2006 ж. «___»________________
Электртехникасының теориялық негіздері кафедрасы
Кафедра мәжілісінде бекітілген 200_ ж. «___»______ №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________________А.Д.Тастенов
Энергетикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды 200_ ж. «___»____________№__хаттама
ӘК төрағасы _________ М.М. Кабдуалиева «___»__________200_ ж.
(қолы)
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы _________ А.П.Кислов «___»___________200_ж.
(қолы)
СМБ
норма бақылаушысы _________Г.С.Баяхметова «___»________200_ж.
(қолы)
ОӘБ ҚҰПТАЛДЫ
ОӘБ бастығы_________Л.Т. Головерина «___»___________200_ж.
(қолы)
Кіріспе
«Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша зертханалық сабақтар теориялық білімді бекітудің негізгі түрі болып саналады, ол студенттерге электрлік тізбектердің әр түрлі режимдерін эксперименталды зерттегенде теориялық жағдайлардың әділеттілігін тәжірибелік тексеруге мүмкіндік береді.
Зертханадағы оқу үрдісі үш кезеңге бөлуге болады:
а) зертханалық жұмысқа дайындалу және берілген тақырыпқа сәйкес теориялық материалды оқу;
б) эксперимент өткізіп, тәжірибелік мәліметтерді алу;
в) эксперимент нәтижелерін сараптау және есептеулерді шығарып зертханалық жұмыстың есеп қағазын дайындау.
Әдістемелік құрал зертханадағы оқу үрдісінің жоспары негізінде ЭТН курсының бағдарламасына сәйкес жасалған және курстың екі негізгі бөлімі кірген (сызықты электр тізбектеріндегі ауыспалы үрдістер, сызықты емес электрлік магнит тізбектері).
1 Зертханалық жұмыс
Жиіліктің үш есе күшейткіші
Жұмыстың мақсаты: жиіліктің ферромагнитті үш есе күшейткіші мысалында сызықты емес бірфазалы тізбектердің қасиеттерін зерттеу.
1.2 Қысқаша теориялық мәліметтер
Қоректену кернеудің жиілігін өндірістіктен асырып, электр энергияның шығындалуын маңызды жоғарлатпай, кейбір электрлік аппараттардың көлемін күрт азайтуға болады. Мысалы, тасымалды электр құралдары және 150-400 Гц кернеу жиілігімен жұмыс істейтін дәнекер аппараттары 50 Гц жиілікпен жұмыс істейтін аппараттарға қарағанда 2 – 3 есе жеңіл және жинақты етіп жасалады.Ол үшін бір жиілікті басқа жиілікке түрлендіретін түрлендіргіштерді қолданады және оларды жиіліктің көбейткіші деп атайды.
Барлық ферромагниттік көбейткіштердің жұмыс принципі синусоидалы кернеуді құрамында негізгі және оған сәйкес жиіліктері бар мерзімдік синусоидалы емес кернеуге түрлендіруден негізделген. Әр түрлі конструктивті шешімдер арқылы көбейткіштің шығысында керекті жиілікті кернеуді алуға болады, ал қалған жиіліктердің кернеулері, соның ішінде негізгі, толық немесе өте қатты басылынады.
Жиіліктің үш есе күшейткіші деп шығысындағы кернеу жиілігі кірісіндегі кернеудің жиілігінен үш есе үлкен болатын құрылғыны айтады.
Жиіліктің бірфазалы ферромагниттік үш есе күшейткішінің жұмыс принципінжәне құрылымын қарастырайық. (1.1 сурет).
1.1 Сурет Жиіліктің бірфазалы ферромагниттік үш есе күшейткішінің принципиалды сызбасы
Үш есе күшейткіш екі трансформатордан тұрады, оның біреуі сызықты вольтамперлік сипаттамаға (ауа саңылауы бар магнит сымымен), ал екіншісі сызықты емес вольтамперлік сипаттамаға (ауа саңылауы жоқ магнит сымымен) ие. Трансформатордың бірінші реттік ормасы тізбектей келістіріліп, ал екінші реттік орамасы тізбектей, бірақ қарама – қарсы қосылған. Бірінші реттік орамаға өндірістік жиілікті кернеу беріледі. Кіріс кернеу келесі заң бойынша өзгереді деп санайық
u = Umsin(wt + π/2). (1.1)
Үш есе күшейткіш трансформаторларының бірінші реттік орамасы бар тізбек үшін Кирхгофтың екінші заңы бойынша теңдеудің түрі

(1.2)
Достарыңызбен бөлісу: