Төрағалық етуші: академия ректоры, э.ғ. к. С. Р. Есімжанова Ғылыми хатшы: Ш. Т. Мырзаханова



жүктеу 123,48 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі123,48 Kb.
#6355

Ғылыми Кеңес

ОТЫРЫСТЫҢ №2 ХАТТАМАСЫ
29.09.2011 ж.
Ғылыми Кеңес отырысына қатысқандар саны 21. Қатысқандар тізімі қатысу парағында көрсетілген.

Төрағалық етуші: академия ректоры, э.ғ.к. С.Р. Есімжанова

Ғылыми хатшы: Ш.Т. Мырзаханова

Ғылыми кеңес төрағасы Ғылыми Кеңес отырысының күн тәртібімен таныстырып өтті.



Күн тәртібінде:

1. 2010-2011 оқу жылының қорытындысы туралы есеп (ОӘЖ жөніндегі проректор- Әлішпанова Ж. Ж.);

2. Академияның ғылыми қызметінің жай-күйі және даму перспективалары (ҒЖ және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың міндетін атқарушы- Чингаева Б.К.);

3. Қашықтан оқытудың жай-күйі және дамуы туралы. Қашықтан оқыту технологиясын ақпараттық-технологиялық қамтамасыздандыру (Ляшенко И.А.);

4. Дипломдық жұмыс тақырыптарын бекіту туралы (Каф. меңгерушілері);

5. Әртүрлі.



Бірінші мәселе бойынша тыңдалды:

2010-2011 оқу жылының қорытындысы туралы мәселе бойынша ОӘЖ жөніндегі проректор Ж.Ж. Әлішпанованың есебі тыңдалды:

Академия қызметі Ғылыми кеңес бекіткен (30.06.10 ж. №10 хаттама) жұмыс жоспарының және 2009 - 2011 жылдарға арналған академия дамуының перспективті жоспарының негізінде жүзеге асырылды. 2010-2011 оқу жылдарына арналған Сапа аясындағы саясат тұтастай алғанда орындалды. Ағымдағы жылдың маусым айында МС ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкес инспекциялық аудит сәтті жүргізілді.

Оқу процесі бекітілген академиялық күнтізбеге, студенттердің жеке жоспарларына және мамандықтар бойынша оқу-жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылды. Есеп беру жылында күндізгі бөлімде абсолютті үлгерім - 96 %, білім сапасы - 50 % құрады. Сыртқы бөлімде сәйкесінше 86% және 76 %. 2010-2011 оқу жылында 2 оқулық, 14 оқу-әдістемелік құрал, 1 электронды құрал шықты. Оқу процесіне қашықтан білім беру технологиясын ендіруге дайындық жұмыстары жүргізілді. Есеп беру жылында кітапханалық қор 4,5 мыңнан артық дана кітаппен толықтырылды.

Академияда тәрбие жұмысына көп көңіл бөлінеді.

Барлық оқу ғимараттарында ағымдағы жөндеу, жылу жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз бен оргтехника жаңарды.

Сонымен қатар, Академия қызметінде шешілуі тиіс бірқатар проблемалар бар:


  • жоғары білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша магистрларды дайындау жұмысы жүргізілмейді;

  • грант негізінде және шаруашылық келісім-шарттық тақырыптарға ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмейді;

  • профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жоспарлары кәсіптік бағытта сипатталмаған;

  • студенттердің білім сапасы жоғары емес;

  • Академияның веб-сайты тұрақты жаңармайды (есеп қоса тіркелген).

Сөз алғандар:

Бизнес және құқық факультетінің деканы С.Т. Жақыпбеков:

Бүгін 2010-2011 оқу жылындағы академия жұмысына есеп берілді. Есепті тыңдай отырып, жеткен жетістіктермен қатар, бірқатар кемшіліктердің де бар екенін көріп отырмыз. Аталған кемшіліктерді жою мен болашақта алдын-алу шараларын қарастыра отырып, белсене жұмыс жасауымыз қажет. Есепте академиялық топтардың абсолютті үлгерімі мен білім сапасы жөнінде көрсеткіштер сипат алды. Осы көрсеткіштерге нақтылай талдау жасасақ, 2010-2011 оқу жылында 2009-2010 оқу жылына қарағанда Бизнес және құқық факультеті бойынша сыртқы бөлімдерде абсолютті үлгерім 9,75 %-ға, білім сапсы 14%-ға артып отыр. Ал күндізгі бөлімдерде білім сапасы 7 %-ға кеміген. Курстар бойынша білім сапасы мен үлгерімнің көрсеткіштерін талдасақ, курс жоғарылаған сайын білім сапасы да арта түскендігі анықталды. 2010-2011 оқу жылында атқарылған академия жұмысын қанағаттанарлық деп тануды ұсынамын. Жіберілген кемшіліктерді жоюға, қалпына келтіруге ат салысуға шақырамын.

Әлеуметтік-ізгілік пәндер және ақпаратттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Р.В. Афиндеев:

Тұтастай алғанда, 2010-2011 оқу жылында жоспарланған іс-шаралар атқарылды. Кеткен кемшіліктер қалпына келтірілуде. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша үлгерім 2 %-ға артты. ҚР БҒМ-нің жоспарлы тексерісі бойынша құрылған комиссия анықтаған ескерту негізінде «Физика», «Схемотехника» зертханалары ашылып, құрылғылар сатып алынды. Виртуалды сабақтар ұйымдастыру жоспарлануда. Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдар кафедра оқытушыларымен жаңартылып, толықтырылуда.

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессоры А.М. Қасабек:

2010 -2011 оқу жылының қорытындысы академияның қызметінің біршама ілгерілегенін көрсетіп отыр. Студенттердің білімге, ғылымға деген ынталарын арттыру әр бір оқытушының негізгі міндеті болып табылады. Студенттерді бос уақыттарында кітапханада жұмыс жасауға бейімдеу керек.

Сапа қызметінің бастығы Г.О. Серікова:

Академия бойынша оқу- әдістемелік құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әдістемелік құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қалпына келтірілуі тиіс. Кейбір кафедра оқытушылары қазіргі заманғы дидактикалық- техникалық құралдарды қолданбайды. Сонымен қатар, студенттердің білім сапасын арттыру жұмыстарына баса көңіл аудару қажет.

Төрағалық етуші С.Р. Есімжанова:

Мен академияның 2010-2011 оқу жылында атқарған қызметінің бағыттарымен, кеткен кемшіліктерімен ОӘЖ жөніндегі проректордың жасаған есебінен, ҚР БҒМ-нің жоспарлы тексерісі негізінде құрылған комиссия анықтамасынан танысып білдім. Тұтастай алғанда, академия қызметі барысындағы проблемаларды ашып көрсетіп жатқан сөз алушылармен келісемін. Академия қызметкерлерін болашақта белсенді жұмыс жасап, көрсетілген кемшіліктерді жоюға, алдын алуға шақырамын. ОӘЖ жөніндегі проректор Ж.Ж. Әлішпанованың есебін негізге ала отырып, 2010-2011 оқу жылында атқарылған Академия жұмысын қанағаттанарлық деп тануды ұсынамын.

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Ғылыми кеңес

ҚАУЛЫ ЕТТІ:


  1. 2010-2011 оқу жылындағы Академия жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алуға қажетті құжаттар пакеті жаңартылсын (жауапты: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, мерзімі: 01.10.11ж. дейін).

  3. Профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми зерттеулерге қатысуы қамтамасыздандырылсын және ғылыми нәтиже алуға қатысты мақсатты бағыт жұмыстары жүргізілсін (жауапты: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, мерзімі: 01.10.11ж. дейін).

  4. Кәсіптік бағыттағы профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жоспары құрастырылсын (жауапты: ОӘЖ жөніндегі проректор, мерзімі: 05.10.11ж. дейін).

  5. Академияның штаттық кестесіне ресми веб-сайтты үйлестіруші бірлігі енгізілсін (жауапты: қаржы және жалпы мәселелер жөніндегі проректорлар, мерзімі: 03.10.11ж. дейін).

  6. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы қамтамасыздандырылсын (ТЖ жөніндегі проректор).

Дауысқа салу нәтижесінде қарсылықтар түскен жоқ. Қаулы бір ауыздан қабылданды.

Аталған қаулының орындалуын бақылау ОӘЖ жөніндегі проректор Ж.Ж. Әлішпановаға жүктелсін.

Екінші мәселе бойынша тыңдалды:

ҒЖ және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Б.К. Чингаева: Академияның ғылыми-зерттеушілік жұмысы ҒЗЖ, студенттердің ҒЗЖ және халықаралық ынтымақтастық жұмыстарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

2010-2011 оқу жылында екі конференция: «Құқық қорғау органдары заңнамаларының модернизациясы және оны қолдану практикасы» атты Қазақстанның 20 жылдық Тәуелсіздігіне және Ө.А. Жолдасбековтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Қазақстанның инновациялық дамуы - жастар шығармашылығы» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция. Аталған конференция материалдарының жинақтары басып шығарылды.

2010-2011 оқу жылында 2 оқулық, 14 оқу-әдістеимелік құрал, 1 электронды құрал жарияланды.

Сонымен қатар, Академияның ғылыми жұмысында шешуді қажет ететін бірқатар проблемалар бар:

- түлек шығарушы кафедралардың базалық кәсіпорындармен шаруашылық-шарттық қатынастарды қалыптастырудағы белсенділіктің аздығы;

- экономиканың нақты секторлары кәсіпорындарымен шаруашылық-шарттық тақырыптардың жоқтығы;

- ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы ғылымдардың жоқтығы;

- ғылыми зерттеу институттарымен байланыстың деңгейінің жеткіліксіздігі (ақпарат қоса тіркелген).

Сөз алғандар:

Төрағалық етуші С.Р. Есімжанова:

Қазіргі заманда жоғары оқу орындарына қойылатын негізгі талаптардың бірі- ғылыми зерттеу жұмысын талапқа сай жүргізу. Осыған орай, жоғары оқу орындары білім беру қызметі мен ғылыми-зерттеушілік қызметті қатар алып жүрулері тиіс. Оқу процесі мен ғылым интеграциясы бір - бірімен тығыз байланыса отырып жүзеге асырылуы тиіс. Академия профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттердің ғылыми жұмыстарын жандандыруға ықпал жасау қажет. Студенттердің түрлі ғылыми жобаларға қатысуы қамтамасыздандырылуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Ғылыми кеңес

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Профессорлық-оқытушылық құрамның шаруашылық-шартық, ізденушілік және қолданбалы ғылыми-зерттеушілік тақырыптарға қатысуы қамтамасыздандырылсын (жауапты: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор міндетін атқарушы, мерзімі: тұрақты).

2. Бастамалы ғылыми зерттеулер тақырыптарын орындау қамтамасыздандырылсын (жауапты: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор міндетін атқарушы, кафедра меңгерушілері, мерзімі: маусым, 2012ж.).

3. Академия ғалымдарының қалалық, аймақтық кәсіпорын өкілдерімен тұрақты кездесулерін өткізу қолданысқа ендірілсін (жауапты: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор міндетін атқарушы, кафедра меңгерушілері, мерзімі: тұрақты).

4. Академия студенттерінің республикалық деңгейдегі байқауларға қатысулары белсенділендірілсін (жауапты: ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор міндетін атқарушы, кафедра меңгерушілері, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, мерзімі: тұрақты).

5. «Современные аспекты регулирования социально-экономических и правовых отношений между субъектами рынка» атты Академияның ортақ ғылыми зерттеу тақырыбы бекітілсін.

Дауысқа салу нәтижесінде қарсылықтар түскен жоқ. Қаулы бір ауыздан қабылданды.

Үшінші мәселе бойынша тыңдалды:

Қашықтан оқыту технологиясын ақпараттық-технологиялық қамтамасыздандыруға жауапты маман И.А. Ляшенко:

Академияда қашықтан оқыту технологиясы «Қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім беруді ұйымдастыру» 5.03.004-2009 ҚР жалпыға міндетті білім беру стандартына, «Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Ережесіне», «Қашықтан оқытудың техникалық ҚР мемлекеттік стандартына сәйкес ұйымдастырылған.

Желілік технологияны қолдана отырып қашықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру дидактикалық, техникалық және арнайы нысанда оқу процесін ұйымдастыруға сүйенеді.

Осыларға байланысты, академияда ақпараттық-білім беру порталы бар: сервистік қызмет (бағдарламалық модульдер) жинағын ұсынатын «Moodle» қашықтан оқыту модулі бар веб-сайт. Бұл веб-сайт оқу процесін дайындау және жүргізу, кез келген категориядағы пайдаланушының қызметтік міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Аталған жұмысты жақсарту мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасаймын:


  • веб-порталды мемлекеттік тілге аудару;

  • модульдік білім беруге көшу;

  • бейнекурстар дайындау (дәрістерді бейне жазбаға жазып, порталға енгізу);

  • оқыту және әдістемелік қамсыздандыру үшін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларын тарту.

Осы мәселе бойынша сөз алғандар:

Ақпараттық орталық директоры Т.Е. Кенжебеков:

Академияда қашықтан оқыту технологиясын оқу процесіне ендіру үшін біршама мәселелерді шешу қажеттігі туып отыр:


  • ғаламтормен байланыс арнасының бәсеңдігі;

  • сервердің диск кеңістігінің шектеулі болуы;

  • тьюторлық сыныптарды жабдықтау қажеттілігі;

  • кейстік технологияның қажеттілігі.

«Moodle» қашықтан оқыту желілік технологиясы кейбір аймақтарды қамти алмайды.

Төрағалық етуші С.Р. Есімжанова:

Аталған проблемаларды шешу үшін ауқымды қаржы ресурстары қажет. Академия профессорлық-оқытушылық құрамы қашықтан оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу жөнінде толықтай көлемде сертификатталған болуы тиіс. Құрылтайшылардан аталған проблемаларды тиімді шешу жолдарын ұсынуды сұраймыз.
Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Ғылыми кеңес

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қашықтан оқытудың жай-күйі және дамуы және аталған технологияны ақпараттық-технологиялық қамтамасыздандыру жөнінде жауаптылардың ақпараттары назарға алынсын.

Дауысқа салу нәтижесінде қарсылықтар түскен жоқ. Қаулы бір ауыздан қабылданды.

Төртінші мәселе бойынша тыңдалды:

Жеке құқық кафедрасының меңгерушісі Б.К. Чингаева:

Кафедра бойынша 229 түлек бітіріп шығады. 314 дипломдық жұмыс тақырыптары кафедра отырысында қарастырылып, бекітуге ұсынылды.

Жария құқық кафедрасының меңгерушісі Р.Р. Дархамбаев:

Кафедра бойынша 541 студент бітіріп шығады. 357 дипломдық жұмыс тақырыбы кафедра отырысында талқыланып, Ғылыми кеңеске бекітуге ұсынылып отыр.

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Г.Б. Оспанова:

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы бойынша 7 түлек бітіріп шығады. 30 дипломдық жұмыс тақырыбы кафедра отырысында талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы М.М. Абдыкаримова:

Экономикалық пәндер кафедрасы бойынша 308 түлек бітіріп шығады. 371 дипломдық жұмыс тақырыптары талқыланып, бекітілуге ұсынылады. Дипломдық жұмыс тақырыптары 80 %-ға жаңартылды.

Әлеуметтік-ізгілік пәндер және ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Р.В. Афиндеев:

Кафедрада оқытылатын екі мамандық бойынша 68 түлек бітіріп шығады. 88 дипломдық жұмыс тақырыптары кафедра отырысында қарасытырылып бекітуге ұсынылды.

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Ғылыми кеңес

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Кафедраларда оқытылатын барлық мамандықтар бойынша дипломдық жұмыс тақырыптарын бекітілсін.

Дауысқа салу нәтижесінде қарсылықтар түскен жоқ. Қаулы бір ауыздан қабылданды.

Әртүрлі мәселелер қатарында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Балтика педагогикалық академиясының құрметті академигі А.Қ. Қасабекті «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» деген марапаттауға Талдықорған қаласының әкіміне жолдау туралы мәселе қарастырылды.

Төрағалық етуші С.Р. Есімжанова «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» деген марапаттауға ұсынылып отырған азамат А.Қ. Қасабектің өмірбаяны мен ғылым жолында атқарған еңбектеріне, Жоғары мектеп қызметіне қосқан үлесіне тоқтала келіп, профессоры, ф.ғ.д. А.Қ. Қасабекті «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағына ұсынуға тұрарлық деп өз ұсынысын айтты.

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Ғылыми кеңес

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Балтика педагогикалық академиясының құрметті академигі А.Қ. Қасабек «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» деген марапаттауға Талдықорған қаласының әкіміне ұсынылсын.

Дауысқа салу нәтижесінде қарсылықтар түскен жоқ. Қаулы бір ауыздан қабылданды.

Әртүрлі мәселелер қатарында Ғылыми кеңес ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Б.К. Чингаеваның ҚР ғылыми- техникалық ақпараттар Ұлттық орталығында тіркеу үшін бастамалы ғылыми зерттеулер тақырыптарын бекіту туралы ұсынысын талқылап, қарастырды.



Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Ғылыми кеңес

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

ҚР ғылыми- техникалық ақпараттар Ұлттық орталығында тіркеу үшін төмендегідей ғылыми жетекшілердің бастамалы ғылыми зерттеулер тақырыптары бекітілсін:

1. «Современные аспекты регулирования социально-экономических и правовых отношений между субъектами рынка».

Ғылыми жетекші –э.ғ.д., профессор Есимжанова Сайра Рафихевна

з.ғ.к., Чингаева Бахтыгүл Кененсарыевна.

2. «Состояние и тенденции религиозной ситуации в студенческой среде». Ғылыми жетекші - филос.ғ.д., Қасабек Аманжол Қасабекович

3. «Философиялық әңгіме талғамдар»

Ғылыми жетекші - филос.ғ.д., Қасабек Аманжол Қасабекович

4. «Этнопедагогическое наследие и духовно-нравственное развитие студентов»

Ғылыми жетекші - п.ғ.к., Оспанова Гүлнар Бөлековна

5. «Регулирование и контроль налоговых обязательств».

Ғылыми жетекші - э.ғ.к., Жақыпбеков Саден Тохтасынович

6. «Адаптационные меры для развития сельского хозяйства при вхождении Казахстана в ВТО».

Ғылыми жетекші - э.ғ.д., Итжанова Нургуль Канатовна

7. «Операционное налоговое планирование как инструмент оптимизации налогов».

Ғылыми жетекші - э.ғ.к, Илимжанова Заида Абдыманаповна

8. «Математическое моделирование задач экономики».

Ғылыми жетекші - п.ғ.д. Смағұлов Есенғали Жексенбаевич

9. «Законодательные основы реализации и охраны трудовых прав граждан Республики Казахстан».

Ғылыми жетекші – з.ғ.к., Чингаева Бахтыгүл Кененсарыевна

10. «Правовые аспекты регулирования занятости населения в Республике Казахстан».

Ғылыми жетекші - з.ғ.к., доцента м.а. Шеримова Нұрзат Шаирбековна

11. «Международно- правовые аспекты противодействия торговле людьми».

Ғылыми жетекші - з.ғ.к., доцента м.а. Алжанкулова Светлана Абильдахождаевна

Дауысқа салу нәтижесінде қарсылықтар түскен жоқ. Қаулы бір ауыздан қабылданды.

Әртүрлі мәселелер қатарында ОӘЖ жөніндегі проректор Ж.Ж. Әлішпанова Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Әлеуметтік-ізгілік пәндер және ақпараттық жүйелер кафедрасын біріктіру жөнінде сөз алды. Білім беру қызметінің сапасын арттыру және білікті мамандар даярлауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.03.2005 ж. № 195 Қаулысы мен бекітілген Жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру қызметін ұйымдастырудың типтік ережелеріне сәйкес Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Әлеуметтік-ізгілік пәндер және ақпараттық жүйелер кафедрасын біріктіруді ұсынды.



Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Ғылыми кеңес

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы қайта құрылсын.

2. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Әлеуметтік-ізгілік пәндер және ақпараттық жүйелер кафедрасы біріктірілсін.

Дауысқа салу нәтижесінде қарсылықтар түскен жоқ. Қаулы бір ауыздан қабылданды.


Ғылыми кеңес төрайымы: э.ғ.д., профессор Есімжанова С.Р.

Ғылыми хатшы: Мырзаханова Ш.Т.
жүктеу 123,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау