ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ
НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Шет тілдер факультеті
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
Тақырып: «Әдебиет сабақтарында Ж.Жабаев өлеңдерін оқытуда жаңа технологиялардан пайдалану»
ОРЫНДАУШЫ: Шарақұлова Шынар
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: аға оқытушы:Кумакбаева Г.К.
Науаи – 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------3-6
І-Тарау. Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп---------------------------7-8
1.1. Жамбыл Жабаевтың өмірі жайлы мәлімет---------------------------------9-12
1.2 «Батаңды маған бер, әке!». Аңызға айналған айтыс----------------------13-23
1.3. Жамбыл поэзиясындағы патриоттық жалын-------------------------------24-41
ІІ -Тарау. Ж.Жабаев өлеңдерін оқыту----------------------------------------42-45
2.1. Жамбыл туындыларын оқушыларға танытудың кейбір
жолдары--------------------------------------------------------------------------------46-47
2.2. Ж.Жабаевтың «Өтеген батыр»шығармасын оқыту---------------------48-49
2.3.Сабақ үлгілері-------------------------------------------------------------------50-59
Қорытынды----------------------------------------------------------------------------60
Пайдаланатын әдебиеттер.
К І Р І С П Е
Тәуелсіздікті тұғырлы, баянды етуде біздер, мұғалімдер қауымының қосатын үлесі аз емес, өйткені біз елдің ертеңгі тірегі жас ұрпаққа білім беру ісімен айналысамыз.Бұл міндет бізден өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуге үлкен күш жүгер жұмсауды талап етеді.Білім беру саласы еліміз дамуының басты бағыттарының бірі ретінде таңдалып отырғаны тегін емес.
Бүгінде Өзбекстанды бүкіл әлемдік қауымдастық қарқынды дамып келе жатқан,келешегі кемел ел ретінде мойындап отыр. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қоғамының көптеген салаларында едәуір жетістіктерге қол жеткізді.Ел дамуындағы жаңа тарихи кезең мемлекет дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі болып табылатын білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қояды.Ол негізінен білім беру жүйесінің халықаралық білім жүйесіне интеграциялануына байланысты осы салаға жаңа үрдістерді батыл енгізу сияқты міндеттерден туындайды.Өйткені,бүгінгі заман талабы бойынша шын сауатты адамның білімі мен біліктілігі, дағдылары әлемнің кез – келген елінде қолданысқа жарайтын ,яғни халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Отандық білім беру жүйесі қызметкерлерінің қазіргі мақсаты мен міндеті – Өзбекстан Республикасының инновациялық-индустриалдық даму стратегиясына сәйкес экономикасы дамыған,бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жолында еңбек ететін ертеңгі білікті де білімді мамандар даярлау.
Менің кәсіптік бітіру жұмысымның тақырыбы: «Әдебиет сабақтарында Ж.Жабаев өлеңдерін оқытуда жаңа технологиялардан пайдалану ».
Балалар әдебиетiн жасауда заман ақын-жазушылар алдына үлкен талаптар қояды. Сол талаптарды орындаған әрi балаларды жанындай жақсы көрген халық поэзиясының алыбы – Жамбыл Жабаев.
Менің кәсіптік бітіру жұмысымды жазу барысында Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен дарын иесі екенін тән алдым.
Тақырыптың үйренілу дәрежесі: Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық – саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды.
Ж.Жабаевтың өмірін, бүкіл шығармашылығын, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағдарлама бойынша берілген сағат аясына сидыру мүмкін емес. Бұл орайда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденісі, сыныптан тыс әдеби жұмыстар, оқу сабақтары әр түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылып, байланыстырыла жүргізілгенде ғана әдебиет пәні мұғалімі өз мақсатына жетеді.
Тақырыптың өзектілігі: Әдебиеттің білімділік – тәрбиелік мәнін терең түсінуде мұғалімдер көп ізденіп, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, заман талабына сай оқытуы қажет. Жамбыл Жабаев өзiнiң балаларға арналған барлық өлеңдерi арқылы жас өспiрiмдердi көтерiңкi рухта тәрбеилеудi iске асырған және соның тамаша үлгiсiн көрсеткен
Тақырыптың негізгі жаңалығы: Ұстаздың педагогтік шеберлігі оның керекті мазмұнды, бағдарламадағы материалды іріктей алуымен және оны оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып қолданумен белгіленеді. Жамбыл әлемі – күрделі әлем. Ал бүгінгі мақсат – жаңа буынға Жамбылдың қазақ халқының көркем мәдениетін әлемге танытып, оның ежелгі дәстүрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын жаңаша көзқараспен түсіндіру.
Менің кәсіптік бітіру жұмысымның алға қойған мақсаты:
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, дербес ізденуге баулу;
Білім алуға деген ынтасы мен іскерлігін, оқу-танымдық қажеттілігін қалыптастыруға жетелеу;
Оқулықтың білім көзі, әрі өз бетімен білім алудың дидактикалық үлгісі екендігін ескеріп, онымен жұмыс арқылы оқушылардың ынтасы, танымдық іс-әретін басқару, ұйымдастыру.
Жаңа буынға Жамбылдың қазақ халқының көркем мәдениетін әлемге танытып, оның ежелгі дәстүрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын жаңаша көзқараспен түсіндіру.
Менің кәсіптік жұмысымның маңыздылығы:
Тапсырмалардың дамытушылық дәрежесін көтеру.
Оқушылардың өзіндік пайымдауларын, бағалауларын, қорытындылауларын мұғалім түсінігімен толықтыра отырып, енді оны ғылымиландыру, іргелі терең білімге бағдарлау.
Дүниетанымдық, ой-өрістері мен іскерлік дағдыларын жетілдіретін, жеке тұлғаны дамытуға әсер ететін қосалқы материалдарын білім беру.
Менің кәсіптік бітіру жұмысымның теориялық жағы:
Жамбыл – шығыс желісіне құрылған талай дастандарды жатқа айтып, мыңдаған шумақтар мен ұйқастарды зердесіне сақтап, шежіре-аңыз, тарихи оқиғаларды, айтыс-толғауларды, бұрынғы –соңғы ақын-жыраулар мен батыр-билердің өмір деректерін, ауызекі әңгімелерді көкірегіне құйып алған, өзі де толғаулар шығарған жырау.
- Ақынның алғашқы туындыларынан көрінетін адамзаттық-азаматтық тұлғасын ашу;
- Туған халқының тағдырына ортақтасу. Отаншыл жырларының мәнін аша отырып, өзіндік тұжырым – пікір жасау дағдыларына үйрену;
Оқушыларды Отанын, өз халқын, елін, жерін сүюге баулу;
Өшпес өнерге айналған өмірді танып білу де оқушылардың ойлау белсенділігін арттыра отырып, жан-жақты ғылыми тұрғыдан іздене білуге төселдіру;
Менің кәсіптік бітіру жұмысымның практикалық жағы:
Қоғам мен мемлекеттің дамуы мен болашағы білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер артып отыр.Мұғалім өз пәнін терең білумен бірге ақпараттық жағынан өте сауатты,шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға болуы тиіс. Міне,сондықтан да мен оқытудың жаңа технологияларын орынды пайдалана білсек сапалы білім бере аламыз.
Менің кәсіптік бітіру жұмысымның құрылысы:
Мазмұны;
Кіріспе;
1-тарау, яғни негізгі бөлімнен тұрады.
2- тарау, методикалық бөлімнен тұрады.
Қорытынды ой пікір берілген.
Негізгі әдебиеттер мен қосымша әдебиеттір тізімі көрсетілген;
І -Тарау. Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп
Халық поэзиясы көбіне ауызша шығарылып, ауызша айтылады. Кейін қағазға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеу құралдары да басқаша, көбіне байырғы тіл әдісімен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі.
Кеңес заманында халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі - Жамбыл Жабаев. Жамбыл әлемі – күрделі әлем.Жамбыл-екі ғасырды көріп, жүз жасаған ұлы ақын. Жамбыл –шығыс желісіне құрылған талай дастандарды жатқа айтып, мыңдаған шумақтар мен ұйқастарды зердесіне сақтап, шежіре-аңыз, тарихи оқиғаларды, айтыс-толғауларды, бұрынғы-соңғы ақын-жыраулар мен батыр-билердің өмір деректерін, ауызекі әңгімелерді көкірегіне құйып алған, өзі де толғаулар шығарған жырау.
Жамбыл – ірі айтыс шебері.Ақынның ақындық өнері кеңес дәуіріне дейін-ақ, арысы – қырғыз, берісі- Жетісуға дейін кеңінен танымал болған.Жамбылдың көркемдік әлемінің қуаты – халықтың сан ғасырлық дәстүрлі жыр қайнарынан шыққандығы. Ол қазақ поэзиясының адамгершілік мұраттарын жаңа мазмұнға байытты, дәстүрлі поэзияны дамыттты.
Балалық шағынан – ақ өлең айтуға құмар Жамбыл ел ішіндегі түрлі оқиғалар туралы, жеке адамдардың мінез-құлқы туралы өлең шығаруды ерте-ақ бастайды. «Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен»-деген жазушы Мұхтар Әуезов. Жамбыл өзінің Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен әрбір қол жеткізген табысқа үнемі ақындық үнін қосып отырады.
Балалар әдебиетiн жасауда заман ақын-жазушылар алдына үлкен талаптар қояды. Сол талаптарды орындаған әрi балаларды жанындай жақсы көрген халық поэзиясының алыбы – Жамбыл Жабаев.
Жамбылдың есiмi дүние жүзi халықтарына кеңiнен мәлiм. Ол мектеп, медресе есiгiн ашпаса да, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды бiлмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерiн үйрендi, кейiннен ақындығымен бiрге әйгiлi жыршы атанды. Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті", "Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен дарын иесі екенін танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |