Баяндама Тақырыбы: Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері Дайындаған: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, А. Жұбанов атындағы мектептің география пәні мұғалімі Бузаубаева Жанара Муратовна



жүктеу 0,52 Mb.
бет1/3
Дата05.01.2018
өлшемі0,52 Mb.
#7084
  1   2   3



Баяндама

Тақырыбы:
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері


Дайындаған: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, А. Жұбанов атындағы мектептің география пәні мұғалімі Бузаубаева Жанара Муратовна


2017 жыл

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.

Қазіргі кезде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.

Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың, әсiресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің терiс жолға түспеуiн, адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалауы маңызды болып табылады. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.


Алғаш рет көмекші мектеп оқушылары мен мiнез-құлықында ауытқушылығы бар балаларды толық зерттеген Ж.И. Намазбаева [8]. Автор тұлғаның негізгі құрылымының өзгешелігін аша отырып, ақыл-ой, тәжірибелік,мінез – құлқы бұзылған, қарым – қатынасы төмен, өз ой-пікірін айта алмайтын, еңбек іс-әрекет барысында, ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптастыру жолдарын анықтады

Қазақстанда тұлға мәселесi Ж.И. Намазбаеваның [9] жетекшiлiгiмен және оның шәкiрттерiнiң, яғни Л.О. Сарсенбаева, Р.Ш. Сабирова [11], Л.В. Пилипчук [12], С.Ж. Омирбекова [13] және т.б. ғылыми зерттеу еңбектерiнде белсендi түрде дамуда әрі жан-жақты зерттелуде

Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар.

Адам тұлға ретiнде өзiн-өзi бағалаушы тiрi ағза. Өзiн-өзi бағалаусыз өмiрде өз тағдырын шешу қиын, тiптi мүмкiн емес. Өзiн-өзi бағалау өзiнiң бойында белгiлi қасиеттердiң барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi. Бұл адамның өзiне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзiн-өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау операциясының нәитижесi.



І МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялық аспектілері

Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар [15]. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.

Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. .

Баланың жоғарғы дәрежедегі мінез-құлқындағы психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескеру керек. Мінез-құлық бірден пайда болмайды, өсе келе пайда болады. Алайда осы мінез- құықтарды байқағанда кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олқылықтарды қалайша толықтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан, былайғы даму кезеңдерін де жоюды, жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіру керек.

Осы орайда бала кемістігін қарапайым психологиялық жаттығулар арқылы түзетуге болады.

Кеңес ғалымдарының, яғни Л.С.Выготский, Н.Л.Коломинский, В.Н.Мясищев, Б.И.Пинский, С.Я.Рубинштейн, К.С.Лебединская, Г.В.Грибанова пікірлері бойынша мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының дамуы қалыпты жағдайдағы жасөспірімдердің тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келеді. Сондықтан, мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды дұрыс тәрбиелеу жүмысы, арнайы мекемелерде жүргізіліп отырған жағдайда, ол қоршаған ортасына барабар түрде қарым-қатынас жасауға, өз бетінше жұмыс жасап, өмір сүруі әбден мүмкін.

Кейбір мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінезі тұйық, ешқандай адамдармен араласпау қасиеттері де байқалады. Бұның бәрі олардың тұлғалық құрылымына өзіндік із қалдырып отыруы сөзсіз. Алайда, мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық құрылымдарының негізгі компонентері қалыпты жағдайдағы жеткіншектердікіндей болып келеуін әрқашанда ескеруіміз керек [16].

Жасөспірімдік кезеңнің ерекше зейінді аудартатын, бұл әлеуметтік-психологиялық және биологиялық жағдайы, балалалық шақтан ересектік кезеңге өтуі. Осыған байланысты, психикалық ерекшеліктердің өзгеруі және басқа қасиеттердің пайда болуы бір қатар психологиялық қиындықтарды тудырады [20].
1.2 Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиясы

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінде өзіндік бағалау әлі де болса мінез – құлық мотивінің үстемді түрінде көрінбейді. Бұл балалар өз іс - әрекеттеріне иек артпайды, жасаған кемшіліктерін көре бермейді. Оларды жөндеудің, қайталаудың жолдарын іздестірмейді, өзін басқалармен салыстырмайды [32].

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән екенін байқауға болады.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.

Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан – жақты көмек, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек [33].

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінің пайда болу себептерін Р.Г. Илимешова өз зерттеулерінде 4 топқа бөледі.

1-кесте. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың пайда болу себептері



Отбасы, өскен ортасы



Алған тәрбиесі

Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты толық емес отбасы, отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни балаға кері әсер етушілік, маскүнемдер.


Жаман қылықтарға, әдеттерге әуестенеді, кекшілдік, ашуланшақ

Бала жағдайы толық жасалған, еш-қандай өмір қиындығын көрмеген.

Балалар өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Қарым–қатынаста алаңдау-шылық қасиеттері төмен.


Отбасы мүшелерінің көзқарасы тек қана осы балада, оның қылықтарын үнемі мақтан тұтады, Мектептен тыс ерікті, ешнәрсеге тиым салынбайды. Ата - ана баланың айтқанын орындайды


Өзімшіл, өзіндік бағалауы өте жоғары.

Ата – аналар өте қатал. Баланы шамасынан тыс талаптар қояды

Өзіне сенімсіз, өз пікірін, ойын айта алмайды, қорқақтық алаңдаушылық бар.

Кейде жасөспірім өзінің мінез - құлқы туралы пікірлердің шырмауына шалынып қалады. Соған сәйкес айдар тағылып, оның қоршаған адамдарымен өзара қарым - қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері қалыптасады. Керісінше, мінез - құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын (қызметшіл, сыншыл емес, назарының мұғалімде болуы, күткен түрде әрекет ету және т.б.) мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырады, ал оқушы болса сынып алдында еліктеудің үлгісі ретінде тартылады.

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлқының себептері мен факторлары:

а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік –педагогикалық олқылықтар;

ә) жайсыз отбасылық қарым – қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт-санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым – қатынастың орнамағандығынан, ата-аналарының, мұғалімдердің , сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;

б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;

в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік – психологиялық ауытқушыбен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.

Мінез - құлқында ауытқушылғы бар балалардың мінезін, қарым -қатынасын, өзін-өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету [38]. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері

Сонымен мінез-құлықтың факторлары жеке жүрмей, мінез-құлықтың дамуына әртүрлі жағымсыз үлеспен әрекет етуші жағдайлардың әрекеттестігін көрсетеді. Л.Г. Кулагин "Оқудың сәтсіздігі мен мінез-құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық және психикалық денсаулық жағдайындағы әртүрлі ауытқылардың әлеуметтік, педагогикалық түрғыдан қараусыз қалуында жатыр. Көп жағдайда мінез-қүлықтын ауытқуы туа пайда болған психикалық және физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар,. отбасы мен мектепте дұрыс тәрбие бермегеннің салдарынан болады", деп дәріптеді.

В.В. Ковалев, А.Е. Личко өз еңбектерінде, қоршаған ортамен әрекеттестікте пайда болатын және осы кезеңде мінез-құлықтарын қалыптасуына ықпалын тигізетін, жеткіншек жасына тән психологиялық реакцияларындағы балалық және ересектік ерекшеліктерінің бір уақытта үйлесуі жөніндегі мәселені зерттеген [44]. Авторлар жасөспірім жасына тән мінез-құлықтың бірнеше реакцияларын сипаттайды:



  1. Эмансипация реакциясы - бұл жасөспірімдердің дербестікке,
    үлкендердің қамқорлығынан босануына талаптануын
    бейнелейді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында бұл
    реакция мектептен немесе үйден қашудың негізінде,
    мұғалімдер мен ата-аналарға бағытталған ашудың әсерінде
    және жеке әлеуметтікке қарсы қылықтардың негізінде болуы
    мүмкін.

  2. "Теріс нәрсеге еліктеу" (иммитация) реакциясы - бүл баланың
    мінез-қүлқында, әсіресе отбасы мүшелерінің қолайсыз мінез- құлықтарына қарсылығын білдіру кезінде айқын көрінеді. Сонымен қатар, тәуелсіздікке күресу мен эмансипация реакциясының құрылуын бейнелейді.

  1. Топталу реакциясы - бүл мінез-құлықтың белгілі бір стилмен
    жеткіншектер және топ аралық, әсіресе өзінің лидерімен қарым-қатынастың жүйелігін сипаттайды.

  2. Әуестену реакциясы - жеткіншектің тұлғасының ішкі
    құрылымының ерекшеліктерін бейнелейді.

  3. Жыныстық әуестігімен қалыптасатын реакциялар (органанизм,
    ерте жыныс қатынас өмірі, жыныстық мәселелерге қызығушылықтың жоғары болуы).

Екіншіден. бала жағдайы толық жасалған ешқандай өмір қиындығын көрмеген. Мұндай балалар өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Қарым- қатынаста алаңдаушылық қасиеттері жоғары.

Үшіншіден, отбасы мүшелері тек қана осы балада. Оның қылықтарын мақтан тұтады. Мектептен тыс ерікті, ешнәрсеге тиым салынбайды. Ата-ана баланың айтқанын орындайды.

Төртіншіден, ата-аналар - өте қатал. Балаға шамасынан тыс талаптар қояды. Өзіне сенімсіз, өз пікірін, ойын айта алмайды. Қорқақ, алаңдаушылық қасиеттерге берік болады.

Мінез-құлқы ауытқушы болған жасөспірімдердің мінез- құлқы бұзылған жағдайда біріншіден қоршаған ортамен байланысы бұзылып, өзінше тұйықталып, көңілге қонымсыз істер істейді, сандырақ сөздер айтады, үнемі алаңдай береді, ешбір себепсіз қорқады [45].

Осы мәселелерді негізге ала отырып, мінез - құлықтары ауытқушы болған балалардың ғылымындағы проблемалық жағдайларын негізгі 3 топқа бөліп қарастуға болады [57].



  1. Қоғамда өтіп жатқан процестер:

- балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризацияның болмауы;

- түзету, сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі;

2.Отбасының жағдайы, оның атмосферасы;

- толық емес отбасы;

- отбасының материалдық жағдайы;

- ата - аналарының төменгі әлеуметтік - мәдени деңгейі;

- отбасындағы тәрбие стилі;

- ата - аналарының ішімдікке, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;

- ата –аналарының балалардың психактивті қолдануына жол беруі;

3. Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:

- оқу мен тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендегі;

- мектептің, түзету жұмыстарының материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы;

- қоғам арқылы балалармен айналыспайтын ата - аналарға ықпал ететін тетіктердің және мектептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы;

- оқушы мен мұғалім жүйесіндегі өзара қарым – қатынастарының авторитарлық немесе бетімен кетушілік стильде болуы;



ІІ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТАРЫ АУЫТҚУШЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама
Зерттеудiң мақсаты: Жалпыға бірдей мектеп оқушылары және мiнез-құлықтарында ауытқуы бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы деңгейiнiң ерекшелiктерiн анықтау, эксперименталдық тұрғыда зерттеу.

Міндеттері:

1.Мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық өмірге қосу біздің алдымыздағы маңызды қоғамдық міндеттердің бірі.

2. Сонымен қатар баланың отбасына, өз тұлғасына, мінез-құлқына, қарым-қатынасына қарай мінез-құлқындағы ауытқушылығы бар балаларды алға қарай тарту.

3. Жасөспірімдердің, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшелікті ескере отырып оқушылардың тұлғасы, қарым-қатынасы, өзін-өзі бағалауы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету бағдарламаларын құру;

4. Жасөспірім тұлғасының және қарым – қатынас, өзін -өзі бағалауы, мінез-құлқының дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету әдістерін, балаларда тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдауға, қақтығыстарды шеше алуға, стрессті жеңе білу және жағымды, қалыпты түрде өзін - өзі бағалауын дамытуға, салауатты өмір сүруге бағытталған психотехникалық тәсілдерді ұйымдастыру.



Агрессия күйін диагностикалау. «Басса-Дарки» сауалнамасы

Мақсаты: Агрессияны анықтауға арналған әдістеме.

Нұсқау: Сіздерге 75 сұрақтан тұратын сауалнама берілген. Сендерге сол сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіндер. Әдістемені орындауға 30-50 минут уақыт беріледі.

1.

Кейбір уақытта біреуге кесір жасау ниетімнен қайта алмай қаламын

иә

жоқ

2.

Кейде ұнамайтын адамдар жайлы өсек айтамын

иә

жоқ

3.

Мен тез ашуланамын, бірақ тез басыламын

иә

жоқ

4.

Егер менен жақсылап сұрамаса мен оның өтінішін орындамаймын

иә

жоқ

5.

Маған тиісті нәрсеге мен әрдайым ие бола бермеймін

иә

жоқ

6.

Менің сыртымнан адамдар не айтатынын мен білемін

иә

жоқ

7.

Егер мен достарымнын мінез-құлқын мақұлдамасам, мен оларға оны сездіремін

иә

жоқ

8.

Мен біреуді алдағанымда арымның мазалайтынын басымнан кешіремін

иә

жоқ

9.

Менінше, мен адамға қол көтере алмаймын

иә

жоқ

10.

Мен ешқашан заттарды лақтыратын дәрежеге дейін ашуланбаймын

иә

жоқ

11.

Мен әрқашан біреудің кемшіліктеріне мән бере бермеймін

иә

жоқ

12.

Егерде маған бекітілген ереже ұнамаса, мен оны түзегім келеді

иә

жоқ

13.

Басқалар әрдайым қолайлы жағдайларды пайдалана біледі

иә

жоқ

14.

Мен күтпегендей адамдар маған неғұрлым достықпен қараса мен адамдардан өзімді сақ ұстаймын

иә

жоқ

15.

Мен адамдармен жиі келісе алмаймын

иә

жоқ

16.

Кейде менің басыма өзім ұялатын ойлар келеді

иә

жоқ

17.

Егер кімде-кім мені бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін

иә

жоқ

18.

Мен ашуланған кезде есікті қатты жабамын

иә

жоқ

19.

Мен сырттан қарағандағыдан ашуланшақпын

иә

жоқ

20.

Егер кімде-кім өзін бастықпын деп есептесе, мен оған әрқашанда қарсы тұрамын

иә

жоқ

21.

Менің тағдырым өзімді қамықтырады

иә

жоқ

22.

Менің ойымша, мені көп адамдар жақсы көрмейді

иә

жоқ

23.

Егер адамдар менімен келіспесе, мен міндетті түрде сол пікір-таласқа түсемін

иә

жоқ

24.

Жұмыстан жалыққан адамдар кінәні сезінуі керек

иә

жоқ

25.

Кім маған және менің жанұяма тіл тигізетін болса мен ұруға дейін барамын

иә

жоқ

26.

Мен дөрекі әзілдеуге қабілетті емеспін

иә

жоқ

27.

Егер мені мазақ қылса мен ашуланамын

иә

жоқ

28.

Адамдар өзінен бастық жасағанда, олар таңданбау үшін қолымнан келгенін жасаймын

иә

жоқ

29.

Мен апта сайын өзіме ұнамайтын адамдарды көріп тұрамын

иә

жоқ

30.

Көптеген адамдар мені көре алмайды

иә

жоқ

31.

Адамдардың мені сыйлағанын талап етемін

иә

жоқ

32.

Өзімнің ата-анама аз жақсылық жасағаным мені қинайды

иә

жоқ

33.

Мені әр кезде ашуландыратын адамдарға «өзім білемін» деп айтуға тура келеді

иә

жоқ

34.

Мен ашуланудан ешқашан көңілсіз болмаймын

иә

жоқ

35.

Маған тиесілі дәрежеден нашар қатынас туындаса мен ренжімеймін

иә

жоқ

36.

Егер кімде-кім мені өзінен шеттетсе, мен көңіл аудармаймын

иә

жоқ

37.

Мен мұны көрсетпесемде, мені қызғаныш билейді

иә

жоқ

38.

Кейде менің ойымша, маған күлетін сияқты

иә

жоқ

39.

Мен ашулансам да, «мықты» сөздерге сүйенбеймін

иә

жоқ

40.

Мен күнәмнің кешірілгенін қалаймын

иә

жоқ

41.

Тіпті егер біреу мені ұрса да, мен сирек жауап қайырамын

иә

жоқ

42.

Менің ойлағанымдай болмаса, кейде мен ренжіп қаламын

иә

жоқ

43.

Кейбір адамдар өзінің бір қатысуымен ашуландырады

иә

жоқ

44.

Менің шынымен жек көретін адамдарым жоқ

иә

жоқ

45.

Менің принципін: «Ешқашан өзгелерге сенбеу»

иә

жоқ

46.

Егер мені біреу ашуландырса, мен ол туралы не ойлайтынымның бәрін айтуға дайынмын

иә

жоқ

47.

Кейінірек өкінетін, мен көп нәрсе жасаймын

иә

жоқ

48.

Егер мен ашулансам, мен біреуді ұра аламын

иә

жоқ

49.

Мен балалық шағымнан ашуымның сыртқа шыққанын көрсетпеймін

иә

жоқ

50.

Мен әрдайым өзімді жарылайын деп тұрған оқ-дәрі бөшкесі сияқты сезінемін

иә

жоқ

51.

Менің не сезінетінімді бәрі білсе, мені бірге жұмыс істеуге қиын адам деп есептер еді

иә

жоқ

52.

Мен әрқашан адамның маған жағымды бір нәрсе жасауын құпия себептер мәжбүр етеді деп ойлаймын

иә

жоқ

53.

Егер біреу маған айқаласа, мен де айқалап жауап қайтарамын

иә

жоқ

54.

Сәтсіздіктер менің көңілімді қалдырады

иә

жоқ

55.

Мен басқалармен жиі де, сирек те төбелеспеймін

иә

жоқ

56.

Мені қатты ашу қысып, қолыма түскен заттарды сындырғанымды мен еске түсіре алмаймын

иә

жоқ

57.

Кейде мен төбелесті бірінші болып бастауға дайын екендігімді сеземін

иә

жоқ

58.

Мен кейде өмірдің маған деген әділетсіздігін сеземін

иә

жоқ

59.

Алғашында мен адамдардың көпшілігі шын айтады деп ойлайтынмын,бірақ қазір мен ондайға сенбеймін

иә

жоқ

60.

Мен тек ашулағандықтан ғана ұрысамын

иә

жоқ

61.

Мен дұрыс жасамасам мені ар-ұятым қинайды

иә

жоқ

62.

Мен өз құқығымды қорғау үшін қара күш жұмсаудан тайынбаймын

иә

жоқ

63.

Кейде мен өз ашуымды үстелді жұдырықпен ұру арқылы көрсетемін

иә

жоқ

64.

Маған ұнамайтын адамдармен мен дөрекілеу қатынаста боламын

иә

жоқ

65.

Маған зиян келтіретін жауларым жоқ

иә

жоқ

66.

Егер біреуді орнына қою керек болса, мен оны орнына қоя алмаймын

иә

жоқ

67.

Мен дұрыс өмір сүргенімді жиі ойлаймын

иә

жоқ

68.

Мені төбелесуге дейін апаратын адамдарды мен білемін

иә

жоқ

69.

Мен ұсақ нәрсеге бола ренжімеймін

иә

жоқ

70.

Мені ашуландырғысы және тіл тигізгісі келетін адамдар жайлы ойлар сирек келеді

иә

жоқ

71.

Маған жиі ескерту жасағанымен мен оны іске асырмаймын

иә

жоқ

72.

Мен соңғы кездері мылжың бола бастадым

иә

жоқ

73.

Ұрыс кезінде мен әрдайым дауыс көтеремін

иә

жоқ

74.

Мен адамдарға деген өзімнің жаман қасиеттерімді жасыруға тырысамын

иә

жоқ

75.

Мен дауласпай-ақ келісе саламын

иә

жоқ



НӘТИЖЕНІ ӨҢДЕУ

Жауаптар 8 шкала бойынша бағаланылады

  1. жүктеу 0,52 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау