Бастады 4 АҚпан 2015 жыл сәрсенбі



жүктеу 2,71 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата28.01.2020
өлшемі2,71 Mb.
#27490
1   2   3   4   5   6   7   8



6 (1713) СӘРСЕНБІ 4 АҚПАН 2015 ЖЫЛ

ЖАНА  ЗЕН

 3

Идеология майданының күрескері болды

Ж

аңаөзен  қаласы  халқының  айна-



сы «Жаңаөзен» газетінің алғашқы 

санының  шыққанына  25  жыл  то-

лып отыр. Маңғыстау мұнайшыларының жар-

шысы  болған  бұл  газет  негізінен  Маңғыстау 

мұнай,  газ  өндірісінің  ашылып,  алғаш  халық 

қызметіне қойылған анау 1970 жылы алғашқы 

нөмірі  жарық  көрген  «Жаңарған  Маңғыстау» 

газетінен  бастау  алады.  Алғаш  Маңғыстауға 

геологиялық барлау жорығының 1953 жылда-

ры басталған болса, 1961 жылы 5 шілде күні 

Жетібайда көп ұзамай 1961 жылы желтоқсан 

айында  бұрғылау  шебері  М.Кулебякиннің  №1  

ұңғысынан Өзен кен орынында тұңғыш мұнай 

бұрқағы атқылады. 

Бұл  Маңғыстауға  жаппай  жорық  баста-

латынынан,  ендіден  былай  ел  экономикасын 

дамытудың  басты  бағыты  Маңғыстау  мұнай 

өндірісі  болатынынан  хабар  берген-ді.  Мұнда 

еліміздің  түкпір-түкпірінен  мамандар  ағылды. 

Партия  мен  үкіметіміз  жедел  директива-

лар  қабылдап,  оны  жүзеге  асыру  басталып 

кетті.  Осылайша,  қысқа  уақыт  ішінде  алып 

өндіріс  ошағы  ашылып,  қала  орнады.  1965 

жылдың шілде айында Маңғыстау мұнайының 

алғашқы  эшелоны  Гурьев  мұнай  өңдеу  за-

водына  жөнелтілді.  1968  жылы  Өзен  ауданы 

ашылып,  оған  Жетібай,  Өзен,  Ералиев  елді 

мекендері  мен  мұндағы  өндіріс  ошақтары 

қарады.  Қоңырат-Бейнеу,  Мақат-Бейнеу-Өзен 

темір жолдары, Өзен-Гурьев-Куйбышев ыстық 

мұнай құбыры, Түйесу-Өзен, Жарма-Өзен же-

расты су құбырларының құрылыстары, Теңге 

газ  конденсаты  кенорны,  өзге  де  мұнай-газ 

кәсіпшіліктері  үсті-үстіне  ашылып,  тұңғыш 

қазақ газ айыру заводының алғашқы кезегінің 

құрылыстары  қауырт  жүріп,  мемлекетіміз 

Маңғыстау алып мұнай-газ өндірісін ашу үшін 

аянбай, мол қаржы құйылып, өндірістің қажет 

деген проблемалары жедел шешіліп жатты.

Иә, сөз жүзінде мұның бәрі оп-оңай бола 

қалып  жатқанға  ұқсағанмен,  іс  жүзінде  олай 

емес-ті.  Мың-сан  проблема  туындап,  оның 

шешілуі  сонау  жоғарғы  органдардан  бастап 

жергілікті жерде ең төменгі буындарға дейін сан 

қайтара күн тәртібіне қою, табандап талап ету, 

айтыс-тартыс, дәлелдеумен жүріп жатты. Дер 

кезінде  шешілмей,  мұның  өндірісті  дамытуға 

тұсау  болып,  етектен  тартып  жатқан  жайлар 

да аз болмады. Еңбек тәртібінің барлық жерде 

бірдей бола қоймай, жауапсыздық, аз еңбекпен 

көп асап қалу пиғылдары да болмай қалмады. 

Мұндай  жағдайлар  мұнай  газ  өндірісінде  де, 

құрылыста  да  мұнайшылардың  әл-ауқатын, 

әлеуметтік,  тұрмыстық  мәселелерді  шешуде 

орын алды. Мемлекеттік дүниелерге, қоғамдық 

өмірге  түрлі  көзқарастардың  орын  алуы  да 

белгілі  бір  дәрежеде  етектен  тартты.  Ал,  мұ-

ның  бәрі  сайып  келгенде  Маңғыстау  мұнай, 

газ  байлығын  халық  игілігіне    қоюды  тезде-

ту,  партия  мен  үкіметіміздің  директивалық 

жоспарларын  мерзімінде  жүзеге  асыру  ісіне 

кедергі келтірмей қоймады. Сөйтіп, Маңғыстау 

мұнай өндірісін партия, мемлекет шешімдеріне 

орай  тездету  ісі  жоспарланған  мерзімінен 

кешеуілдеп  қалып  жатты.  Қайсыбір  жергілікті 

басшылардың  кінәсінен  мұнайшылар  мен 

құрылысшылардың  әлеуметтік  мәселелері 

ойдағыдай  шешілмей,  біріне  бірі  байланысты 

мың-сан проблемалар алға шықты. Бұл партия 

мен үкіметіміздің шешімдеріне сәйкес келмейтін. 

Бұл  жағдайға  үкіметіміз  дер  кезінде  назар 

аударып,  жедел  оның  себептерін  анықтап, 

шұғыл  шараларын  алды.  Ол  себептердің 

бірі  -  интернационалдық  тәрбие  беру,  жас-

тарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеу,  алға 

қойылып отырған мақсаттармен, міндеттермен 

еңбекшілерді  дер  кезінде  ақпараттандыру, 

идеологиялық қамту, тағы басқалар болатын. 

Республикалық,  облыстық  газет,  телевиде-

ние, радиолардың өкілдері мұнда айлап-жыл-

дап,  алыс  жолдан  арып-ашып  бір-жар  келіп 

кеткені  партиямыздың  кең  көлемде  жүргізіліп 

отырған  идеологиялық  жұмысын  Маңғыстау 

мұнайшыларына,  құрылысшыларына,  яғни 

Маңғыстау  байлығын  игерушілерге  дер  ке-

зінде жеткізіп отыра алмады. Партия мен үкі-

метіміздің  мемлекеттік  шешімдері  де  мұнда 

дер  кезінде  жетіп  үлгермей  жатты.  Қайсы  бір 

кездерде  шешімдер  мұнда  келіп  жеткенше 

маңызын    жоғалтатын.  Жергілікті  жерде  өнді-

рісте, тұрмыста Маңғыстау байлығын игеруші-

лерді  әлеуметтік  қамтуда  кемшіліктер  орын 

алып, оны жою, түзетуге  ұзақ уақыт керек бо-

латын.. 


Бұл  жылдары  Маңғыстауды  игеруге  елі-

міздің,  Отанымыздың  түкпір-түкпірінен  келген 

132 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдықпен 

қол  ұстасып,  еңбек  етіп  жатты.  Міне,  осы 

Маңғыстау  мұнайын  игеріп  жатқан  сан  ұлт 

өкілдерін  бұрын-соңды  болмаған  туыстық, 

достық  рухта  тәрбиелеу  үшін  идеологияның 

күші қажет еді. Көп ұлттың достығы мен туыс-

тығы  болған  жерде  мемлекетіміз  алға  қойған 

ұлы  мұраттардың  ойдағыдай  орындалаты-

ны  іс  жүзінде  дәлелденген.  Сол  идеологияны 

күшейту қажеттігі туды. Өзен ауданы құрылып, 

оның  идеология  бөлімінің  бір  өзінің  жұмысы 

жеткіліксіз болды. Әр кәсіпорындар мен меке-

мелерде  жиналыс  өткізіп,  ауызша  жүргізілген 

үгіт-насихат, партия, совет органдарының ше-

шімдері  қанша  айқайлап  айтылса  да,  аудан 

халқына  түгел  жетіп  жатпайтын.  Мұның  сал-

дарынан  мұнайшылар  мен  құрылысшыларға 

аса  маңызды  шешімдер  уақытында  жетпей, 

не  ондағы  талаптар  дер  кезінде  орындал-

май  жатты.  Ал,  аудандық  партия  комитетінің 

идеология  бөлімі  екі-үш  қызметкерімен  ол 

міндетті  толық  атқара  алмайтын.  Партия  мен 

үкімет шешімдері мен нұсқауларын, мемлекет 

алға  қойып  отырған  директивалық  шешім-

дерді  халыққа  жеткізіп,  оның  орындалысын 

қамтамасыз ету – тек қана баспасөздің – ақ-

парат  құралдарының  көмегімен  ғана  мүмкін 

болатын.  Сондықтан  да  жаңа  ауданға  газет 

ашу    қажеттігі  туды.  Сонымен,  бұл  мәселе 

шешімін тапты да. 1970 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап «Жаңарған Маңғыстау» газеті жарыққа 

шықты. Бұл газетті шығаруға Гурьев облыстық 

партия  комитеті  мен  Жаңаөзен  аудандық 

партия  комитетінің  көңіл  бөлгені  сонша-

ма  -  журналист  маман  кадрларымен  түгел 

қамтамасыз  етті.  Бұл  жылдары  газетімізде 

еңбек  еткен  Мұқтасын  Суханбердиев,  Халел 

Сұлтангелдиев,  Сайын  Әділханов,  Күмісбай 

Әбдешов,  Сәшкен  Кебісбаева,  Тілеумұрат 

Қожабеков,  Мейрамбай  Қибасов,  Әбілқайыр 

Спанов,  осы  жолдардың    авторы  -  шетінен 

мен  атайын  сен  тұр  деген  сайдың  тасындай 

іріктелген журналистер болатын. Сол жылдары 

Маңғыстауда атқарылған ұлан ғайыр істердің 

барлығында  да  журналистердің  қолтаңбасы 

қалды.  Олардың  қай-қайсысы  да  қызмет  ба-

бын пайдаланып жан баласына қиянат жасау, 

бақай  есепті  білмейтін,  кісіге  күнім  түседі-ау 

деп не қызметімді көтерем деп өзінен жоғарыға 

жағыну жанына жат, жағымпаздықтан ада, қай 

құдайдың алдында да қара қылды қақ жарған 

әділдікті ту қып ұстанған тура жолдың жанда-

ры болатын. 

1973 жылдың сәуір айына дейін шығып, 30 

мыңдай ғана халқы бар ауданға 4 мың дана-

мен тарап тұрған бұл газет партия шешімдерін, 

мемлекеттік директивалық міндеттерді жүзеге 

асыруда теңдесі жоқ қызмет атқарды. 

1972  жылы  Советтер  Одағы  Коммунистік 

Партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының 

мүшесі,  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 

Комитетінің  бірінші  Секретары  Дінмұхаммед 

Ахметұлы  Қонаев  Жаңаөзенге  келіп,  Маңғыс-

тау мұнайшылары арасында болып, олардың 

өмір,  тұрмысымен  танысты.  Бұл  күнге  аудан-

дық  «Жаңарған  Маңғыстау»  газетінің  кезекті 

санын    Жаңаөзен  мұнайшыларының  бір  күнгі 

еңбек  тынысына,  өміріне  арнап  шығарып, 

газетіміздің сол нөмірін Д.А.Қонаевтың жеке өз 

қолына тапсыруға қол жеткіздік.

Жаңа  газеттің  редакция  ұжымы  партия 

мен  үкіметіміздің  нұсқау,  жоспарларын  мінсіз 

атқару жолында күресе отырып, Бүкілодақтық 

социалистік  жарысқа  қосылып,  1970  жылы 

Қазақ  ССР-ның  құрылғанына  50  жыл  толуы 

құрметіндегі  социалистік  жарыста,  Республи-

ка  бойынша  екінші  орын  алып,  «Жаңарған 

Маңғыстау» газеті де, оның қызметкерлері де 

Қазақ  ССР  мемлекеттік  Комитетінің  арнаулы 

Дипломымен марапатталды. 

Газет 3 жыл 3 ай ғана шығып, осы қысқа 

мерзім  ішінде  ұшан-теңіз  жұмыстар  атқарды. 

Ол  жылдардағы  газеттің  қиындықпен  атқар-

ған жұмыстарын бұл арада тізіп айтуды міндет 

қылмадық.  Ол  жылдардағы  бастан  кешкен-

деріміз, партиялық, мемлекеттік директивалық 

міндеттерді  жүзеге  асыру  жолындағы  күрес, 

табанды  талап  ету  мақсатындағы  айтыс-тар-

тыстарымыз өз алдына бөлек тарих. 

1973 жылы Қазақстан Компартиясы Орта-

лық Комитетінің жарлығымен Маңғыстау өлкесі 

дамыған өндірісі мен өз алдына дербес облыс 

болып құрылды да енді мұнда облыстық газет 

ашу  қажеттігі  туды.  Бұрын  негізі  қаланбаған 

жерде  жаңа  газет  ашу  ісі  оңайлықпен  жүзеге 

аса қалар шаруа емес-ті. Оған қосымша қар-

жы,  материалдық  негіздер  қажеттігі  өз  ал-

дына,  кадр  дайындау  ісіне  белгілі  бір  уақыт 

керектігі белгілі. Осындай шақта жаңа облысқа 

облыстық  газет  ашуға  Жаңаөзен  қалалық 

«Жаңарған  Маңғыстау»  газеті  негіз  етіп 

алынды.  Сөйтіп,  Өзен  аудандық  «Жаңарған 

Маңғыстау»  газеті  негізінде  облыстық  «Ком-

мунистік жол» газеті ұйымдастырылды. Оның 

қызметкерлері  түгел  облыстық  газетке  ауы-

стырылды.  Осылайша,  біздерге  Өзен  мұнай-

шыларының  тұңғыш  газетінің  де,  Маңғыстау 

облыстық «Коммунистік жол» (қазіргі «Маңғыс-

тау») газетінің де алғашқы сандарын шығаруға 

қатысу үлесі бұйырды. 

Осыдан кейін Жаңаөзеннің 17 жыл газетсіз 

жұмыс  жасауына  тура  келді.  Бұл  жылдары 

газетсіз қалған қалалық партия комитеті тағы 

да  сол  баяғы  күйін  қайта  кешті.  Көп  ұлтты 

қалаға халықтар достығын қамтамасыз етудегі 

қиындықтар  қала    өмірінде  анық  байқалды. 

Бірақ  оның  шешілуі  тағы  да  оңайға  түспей, 

ұзаққа созылды. Ақыры, 1990 жылдың 1 қаң-

тарынан  бастап  «Жаңаөзен»  газетін  шығару-

ға қол жетті. Бұл жылдары 40 мыңдай халқы 

бар  өз  алдына  дербес  қалада  газетке  деген 

қажеттілік, мүдделілік көрініп тұрған. Бұрынғы 

«Жаңарған  Маңғыстау»  газетінің  атқарған 

қызметін көріп қалған қала халқы «Жаңаөзен» 

газетінің  ашылуын  қол  соғып  қарсы  алды. 

Газетке  деген  халықтың  бұл  жылдардағы 

құлшынысын  айтып  жеткізу  мүмкін  емес. 

Барлық  мекемеде  газетке  жазылу  жүргізіліп, 

қысқа уақытта газетке жазылушылар саны он 

мыңнан асып кетті. Ал, қуаты шағын баспаха-

на  6  мыңнан  артық  басып  шығара  алмайтын 

болды.  Сөйтіп,  амалсыздан  газетіміздің  та-

ралымын  алты  мың  данамен  шектеуге  тура 

келді. Артық 4 мың адамның ақшасы қайтарып 

берілді.  Бұған  наразы  болғандар  қалалық, 

облыстық  партия  комитеттеріне  дейін  арыз-

данғаны есімде. Ал, қазір жаппай насихаттап, 

бедел  салып  жүргеніңде  130  мыңнан  астам 

халқы бар қалада 3500-4500 дана төңірегінде 

таралып  тұр.  Әрине,  бұл  –  ол  кездегі  газетке 

деген  оқырмандарымыздың  құлшынысымен 

салыстыруға  келмейтін.  Мұның  себебін  зерт-

теп, газет таралымын қайта көтерумен барша-

мыз  болып  жедел  айналысу,  шұғыл  шарала-

рын алу қажеттігін көрсетеді. 

Ол кезде газеттің ақпараттық күші өз алды-

на, оны ұжымдық үгітші, насихатшы ғана емес, 

сонымен  бірге  ұжымдық  ұйымдастырушы  да 

деп  білетін.  Газеттің  сол  қадір-қасиетін,  оның 

бойында  бар  күш-қуатын  қазір  де  ешкім  тар-

тып алған жоқ. Ендеше оның сол қасиеттерін 

қайтарып, бұрынғы қалпына келтіріп, не одан 

да  ұштап,  жақсартып  жіберсе  артық  болмас 

еді. 

«Жаңаөзен»  газетінің  алғашқы  санын 



шығарысу үлесі де маған бұйырды. Сонымен, 

бүгін  жарық  көргеніне  25  жыл  толып  отырған 

газетіміз осы ширек ғасырлық ғұмырында көп 

қызмет  атқарғаны  даусыз.  Оның  оң  қызметі 

көп болды. Кемшіліктері де болмай қалмады. 

Мұның  бәрі  осынау  25  жыл  ішінде  газетке 

басшылық жасаған редакторлары – М.Қибасов, 

А.Айдаров,  Т.Жакешова,  М.Ұлықпанов,  Г.Бө-

лекбаеваның қызметтерінен көрініп жатты.      

Газетіміздің  соңғы  25  жылдық  тарихын-

да  мемлекеттік  міндеттерді  шешу  жолындағы 

күресте айтыс-тартыс сәттері де аз болмады. 

Ол  -  ұзақ-сонар  тарих.  Ал,  мұның  бәрі  сайып 

келгенде жеке бас қамы емес не бөлісе алмай 

жатқан  ештеңе  жоқ,  мемлекеттік  істерді  алға 

апару жолындағы игі мақсаттардан туындаған 

жайлар    болатын.  Соның  бәрі  сайып  келген-

де  оң  қызмет  атқарып,  игі  мақсаттар  жүзеге 

асырылды.  Мұны  кезінде  жұртшылық,  газет 

оқырмандары дұрыс түсініп, қабылдай білді. 

Газеттің  міндеті  –  идеологиялық  тәрбиені 

жүзеге  асыра  отырып,  бұрынғы  қалалық 

партия  комитетінің,  кейін  қала  әкімдігінің 

қызметіне  көмектесіп,  оның  оң  қолы  болып, 

жергілікті  жерде  мемлекеттік  міндеттерді  ше-

шуге  идеологиялық  тұрғыдан  үлес  қосып, 

атсалысу,  өміріміздің,  өндірісіміздің,  өзге  де 

шаруашылықтарымыздың,тұрмысымыздың 

күнгей  жағын  жарқырата  көрсетіп,  көлеңкелі 

тұсын жойып, кемшілік атаулыны болдырмай, 

оны  жедел  түзетіп,  жолға  қоюды  қамтамасыз 

ету,  нәтижеде  Президентіміз  бен  үкіметіміз 

алға  қойып  отырған  ұлы  мұраттарды    жүзеге 

асыруға  лайықты  үлес  қосып,  атсалысу.  Бұл 

міндеттерді  жүзеге  асырып,  тиісті  межеден 

шығу  үшін  газетке  басшылықты  күшейтіп, 

жетілдіре түсу қажеттігі белгілі. 

Бұрынғы  Өзен  баспасөзі  «Жаңарған  Маң-

ғыстау» газетінің жалғасы болған, бұл күндері 

ширек  ғасырлық  тәжірибесі  бар  «Жаңаөзен»  

газеті  алдағы  уақытта  да  осы  үдеден  шығып, 

әрдайым  қала  халқының,  оқырмандарының 

жоғары талаптары деңгейінен көріне бермек.

Жоламан АЙДАРБАЕВ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі.



• «ЖАҢАӨЗЕН» ГАЗЕТІНЕ – 25 ЖЫЛ

Тәрбие ұйытқысы

Ө

зіңнен 


алдыңғы 

буынды  үлгі  тұтып 

өсуің  -  заңдылық. 

Мен де «Жаңаөзен» газетінің 

алғашқы  оқырманы  болған 

күннен  бастап,  мақалалары 

апта  сайын  жарияланатын 

жас  тілшілерге  қызыға  қа-

райтынмын.  Соларға  қарап 

үлгі  алып,  солардың  жазған-

сызғандарына  қарап,  ақ  па-

рақ бетін шимайлайтын едім.

Алғаш  газет  бетіне  өзім 

жазған  өлеңім  шыққанда, 

өзімді  ұлы  ақын  сезінген 

едім. Балалық шағымның бір 

бөлшегіне  айналған  сүйікті 

газетім  маған  терең    ойлау-

ды,  сауатты  жазуды,  шешен 

сөйлеуді үйретті.

«Жаңаөзен» 

газетіне 

бір  шумақ  өлеңім  болсын, 

мақалам  немесе  шағын  жаз-

бам  шықса,  ұстаздарым 

арнайы  жиналыс  жасап, 

құттықтайтын.  Басқа  оқу-

шыларға  үлгі  болсын  де-

ген  ниетпен,  тіпті  дауыстап 

оқытатын. Оқушы үшін бұдан 

асқан  абырой  бар  ма?! 

«Жаңаөзен»  газетіне  бауыр 

басқаным  соншалық,  бір  нө-

мерін  қалдырмай  оқимын. 

Болашақта  қолыма  қалам 

ұстап,  ақпарат  айдынына 

жол  тартуыма  себепкер,  бо-

лашағымды 

айқындауыма 

бағыт-бағдар  сілтеуші  жур-

налист  мамандығын  таң-

даймын.


Тізе  берсек,  «Жаңаөзен-

нен»  ұлағат  алып  өскендер 

де, ақтарылар ақ тілектер де 

тіпті  көп.  Бәрімізді  тәрбие-

леген, тура жол сілтеген  «Жа-

ңаөзен»  газетіне  мың  алғыс! 

Мерекеңмен,  менің  сүйікті 

газетім! 



Бақыт ІЗЖАНОВА,

№17 орта мектеп 

оқушысы.

Апта сайын халықпен тілдесетін,

Жол тауып жүректерге үндесетін.

Қаламның көзі, сөзі һәм құлағы

«Мақсат ортақ, мүддеміз бір» десетін.

Дарынын біліп, ашқан қабілетін,

Танытып қоғамның сыр-әлеуетін.

Арман қуған, өмірге құштарларға

Көрсетіп әлемнің бар кереметін.

Бұлақтай шөлдегеннің шөлін басқан,

Толқындай буырқанып асып-тасқан.

Ақтарып тарих-сандық құпиясын

Жеткізген бабалардан жәдігер-дастан.

Мүшелге жеткен биыл «Жаңаөзенім»!

Көрсетіп азаматтық шын кемелін.

Ұстаздай қолға қалам ұстатқызып

Шабыт-жырдың желбіреткен желегін!

Бақытымды сенен жарқын көремін,

Жолың сара, сөзің дана сенемін.

Қаланың түйткіл тыныс- тіршілігін

Газетімнен хабардар боп келемін.

Тілшілерің батыл, батыр қайыспас!

Жаны болат қиындыққа майыспас.

Ауа райы ыстық, боран, жауында

Жаңалықты іздеу үшін жалықпас!

Арасында түрлі-түрлі жағдайдың,

Халқыңменен қуанышың,бір қайғың.

Мәңгіліктің жаршысы бол «Жаңаөзен»

Шын жүректен бата беріп қол жайдым!

Орынгүл СМАҒҰЛ, 

Қазақстан Журналистер 

Одағының мүшесі

Мүшел жас құтты болсын 

«Жаңаөзенім»



жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау