Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет48/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162

140

Толықсып тұрған баланы 

Толғап тартып қалады.

Бұл екі мысалда садақ – қарудың өзі, яғни жақ.

Сонымен  қатар  садақ  сөзі  жақтың  өзінің  қабын  да  білдірген. 

Мысалы, жырларда кездесетін бұлғары садақ, бұхаржай немесе көн 



садақты демесең, көпке тиер сөзім бар дегендердегі бұлғары садақ,, 

көн садақ тіркестері – былғарыдан жасалған (әлде бұлғарлықтардың 

үлгісімен жасалған ба?) және көннен жасалған қап (жақ салатын фут-

ляр).

Қазақ тілінде жақтың жабдығымен қоса алғандағы жалпы атауы 



ретінде  қолданылуы  да  жоқ  емес.  Мысалы,  Махамбеттің  «беркініп 

садақ асынған» дегенінде ақын «жалпы қару (садақ) асынып, жауға 

аттану» дегенді айтып тұр.

Қазірде  ұмыт  бола  бастаған  бұл  көне  атауларды  осы  күнгі 

кітаптарда  жаңылыс  түсіндірушілік  жиі  кездеседі.  Мысалы, 

Махамбет ақынның 1962 жылғы жинағанда жай – «садақ оғы» деп 

қате түсіндірілген. Бұл түсінік ақынның:

Толғай да толғай оқ атқан, 

Он екі тұтам жай тартқан, – 

деген жолдарына қарай айтылған. Бірақ бұл жердегі ақынның он екі 



тұтам  дегені  –  оқтың  ұзындығы  емес,  жақтың  кермесінің  (адыр- 

насының) өлшемін, яғни жақтың өзін айтқаны. Немесе «Қазақ совет 

энциклопедиясы» жақ сөзінің жай вариантын «жақтың оғы алысқа 

ұшатындықтан,  жақты  кейде  «жай»  деп  атайды»  деп  түсіндіреді. 

Шындығында, бұл екеуі – бір сөз, яғни жақ пен жай параллельдері – 

түркі тілдеріне тән дыбыс алмасуларының (ғ~й) нәтижесі (Қайдаров, 

29). Сол сияқты бұхаржа сөзін «Батырлар жыры» атты кітаптың II 

томында  (1961,  23-бет)  «Бұқар  қаласында  жасалған  сауыт  (?)»  деп 

түсіндіреді.  Дұрысында,  бухаржа  және  сарыжа  сөздеріндегі  жа 

компоненті  –  көне  йа  сөзінің  қазақша  варианты  (сөз  басындағы  й 

дыбысының қазақ тілінде ж болып келетіні белгілі). Көне йа – жақ, 

йа кур- – «жай тарту, жақ ату», йа қурғучы – «жайшы, жақ атушы» 

(ДС,  221).  Қару  атауының  бұл  көне  түрі  қазақша  бұхаржа,  сары-



жа  сөздерінде  сақталған,  осы  сөздер  келе-келе  «жаңашаланып» 

бұхаржай,  саржай,  одан  барып  саржан  түріне  де  көшкені  және 

байқалады:

Бұлғары садақ, бұхаржай

Бұлғай тартты Ер Қосай,

«Ер Қосай» жырының келесі бір жерінде:

Алты атқа алған адырна, 

Он атқа алған бұхаржа, – 



141

болып айтылады. Бір жырдың өзінде бірде бұхаржай, бірде бұхар- 



жа  болып  қолданылуы  ұйқас  шартына  байланысты  болып  отыр: 

бұхаржай  сөзін  (тұлғасын)  Ер  Қосай  сөзіне  ұйқастыру  үшін,  ал 

бұхаржаны  адырнаға  ұйқастыру  үшін  алып  отыр.  «Ер  Тарғын» 

жырындағы Ақжүніс сұлуды жыршы:

Қасы сарыжадай керілген, 

Кірпігі оқтай тізілген, – 

деп суреттесе, «Қыз Жібек» жырында сарыжа тұлғасы саржан бо-

лып кетеді:



Саржанның кірісі 

Тартуға келмей үзілді.



Сарыжа  дегенді  өткен  ғасыр  лексикографы  Л.Будагов  былай-

ша анықтайды: «Қазақша сарыжа, шағатайша сары йай – сүйекпен 

әшекейленген, сарыға боялған жақ» (Будагов, I, 686). Ал бұхаржа деп 

Орта Азия (Бұхар өңірі) үлгісінде жасалған немесе сол жақтан келген 

жақты атаса керек.

Сөйтіп,  кермесіне  (кірісіне,  адырнасына)  оқ  (жебе)  тіреп,  тар-

тып  ататын  ағаштан  жасалған  (будырған)  көне  қару  атауы  XV-

XIX  ғасырлардағы  қазақ  тілінде  садақ,  жақ,  жай,  жа  деп  аталған 

(соңғысы біріккен сөз құрамында ғана). Демек, әр тілдегі сөздердің 

семантикалық (мағыналық) даму заңдарына қарай, о бастағы бір сөз, 

мысалы, садақ сөзі бір тілде қарудың өзін, екінші бір тілдерде тек 

оның қабын, үшінші бір тілдерде қарудың өзін, жабдығын, сауытын 

(қабын) қоса алғандағы жалпы атауын білдіретін болып қалыптасқан. 

Қазақ тіліндегі садақ сөзі – осы үш мағынаның үшеуіне де ие болып 

қолданылып келген сөз.

Осы сөзді түбегейлі әрі қисынды талдаған ғалым – Ә.Қайдаров- 

тың  пікірі  орынды.  Зерттеуші  бұл  сөздің  түптөркіні  түркі-монғол 

тілдеріне ортақ саа тұлғасы деп табады да, оның йә/йаа/жаа/чаа/һаа/



йей/жай/сай/чай/ жақ/сақ/чах/жайа/саға/даға т.б. деген құбылмалы 

фонетикалық варианттары бар екенін көрсетеді (Қайдаров, 28-29).



САЙЫП КЕЛГЕНДЕ. Бір әңгімені қорыта айтқанда, сайып кел-

генде деген тіркесті қолданамыз. Сайып сөзінің төркіні – сай- етістігі. 

Ол  түрік,  әзірбайжан  тілдерінде  «есептеу»  деген  мағынаны  береді. 

Демек, сайып келгенде – «әңгіменің түйінін есептеп келгенде» деген 

мәнде қолданылатын сөздер екен.



САҚЕТЕР,  САҚСЫР.  Ертеде  өткен  Доспамбет  жыраудың  бір 

толғауында:




142

Сақетер тиді саныма, 

Сақсырым толды қаныма, – 

дейді. Мұндағы сақетер, сақсыр сөздері – бұл күнде қолданылмай- 

тын  бейтаныс  атаулар.  Контекске  қарағанда,  сақетер  –  қарапайым 

соғыс  қаруының  аты  (сақ  етіп  тиетін  нәрсе)  немесе  «сақ  етіп  тие- 

тін оқ» дегеннің образды атауы. С.Аманжолов «сақетер – әдеби тіл- 

дегі  қылыш  дегеннің  орнына  қолданылатын  диалектизм,  яғни 

Қазақстанның  батыс  өлкесіне  тән  жергілікті  сөз  деп  таниды» 

(Аманжолов, 340).

Сірә, ұрыс, соғыс қаруларының атауын -ар/-ер жұрнақты есімше 

тұлғасымен  беру  –  қазақ  тілі  үшін  ертеден  дағдыға  айналған  тәсіл 

болу керек. Мысалы, «Қобыланды» жырынан:

Шауып келіп Қараман

Безеу тісті кертартар 

Тас төбеге салады, – 

дегенді оқимыз. Мұндағы кертартар да – ұрыс қаруы. Соңғы дәуір- 

лерде пайда болған бесатар, алтатар деген атыс құралдарының ата-

улары да – осы тәсілмен жасалған сөздер.

Ал сақсыр сөзі тағы да контекске қарағанда, киімнің, оның ішінде 

не  аяқкиімнің,  не  шалбардың  атауы  болса  керек.  Өйткені  саннан 

аққан қан не шалбардың ішіне, не аяқ киімнің ішіне толады ғой. Бұл 

екі атаудың екеуі де өзге түркі тілдерінің, сондай-ақ көне және орта 

ғасыр түркі тілдерінің сөздіктерінде жоқ. Соған қарағанда, бұлар – 

қазақ топырағында туған образды тіркестер, образды атаулар болуы 

мүмкін. Эпикалық жырлар тілі бір нәрсені бейнелеп атауға, ойды об-

разбен беруге икем екендігі белгілі.

САЛАР. Ертеден келе жатқан «Сен салар да мен салар, атқа жемді 

(немесе тоқым) кім салар» деген мәтел бар. Мұндағы салар сөздері – 

қазақ тіліндегі сал- етістігінің есімше тұлғасы сияқты болып көрінеді. 

Шындығында, мұндағы үш рет қайталанған салар сөзінің соңғысы 

ғана – етістік, ал алдыңғы екеуі – есім сөз, ол – «басшы, бастаушы, 

бастық» деген мағынадағы парсы сөзі. Парсы тілінде жоғары әскери 

басшыны  (орысша  «главнокомандующий»  дегенді)  сипаһсалар  деп 

атайды, сипаһ – «әскер, армия» деген сөз, сонда сипаһсалар – «әскер 

басы, армия басшысы» деген термин, керуенбасы дегенді каруанса-

лар деп атайды. Сонда жоғарыдағы қазақ мәтелі «мен де бастықпын

сен  де  бастықсың,  атқа  жем  салып  (немесе  тоқым  салып)  қызмет 

ететін кім болмақшы» деген мәнді білдіреді.



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау