Бастады 4 АҚпан 2015 жыл сәрсенбі



жүктеу 2,71 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата28.01.2020
өлшемі2,71 Mb.
#27490
1   2   3   4   5   6   7   8



6 (1713) СӘРСЕНБІ 4 АҚПАН 2015 ЖЫЛ

ЖАНА  ЗЕН

4

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ту-

ралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан 

Республикасы    Заңының  25  бабына    және  

Қазақстан Республикасы Президентінің   2012 

жылғы  29  қазандағы  №  410  «Қазақстан  Ре-

спубликасы  мемлекеттік  органының    үлгі 

ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, 

Жаңаөзен  қалалық  мәслихаты



  ШЕШІМ 

ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  (бұдан 

әрі-мемлекеттік мекеме) Ережесі жаңа редак-

цияда бекітілсін.

2.  Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының  ап-

парат басшысы (И.Орынбеков) осы шешімнің 

әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелуін, 

оның бұқаралық ақпарат құралдарында рес-

ми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-

құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз 

етсін.


3.  Осы  шешімнің  орындалуын  бақылау 

Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының  аппарат 

басшысына (И.Орынбековке) жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мем-

лекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді 

және  ол  алғашқы  ресми  жарияланғаннан 

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі.  



Сессия төрағасы                           Е.ӨТЕЕВ.

Қалалық мәслихат 

хатшысы                               С.МЫҢБАЙ.

Бұл  Шешім  Маңғыстау  облыстық  Әділет  департаментінде  27  қаңтар  2015  жылы 

№2602 тіркелді.

«Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппара-

ты жөніндегі ереже» туралы Жаңаөзен қалалық 

мәслихатының 1999 жылғы 23 желтоқсандағы № 

2/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

туралы


2014 жылы «19»  желтоқсандағы №  35/276 Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының шешімімен бекітілген

«Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесінің   ЕРЕЖЕСІ



19 желтоқсан 2014 ж.

№ 35/276

Жаңаөзен қаласы.   

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  Жаңаөзен 

қалалық  мәслихатының  қызметін  және  қа-

лалық  мәслихат  депутаттарының  жұмысын 

қамтамасыз  ететін  Қазақстан  Республика-

сының мемлекеттік органы болып табылады.

2.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы-

на,  Қазақстан  Республикасының  Заңдарына, 

Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен 

Үкіметінің  нормативтік  құқықтық  актілеріне, 

өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және 

осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  ұйымдық-

құқықтық  нысанындағы  заңды  тұлға  бо-

лып  табылады,  мемлекеттік  тілде  өз  атауы 

бар  мөрі  мен  мөртаңбалары,  белгіленген 

үлгідегі  бланкілері,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының 

заңнамасына 

сәйкес 


қазынашылық органдарында шоттары бар.

4.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  азаматтық-

құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  Егер  заңнамаға  сәйкес  оған  уәкілеттік 

берілген болса, «Жаңаөзен қалалық мәслиха-

тының  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі 

азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекет 

атынан тарап ретінде қатысуға құқығы бар.

6. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының ап-

параты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің 

мәселелері  бойынша  заңнамада  белгіленген 

тәртіппен  Жаңаөзен  қалалық  мәслихаты 

хатшысының 

өкімдерімен 

рәсімделетін 

шешімдер қабылдайды.

7. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының ап-

параты»  мемлекеттік  мекемесінің  құрылымы 

мен  штат  санының  лимиті  қолданыстағы 

заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Маң-

ғыстау  облысы,  Жаңаөзен  қаласы,  Сәтпаев 

көшесі, 1, индекс 130200.

9.  Мемлекеттік  органның  толық  атауы  – 

«Жаңаөзен  қалалық    мәслихатының  аппара-

ты»  мемлекеттік  мекемесі,  государственное 

учреждение  «Аппарат  Жанаозенского  город-

ского маслихата»

10. Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық  мәс-

лихатының  аппараты»  мемлекеттік  меке-

месінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.  Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  қызметін  

қаржыландыру  жергілікті  бюджет  есебінен 

жүзеге асырылады.

12.  «Жаңаөзен  қалалық    мәслихатының 

аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік 

субъектілерімен  «Жаңаөзен  қалалық  мәсли-

хатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 

функциялары  болып  табылатын  міндеттерді 

орындау  тұрғысында  шарттық  қатынастарға 

түсуге тыйым салынады.

13. Егер «Жаңаөзен қалалық  мәслихаты-

ның  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  заңна-

малық  актілермен  табыс  әкелетін  қызметті 

жүзеге  асыратын  болса,  онда  осындай 

қызметтен  алынған  табыстар  жергілікті 

бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ 

МИССИЯСЫ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, 

ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 

МІНДЕТТЕРІ

14.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  миссия-

сы:


Мәслихат  аппараты  мәслихат  пен  оның 

органдарын  ұйымдастырушылық,  құқық-

тық,  материалдық-техникалық  және  өзге  де 

қамтамасыз  етуді  жүзеге  асырады,  депу-

таттарға  өздерінің  өкілеттігін  жүзеге  асыруға 

көмек көрсетеді.

15. Негізгі міндеттері:

1) қалалық мәслихат қызметін ұйымдасты-

рушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпарат-

тық-талдау жағынан қамтамасыз ету;

2)  қалалық  мәслихатпен  қабылданған 

шешімдердің 

қолданыстағы 

заңнамаға 

сәйкес болуын қамтамасыз ету;

3)  қалалық  мәслихат  депутаттары  қыз-

метін    материалдық-  техникалық  жағынан 

қамтамасыз ету;

4)  тұрғындарды  қалалық  мәслихат 

қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

5)  мәслихат  және  оның  органдарының 

бақылау  функцияларының  жүзеге  асырылу-

ын қамтамасыз ету;

6)  мәслихаттың  ақпараттық  жүйелерін 

жетілдіру;

7)  мәслихат  аппараты  қызметкерлерінің 

біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлаудан 

өтуін қамтамасыз ету;

16. Функциялары:

1)  қалалық  мәслихат  депутаттарына 

ұйымдастырушылық,  құжаттамалық,  құқық-

тық,  ақпараттық-талдау  бойынша  қызмет 

көрсету;

2)  қалалық  мәслихаттың  қарауына  енгі-

зілген  нормативтік-құқықтық    актілер  жоба-

лары  мен  өзге  де  шешімдері  жобаларының 

орындалуын  бақылау,  қалалық  мәслихат 

қабылдаған  нормативтік  құқықтық  актілер 

мониторингін жүргізу;

3)  мәслихат  қызметін  қамтамасыз  етуге 

жұмсалатын  шығындарды  тағайындау,  іс-

сапарлық  шығындарды  өтеу,  депутаттарды 

қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық 

қызметті  атқару  үшін  қажетті  өзге  де  тауар-

лармен қамтамасыз ету;  

4)  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

мәслихат  қызметі  туралы  басылымдардың, 

қалалық  мәслихат  қабылдаған  нормативтік  

құқықтық    актілердің  жариялануын  ұйым-

дастыру;


5)  атқарушы  органдар  басшыларының 

ақпараттарын,  есептерін  жинақтау  және  тал-

дау,  қалалық  мәслихат  депутаттарының 

алдында  өз  қызметі  бойынша  есеп  беретін 

мемлекеттік  органдардың  қызмет  қорытын-

дысы бойынша анықтамалар дайындау;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1)  Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

Регламентін өз құзыреті шеңберінде орында-

луын қамтамасыз ету;

2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік 

органдар  мен  лауазым  иелерінен,  өзге  де 

ұйымдар  мен  азаматтардан  ақпарат,  анық-

тамалар,  есептер,  шешімдер  жобаларын, 

нормативтік  құқықтық  актілері  жобаларының  

бұқаралық    ақпарат  құралдарында  басылуы 

туралы  мәліметтер,  ғылыми  сараптамалар 

мен  сараптамалық  кеңестердің  қорытын-

дыларын,  қалалық  мәслихаттың  қарауына 

енгізілген  шешімдер  жобалары  бойынша  қа-

жетті  келісулерді,  сессиялардың  күн  тәртібі 

мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың оты-

рыстарында  қаралатын  мәселелер  бойынша 

өзге де құжаттамаларды сұрау; 

3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйым-

дардың  қызметкерлерін  қалалық  мәсли-

хаттың  құзыретіне  жататын  мәселелерді 

талқылауға  қатыстыру,  тиісті  шешімдерді 

даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

4)  депутаттар  сауалдарын  және  депу-

таттық  ұсыныстарды  дер  кезінде  қаралуын 

және  іске  асырылуын  қамтамасыз  ету 

мақсатында  мемлекеттік  органдар  мен  меке-

мелерге депутаттық сауалдар жолдау;

5)  қалалық    мәслихатқа  жолданған  аза-

маттардың  өтініштері  орындалу  мерзіміне 

және нәтижелеріне бақылау жүргізу;

6) қалалық мәслихат құзыретіне жататын 

мәселелер  бойынша  мемлекеттік  органдар 

мен  лауазым  иелеріне  кеңестік-әдістемелік, 

ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық 

және өзге де көмек көрсету



3. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ 

ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

18. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының ап-

параты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты 

қалалық  мәслихаттың  хатшысы  жүзеге  асы-

рады, ол «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 

аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген 

міндеттердің  орындалуына  және  оның  функ-

цияларын  жүзеге  асыруға  дербес  жауапты 

болатын бірінші басшы.

19.  Қалалық  мәслихаттың  хатшысы  мәс-

лихат сессиясында депутаттардың арасынан 

ашық  немесе  жасырын  дауыс  беру  арқылы 

депутаттар жалпы санының көпшілік дауысы-

мен сайланады және қызметінен босатылады.

20.  Жаңаөзен  қалалық  мәслихаты 

хатшысының өкілеттіктері:

1)  мәслихат  сессиясын  және  оның  қара-

уына  енгізілетін  мәселелерді  әзірлеуді  ұйым-

дастырады,  хаттама  жасалуын  қамтамасыз 

етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат 

сессиясында  қабылданған  немесе  бекітілген 

шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттік-

терін  жүзеге  асыруына  жәрдемдеседі,  олар-

ды  қажетті  ақпаратпен  қамтамасыз  етеді, 

депутаттарды мәслихат сессияларына, оның 

тұрақты  комиссияларының  және  өзге  де 

органдарының жұмысына және сайлау округ-

теріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік мін-

деттерін  орындаудан  босатуға  байланысты 

мәселелерді қарайды;

3)  депутаттар  сауалдарының  және  депу-

таттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

4) мәслихат аппаратының қызметіне бас-

шылық  жасайды,  оның  қызметшілерін  қыз-

метке тағайындайды және қызметтен босата-

ды;

5)  сайлаушылардың  өтініштері  туралы 



және  олар  бойынша  қабылданған  шаралар 

туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп оты-

рады;

6)  мәслихаттың  өзге  де  жергілікті  өзін-



өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын 

ұйымдастырады;

7)  Қазақстан    Республикасының  «Қа-

зақстан Республикасындағы жергілікті мемле-

кеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 

Заңның  24-бабына  сәйкес  әкiмге  сенiмсiздiк 

бiлдiру  туралы  мәселеге  бастамашылық 

еткен  мәслихат  депутаттарының  жиналған 

қолдарының 

төлнұсқалығын 

тексеруді 

ұйымдастырады;

8)  өз  құзыретіндегі  мәселелер  бойынша 

өкімдер шығарады;

9)  мәслихаттың  тұрақты  комиссиялары 

мен  өзге  де  органдарының  және  депутаттық 

топтардың қызметін үйлестіреді;

10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, 

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және 

қоғамдық  бірлестіктермен  қарым-қатынас-

тарда мәслихат атынан өкілеттілік етеді;

11)  мәслихат  шешімдерінің  жариялану-

ын  қамтамасыз  етеді,  олардың  орындалуы-

на  бақылау  жасау  жөніндегі  іс-шараларды  

белгілейді;

12)  мәслихат  шешімі  бойынша  өзге  де 

міндеттерді орындайды;

13)  мәслихат  хатшысының  мәслихаттың 

тұрақты  комиссияларында  болуға  құқығы 

жоқ;


14)  бекітілген  заң  тәртібімен  өз  құзыреті 

шеңберінде  аппарат  қызметкерлерін  мадақ-

тайды және тәртіптік жаза қолданады;

15)  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесінде  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет  етуге  

бағытталған  шараларды  қабылдайды  және 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  шаралардың 

қабылдануы үшін дербес жауап береді; 

16)  Қазақстан  Республикасының  қолда-

ныстағы  заңнамаға  сәйкес  және  Жаңаөзен 

қалалық мәслихатының шешімі бойынша өзге 

де функцияларды атқарады.

Мәслихаттың  хатшысы  болмаған  кезде 

оның  өкiлеттiгiн  мәслихат  сессиясы  төраға-

сының  шешiмi  бойынша  мәслихат  тұрақты 

комиссияларының  бiрiнiң  төрағасы  немесе 

мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

21.  Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

хатшысы  өз  қалалық  мәслихатының  аппара-

ты басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы 

заңнамаға сәйкес белгілейді.

22.  Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппаратын,  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қызметке 

тағайындалатынын  және  қызметтен  босаты-

латынын  Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

хатшысы басқарады.



4. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ 

МҮЛКІ

23.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты» 

мемлекеттік 

мекемесінің 

заңнамада  көзделген  жағдайларда  жедел 

басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы 

мүмкін.


«Жаңаөзен 

қалалық 


мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  мүлкі 

оған  меншік  иесі  берген  мүлік,  сондай-ақ  өз 

қызметі  нәтижесінде    сатып  алынған  мүлік 

(ақшалай  кірістерді  қоса  алғанда)  және 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

тыйым  салынбаған  өзге  де  көздер  есебінен 

қалыптастырылады.

24.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген 

мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25.  Егер  заңнамада  өзгеше  көзделмесе, 

«Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының  аппара-

ты»  мемлекеттік  мекемесі,  өзіне  бекітілген 

мүлікті  және  қаржыландыру  жоспары  бо-

йынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып 

алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға 

немесе  оған  өзгедей  тәсілмен  билік  етуге 

құқығы жоқ.

5. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДЫ ҚАЙТА 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

26.  «Жаңаөзен  қалалық  мәслихатының 

аппараты»  мемлекеттік  мекемесін  қайта 

ұйымдастыру және тарату Қазақстан Респуб-

ликасының  заңнамасына  сәйкес  жүзеге  асы-

рылады.



жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау