Бауыр қатерлі ісікке жиі ұшырайды, соның ішінде бөгелме ісіктерге. Бөгелме ісіктердің көпшілігі іш қуыс мүшелердің ісігінен пайда болады. Біріншілік бауыр обыры, екіншілік бөгелме ісіктерге қарағанда сирек кездеседі



жүктеу 37,87 Kb.
бет2/6
Дата12.11.2023
өлшемі37,87 Kb.
#44255
1   2   3   4   5   6
Бауыр рагі

Бауыр обырын тудыратын себептері.
Гепатоциттен пайда болатын обырында шешуші рөлді вирустар алады, әсіресе, вирус гепатиты В. бұдан басқа да афлотоксиндер мен алкоголь жатады. Вирус гепатиті В, басқа
С, Д және А-гепатитіне қарағанда зиянды келеді. Жер шарында гепатит В вирусымен 200 млн. адамдар ауырады. Созылмалы гепатит В (90%), Оңтүстік Батыс Африкада және Оңтүстік Шығыс Азияда өте жиі кездеседі. Осыларда бауыр рагы болу қаупі 150-200 есе жоғары болады. Жалпы гепатит вирусы, обыр туғызғыштық қасиеті бойынша, зияндығы жөнінен темекі мен тағамнан кейін үшінші орынды алады. Еуропа, АҚШ елдерінде созылмалы вирус гепатиты өте сирек (0,2-0,5%)кездеседі. Афлотоксиндер тағамда
болса, бұл да қауіпті. Афлотоксиндер - деп кереңқұлақтың (Aspergillus flavus) тіршілігінде пайда болатын у. Ол көгерген ұнда, жүгеріде, күріште, сояда болады. Олардың бауырға
канцерогендік әсері тәжірибеде дәлелденген. Өндірісі дамыған елдерде афлотоксиннен гөрі арақтың зиянды әсері басымырақ келеді. Маскүнемділік бауыр қызметін бұзып, оны циррозға әкеледі, ал цирроз боп өзгерген бауырда, ісік ауруы жиі кездеседі.
Бауыр циррозы - ісік алды ауру болып саналады. Арақты көп ішкен адамдарда бұл ауру 5-25% жағдайда кездеседі. Бауыр обырында циррозды өзгерістер 50-80% жағдайда қалыптасады. Кейде бұл екі ауру бір нәрседен пайда болып, қосарланып жүруі мүмкін. Квашиоркордың канцерогендік рөлі әлі осы күнге шейін дәлелденген емес. Квашиоркор - деп жас балаларда кездесетін бауыр ауруын айтады. Ол аштықтан пайда болып, бауыр ісініп, ұлғайады. Патогенезінде белок тапшылығы айқын сезіледі – бауыр клеткалары дистрофиялық өзгерістерге тап болады, тіпті, кейде ол өлімге де апарады. Әрине бауырдағы дистрофиялық өзгерістер дер кезінде емделінсе, ол өз бетінше кетіп, ісік ауруына әкелмейді. Сонымен гепатит вирустары, афлатоксиндер және маскүнемділік бауыр рагынының гепатоцеллюлярлы түрінде шешуші рөл атқарады, бірақ өт жолынан шыққан ракта бұлардың ешқандай қатысы болмайды.
Холангиоцеллюлярлы бауыр обыры - өт жолынан шыққан ісік, гепатоцеллюлярлы ракка қарағанда сирек кездеседі, Бірақ эндемиялық гельминттер (Opisthorchis felineus, Opisthorchis viverrini, Clonorchis sinensis) Ресейде, Қазақстанда, Украинада, Қытайда, Тайландта т.б. аудандарда жиі тараған. Обь-Ертіс өзенінің суларында (Волга, Кама өзендерінде де) гельминт-құрт (Codiella) моллюскада өмір сүреді. Бұл құрттың екі иесі бар –біріншісі жоғарыда көрсетілген моллюска, ал екіншісі балықтар (сазан, табан, шабақ т.б.). Осы балықтарды жеудің арқасында гельминт бұлардан адам ағзасына, иттерге, мысықтарға жұғады. Сонымен, созылмалы описторхоз ауруы өт жолынан шыққан бауыр обырының алдын-ала кездесетін ісік алды ауруы болып саналады. Бірақта, қазіргі таңда, бауыр обырының бұл түрінде құрттардың патогенездік рөлі әлі толық зерттелінбеген.
Алайда, өт жолдарынан өнген бауыр обырында екіншілік өт қышқылдарына ерекше канцерогендік мән беріледі. Екіншілік өт қышқылдары бактериялардың, гельминттердің әсерінен пайда болады. Созылмалы описторхоз ауруында анаэробты микробтар, бактериялар қосарланып өмір сүреді, солардың бірігіп әсер етуінен, бауырдағы өт жолдарында екіншілік өт қышқылдары біріншілік өт қышқылынан пайда болады. Ал екіншілік өт қышқылдары өт жолдарының шырышты қабатын ішектің шырышты қабатына ұқсатып, айналдырады. Тәжірибеде описторхозы бар өт, канцерогендік іс-әрекет жасайды. Бұл әрекетте гельминтке ерекше орын беріледі. Гельминтте сорғыш мұрт бар, ол сол арқылы өт жолдарында оның қабырғасына жабысып, сорады, сөйтіп неше түрлі артық өсінділер (ісіктер) туғызады. Бұларға қосымша, құрт өт жолын бітеп, өттің тұрып қалуына, яғни пайда болған екіншілік өт қышқылдарының зиянды әрекеттерін одан әрі созуға мүмкіншілік жасайды. TNM-ді бағалау ісіктің көріністерімен және клиникалық,
параклиникалық тәсілдердің нәтижесімен жүргізіліп, оған қоса морфологиялық, цитологиялық зерттеулердің қорытындылары (операция үстінде табылған өзгерістер де осыған кіреді) осы жүйені толықтырып отырады.
1 даму сатысы-T1N0M0 кез келген көлемдегі қан тамырларына жабыспаған жалғыз ісіктік түйін, аймақтық лимфалық түйіндерінде метастаз жоқ.
2 даму сатысы-T2N0M0 кез келген көлемдегі қан тамырына жабысқан жалғыз ісіктік түйін немесе көлемі 5 см дейінгі бірнеше ісіктік түйіндер, аймақтық лимфалық түйіндерге метастаз жоқ.
3А-T3N0M0 қақпа,бауыр көктамырының негізгі тармақтарына жабысқан көлемі 5см дейінгі бірнеше ісіктік түйіндер, аймақтық лимфалық бездерде метастаз жоқ.
3Б-T4N0M0бауырға іргелес орналасқан ағзаларда,ішпердеге таралған,бірақ өт қабына жабыспаған кез келген жалғыз немесе бірнеше ісіктік түйіндерде метастаз жоқ.
3С-T4N1M0 кез келген көлемдегі жалғыз немесе бірнеше ісіктік түйіндер, аймақтық лимфалық түйіндерде метастаздар бар.
4-T4N1M1 кез келген көлемдегі жалғыз және бірнеше ісіктік түйіндер, рактың аймақтық лимфа түйіндерінде және басқа дене мүшелерінде метастаздар бар. Халықаралық TNM жіктеуімен қатар күнделікті практикада тиімді емдеу тәсілін қолдану үшін клиникалық
жағдайда А, Б, С, Д жіктелуі бар.
А даму сатысы- бауырда көлемі 3 см-ден төмен жалғыз ісіктік түйін, бауыр рагының клиникалық белгілері жоқ.
Б даму сатысы- бауыр тінінде бірнеше ісік түйіндер бар, науқастың жағдайы жақсы.
С даму сатысы- бауырда бірнеше ісіктік түйіндер бар, бірақ олардың кейбіреуі бауырдың айналасындағы ағзаларға жабысқан, науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Д даму сатысы- ісіктің кең таралуына және оның асқынуынан бауыр қызметінің жетіспеушілігі, улану белгілері бар.

жүктеу 37,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау