«Бекітемін» Агрономия факультетінің деканы


Ауыспалы егістерді жіктеу



жүктеу 0,79 Mb.
бет59/141
Дата26.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37914
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   141
umkd zemlede 2 kaz agronom 2021-22

Ауыспалы егістерді жіктеу.

Егін шаруашылығында қолданылатын көптеген әр түрлі бағыттағы ауыспалы егістерді бір-бірінен айыра білу, оқып-үйренуге және іс жүзінде пайдалануға ыңайлы болу үшін оларды топ-топқа бөліп қараудың қажеттілігі туындайды. Оларды жіктеу негізінен екі көрсеткішке байланысты жүргізіледі.

Бірінші, өндірілетін негізгі өнімімен анықталатын әр түрлі өндірістік бағыттағы ауыспалы егістер үш типке (топқа) бөлінеді: далалық, малазықтық және арнайы.

Далалық ауыспалы eric негізінен астық, техникалық дақылдар мен азықтық картоп өндіруге бағытталған болып келеді.

Малазықтық деп негізінен малазығын өндіретін ауыс­палы егістерді айтамыз. Малазықтық ауыспалы егістері шаруашылықта орналасу ерекшеліктеріне және өсірілетін дақылдардың құрамына байланысты екі топшаға бөлінеді. Біріншісі — ферма маңындағгы ауыспаы егіс — мал фермаларына жақын орналасқан, көбіне сүрлемді, шырынды және көкбалауса дақылдар өндірілетін малазықтық ауыс­палы eric. Екіншісі — шабындық-жайылымдық — негізінен көп және бір жылдық шөптерді пішенге немесе мал жаю үшін өсіретін малазықтық ауыспалы eric. Ауыспалы егістің бұл топшасы қазіргі кезде өндірісте аз колданылады.

Арнайы деп өсіп-өнуіне белгілі бір арнайы жағдайларды және оларға сәйкес агротехнологияны керек ететін дақылдарды өсіруге арналған ауыспалы егісті айтамыз. Бұл ауыспалы егістерде көкөніс, бақша дақылдары, күріш, темекі, бүлдірген, дәрілік екпе осімдіктерін, эфир-майлы дақылдарын, жеміс көшеттерін өсіреді. Осы топқа топырақ корғау ауыспалы егістері де жатады.

Ауыспалы егістердің екінші көрсеткішіне — ауыл шаруашылығы дақылдарымен пардың арақатынасымен айқындалатын, оның салдарынан туындайтын технология ерекшеліктерінің топырақ құнарлылығына әсеріне байла­нысты олар көптеген түрлерге бөлінеді.

Өңделетін жердің негізгі көлемін жаппай егілетін дәнді дақылдар алып жататын және бір танабында таза пар болатын ауыспалы егісті дәнді-парлы деп атайды, Мүндай ауыспалы eric Қазақстанның құрғақшылык аудандарында (солтүстік, солтустік-батыс және шығыс, орталық Қазақстанда, оңтүстіктегі тәлімі жерлерде) қолданылады. Үлгі ретінде мына ауыспалы егісті келтіруге болады: 1-пар, 2-жаздық немесе күздік бидай, 3-жаздык бидай, 4-арпа немесе сұлы.

Егістіктің жартысынан кем емес көлеміне жаппай егілетін дәнді дақылдар орналасатын және олар таза пар мен отамалы дакылдармен алмасып отыратын ауыспалы егіс дәнді-парлы-отамалы деп аталады.

Ауыспалы егістің бүл түрі негізінен астық өндіретін, климаты өте қатаң болмайтын немесе шаруашылықтағы егістік ылғалмен дұрыс қамтамасыз етілген учаскелерге орналастырылады. Мысал ретінде төмендегі ауыспалы егісті беруге болады: 1-таза пар, 2-дәнді дақыл, 3-дәнді дақыл, 4-отамалы дақыл, 5-дәнді дакыл.

Егістікте негізінен дәнді дақылдар өсірілетін, олармен қатар, таза пар мен көп жылдық шөптерде катысатын ауыспалы егісті дәнді-парлы-шөпті деп атаймыз. Ауыспалы егістің бұл түрі де еліміздің құрғақшылық аудандарында орын алуы мүмкін. Көп жылдық шөп алдымен пішенге, сонымен бірге топырақтың құнарлылығын арттыруға пайдаланады. Мысалы, мына тыс танабы бар ауыспалы егісті осы түрге жатқызуға болады: 1 — пар, 2 — астық дақылы, 3 — астық дақылы, 4 - астык дақылы, 5 — тыс танап (көп жылдық шөп).

Егістіктің негізгі көлемін жаппай егілетін дәнді дақылдар алып жататын, қалған бөлігінде көп жылдык және бір жылдық шөптер егілетін ауыспалы eric дәнді-шөпті деп аталады.

Республикамыздың суармалы жерлерінде кездесетін мына ауыспалы егісті мысал ретінде келтіруге болады: 1 - астык дақылы+көпжылдық шөп, 2 — көпжылдык шөп, 3 - көп жылдық шөп, 4 — күздік бидай, 5 — күздік бидай, 6 — күздік бидай+сидерат, 7 — сүрлемдік жүгері, 8 - күздік бидай.

Егістіктің жартысы немесе одан да көбіне коп жыл­дык шөптер, ал қалған бөлігіне дәнді дақылдар егілетін ауыспалы егісті шөпті-дәнді деп атайды. Су және жел эрозиясына қарсы қолданылатын келесі ауыспалы егісті үлгі ретінде келтірейік: 1 — көп жылдық шөп, 2 — көп жыл­дык шөп, 3 — көп жылдық шөп, 4 — күздік бидай, 5 — жаздық астықты дақыл+ көп жылдық шөп.

Дәнді дақылдар егістіктің жартысынан аспайтын көлеміне, ал қалған бөлігіне бұршақ тұқымдастар мен отамалы дакылдар егілетін, олар өзара жылда алмасып отыратын ауыспалы егісті жемісалмастыру (ұрықалмастыру) деп атаймыз. Жемісалмастыру ауыспалы егісінің нақтылы үлгісі ретінде Англияда қолданған норкфольк ауыс­палы егісін айтуға болады: 1 — астық дақылы+беде, 2 -беде, 3 — күздік бидай, 4 — отамалы дақыл.

Өнделетін жердің негізгі көлемін коп жылдық екпе шөптер алып жататын болғанда ауыспалы eric шөптанапты деп аталады. Бұл ауыспалы егіс малазықтық тобының шабындық-жайылымдық түріне жақын болып келеді.

Отамалы дақылдар мен көп жылдық екпе шөптер кезектесіп егілгенде ауыспалы eric шөпті-отамалы делінеді. Мұндай ауыспалы егістер негізінен суармалы жерлерде қолданылады. Үлгі ретінде мақта-жоңышқа ауыспалы егісін немесе дәнді жүгеріні көп өсіретін аудандарда болатын мына ауыспалы егісті келтіруге болады: 1 — астық дақылы+көп жылдық шөп, 2 — көп жыддық шөп, 3 — көп жылдық шөп, 4 — жүгері, 5 — жүгері, 6 — күздік бидай+сидерат, 7 — жүгері, 8 — жүгері.

Өңделетін жердің жартысынан аса белігін отамалы дақыддар алып жататын болса ауыспалы егісті отамалы деп атайды. Отамалы ауыспалы егістерді біздің еліміздің жағдайында негізінен суармалы жерлерде пайдалануға бола­ды. Ауыспалы егістің бүл түріне көкөніс, кейбір кезде ферма маңында орналасқан малазықтық ауыспалы егістері жатуы мүмкін.

Топырақты эрозиядан сақтау үшін дақылдарының түрлерімен, олардың танаптарда орналасуы және алмасуы мен ерекшеленетін ауыспалы егісті топырақ қорғаушы деп атайды. Ауыспалы егістің бұл түріне нақтылы үлгі ретінде 5 танаптық, айналымы он жыл болатын, жолақтап егу кағидасын толық пайдалануға болатын ауыспалы егісті жатқызуға болатын ауыспалы егісті жатқызуға бола­ды (алда ол туралы толық айтамыз).

Бір немесе екі танабында тыңайтқыш ретінде және топырақтың қасиеттерін оңтайландыру үшін көкбалаусасын топыраққа толық сіңіруге арналған, әдетте бұршақ-тұқымдас дақылдар егілетін ауыспалы егісті сидеральды деп атаймыз. Өкінішке орай, мұндай ауыспалы егістердің таза күйінде қолдануы — жоқтың қасы.

Орман немесе оның алқаптарын кеңейтуге керекті сапалы көшеттіөсіруге бағытталған ауыспалы егісін орман көшеттік деп атайды.

Жеміс-жидек өсімдіктерінің көшетін өсіретін ауыспалы егісті жеміс көшеттік деп атаймыз.

Жоғары сорттық, егістік және өнімдік көрсеткіштерімен ерекшеленетін тұқым өндіруге арналған ауыс­палы егісті тұкым шаруашылық деп атайды.

Ауыспалы егістерді бүл жоғарыда аталған көрсеткіштермен қатар танаптарының санымен де атайды. 5—6 танапқа дейінгі ауыспалы егістерді қысқа айналымды, ал танаптарының саны одан көп болғанда созылыңқы (ұзақ) айналымды ауыспалы eric деп атауға болады.

Егілетін негізгі дақылы және оның көлеміне байланысты ауыспалы егістерді астықты, қант қызылшалы, мақта, темекі, көкөніс тағы басқа түрде атай береді. Бүл олардың мамандалу саласының көрсеткіші деуге болады.




  1. жүктеу 0,79 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау