Қоршаған орта мониторингінің негізгі бағыттары
Қоршаған орта мониторингін әр түрлі іс әрекеттердің (бақылау және тексеру, бағалау және болжау) жүйесі ретінде түсінуі, осы әрекет бірыңғай әдістемелік көзқарас негізінде ғылыми ортада басым болатындар көзқарасқа сәйкес жүргізілетінін болжайды. Егер кез келген объектінің бақылауы әртүрлі әдістемелік көзқарастар бойынша өткізілсе, онда алғашқы өлшеулермен салыстыру, бағалау және болжау үшін қажетті шығатын берілгендерін, бір- бірімен салыстыруға келмейді. Сондықтан зерттеуге біркелкілік әдістемелік көзқарас – қоршаған ортаның кез келген объектісіне мониторинг жүргізу үшін міндетті жағдайлардың бірі.
Қоршаған ортаның кез келген объектісіне мониторинг жүргізу үшін берілген объектінің бақылауының және тексерілуінің ғылыми дәлелденуі қажет. Мысалы, Жерде өміртіршілігі үшін озон қабатының мағынасын және рөлін анықтағаннан кейін ең бірінші кезекте оның адамға әсерінен кейін, атмосфералық озон мәселесі басты ғылыми мәселе болып қойылды. Одан кейін озон қабатының қалыңдығын өлшеу әдістерін жетілдіру бойынша, озонның бұзылу себептерін анықтау жұмыстары басталды. Атмосферадағы озон қабатының қалыңдығының тұрақтылығын және өзгергіштігін өлшеу, өлшегіш аппараттарының толық жетілуін бақылау, қоршаған ортаға әсер ететін өндірісі жоқ, адамдар мүлдем тұрмайды деуге болатын Антарктиданың үстінде озон ойығы табылып және зерттеулер басталды. Егер әлемдік қауымдастығы адамзат тіршілігіндегі атмосфера озонының рөлі және мағынасы туралы хабардар болмаса, онда барлық осы жұмыстар және зерттеулер басталып және қаржыланбас еді.
Озон ойығы мәселесінің мысалында, мынандай бақылауға келуге болады, бұл бірнеше өзара байланысты және бір-бірінен айырмашылығы бар қоршаған орта мониторинг бағыттары:
1) Мониторингтің ғылыми әдістемелік бағыты.
Қоршаған ортаның антропогенді немесе өздігінен пайда болатын табиғи және пайда болуы мүмкін мәселелерді анықтайды. Осы бағыт қоршаған ортаның жағдайын зерттеу, бақылау, салыстыру, бағалау және болжау үшін бірыңғай әдістемелік көзқарастарды дәлелдейді және талдайды.
2) Әдістемелік – қолданбалы бағыт.
Зерттелетін объектінің санды және сапалы сипаттамаларын анықтайды, бұл деген инвентаризация өткізеді, зерттеулердің нақты әдістерін талдайды, бақылайды, қоршаған орта объектілерінің жағдайын бағалайды.
Мониторингтің қолданбалы бағыты қоршаған орта объектілерінің жағдайын орнатады, бақылау жүргізеді, осы жағдайды бағалайды, қоршаған ортаны басқару бойынша мүмкін болатын өзгерістердің және ұсыныстарды талдап болжайды.
3) Ақпаратты-техникалық бағыт.
Мониторинг бойынша берілген барлық іс-әрекеттерді сақтауды және жүйелеуді, осы ақпаратты тез арада алуды және таратуды рұқсат ететін, әсіресе адамзатқа кері әсер ететін қоршаған орта жағдайының өзгерістерін талдау жүйесін жасауын болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |