Бастады 4 АҚпан 2015 жыл сәрсенбі



жүктеу 2,71 Mb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата28.01.2020
өлшемі2,71 Mb.
#27490
1   2   3   4   5   6   7   8

Таралымы

3700 дана

•  Газет  жарияланымдарындағы 

автор  пікірі  редакцияның  түпкілікті 

көзқарасы болып есептелмейді. 

•  Жарияланған  материалдарды 

сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

•  Жарнама,  хабарландырулар 

мазмұнына редакция жауап бермейді.

•  Редакцияға  жолданған  мате-

риалдарға рецензия жасалмайды және 

қолжазба авторға қайтарылмайды.

•  Тақырыптық  суреттер  ғалам-

тордан алынады. 

А

Меншік иесі: 



«Маңғыстау-Медиа» ЖШС

Директор 

Маңдайлы ҚОСЫМБАЙ.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат 

Министрлігі Ақпарат және мұрағат 

комитетінде 6 ақпан 2013 жылы 

тіркеліп, №13359-Г куәлігі берілген.

Кезекші редактор: 

А.СӘРСЕНОВА.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:  130200,  Маңғыстау  облысы, 

Жаңаөзен қаласы, қалалық әкімдік үйі, 1 қабат. 



БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫМЫЗ:                                                  

Редактор: 51-5-78,  жарнама бөлімі: 50-3-60.



Редактор Гүлназ БӨЛЕКБАЕВА



6 (1713) СӘРСЕНБІ 4 АҚПАН 2015 ЖЫЛ

- жариялау ақысы 

төленген.  



Газет редакцияда теріліп, беттелді. 

«СASPIY PRINT» ЖШС баспаханасында басылды.

130000, Ақтау қаласы, 22 ш/а. Тел.: 75-09-99, 75-06-66.

Газет аптасына 1 рет 

сәрсенбі күні шығады. 

ЖАНА  ЗЕН

ЖАНА  ЗЕН

8

Әр адам өз қабілетіне, икемделігіне 

қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. 

Тек  адамның  белгілі  бір  мамандықта 

игеруге ынта-ықылас бар болса, әри-

не,  алынбайттын  қамал  жоқ.  «Адам 

-  өміріндегі  жар  таңдаудан  және  ма-

мандық  таңдаудан  алжаспауы  ке-

рек» деп, бекер айтпаса керек. Себебі 

өміріміздің мәнді де, сәнді болуы осы 

екеуіне байланысты. 

М

іне, мысалымыздың дәлелі ретінде 



№19  орта  мектеп  кітапханашысы 

Моншақ  Айтқалиқызы  Джанова 

жайлы  айтып  кеткенім  жөн  болар.  Моншақ 

осы мамандықтың иесі болған күннен бастап, 

дәл осы күнге дейін қажымай, талмай 25 жыл 

қызмет етіп келеді. Себебі, сөзіміздің басында 

айтқандай,  өзінің  жүрек  қалауымен  таңдаған 

кәсібінде  жұмыс  жасаудың  қаншалықты 

мақтаныш,  қуаныш  екенін  бәрі  сезе  бер-

мес.  №19  орта  мектепте  6  жылдан  бері 

Моншақ  апай  жұмыс  жасап  келе  жатыр.  Ол 

кісі тек қана өз кәсібінің маманы болып қана 

қоймай,  талай  кітаптардың  өнер  жырларын, 

жазушылардың  маржан  сөздерін,  тарихы-

мызды  оқушылардың  санасына  құя  білген 

ұстаз  екеніне  куәміз.  Қаншама  оқушылардың 

кітап оқуға деген  қызығушылығын оятап, оны 

қадірлеп-қастерлеуге  үйретуге  жалықпайтын 

жан.  Осы  кітапханаға  Моншақ  апайдың  әң-

гімесін  тыңдап,  кітап  оқуға  келетін  сансыз 

шәкірттері бар. Міне, осы еңбек бір қарағанда 

жай көрінгенмен, оның артында қанша еңбек, 

оқушыларға деген мейірім, олардың одан әрі 

білімін  дамытуға,  ізденуге,  үйретуге  деген 

талпынысын арттыруға өзінің еренсіз еңбегін 

қосып отыр. 

Моншақ апай тек өзінің кәсібінің тек білікті 

маманы  ғана  емес,  сонымен  бірге  ол  адал 

жар, екі қыз бен бір ұлдың бақытты анасы.  

Өзінің білікті маман екенін де көзімізді та-

лай  жеткізді.  2011  жылы  «Үздік  кітапханана-

шы»  атағына  лайық  болса,  2014  жылдың 

қарашасында өткен қалалық «Үздік кітапхана-

шы» сайысында I орынды иеленді, облыстық 

кәсіби шеберлік сайысында II орынға ие бол-

ды. Бұл, әрине, тынымсыз еңбегінің, өз кәсібін 

жетік  біліп,  ізденуінің  нәтижесі.  Өмірде  жай-

дарлы  да  жайсаң  адамдар  бар  жерде,  өмір 

одан әрі гүлдене жалғасады. 

Ктабия АЙТЫМБЕТОВА,

№19 орта мектептің ағылшын 

тілі пәнінің  мұғалімі.

Кәсібіне адал жан

Ф.Оңғарсынованың шығармашылығынан 

мәнерлеп оқу сайысының ЕРЕЖЕСІ

Сайысқа  жоғары  сынып  (14-17жас 

аралығындағы) оқушылар қатыса алады.



Сайыс үш кезеңнен тұрады:

1  кезең  -  Ф.Оңғарсынованың  бір 

шығармасын жатқа оқу;



2  кезең  -  Республикаға  танымал  ақын-

жазушылардың Фаризаға арналған өлеңдерін 

оқу (1-3 минут)

3 кезең - Еркін тақырыпта проза немесе 

драмадан үзінді оқу; (5 минут)



Байқаудың мақсаты:

Поэзия  патшайымы  Фариза  Оңғарсы-

нованың  жырларын  жастарға  таныстыру 

арқылы  оларды  отансүйгіштік  рухқа  тәр-

биелеу, туған ел, туған жерді сүюге шақыру, 

«Мәңгілік  ел»  идеясын  дәріптеу,  талғампаз 

да талантты жастарды табу.

Көркемсөз  мәтінін  оқу  шеберлігіне 

қойылатын талаптар:

- дауыс мәнері және тіл тазалығы;

- мәтінді таңдау талғамы;

Байқау қалалық  мәдениет және тілдерді  

дамыту  бөлімінің  қолдауымен  және  «Өнер»  

Мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіп-

орнының  ұйымдастыруымен  2015  жылдың 

11  ақпан  күні  сағат  15.00.-де  «Мұнайшы» 

мәдениет сарайының концерт залында өтеді.

Байқауға қатысатын талапкерлердің  

сұраныстары  2015  жылы,  ақпанның  10 

дейін   «Мұнайшы» мәдениет үйі, 208 ка-

бинетте  қабылданады.

Қатысушылар  төмендегі  көрсетілген  

құжаттарды  және  кестені  толтырып,  тапсы-

руы керек.

1. Күәлік көшірмесі.

2. 9/13 фото сурет.

Аты-жөні


Оқу орны

Тақырыбы


1.

 

Байланыс  телефондарымыз: 



32-3-65

Факс: 


30-5-65.

«Өнер» мемлекеттік коммуналдық 

қазыналық кәсіпорны.

Т

абиғат 



тылсымына 

терең  бойлай    білген 

адам 

ғажап 


күйге 

бөленеді.  Оның  ішінде  құстар 

әлемі  көптеген  құпияға  толы. 

Қазекем  ерте  кезден-ақ  көкте  

қалықтаған  тіршілік  иелеріне 

назар  аудара  білді.  Әлі  күнге 

дейін  жалғасын  тауып  келе 

жатқан  құсбегілік  өнер  -  осы 

сөзіміздің  айқын  дәлелі.  Қазақ 

халқы  оларды  қастер  тұтты.  

Қазақстан  территориясы  құс-

тардың  неше    түріне  өте  бай. 

Онда құстардың 481 түрі мекен-

деп, күз айларындағы саны ша-

мамен  18-20  миллионға  жетеді. 

Міне,  бұл  қаншама  байлық  де-

сеңізші!  Оларды  қорғап,  пайда-

лана білуге тиіспіз.

Адам  үшін  қанаттылардың 

пайдасы  өте  зор.  Бізде  тіршілік 

ететін  құстардың  біразы  аңшы-

лық  үшін  ауланып,  дәмді  ет 

пен  мамық  қауырсын  береді. 

Мәселен,  қазірде  Қазақстанда 

жылына  3,2  миллион  құс 

аңшылардың  олжасы  болады. 

Олар  -  үйрек,  қаз,  қасқалдақ, 

балшықты  су  құстары.  Жасыл 

желек  жамылған  кең  байтақ 

даламызда  ұшып  жүрген  біраз 

құстар (шымшық, торғай, тоқыл-

дақ, ементұмсық және тағы бас-

қалар) егістік, бау-бақша, орман 

зиянкестері  -  насекомдармен, 

кеміргіштермен қоректеніп, ауыл 

шаруашылығына  айтарлықтай 

пайдасын тигізеді.    

Соңғы  жылдары  құстардың 

тек Қазақстанда ғана емес бүкіл 

жер  шарында  кейбір  түрлерінің 

саны  азайып  бара  жатқаны 

байқалады.  Сондықтан  да  ел-

елде  оларды  қорғау  шарала-

ры  жүзеге  асуда.  Сол  сияқты 

қазірде біздің республикамызда 

да  осындай  жұмысты  жүргізу 

кең  қолға  алынды.  Саны  күрт 

азайып  кеткен  аң-құстарды  шұ-

ғыл  зерттеу  арқылы  келешек-

те  олардың  таралған  аймағы 

анықталып,  кей  жерлерде  қор-

ғау шаралары жүзеге асырыла-

тын  болады.  Қазақстан  ғалым-

дары осындай құстардың тізімін 

алып,  табиғаттың  «Қызыл  кіта-

бын» жасауда.

Мергендік өнерді серік еткен 

кейбір адамдар оларды қырып-

жоюдан  басқаны  ойлайтын  түрі 

жоқ. Халықаралық орнитология 

қауымдастығы 1 сәуірде жылма-

жыл құстар күнін атап өтеді. 1906 

жылы құстарды қорғау жөніндегі 

конвенцияға  қол  қойылып,  көп-

теген  елдер  оған  ерекше  на-

зар аудара бастады. Одан бері 

бір  ғасырдан  астам  уақыт  өтті. 

Дүниежүзінің  ғалымдары  бұл 

бағытта  ауқымды  істерді  қолға 

алып  келеді.  Естуімізше,  Еу-

ропа  елдерінде  осы  мақсатта 

жұмыс жасайтын арнайы орын-

дар бар екен. Әрине, оның оңды 

жағы  аз  емес.  Алдымен  құстар 

әлемін зерттеуге көңіл бөлінеді. 

Қанатты  тіршілік  иелерінің  әр-

бірі  -  өзінше  бір  дүние.  Сыры-

на  үңілсең,  өзің  біле  бермейтін 

құпияға  қанығасың.  Сондай-ақ 

ғалымдар  құстардың  негізсіз 

жойылып  кетпеуіне  назар  ауда-

рады.  Әсіресе,  адамдар  тара-

пынан аяусыз қырып-жоюға жол 

бермеуге күш салады.



Айсұлу ИСМАИЛОВА,

№ 6 «Балапан» МКҚК 

балабақшасының  

«Өзін-өзі тану» пәні 

жетекшісі.

• ОЙ ҚОЗҒАР

Құстар әлемін зерттеп 

жүрміз бе?

Құстың  ұшқанына,  қанат  қаққанына,  қалай  қарай 

бағыт  алғанына,  тіпті  жем  іздеп  шоқығанына  дейін 

зерделейтін  ұлт  өкіліміз  ғой.  Соған  қарап  жыл  мезгілін, 

ауа-райының  өзгерісін  болжап  білгенін  әдебиет 

беттерінен көріп, оқып жүрміз. Ал қазір қалай?

Қ

алың елдің қамқоршысы мен 



қорғаны  болған  асыл  ер-

лердің  бірі  -  батыр  атамыз 

Барақ Сатыбалдыұлы. Қиын кезде ел 

панасы  болған  батырға  ақын-жыршы 

Тілеумағанбет  Аманжолов  «Асау-Ба-

рақ»  жырын  арнаған.  Жырды  жинап, 

зерттеп, талдап, тұтас күйінде баспаға 

дайындаған  филология  ғылымының 

кандидаты Қаржаубай Жұмажанов.

«Асау-Барақ»  жырында  тарихи 

шындықтың үлкен көрінісі, нақты тари-

хи  оқиғалар  мен  фактілер  мол  орын 

алған.

Жыр қазақ тарихын шолумен бас-



талады:

Қазақ қазақ болғалы,

Қонысқа қазақ қонғалы,

Қазағыңды баяндап,

Бір азырақ толғалы.

Төрт төңірек жауменен

Атысып қазақ күн көріп,

Баланы жаудан қорғаған.

Орыстан бұрын қазақтың-

Қалмақ еді бір жауы.

Жырда  елім  деп  еңіреген  Есет, 

Бөкенбай , Маман, Тауасар, Атақозы, 

Сырым, Өсер, Жәнібек, Серке, Қабақ, 

Тілеу,  Тайшы,  Алдасай,  Көней  атты 

батырлар,  Түгел  сынды  дана  қарт, 

Құдайсүгір  мырза,  Мөңке  шешен,  Бө-

кей  сұлтан,  қазақтың  ақ  киізге  салып 

хан көтерген хандары Әбілқайыр хан, 

оның  ұрпақтары  болған  Нұралы,  Ай-

шуақ, Ералы хан есімдері аталып, Кіші 

жүз  хандарының  басқарған  дәуірінің 

шындығы  айтылады.  Жырда  айбын-

ды батыр Барақтан Айшуақ хан көмек 

сұрағаны,  Барақ  пен  Айшуақтың  дос 

болғаны  сөз  болады.  Орыстың  аяр 

саясатына  ерген  Нұралы  ханның  ша-

ғымымен  Сібірге  айдалған  Айшуақ 

ханды  арашалап  алмақ  болып,  пат-

ша  үкіметіне  қарсы  соғысқа  шығады. 

Жырда бұл соғысқа қатысқан Кіші жүз 

батырларының ерліктері суреттеледі. 

Жырда:


Әлім менен жетіру

Айшуақ  ханды  қалады...  -  деген 

жолдар кездеседі.

Ал Әбілқайыр хан туралы жырда:

Әбілқайыр хан екен

Әділдігін сұрасаң

Шалқымай жанған шам екен - деген 

жолдар  Әбілқайырға  деген  құрметті 

білдіреді. Жырда Кіші жүз хандарының 

бейнесі тамаша сомдалған. 



Наурызбек ЖҰМАМҰРАТОВ,

№18 орта мектептің 

11 сынып оқушысы.

• ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ

Жырдағы айбынды батырлар



Әрбір халық өзінің ұлттық тарихын басқа халықтардың тари-

хынан кем санамайды. Біздің қазақ халқының тарихы  ұлы да ұзақ 

тарих.  Тарихымызда  айтулы  оқиғалар,  ерен  жеңістер,  сан  қилы 

ауыр жағдайлар көп болған. Тарих арқылы ержүрек бабалармен 

жүздесеміз, олардан үлгі аламыз. 

К

ез-келген 



оқыту 

белгілі 


мөлшерде  адамды  дамыта-

ды. Оқитын пәнді түсіндіруде 

қаншалықты  жаңа  әдіс  болса  да 

мұғалімнің  шеберлігі    қандай  жоғары 

болса  да,  мұғалім  оқушының  өз 

белсенділігін  туғыза  алмаса,  бер-

ген  білім  күткен  нәтиже  бермейді. 

Оқушының  адам  ретінде  қалыптасуы 

белсенділік  арқылы  жүзеге  асады. 

Жаңа  технологияның  басты  мақсат-

тарының  бірі  -  баланы  оқыта  оты-

рып,  оның  еркіндігін,  белсенділігін   

қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім  

қабылдауға  дағдыландыру.  Жаңа  

әдістерді  пайдалануда  өзіміз  қолда-

нып  жүрген  әдістерді  жаңа  жағдайға 

бейімдей пайдалануымыз керек. 

Өзім  қолданып  жүрген  «Сын  

тұрғысынан 

ойлауды 


дамыту»  

бағдарламасына  тоқталсам,  бұл  

жүйеде  қойылатын  сұрақтар  про-

блемалы,  ойлануды  қажет  ететіндей  

беріледі.  Оқушы  сондай  сұраққа  өз  

ойын  ,өз  пікірін  білдіре  жауап  беру-

ге  дағдыланады.  Жаңа  материалды  

талдауға  үйренеді.  Сын  тұрғысынан  

ойлауды үйрету жеңіл емес. Дегенмен, 

сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытатын 

оқыту  жағдайлары:  сын  тұрғысынан 

ойлау  тәжірибесінде  мүмкіндік  пен 

қажеттілігі,  оқушылардың  ойлануы-

на рұқсат ету, оқу  үрдісіне  белсенді 

қатысқан оқушыларды мадақтау пікір-

лерін дұрыс қалыптастыра көмектесу, 

сын 

тұрғысынан 



қарастырылған 

мәселелердің  құндылығын  білдіру. 

Сабақта  қолданатын  әдістер  сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамыту  техно-

логиясы  бойынша  стратегиялардың 

құрылымы, сабаққа дайындық, оқыту 

барысында қолданылатын, үй жұмысы  

ретінде  берілетін  стратегияларға  

бөлінеді.  Солардың  бірнешеуінің  

жүргізу  әдістемесін  назарларыңызға  

ұсынамын.

Қазақ  тілі  пәнінен  «Көмектес  

септік»  тақырыбында  сабақ  өттім.

Оқушыларым 

өткен 

сабақты  



пысықтауда постер қорғады.

Сонымен  қатар  оқушыны  жалық-

тырмай,  қызықтыра  отырып  оқыту 

үшін  қазақ  тілінен  білім  беру  үстінде 

схема,  таблица,  АКТ-ны  пайдалану 

оқушының  білген  үстіне  біле    беруіне 

әсер  етеді.  Филлердің  «Бойыңда 

білімің  бар  екен,  одан  басқаларда  өз 

шырақтарын  жағып  алардай  жағдай 

туғыз.»  –  деген  қағидалары  қазіргі 

уақытта  да  маңызды  болып  отыр. 

Бүгінгі  таңда  білім  берудін  озық  тех-

нологияларын  меңгермейінше,  сауат-

ты  әрі  жан-жақты  болу  мүмкін  емес.

Сын  тұрғысынан  ойлау  сынау  емес, 

шыңдалған  ойлау,  бұл  деңгейдегі  ой-

лау  тек  ересек  адамдарға,  жоғары 

сынып оқушыларына ғана тән деп ой-

лау аса дұрыс түсінік емес. Орта буын  

және кіші буын сынып оқушылары да 

дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз 

даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып,  

белгілі  бір  жетістіктерге  жетеді.  Оған  

осы жобамен жұмыс жасау барысында  

көз жеткіздім.

Гүлжан ТИЛЕУБАЕВА,

№11 орта мектептің бастауыш 

сынып мұғалімі.

• ӘДІСТЕМЕ

Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлау 



жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау