«Бекітемін» Агрономия факультетінің деканы


Топырақты негізгі және егін себер алдындағы өңдеу жүйесі



жүктеу 0,79 Mb.
бет71/141
Дата26.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37914
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141
umkd zemlede 2 kaz agronom 2021-22

Топырақты негізгі және егін себер алдындағы өңдеу жүйесі.

Топырақты өңдеудің негiзгi, беткi, таяз түрлері бар.

Негiзгi өңдеу – бұл барлық жыртылатын қабатқа оңтайлы құрылыс пен ұсақ түйiршiктi құрылым жасау үшін, 20 см және одан терең жасалатын топырақ өңдеу. Топырақты өңдеудің негiзгi шараларына жырту мен терең қопсыту жатады.

Топырақты жырту әр түрлi түрлендiргiш соқалармен жасалынады. Ең көп тарағаны - аударатын және түрендi соқалар. Олардың негiзгi жұмыс органдары – тiреу, түрен, лақтырғыш және егiс тақтайшасы. Топырақтың аударылу және уатылу дәрежесi лақтырғыш пiшiнiне байланысты болады. Лақтырғыш цилиндрлi болса, олар топырақты жақсы уақтайды, бiрақ топырақты толық аудармайды, ал бұрандалы толық аударады, бiрақ жақсы уақтамайды. Мәдени лақтырғыш өзiнде цилиндрлi және бұранда пiшiндi лақтырғыштарды үйлестiредi. Топырақ жақсы ұсақталып аударылуы үшін соқалар түрi шағын корпусты шымкескiшпен қамсызданады. Бұл өңдеу мәдени жырту деп аталады. Қыртыс 1800 C аударылса шымды аудару деп, егер 1350 C аударылса қыртысты аудару деп аталады.

Жыртқанда төрт технологиялық операция жасалынады: аудару, қопсыту, ұсақтау және арамшөптердi кесу. Жырту негiзгi өңдеу шарасы ретiнде көбiнесе жел эрозиясының пайда болу қаупi жоқ жерлерде және суармалы егiншiлiк жағдайында қолданады. Қазақстанның далалы аймақтарында ол ерекше жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн: тыңайтқыштарды топыраққа енгiзу қажет жағдайда, тың және тыңайған жерлердi өңдегенде, арамшөптердің вегетациялы таралу органдарын жер бетiне шығару үшін. Жырту үшін ПН-8-35М, ПН-4-35 және басқа соқаларды қолданады.

Негiзгi өңдеудің екiншi шарасы - терең қопсыту. Жыртуға қарағанда терең өңдеу жасалғанда топырақ аударылмайды, соның әсерінен өсiмдiк қалдықтарының негiзгi бөлiгi (80% дейiн) топырақ бетiнде қалады да, оны эрозиядан сақтайды. Одан басқа өсiмдiктердің қалдықтары танаптарда қысқы уақытта қардың тоқтатылуына әсер етедi. Терең қопсытқанда арамшөптер тамырынан кесiледi де, жер қопсытылады. Терең қопсыту үшін терең қопсытатын жазықтiлгiштер КПГ-250, ПГ-3-5 және басқа қолданылады.


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау