Ісіктің іштік түрі - жедел хирургиялық ауруларға ұқсап, кенеттен іш ауырып, іш қатайа бастайды, іштің бұлшық еттері тартылып, іш перде тітіркенеді. Ауруларға «хирургиялық іш аурулары» деген диагноз қойылып, жедел медициналық көмек көрсетіледі, немесе консервативтік ем жүргізіледі. Біраздан кейін ауырсыну сезімі төмендейді де, клиникалық ағым гепатомегалия сияқты бауыр рагындай болады.
Бөгелме ісік түрінде - алғашқы клиникалық көрініс бөгелме ісіктердің орналасқан жеріне байланысты келеді. Өте жиі бөгелме ісік өкпеде, сүйектерде болғандықтан клиникалық
белгілер де, сол мүшенің ауруына ұқсайды. Бөгелме ісік екенін бауырдың ұлғайуы, оның шекарасының көмескі келуі, ағзаның уыттануы, шемендік т.б. белгілері дәлелдейді.
Терминальды кез - аурудың ең соңғы мезгілдері, барлық белгілердің жиынтығын көрсетеді. Ол бірнеше күннен бастап, бірнеше апталарға созылады. Аурудың хал-ахуалы өте нашарлайды, ауру өз бетінше қозғала алмайды; ауырсыну сезімі күшейіп, сарғаю және бауыр көлемі ұлғаяды. Емнен еш нәтиже шықпайды. Бауыр обырында анамнез, физикальды тексеру, қанды жалпылама сараптау, иммунохимиялық реакция (альфафетопротеин), рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер қажет болады.
Науқастың анамнезін жинау кезде, аурудың қалай дамығанын, ауырсыну сезімінің қалай өрбігенін аңғару керек.
Бауыр обырында клиникалық белгілер біртіндеп дамып, үдейді, кетпей қояды, бұған қоса аурудың хал-жағдайы төмендей береді. Бауыр обырының патогномитиклық көрінісі анықталмаған. Науқас шағымдары бауырдың басқа аурауларының клиникасына сәйкес келеді (созылмалы гепатит, бауыр циррозы). Арықтау, әлсіздік анемия, жүрек айнуы басқаша орналасқан обырда сияқты интоксикация белгілеріне жатады. Аурудың қалыпты ағымында негізгі симптомдары болып үдемелі әлсіздік, адинамия, тәбеттің төмендеуі, кахексия, жүрек айну және құсу жатады. Оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну сезімі және ауырлық сезімі пайда болады анемия дамиды.
Циррозбен жүретін бауыр обыры пайда болған жағдайда клиникалық көрінісінде қатерлі түзіліс көріністері болады. Науқастың жағдайы нашарлай бастайды, бауыр аймағында
аурысыну үдейді, үдемелі асцит, сарғаю, лихорадка, мұрыннан қан кету жиілейді, тері телеангиэктазиялар байқалады. Науқастың бұрыңғы ауруларына, оның тұрған мекен-
жайына байланысты описторхоздың қатынасын анықтау керек. Физикальды тексеру кезінде, көру, сипау, перкуссияда бауырдың үлкейгенін, оның қаттылығын, сарғайудың мөлшерін, іштегі суды, ондағы басқа ісік түйіндерін анықтаутқажет. Осылардан басқа, қауіп-қатерлі топқа жататын адамдардғы белгілерді ажырату керек. Физикальды зерттеудегі көріністер: Бауыр көлемі тез ұлғаяды, сонымен қатар оның төменгі шеті кіндік аймағында немесе одан төмен анықталады. Пальпациялағанда ол ауырсну сезімімен жүреді, тығыз, кедір- бұдыр, кей жағдайда шектелген ісіктік түйін байқалады. Бауыр метастаздары көп жағдайда бауырдың өзінде байқалады (мүше ішілік метастаз), бауыр қақпасындағы лимфа түйіндерінің метастазы, кіші шарбы, құрсақ, параортальды және
басқа мүшелерінің метастаздары кездеседі. Олар:
- оң жақ қабырға доғасы астынан бауырдың ұлғайғаны, ауырсыну сезімінің бар болуы,
- бауырдың тез арада үлкейіп, бет-пішінінің тегіс еместігі,
- сарғайудың біртіндеп үдеуі мен бауыр ісігінің анықталуы,
- дене қызуының көтерілуі және бауырдың ұлғаюы, ол жерде ауырсыну сезімінің орналасуы,
- созылмалы описторхоз ауруының болуы,
- цирроз ауруы және ауру адамның хал-жағдайының біртіндеп нашарлауы,
- вирус гепатиті (В және С) антигендерінің ағзада табылуы.
Қанды лаборториялық сараптаудан өткізгенде, ЭТЖ ұлғайып, лейкоцитоз анықталады, лимфоциттер саны кеміп, қан азаюы байқалады. Биохимиялық тексеру қаннан альбуминнің кемігенін, бета гаммаглобулиндердің көбейгенін, сілтілі фосфатазаның
белсенділігі артқанын аңғартады. Альфа-фетопротеин, ісік эмброниальды антигені,
карбогидратты анитген 19-9 онкомаркерлеріне қан тапсыру. Рентгенмен тексеру кезінде өкпедегі бөгелме ісікті анықтайды. Кейде оң жақ көк еттің жоғары тұрғаны сезіледі. Іш
қуысынан үлкейген бауырды, одан асқазан, ұлтабар, тоқ ішек қысылып ығысқаны көрінеді. Қанды иммунохимиялық зерттеу әдісі тарихта Абелев- Татаринов реакциясын туғызды. Жалпы Абелев-Татаринов реакциясы 60-80% бауыр рагымен (гепатоцеллюлярлы) ауырғандарда оң болады және сонымен бірге бұл реакция аталық, аналық бездерінің қатерлі ісіктерінде (тератобластома), іш перде артындағы ісіктерде де анықталынады. Тіпті жүктілік кезде де, басқа бауыр циррозымен аурғандарда да альфа-
фетопротеин белогы өсіп кетеді. Реакцияны қою өте оңай – тек 2-3 мл қан болса болғаны.
Кейінгі кезде бұл белокты құрғатылған фильтрлі қағазға қан тамызып, содан да белокты анықтап жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |