Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет46/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162

134

1961,  II  233).  Қазақ  ауыз  әдебиетінде  саз  сөзі  көбінесе  1-мағынада 

келеді. Мысалы, қыз Назымды алмаққа келген қалмақ ханы қыздың 

әкесіне:


Тікпекке ақ үй сұраймын 

 Ел қонбаған сазыңды, – 

дейді.  Н.Ф.Катанов  жинап  бастырған  қазақ  мақал-мәтелдерінің 

ішінде «асылсаң – биікке, жығылсаң – майданға» деген мәтел бар. 

Мұндағы майдан сөзі де «ұрыс даласы» дегенді емес, «алаң» дегенді 

білдіреді. Майдан сөзінің осы күнгідей «ұрыс даласы» деген ұғымы 

да  батырлар  жырларында  жиі  кездеседі.  Мысалы,  «Қамбар  батыр» 

жырында:


Олар майдан ішінде 

Түзетті бұлар ұрысты. 

Қылыш шауып, қан төгіп,

Қыздырыңдар ұрысты, – 

деген жолдарды оқысақ, мұндағы майдан – «ұрыс алаңы».

Сөйтіп, майдан мен саз сөздерінің осы күнгі әдеби тілімізде норма 

емес «көгал, көкорай шалғынды жер» және «алаң» мағыналары ескі 

жырлар мен мақал-мәтелдерде, сондай-ақ жергілікті сөйлеу тілінде 

кеңінен орын алған.

Майдан (егер өзі о бастан түркі сөзі болмаса) − парсы тілінен ен-

ген сөз, сөздіктердің көрсетуіне қарағанда, парсы тіліне араб тілінен 

енген.

МАҢҒЫСТАУ.  Бұл  жерде  біз  етістік  маңғыста-  тұлғасын  сөз 

еткелі отырмыз. Махамбеттің бір өлеңі:

Маң-маң басқан сары атан 

Маңғыстап шығар өріске, – 

деп басталады. Мұндағы маңғыстап сөзінің түптөркіні мен мағына- 

сы  туралы  бізден  бұрын  қазақ  сөздері  тарихына  үңіле  жүретін  ға- 

лымдар – Е.Жанпейісов пен Қ.Өмірәлиевтер айтып кеткен болатын. 

Соны қайталай еске түсіріп, өз тарапымыздан мысалдар қосып, осы 

сөзді және бір талдап өтпекпіз. Бұрын да дұрыс көрсетілгендей, бұл 

сөздің түбірі – маң. Көне түркі тілдерінде ман/маң сөзі «адым, жүріс» 

деген есім ретінде де, «адымдау, жүру, аяқ басу» деген етістік ретінде 

де жұмсалған. Осы түбірден маңы «адым», маңығ «жүріс» сөздері де 

жасалған. Көне түркілерде маң- деген етістіктің маңла- варианты да 

болған (ДС. 336-337). Тіпті қазақ тілінде маң-маң басу (маң-маң, маң 

басқан, шудаларын шаң басқан) тіркесінде келетін маң-маң тұлғасы 

да көне заманда қолданылған: маң маң, мұны «қазақша» тұлғаласақ, 



маң маңу болып шығады, яғни адым адымдау немесе адымдап жүру.


135

Қазақ тілінде «адым» ұғымындағы маң деген зат есім де, онымен 

түбірлес маңу, маңлау деген етістіктер де ұмыт болып, қолданылмай, 

бұл  сөздер  тек  маң-маң  басу  және  маңғыста-  деген  тұлғаларда 

сақталған.  Маң-маң  сөзі  басу,  жүру  сияқты  қосалқы  етістіктерсіз 

қолданылмайды,  себебі  маң  сөзінің  мағынасы  күңгірттенген.  Сол 

сияқты  маң  түбіріне  етістік  тудыратын  -ғы  жұрнағы  жалғанып, 

маңғы-  етістігі  (қаңғы-,  саңғы-  дегендер  сияқты)  жасалған,  оған 

  жұрнағы  қосылып,  қайтадан  зат  есім  туған,  ал  маңғыс  есіміне 

-та  жұрнағы  жалғанып,  екінші  рет  етістік  пайда  болған.  Сөйтіп, 

маңғыста-  (маңғыстау,  маңғыстамақ)  деген  морфологиялық 

«қырық шекпен» киген сөз ғана сақталған.



Маңғыстау етістігінің мағынасы – көне түркідегі маң- етістігіндей 

«адымдау  жүру»,  мүмкін,  бұған  «ілгері  басу,  өрістеу»  реңктері 

қосылған  болу  керек.  Қазақ  тілінде  маң-маң  басу  етістігі  –  белгілі 

бір «пропискасы бар» «паспортты» сөз, ол «пропискасы» – ақырын, 

байсалды  түрде  адымдау,  мысалы,  аяғын  байсалды  басатын  түйеге 

айтылады (маң-маң басқан сары атан өріске маңғыстап шығады), 

егер бұл етістік адамға қарата айтылса да, әңгіме жай ғана адымдау 

туралы емес, аяғын «ақырын, байсалды түрде маңғаздана басу» жай-

ында болады. Сөйтіп, маңғыстау етістігі – «жүру, адымдау» дегенді 

білдіретін, бүгінде сирек қолданылатын, көбінесе образ үшін пайда-

ланылатын сөздердің бірі. Әдемі сөз, әсерлі сөз.

НАЖАҒАЙ/НАЙЗАҒАЙ.  Нөсер  жауын  кезінде  ауада  электр 

зарядтарының  бір-біріне  соқтығысуынан  пайда  болатын  күшті 

(құбылысты) нажағай немесе найзағай дейміз (ҚТТС, VII, 310). Бұл 

сөз қыпшақ тілдерінде сазаған тұлғасында да қолданылған. Сазаған 

сөзі «бұлт ішіндегі аждаһа» дегенді білдіреді. Демек, нажағай мен 

аждаһа/аждақай сөздерінің өрісі («туысы») бір: нажағай – «көктегі 

от  болып  жарқылдайтын  қанатты  аждаһа»  деген  сенімнен  шыққан 

болар.  Сондықтан  бұл  сөздің  қару  атауы  ретіндегі  найза  сөзіне  еш 

қатысы  жоқ  тәрізді.  Зерттеуші  Ә.Нұрмағамбетов  найзағай  сөзінің 

түбірі  «жандыру»  мағынасындағы  монғолдың  ноцоо(х)  етістігі  деп 

таниды (Нұрмағамбетов, 38). Бұл да – «жаны бар» болжам.



ОЙЫН.  Бұл  сөз  ерте  кездегі  қазақ  тілінде,  оның  ауыз  әдебиеті 

үлгілерінде «соғыс, ұрыс» деген мағынада да жұмсалған. Мысалы, 

«Ер  Шобан»  толғауында  батырлар  айдап  алып  кеткен  жылқының 

соңынан қуып келген Биғазыға Шобан: менің жиынымда (қосынымда) 

«түменді  бұзған  ерлер  мен  суырылып  шабар  батырлар  бар»  деп 

бірнешеуін атайды. Солардың бірі:




136

Бір ойында алпыс ала балта сындырған

Айсаның ару ұлы – Қолай бар, – 

дейді. Мұндағы ойын деп тұрғаны – «ұрыс».



Ойын сөзінің батырлар жырларында жұмсалған сәттері бұл сөздің 

«ұрыс,  соғыс»  деген  мағынасын  тіпті  айқын  танытады.  Мысалы, 

Қобыланды батырдың жауымен айқасын:

Қанжарменен қармасты, 

Семсерменен серместі, 

Сөйтіп ойын ойнасты, – 

деп суреттейді. Мұндағы ойын ойнау – нағыз «шайқасу, соғысу». «Ер 

Тарғын» жырындағы:

Толып жатқан қалмаққа

Тарғын салды ойынды, – 

дегенде де ойнап жүрген батыр емес, ұрыс салған батыр сөз болып 

отыр. Қатты шайқасатын қас батырды ойыны қатты жас арыстан 

деп бейнелейді. Ойын сөзі көбінесе «ұрысты, соғысты» деген мәнде 

ойын салды тіркесімен келеді.

Әрине,  ойын  сөзімен  қатар  ұрыс,  соғыс,  шайқас  сөздері  да 

қолданылған. Мысалы, «Қамбар батыр» жырында жау:

Бүркіттей жазып шеңгелін 

Салмаққа даяр соғысты... 

Қайратымыз аспайды 

Қылайық, десек ұрысты, – деп келеді.

Сол сияқты ойын сөзінің құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, жеңісті 

тойлау сияқты елеулі оқиғалар үстінде өткізетін сауық-сайранды да 

білдіретін  мағынасы  қатар  жұмсалған.  Мысалы,  «Қамбар  батыр» 

жырындағы:

Құда түсіп, құйрық жеп, 

Қыламыз қызық ойынды... 

Қырық күн ұдай тойым бар, 

Әртүрлі қызық ойын бар,– 

деген жолдарға назар аударалық.



ОҚУ. Емші бақсы-балгерлер адамды жылан шаққанда; оның уы-

тын оқып шығарады дейді немесе ауру адамды үшкіріп оқып емдейді 

дегенді де естиміз. Сондықтан оқы- етістігінің үшінші мағынасы етіп 

түсіндірме сөздік «ішінен дұға айтып арбау, дуалау, дем салу» дегенді 

көрсетеді.



Оқы- етістігінің көне түркі тілдеріндегі бір мағынасы «шақыру» 

болған: ол мені оқыды «ол мені шақырды» (ДС, 369). Оқычы, оқығучы 

сөздері «хабар беруші, жар салушы» дегенді білдірген. Осыдан көне 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау