Баяндама Тақырыбы: Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері Дайындаған: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, А. Жұбанов атындағы мектептің география пәні мұғалімі Бузаубаева Жанара Муратовна


Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/3
Дата05.01.2018
өлшемі0,52 Mb.
#7084
1   2   3

2.3 Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері
Оқушылардың ортамен қарым-қатынасын және олардың өзіндік бағалауын жоғарылату мақсатында олардың оқушылармен достық қарым-қатынас орнату, өзіне сенімділігін дамыту, сонымен қатар агрессиялық күйін төмендетуге арналған тренинг бағдарламасы бойынша екі апталық тұлғалық даму курсының бірінші аптасының алғашқы күні біз оқушыларға танысу және өзара қарым-қатынас орнату, сонымен қатар шектен тыс эмоционалдық күйін, қозғыштықтығы және белсенділігін бәсеңдету, шаршау деңгейін басу мақсатында тренингтер жүргіздік.

«Өзін-өзі таныстыру»

Тренинг мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.

Тренинг барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.

«Алақан»

Тренинг мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату.

Уақыты: 10-15 минут

Көрнекілігі: ақ парақ, қарандаш

Жүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды , көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесіннің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі.


«Медитация»

Тренинг мақсаты: Жасөспірімдердің шектен тыс эмоционалдық күйін, қозғыштықтығы және белсенділігін бәсеңдету, шаршау деңгейін басу.

Қорытынды: Жасөспірімдер медитация кезінде өздерін демалғандай, жағымды көңіл-күй сезінгендей болғандарын айтты. Басқа әлемде жүргендерін, онда барлық қоршаған ортаның әсемдігін, әдемі өсімдіктер мен әртүрлі жануарлардың түрлерін елестеткенін айтып, қасындағы оқушылармен бөлісті. Өздерінің күштері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігі күшейді.
Курстың екінші күнінде оқушылардың өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында және топтағы оқушылардың агрессиялық күйлерін бәсеңдетуге, сонымен қатар өзіндік бағалауын жоғарылатуға, жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз жақтары туралы айта білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы саналы ой қорытынды жасай білуге үйретуге арналған тренингтер жүргіздік.

«Мадақтау»

Тренинг мақсаты: оқушылардың өзіндік «Менін» дамыту.

Балаға жұмыс жасау үшін: қағаз, фломастер керек болады.

Балаға: «Өз бойыңдағы жақсы 3 қасиетіңді, қабілетіңді ойла. Енді қағазды үшке бөліп, осы үш қасиетіңді суреттеп салып көрсет» - деген тапсырма беріледі.

Сурет салып болған соң, мақтанатындай қасиеттері мен қабілеттері туралы айтады.

Баланың айтқан сөздеріне «Мен саған өте ризамын», «Мен бұған өте қуаныштымын» деген қолдау сөздер айтылады.



«Менің өмірім»

Тренинг мақсаты: Жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз жақтары туралы айта білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы саналы ой қорытынды жасай білуге үйрету.

Қорытынды: Жасөспірімдер ортаға шығып, айналасындағы құрдастарының сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар оның өмірі туралы, жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы және т.б. мәселелерді қамтыды. Жасөспірімдер сұрақтарға шын ниетпен жауап беріп, өз мінез-құлықтарына өздері талдау жасады, өздерінің әлсіз жақтарын анықтады.

Мынадай сұрақтар бойынша әңгіме қозғалды: «Сенің қандай жағымсыз және жағымды қасиеттерің бар?», «Сен не үшін ашуланасың?», «Қандай мәселелер сені толғандырады?», т.б. Жасөспірімдер қызығушылықпен қатынасып, өздерінің ғана емес, жолдастарының да жағымды және жағымсыз қасиеттерін біліп, салыстырып, олардан құтылу жолдарын бірігіп шешті.



«Мақтаулар»

Тренинг мақсаты: Жаттығу баланы өзін-өзі бағалауын және ұжымда беделін жоғарылатуға көмектеседі.

Нұсқау: Балалар дөңгеленіп отырады. Әрбір балаға карточка таратылады. Карточкаға бала «Бірде мен ...» деген сөзден басталатын жақсы іс-әрекеттер жазады.Мысалы: «Бірде мен мектептегі құрбыма көмек бердім», немесе «Бірде мен үй тапсырмасын тез орындадым» т.с.с. Ойлануға 2-3 минут беріледі, содан кейін әрбір бала кезекпен өзінің жазған позитивтік әрекетін дауыстап оқиды. Әрбір бала өзінің жазғандарын оқып болғаннан кейін, жүргізуші (ересек адам) осы айтылғандардың бәрінен ортақ бір пікірге келуге талпыгады. Ал егерде балалардың өздері ортақ пікірге келуге талпынса, онда оларға міндетті түрде мүмкіндік беру керек. Қорытынды ретінде балалармен «әрбір адам қандайда бір талантқа ие болады, ал оны байқау үшін айналамыздағы адамдарға зейінмен, қамқорлықпен және мейірімділікпен қарауымыз қажет» деген сияқты әңгімелер жүргізуге болады.
Курстың үшінші күнінде оқушыларға өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету және агрессиядан арылту мақсатындағы ойындар жүргіздік.

«Моншақ»

Тренинг мақсаты: өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Нұсқау: Мына менің қолымдағы моншақтан алыңыздар, неше моншақ алдыңыз сонша рет өз есіміңізді атай отырып жақсы қасиеттеріңізді айтасыз. Олай болса, енді мына сіздердің қолдарыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді мына жіпке тізіп көрейікші. Көрдіңіздер ме осы жақсы қасиеттерді біріктіре отырып сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер деп ойлаймын. Бір-бірімізге қол соғып қояйық.

«Қос мейірімді»

Мақсаты: бала бойындағы агрессиядан арылту.

Топ шеңберге тұрады. Біреуінің көзі байланады. Жүргізуші қолымен бір қатысушыны көрсетуі керек, (бірақ агрессивті баланы емес) соған көзі байлаулы бала барлық ашу ызасын айтып тастауы керек. Сосын көзін шешіп кімге айтқанын көрсету керек «құрбанынан» кешірім сұрайды. Көзі жұмулы баланың өзін көрсету кезінде эффект қызық бола түседі.

«Ыстық орындық»

Мұғалім. Қазір сіздің ойыңыз бен сыныптастарыңызды ойы қаншалықты сәйкес келетінін тексереміз.

Әрқайсыңыз кезекпен ортаға шығып, мына ыстық орындыққа отырасыз, ал қалғандарымыз бір-бірімізді қайталамай «Ол қандай?» деген сұраққа жауап береміз. Жауапты тақтадағы тізімнен аламыз. Ал орындықта отырған оқушы өз қағазын алып шығып, қаншалықты сәйкес келетінін белгілеп отырады.

Курстың төртінші күнінде оқушыларға достыққа, бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатына тәрбиелеу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу және өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге, өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге, бір-бірін терең түсінуге арналатын тренингтар өткізілді.

«Кім екенін тап»

Тренинг мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.

Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйреді.



"Шөлдеу" ойыны

Тренинг мақсаты: оқушыларды достыққа, бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатына тәрбиелеу.

Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп жүреді. Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді осы суды ішуге амал табулары керек (бір-біріне көмектесіп қана суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына көз жеткізеді).

"Алып" ойыны.

Тренинг мақсаты: оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Немесе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады. (бақаға ұқсап секіреді).

Курстың бесінші күнінде оқушыларға өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге, бір-бірін терең түсінуге және рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, ұжымда тұлға аралық қарым- қатынастың маңызды сапаларын ашу мақсатында тренингтар өткіздік.

«Ауызша волейбол»

Тренинг мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,бір-бірін терең түсінуге арналады 


Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы: шыншылдық: мейірімділік; адамдық; адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық; ұстамдылық; жанашырлық.
Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.

«Сыйлық»

Тренинг мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, ұжымда тұлға аралық қарым- қатынастың маңызды сапаларын ашу.

Жүру барысы: Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта тұрған көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды.

Талқылау:

1. Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?

2. Сізге сыйлық ұнадыма?

3.Қандай әсерде болдыңыз?

«Мен - Күнмін»

Тренинг мақсаты: оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді таныстыру.

Барлық балаға бір ақ парақтан таратылады. Балалар берілген параққа күннің бейнесін салып, күннің ішіне өз есімдерін жазып, ал күннің әр-бір шуағына өздерінің бойындағы өздері бағалайтын ең жақсы деген қасиеттерін жазуы керек. Әр бала өз қасиеттерін жазып болған соң, оны дауыстап оқиды.

Курстың алтыншы күнінде оқушыларға өзін-өзі бағалауды көтеру, эмпатияны дамытуға және оқушының өзіне сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндігін арттыру мақсатында тренингтар жүргіздік.

«Мен өзімді мадақтаймын...»

Тренинг мақсаты: Өзін-өзі бағалауды көтеру, эмпатияны дамыту.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Мен әрқайсыңыздың өзіңізді бір нәрсе үшін мадақтауыңызды сұраймын. Қазір көп мадақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Қазір өзіңді-өзің мадақтауға мүмкіндік туғалы отыр. Сондықтан басталық. Мен бастайын, сіздер қостаңыз: «мен өзімді еңбекқорлығым үшін мадақтаймын»...

Талдау: Өзіңді мадақтау қиын болды ма? Қандай сезімде болдыңыз?

«Сенімді тірек»

Тренинг мақсаты: оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығату.

Оқушылар шеңберге бір-біріне иық тірестіріп тұрады. Мұғалімнің командасы бойынша оңға, сосын жәйімен солға қисаяды.Оқушылар өз жолдастарының иықтарына сүйенгендіктен құламағандарын, сенімді тірек тапқандарын сезінулері қажет.
Курстың екінші аптасының бірінші күнінде оқушыларға өзін бағалауға және қасындағы сыныптасының жақсы қасиеттерін тани білуге, жақсы эмоциялық күй орнату мақсатында тренингтер ұйымдастырылды.
«Көршіңді біл»

Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен байланысқа түседі. Әрқайсысы өз көршісіне бір сұрақ қояды: Мысалы, «Хал жағдайың қалай ?», «Ден саулығың жақсы ма?» т.б. Сұрақ қойылған адам оған қысқа жауап қайтарады:

«Рахмет, жаман емес» т.б. және өзінен кейінгі тұрған көршісіне ол да сұрақ қояды. Сөйтіп, ойын тізбек бойынша жалғаса береді. Қатысушылар ойынды бақылай отырып, қойылған сұрақтарды қайталамауға тырысады.

«Егер мен...»

Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтайды. Барлығы да шынайы болулары керек. Мысал: 1) Егер мен милиционер болсам... 2) ...Мен балалар үшін ақысыз Диснейленд жасар едім...т.б.



«Бәрібір сен азаматсың, себебі сен...»

Оқушылар шеңберге тұрып команда бойынша байланысты бастайды. Бір бала оң жағындағы көршісіне бұрылып, өзінің бір сәтсіздігі туралы қысқаша хабарлайды. Көршісі оны тыңдап болған соң: «Бәрібір сен азаматсың, себебі...» деп, көршісінің бір жақсы қасиетіне көңіл аударады. Сосын өзі оң жағындағы көршісіне бұрылып, өз басындағы бір сәтсіздігін жеткізеді...Осылайша ойын барлығы қатысып болғанша жалғаса береді.



Курстың екінші күнінде оқушылардың бойындағы жақсы қасиеттерді таныстыру және балаларға болашақта өздеріне керекті жақсы қасиеттерді жинақтауға үйрету, оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету мақсатындағы тренингтар өткәздік.

«Мен – идеалмын» тренингі

Тренинг мақсаты: балаларға болашақта өздеріне керекті жақсы қасиеттерді жинақтауға үйрету.

Балалар бір ақ параққа адамның, жай ғана адамның бейнесін емес, идеалды адамның бейнесін жасауы керек. Яғни, парақта салынған адамның бейнесін ең керекті деген идеалды адамның қасиетеріне толтыруы керек.

Осы тренингтен соң жүргізуші балалардан «Идеалды адам қандай болады?», «сенің бойында идеалды болу үшін қандай қасиеттер жетіспейді?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын біледі.

«Мен қазір қандаймын? Мен қандай болуға тиіспін?» тренингі

Тренингиақсаты: оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы деген қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.

Оқушылар ақ парақты екіге бөледі. Бірінші бетіне «Мен қазір қандаймын» деген сұраққа өз бойларындағы барлық жақсы да жаман қасиеттерді жазуы тиіс. Ал, екінші бетке «Мен қандай болуға тиіспін?» деген сұраққа жауаптар жазуы керек.

Тренинг барысында куратор оқушылардан тек шындықты жазуды өтінеді. Жазып болған соң, оқушылар түгелдей жазғандарын оқиды. Оқығандарын талқылайды.



«Мен сізге ризамын» тренингі

Тренинг мақсаты: оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.

Оқушылар шеңбер бойына бой түзеп, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, «Мен сізге ризамын, себебі...» деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық оқушы бір-бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек.

«Жақсы тілектер айту»

Тренинг мақсаты: оқушылар арсында эмпатия қалыптастыру, өзін ортаға ашылуына көмектесу.

Оқушылар 2 бағанға тұрады. Бір оқушыдан шығып, көзін жұмып 2 бағанның ортасынан жүріп өтеді. Өткен кезде әуенмен 2 бағанда тұратын оқушылар бір бірден құлаққа жақсы тілектер сыбырлайды.

Курстың үшінші күнінде оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы деген қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету және ортада қарым-қатынасқа түсе алуына үйрету мақсатында тренингтар өткіздік.
«Мен қазір қандаймын? Мен қандай болуға тиіспін?» тренингі

Тренинг мақсаты: оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы деген қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.

Оқушылар ақ парақты екіге бөледі. Бірінші бетіне «Мен қазір қандаймын» деген сұраққа өз бойларындағы барлық жақсы да жаман қасиеттерді жазуы тиіс. Ал, екінші бетке «Мен қандай болуға тиіспін?» деген сұраққа жауаптар жазуы керек. Тренинг барысында оқушылардан тек шындықты жазуды өтінеді. Жазып болған соң, оқушылар түгелдей жазғандарын оқиды. Оқығандарын талқылайды.

«Карусель»

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы ішкі және сыртқы шенберге тұрады. Белгі бойынша сыртқы топ оңға қарай бір адым жылжып отырады. Әр жылжыған сайын қарсысында тұрған әріптесінің қасиетіне байланысты бір мадақтау сөз айтуы керек: «Мен сен сияқты шыдамды болғым келеді», «Сенің жайдары мінезің маған ұнайды» т.б.



«Тез орында»

Оқушылар екі командаға бөлінеді. Ары қарай олар туған айлары бойынша бір қатарға тұрулары керек. Оқушыларға сөйлеуге тыйым салынады. Мимика мен қимыл арқылы байланысуға болады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.



Курстың төртінші күнінде оқушыларға өзін-өзі бағалауды көтеру, эмпатияны дамыту және кедергілерді жою, сенім мен түсіністікке негізделген жылы, достық қатынас қалыптастыру және оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы деген қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету мақсатында тренингтар ойнаттық.
«Күн сәулелі алқап»

Тренинг мақсаты: Кедергілерді жою, сенім мен түсіністікке негізделген жылы, достық қатынас қалыптастыру.

Уақыт: 15 минут.

Құрал: Алқап, өсімдіктер, күн сәулесі бейнеленген ватман беті, ақ және түсті қағаз, қайшы, әртүрлі бейнелеу құралдары.

Нұсқау: Біздің бөлмеміз қандай жарық. Себебі күннің нұрымен және біздің жүрек жылуларымызбен толыққан. Көп гүлдер өскен таңғажайып, нұрсәулелі алқапта тұрмыз деп елестетейік. Онда бақбақ, раушан, қызғалдақ, қоңыраубастар жайқалып тұр. Және әркім осы алқаптан өзінің сүйікті гүлін табады. Енді қағаз алып, қарындаш, не фломастермен сүйікті гүлін салады. Бояп, топқа тілек жазып, қиып алып, біздің күнсәулелі «алқапқа» желімдейді.

Қараңдаршы, қандай керемет алқап! Егер де жақындап қарайтын болсақ, тілек оқып, сиқырлы гүлдер хош иісін сезуге болады.

Талдау:

Бұл жаттығуды орындағаннан кейін қандай сезімдер пайда болды?

Өз көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

«Тілек жазу»

Қазір тапсырманың соңында әр қайсыларың хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет. Ең әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына аты жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандарыда сағат тілімен бір-біріне беріп отырады.

Көршіңіздің аты жазылған қолыңызда парақ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек? Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындау, күмән. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразыдан тұру керек. Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін парағыңыздың жоғары жағын бүктеңіз, Содан соң бұл парақ сол жақта отырған көршіңізге беріледі. Ал сізге басқа ойыншының парағы беріледі, сіз оған келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз сіздің парағыңыз өзіңізге келгенше осылай жалғаса береді. Ойын соңында әр қайысы өздері жазылған парақты оқиды.

Осы хатың нәтижесінде барлық қатысушылар бір-біріне эмоциялы жақсы қасиеттерімен алмасады.



«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын»

Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.



Курстың бесінші күні оқушыларға Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру мақсаттарында тренингтар жүргіздік.
«Мен қандаймын»

Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын анықтауышты қосады. Мысалы, Болат-белсенді, Алма-ақылды т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.



«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.

Оқушылар «сатамын» және «сатып аламын» деген жазулары бар қағаздар алады. «Сатамын» деген қағазға жағымсыз қасиеттерін, ал «сатып аламын» қағазына өзіне жетіспейтін жағымды қасиеттерді жазады.



Тапсырма орындалғаннан кейін талдау жүреді.

«Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау»

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру.

Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.

Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыз-дар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!

Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашыл-ған есігінен әсем әуен естіледі.

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де кере-мет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсер-лерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.

Сіздер көңілді қайратты, қажырлысыздар.

Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайрат-ты болыңыздар!

Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!

Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз.

Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз.

Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз талант-тысыз! Сізде бәрі де болады!

Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.

Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтаға-ныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

Сонымен әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзін ашады.

Курстың алтыншы күні оқушыларға оқушылардың өз менің, өзінің жеке тұлғасының мәнін, қадірін түсіне білуге баулу мақсатында ойындар мен тыныштық сәті тренингтарын ойнаттық.
«Мимикалық ситуация».

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.



«Тыныштық сәті»

Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.


Қалыптастырушы эксперименттен кейін біз қайтадан оқушыларға Басс-Даркийдің агрессиялық күйді анықтау сауалнамасын және өзіндік бағалау әдістемелерін өткіздік. Қорытындылаушы эксперимент нәтижесінде жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерінің өзгергенін анықтадық. Соның ішінде, Басс-Даркийдің агрессиялық күйді анықтау сауалнамасы бойынша бақылау тобы балаларының зерттеу нәтижесі: физикалық агрессия – 13%, жанама агрессия - 0%, тітіркенушілік - 15%, негативизм – 14%, өкпелеу - 21%, күдіктенушілік - 10%, вербалды агрессия - 8%, кінәні сезіну - 19% болды.

Ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларда, яғни эксперимент тобының балаларында физикалық агрессия - 23%, жанама агрессия - 0%, тітіркенушілік - 9%, негативизм - 10%, өкпелеу - 9%, күдіктенушілік - 11%, вербалды агрессия- 20%, кінәні сезіну - 18% көрсеткішін көрсетті.


Сонымен, жүргізілген тұлғалық даму курсынан кейін мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың агрессиялық күйлері төмендеп, оқушылардың өзіндік бағалаулары жоғарылады. Зерттеу жұмысының болжамы, яғни мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдермен психокорекциялық әдістерді тиімді қолданып, олардың өзін-өзі бағалау деңгейіне оң ықпал етуге болатыны дәлелденді

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалытастыруға жоғарланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен білім беру үрдісінде оқушылардың тұлғалық сана-сезімдерінің дамыту болды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Выготский С.Л. Собр. Сочинений - М.: Педагогика, 1983.

  2. Выготский С.Л. Психология развития как феномен культуры. - М., 1996.

  3. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 1980.

  4. Ананьев Б.Г. О проблеме современного человекознания. - М., Наука, 1977.

  5. Леонтьев А.Н. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 1983.

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. - М., 1975.




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау