Баспа №2 01. 09. 2009ж беттің -сі



жүктеу 3,39 Mb.
бет2/37
Дата20.02.2018
өлшемі3,39 Mb.
#10283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Дәріс 4.

Тақырып. Негізгі қателіктер теориясы.

Сұрақтар.

1. Қателіктердің түрлері.

2.Өлшеу дәлдігі.

Қателік теориясы метрологияның екі қағидадан тұрады. Бірінші қағида өлшенген шаманың ақиқат мәні немесе шын мәні. Шаманың шын мәні – деп берілген объектінің қасиетін сапалық және сандық жағынан өте дәл бейнелейтін мәнді айтады. Шаманың өлшеніп алынған мәндері біздің танып білу, сезу қабілетіміздің нәтижесі. Өлшем нәтижелері өлшем әдістеріне, өлшемнің техникалық құралдарына және өлшемді жүргізетін адамның сезім мүшелерінің қасиетіне байланысты болады. Физикалық шаманың нақты мәні – деп тәжірибе жолымен табылған, шаманың шын мәніне өте жақын мәнін айтады. Өлшенетін шаманың мәнін дұрыс табу өлшем құралдарына байланысты. Кез-келген өлшеу эксперименті 4 жолмен жіктеледі:



  1. объектінің моделін қабылдау;

  2. өлшеу әдісін таңдау;

  3. арнайы өлшеу құралын таңдау;

  4. эксперимент өлшеуін жүргізу.

Өлшеніп алынған мәліметтерде әрқашанда біршама қателер болады. Тіпті өлшеуіш аспаптар мен құралдарды эталондармен салымтырып барып өлшегеннің өзінді азды – көпті қателер кетеді. Екінші қағидасы өлшеу қателіктері.

Кез – келген өлшеу құралының көрсетуі өлшенетін параметрдің шынайы мәнінен әрқашан бөлек болады. Мұндай өзгешілік құралдың абсолют қателігі деп айтады. Егер X - өлшенген шама, онда теңдеу мына түрде жазылады:



ΔX = Χөлш – Xшын (1.1)

мұнда - абсолюттік өлшеу қателігі;



Χөлш - өлшеу кезінде алынған нәтижесі;

Xшын - өлшенген шаманың шын мәні.

(1.1) теңдеуін қолдану үшін қателікті анықтау мүмкін емес, егер Xшын белгісіз болса. Практикада Xшын басқа шама қолданылады, Xнақ. - өлшенген физикалық шаманың нақты мәні. Физикалық шаманың (ФШ) нақты мәні – ФШ мәні, Тәжірибе жолымен алынған шын мәнді айтады. Шаманың нақты мәні оның өлшеніп алынған бірнеше мәндерінің арифметикалық орта мәніне тең болады.



Өлшеу құралдардың нақты мәнін тексеру үшін үлгілі өлшеу мәні немесе үлгілі өлшеу құралының көрсеткіш болып табыладыі.

ФШ нақты мәнін қолданып (1.1) теңдеуін мына түрде жазамыз:

ΔX = Χөлш – Xнақ (1.2)

Теңдеу тәсілі бойынша ажыратылады:



Абсолюттік қателік - физикалық шаманың шын мәні мен өлшенген мәнінің айырмасы айтады.

(1.2), өлшенген ФШ бірлігінің теңдеуі;



Салыстырмалы қателік абсолюттік қатенің шаманың өлшенген мәніне қатынасын айтады және пайызбен алынады.

δx = ΔΧ/ Xнақ; (1.3)



Келтірілген қателік

,(1.4)

мұнда N – нормалық шама.

Салыстырмалы және келтірілген қателік (1.3) және (1.4) өлшемсіз санмен 100-ге немесе пайызбен % анықталады.

.

Шама, кері салыстырмалы қателік, өлшеу дәлдігі деп аталады:



.

Дәлдік - өлшеу сапасын сапаттайды (сур. 1.1 қар.).

Өлшем дәлдігі – деп өлшеніп отырған шаманың шын мәніне жақын болу дәрежесін айтады. Өлшемнің салыстырмалы қатесі неғұрлым аз болса, соғұрлым оның дәлдігі жогары болады және пайызбен анықталады.

Өлшенген шама қателігі (X) сипатты бойынша жіктеледі: аддитивті (X тәуелсіз болғанда, егер кез-келген өлшеу диапазондар мәндерінің шектері ) және мультипликативті (сызықты немесе сызықты емес X-қа тәуелді) .

Қателіктер келесі топтарға жіктеледі: жүйелік ( ΔXж), кездейсоқ ( ΔXк) және дөрекі ( ΔXд), әдістемелік, аспаптық және т.б.



Жүйелік қателік - деп ( ΔXж) берілген физикалық шаманы бірнеше рет қайталап өлшеген кезде мәні тұрақты болып қалатын немесе белгілі бір заңдылықпен өзгеріп отыратын қатені айтады. Жүйелі қате өлшем құралдарының қатесін білу арқылы есепке алынады, немесе оны жоюға мумкіндік беретін өлшем тәсілдерін қолдану арқылы болдырмауға болады. Жүйелі қате кездейсоқ емес факторлардың әсерінен пайда болады. Өлшеу сапасының екінші көрсеткіші – алынған нәтиже дұрыстығы.

( ΔXж) қатенің шамасы аз болса, онда алынған нәтиже дұрыс.



Кездейсоқ қате – деп ( ΔXк) мәні өзгермелі, кездейсоқ себептерден пайда болатын қатені айтады. Берілген шаманы қайталап өлшеген сайын қатенің сандық мәні біресе азайып, біресе көбейіп ешқандай заңдылықсыз өзгеріп отырады. Өлшем нәтижелерін жүйелі қатеден арылтқанмен кездейсоқ қатеден арылта алмаймыз, оны азайта аламыз. Ол үшін берілген физикалық шаманы бір емес бірнеше рет қайталап өлшеп, алынған нәтижелердің кездейсоқ қатесін ықтималдық теориясы мен статистикалық математика заңдарын қолданып анықтаймыз. Кездейсоқ қатенің өлшеу сапасының үшінші көрсеткіші – ұқсастық..

Кездейсоқ қате жүйелі қатеден кіші болған жағдайда оны одан әрі азайтуға тырысудың қажеті жоқ, өйткені өлшем дәлдігі бұдан көбеймейді. Дәлдікті арттыру үшін бұл жағдайда жүйелі қатені азайтудың жолдарын іздестіру қажет. Ал егер кездейсоқ қате жүйелі қатеден үлкен болса, онда ең алдымен кездейсоқ қатені азйту керек. Кездейсоқ қате жүйелі қатеден төмен болатынын алдын ала білген жағдайда өлшеу бір-ақ рет жүргізіледі.


Дәріс 5.

Тақырып. Жүйелі қате.

Сұрақтар.

1. Қателіктің түрлері.

2.Өлшеу әдістері.

Өлшеу кезінде жүйелі қателер әртүрлі себептерден пайда болады. Жүйелі қателік үш компонентерінен тұрады: өлшеу әдісі, өлшеу құралы, эксперимент жүргізуші. Жүйелі қате сурет 1.4 көрсетілген.



Әдістемелік қате өлшеу әдісінен пайда болады. Өлшем әдістерінің қатесі -өлшем әдістерінің теориясы дұрыс емес немесе жетілдірмеген жағдайда және өлшем жүргізуді өте жеңілдетіп жіберген жағдайда пайда болады.

Өлшем құралдарының дәлдігіне байланысты қате немесе аспаптық қате. Аспаптық қате өлшем құралдарының құрылымына байланысты туатын қателермен қоса, өлшем құралдары элементтерінің жетілдірмеуіне және өлшем құралының дұрыс қондырылмауына байланысты болатын техникалық қателер жатады.

Жеке топтарға жүйелі қателіктің, сыртқы факторлары. Сыртқы факторлардың әсері ескерілмеуінен туатын қателер. Мұндай факторлардың әсері әртүрлі себептерден ескерілмеуі мүмкін. Қолданылатын аспаптың қасиетін толық білмеуден, әсер ететін факторлардың көздері белгісіз болуынан пайда болады. Мына қателіктер: сыртқы орта температурасының әсерінен өлшем нәтижелерінің дұрыс болмауы, температураның тұрақты болмауы әсіресе өлшем аспаптарының дәлдігіне, өлшем объектісіне кері әсерін тигізеді. Жылу көздерінің (пештер, орталық жылу радиаторлар, т.б.) тікелей әсерінен өлшем құралдарының көрсетулері бұзылады.

Өзіндік немесе субъективті қателік. Тәжірибешінің көру, сезіну, есту, т. б. Қабілеттерінің ерекшеліктеріне байланысты туатын субъективтік жүйелі қателер. Мұндай қателер: өлшеу құралдарының дабылдарын уақытынан бұрын немесе кеш қабылдаудан, өлшеуіш аспаптың көрсеткіштерін дәл жазбаудан т.с.с. себептерден кетеді. Өлшем объектісі қасиеттеріне байланысты туатын жүйелі қателер. Жүйелі қатенің бұл түрі өлшем объектісінің қасиетінің тұркқты болмай, уақыт өтуіне байланысты өзгеріп тұруынан туады.


ΔXст
















Әдістемелік




Аспаптық




Өзіндік (субъективті)




Сыртқы факторлар

Сурет1.4

Жүйелі қателер бар өлшем нәтижелерін түзетілмеген нәтижелер деп атайды. Нәтижелердің дұрыс болуы үшін оларға әртүрлі түзетулер енгізіледі. Түзетулер шамасы жағынан жүйелі қатеге тең, ал таңбасы жағынан оған қарама-қарсы.

Түзету (Xт) – жүйелік қателіктің абсолютті шамасы (1.2), теріс таңбамен алынған,

Xт = - ΔΧж

Процесс кезінде алынған нәтиже жүйелік қатенің түзетілмеген нәтижесі (ΔΧ*туз) болып саналады. Түзетуге түзетілмеген нәтижесі қосылады, сонда теңдеу мына түрде жазылады.

Xөзг = ΔΧ*туз+ Xт

Түзетуді енгізгеннен кейін қалған қалдықты жүйелі қателіктің қалған қалдығы деп атайды (ЖҚҚ) оны мына әріппен белгілейді Θ. Жүйелі қателіктің өлшеу нәтижесісур. 1.4 көрсетілген.

Жүйелі қателіктің жеке құрайтын бағалау шамасы (ΔΧж..i). Егер бірнеше өлшеу нәтижесі бірнешеу болса, онда түзетулер мына теңдеумен анықталады.



Xт.i = - ΔΧж.i

Ал ЖҚҚ былай белгіленеді ., қосындысы .

Өлшенетін физикалық шаманың орташа арифметикалық мәнін және орташа мәннің шын мәннен ауытқуын табу үшін жүйелі қатені білу, оған түзетулер енгізу арқылы жою қажет. Жүйелі қатені анықтаудың бірнеше жолдарын қарастырайық. Жүйелі қатені анықтау мен оны жоюдың әдістеріне қарап қатені үш топқа бөліп қарастырайық.

1. Болу себептері және мәндері белгілі жүйелі қателер. Қатенің бұл түрі түзетулер енгізу арқылы оңай жойылады.

2. Болу себептері белгілі, бірақ мәндері белгісіз жүйелі қателер. Қатенің белгісізмәнін өлшем кезінде анықтайды немесе арнайы тәжірибе жүргізіп табады. Жүйелі қатенің бұл түріне аспаптық қателер, өлшем әдістерінің қатесі, т.с.с. жатады. Мұндай қателерді жоюдың бір түрі өлшемдерді (коррекциялау) түзету немесе релятивтеу жою болып табылады. Бұл кезде негізгі нәтижені (Х) басқа нәтижелердің (х1, х2) айырмасы ретінде табады, айырма мүшелерінің жүйелі қателері бірдей болса олар бір-бірін жояды (х12).

х = (х1 - Δx1) - (х2 – Δx2) = х1 - х2

3. Болу себептері де, мәні де белгісіз қателер. Қатенің бір түрі ең күрделі қате. Мұндай жүйелі қатені табу үшін алдымен нақты мәннен ауытқитын жүйелі қателерді жояды, сонан белгісіз қатенің болу себептерін ашады.

Жүйелі қателердің көбі белгілі шамалар, әдетте олар күні бүрын есептелініп, өлшем нәтижесінен шығарылып тасталады. Жүйелі қате шығарылып тастағаннан кейін өлшем нәтижесінің орташа мәні және стандартты ауытқуы есептелінеді, олар өлшем нәтижесінің шашырауын көрсетеді. Өлшем нәтижелерін дұрыстау үшін оларға түзету енгіземіз, түзетулер өлшем құралдарын тексерген кезде анықталады. Түзетулер енгізу арқылы жүйелі қатенің белгілі бір түрлері ғана жойлады, сондықтан өлшем кезінде түзетулердің бірнеше түрлерін жасауға тура келеді. Бұл кезде түзетуді анықтаудың дәлдігі шектеулі болатындықтан кездейсоқ қателер пайда болап, өлшемнәтижесінің дисперсиясы көбейеді.

Дөрекі қате – деп мәні ықтимал қателерден де үлкен қатені айтады. Дөрекі қателері бар нәтижелер әдетте есепке алынбайды. Дөрекі қателер көбінесе тәжірибешінің ағаттығынан (жеткіліксіз назар аударуы, аспаптың көрсеткіштерін дұрыс есептемеуі, нәтижелерді қате жазып алуы, т.с.с.) өлшем аспаптарының бұзылуынан, әсер ететін сыртқы жағдайлардың кенеттен өзгеруінен және басқа кездейсоқ факторлардың әсеріне болады.

Өлшеуіш аспаптың шкаласындағы кіші бөліктердің мәндерін дұрыс есептемеу. Мұндай жағдай әсіресе логарифмдік шкаланың бөліктерінде кездеседі, өйткені шкаланың ортасындағы кіші бөліктің мәні өзгереді. Дөрекі қателіктің құрамына кездейсоқ қателік кіреді (ΔΧкез).



жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау