Ауыспалы егістің игеру жоспарын мына ретпен жасалған жөн:
-жоспарды басынан бастап әрбір жылға түзу;
-ауыспалы егіске жаңа жерлер енетін болса, олар орналасқан танаптың игеруін бірінші кезекте жасау;
-содан кейін өткен жылдары себіліп, өнімі биыл жиналатын дақылдарды есепке алу;
-келесі кезекте бағалы дәнді, техникалық және басқа дақылдар ең жақсы алғы егістерден кейін орналастырылады;
-жаздық дақылдарға құндылығының ретімен танаптарда орын беру;
-көп жылдық шөп, таза пар және аралық дақылдарды егетін танаптарды белгілеу;
игеру жоспары ауыспалы егістің айналым кестесін жасаумен аякталады.
Достарыңызбен бөлісу: |