Алғы егістерді бағалау
Ауыспалы егiс дегенiмiз - ғылымға негiздеп дақылдар мен сүрі жердi орналасу орнына және белгiлi бiр мерзiмге қарай кезектестiрiп орналастыру.
Жүйелi түрде дақылдарды және сүрі жердi кезектестiрiп орналастыруын ауыспалы егiстің тәсiмi деп атайды. Мысалы, Солтүстiк Қазақстандағы ең кең тараған дәнді-сүрі жер ауыспалы егiсінің тәсімі: 1-сүрі жер, 2-жаздық бидай, 3-жаздық бидай, 4-арпа. Дақылдардың уақыт бойынша алмасуы, олардың белгiлi бiр танапта жыл сайын ауыспалы егiстің түсiмiне байланысты алмасып тұруын көрсетедi. Ауыспалы егiстің бүкiл танаптарынан дақылдардың және сүрі жердің өтуi олардың территория бойынша алмасуын бейнелейдi.
Ауыспалы егiстің әр бiр танабында әдетте бiр дақылды өсiредi, өйткенi осындай жағдайда ауыл шаруашылық техниканы тиiмдi пайдалануға, жұмыстарды жақсы ұйымдастыруға және қарқынды технологияларды пайдалануға мүмкiншiлiк туады. Бiрақ егiс аудандары кiшiгiрiм болғандықтан бiр танапта биологиясы және өсiру агротехникасы ұқсас дақылдарды орналастыру қажет болады. Ауыспалы егiстердің осындай танаптарын құрама танаптар деп атайды. Әрбiр ауыспалы егiс бiрнеше буындардан тұрады. Буын деп жақсы алғы дақылдан басталып келесi топырақ құнарлығын жақсартатын дақылдың алдында аяқталатын ауыспалы егiстің бөлiгiн атайды. Ауыспалы егiсте буынды бастайтын жетекшi алғы егiстің аты буынға берiледi. Көбiнесе ауыспалы егiстерде келесi буындар кездеседi: сүрі жер, шөптi, отамалы және бұршақты.
Ауыспалы егiстің түсiмi бойынша барлық дақылдардың және сүрі жердің толық айналып өткен кезеңi ауыспалы егiстің айналымы деп аталады. Оның ұзақтығы ауыспалы егiстегi танаптың санына әдеттегiдей тең болады. Төтенше орынды танапта дақылдармен сүрі жерi кезектесiп орналасып, ал олардың айналым кезеңi танаптардың екi есе көбейген санына тең болған топырақ қорғау ауыспалы егiстер және тыс танабы бар айналымы толық немесе толық емес ауыспалы егiстер алады.
Ауыл шаруашылық дақылдарының тамыр жүйесiнің құрылысындағы айырмашылығы топырақ ылғалдылығының пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесi бар өсiмдiктер (жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа) ылғалды төменгi қабаттардан пайдаланады, ал басқа өсiмдiктер ылғалды топырақтың жоғарғы қабаттарынан жұмсайды.
Әртүрлi өсiмдiктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың әр түрлi мөлшерiн жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көпжылдық шөптер тары, арпа сияқты өсiмдiктерге қарағанда суды көбiрек жұмсайды және топырақты күштiрек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егiсте үр түрлi дақылдарды алмастырып қоректiк заттарды және топырақ ылғалын тиiмдi пайдалануға мүмкiншiлiк туады.
Қайталама егістер және олардың маңызы.
Танапата дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсарту қажет.
Бiр жылдық дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама өсiру топырақтың тым борпылдақ болуына, ал бұл соңында топырақ құрылымының нашарлауына келтiредi. Құрғақ дала және дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауiптiлiгi байқалады. Көпжылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, суға төзiмдi агрегаттардың санын көбейтедi, су және жел эрозиясынан қорғайды.
Топырақ құрылымының қалыптасуының әсерi өтетiн дәрежесi бойынша дала дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады: көп жылдық бұршақ-дәнді шөп қоспалары, көпжылдық бұршақ шөптер, бiр жылдық бұршақ-дәнді шөп қоспалары, күздiк дәнді дақылдар, жүгері, жаздық дәнділер, астық бұршақтылар, зығыр, картоп және тамыржемiстiлер.
Алғы дақылдарды бағалағанда бiрнеше талаптарды ескередi :
Келесi дақылды себер алдында тамыр өсетiн топырақ қабатындағы өнiмдi ылғалдың мөлшерi.
Топырақта өсiмдiктерге сіңiмдi түрде қоректiк заттардың болуы.
Ауыспалы егiсте өсiретiн дақылға зиян келтiретiн аурулардың және зиянкестердің жоқтылығы.
Себу алдында топырақ өңдеуге және өнiм жинағаннан кейiн танаптық жұмыстарды жүргiзу үшін вегетация кезеңiнің ұзақтығының жеткiлiктiлiгi.
Көптеген ғылыми зерттеу нәтижелерi бойынша А.Ф Неклюдов орман дала аймағында алғы егiстердi таңдау картограммасын құрастырған. Автор оны дала аймағында да қолдануға болатынын ескертедi.
Достарыңызбен бөлісу: |