интернетке кең жолақты қол жеткізу қызметтерімен толық қамту қамтамасыз етілетін болады; жергілікті телефон байланысын цифрландыру деңгейі 2015 жылға қарай 100 %-ға жетеді.

2015 жылға дейін телекоммуникация желісін қуаты 1 млн. абонент болатын NGN технологиясына көшіру аяқталатын болады, бұл пайдаланушыға бағдарланған және қазіргі заманғы телекоммуникацияларды дамытудың келесі қадамы болып табылатын конвергенттік қызмет көрсетулерге көшуге мүмкіндік береді.

CDMA технологиясын пайдалана отырып, ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту ауылдық абоненттерге деректерді беру қызмет көрсетулеріне және жылдамдығы 153,6 Кбит/с дейінгі Интернет желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ауылдық байланыстың телекоммуникация желісінің базалық станцияларының жалпы саны 2015 жылға қарай 900 бірлікке жетеді.

Еркін бәсекелестік жағдайында, сапалы почта және қаржы қызмет көрсетулер ұсыну мақсатында бірінші кезекте, ауылдық почта байланысының бөлімшелерін дамыту және автоматтандыру арқылы ауылдық жерлерде почта-жинақтау жүйесіне жаңғырту жүргізілетін болады.


Мыналар басты жобалар болып табылады:

Сандық телехабарлар енгізу;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын бірыңғай көліктік ортамен өңірлік қамтуды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік органдарының хостинг қызметтері үшін серверлік тұғырнама жасау;

Сервер орталығын технологиялық жарақтандыруды аяқтау;

3G және 4G ұялы байланыс стандарттарын енгізу;

Радиожиілік спектрлік мониторинг жүйесін жаңғырту;

Резервтік сервер орталығын құру;

Коммерциялық дата-орталықтар құру.


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау