Барлығы – 135 сағат



жүктеу 2,59 Mb.
бет4/25
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#22520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Ішкі және ұлттық экономика категорияларын бір-бірнен айыра білу үшін УШЖ-де "экономикальқ аумақ", "экономикалық мудде орталығы", "рөзидент" ұғымдары қолданылады.

Экономикальқ аумак деп - елдің үкіметімен басқарылатын және сол аумақта адамдар, ақша, тауар еркін козғалыста болатын аумақты айтады. Елдің экономикалық аумағына сол елдің әуе кеңістігі, халыкаралық сулардағы аумақтық сулар және континенттік шельф, сол сияқты аумактың анклавтар да жатады. Алай-да географиялық аумактың басқа елдер пайдаланатын бөлігі елдің экономикалық аумағы болып саналмайды, яғни "экономикалық аумак" уғымы "географиялық аумак" уғымымен бірдей емес.

Аумактық анклавтар деп - дипломатиялық, әскери, ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын басқа елдердің аумақтарын айта­ды. Елшіліктер, басқа да дипломатиялық мекемелер әскери және ғылыми базалар аумактың анклавтар мысалы болады.

Шаруашылық бірлігінің экономикалық аумақта ғимараты (үйі) немесе жері болса және ол бір жылдан артық уақыт экономикалық әрекетпен айналысса, онда шаруашылық бірлігінің осы аумақта экономикалық мудде орталығы бар деп есептеледі

Рөзидент деп -елдің экономикалық аумағында экономикалық мудде орталығы бар институционалдық бірліктерді айтады.Үй шаруашылығы, кәсіпорындар, ұйымдар қарастырылып отырған елдің экономикалық аумағында бір жыл немесе одан да ұзақ уақыт экономикалық әрекетпен айналысса, онда олар осы елдің рөзиденті болады. Шетел елшшктерінің, басқа дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, шетел студенттер, осы елдің аума­ғында әскери базаларда қызмет ететін шетелдік әскери адамдар экономикалық аумақта қанша болғанына қарамастан рөзидент болып саналмайды.

Резидент-кәсіпорын деп - экономикалық аумақта өндіріспен айналысатын кәсшорынды айтады. Резидент-кәсіпорындарға бірлескен кәсіпорындар, шетелдін фирмалар, корпорациялардың филиалдары жатады.

Ішкі экономика экономикалық аумактағы рөзиденттердің де, рөзидент еместердің де іс-әрекетін қамтиды.

Ұлттық экономика экономикалық аумактағы, сол сияқты шетелден рөзиденттердің іс - әрекетін қамтиды.

Институционалдық бірлік деп - өзінің материалдық игіліктеріне, қаржы ресурстарына өзі ие болатын, шешім қабылдай алатын, экономикалық әрекетке қатысатын және бухгалтерлік есеп жүргізетін заңды ұйымды немесе жеке адамды айтады. Үй шаруашылығы бухгалтерлік есеп жургізбесе де институционалдық бірлік болады. УШЖ-де институционалдық бірліктерді экономикалық әрекет типіне сәйкес секторларға топтастырады.

Бөлімше деп - шығаратын өнім, қолданылатын технологиясы, өнімге жумсалған шығын қурамы бойынша біртекті бірліктерді айтады. Мысалы өнеркәсіп саласындагы кәсіпорынның құрамында тұрмыстык-коммуналдық шаруашылык, косалқы шаруашылықтар болса, ол шаруашылықтар бөлімше болады. Бөлімшелер институционалдық бірлік болмайды.

Корпорация - өнім өндіру мақсатында кұрылған және соның нәтижесінде пайда табатын заңды тұлға. Ол акционерлердің ұжымдық меншігі болып саналады. Корпорациялар мынадай терминдер арқылы аталуы мумкін: бірлескен кәсіпорындар, корпора­циялар, мемлекеттік корпорациялар, жеке компаниялар, акционерлік компаниялар, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, т.б.

Квазикорпорациялар - бұл рөзидент институционалдық бірліктің иелігіндегі корпоративті емес кәсіпорын, бірак ол жеке корпорация сияқты басқарылады. УШЖ-де үй шаруашылығының, мемлекеттік бірліктердің квазикорпорациялары «Қаржылық емес корпорациялар" және «Қаржы корпорациялары» секторларына топтастБірылады.

Экономикалық айналым өнім өндіру, оны тұтыну, қор жинау және қайта бөлу сияқты процестерден тұрады. Экономикалық айналымның негізгі әлементі болады:

• экономикалық айналым объектісі;

• экономикалық айналым субъектісі;

• экономикалық, операция.

Экономикалық айналым объектісі болып тауар, ақша, қызмет саналады. Экономикалық айналым субъектісі деп - экономикалық айналымға қатысатын шаруашылық бірліктерін (кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды) айтады. Экономикалық айналым объектісінің бір субъекттен екінші субъектке ауысуы экономикалық операция аркылы жузеге асырылады.

3. УШЖ-дегі топтастырулар мен жіктемелер


Ұлттық шоттар жүйесінде мынадай топтастырулар мен жіктемелер қолданылады:

• институционалдық бірліктерді секторларға топтастыру;

• экономикалық әрекет турлерінің жалпы жіктемесі;

• экономикалық операциялардың жіктемесі

• экономикалық активтер жіктемелері

• салықтар мен субсидия жіктемелері

Секторлык топтастыру

Секторлық топтастыру - УШЖ-деп ең негізгі топтастырулардың бірі. Ол қаржы активтерін, табыс пен шығынды зерттеу ушінн қолданылады. УШЖ-де институционалдық бірліктерді 6 секторға топтайды:

- қаржылық емес кәсіпорындар (корпорациялар);

- қаржы мекемелері (корпорациялары);

- мемлекеттік мекемелер;

- үй шаруашылығына қызмет керсететін коммерцияықщ емес ұйымдар

(коғамдық ұйымдар);

- үй шаруашылығы;

сыртқы экономикалық байланыстар ("қалған әлем").

Қаржылық емес кәсіпорындар (корпорациялар) секторына негізгі кызметі тауар өндіру, қаржылық емес қызмет көрсету болып саналатын ииституционалдық бірлктерді топтайды. УШЖ-де бұл секторды негізгі меншік туріне байланысты 3 ішкі секторға бөледі:

• мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар;

• жеке меншіктегі ұлттық қаржылық емес корпорациялар;

• шетел бақылауындағы қаржылық емес корпорациялар. "Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар'" ішкі секторына

мемлекеттік бірлктер тарапынан бақыланатын рөзидент-корпора­цияларды, квазикорпорацияларды топтайды.

"Жеке меншіктегі ұлттық қаржылық емес корпорациялар" ішкі секторына рөзидент-корпорацияларды, квазикорпорациялар­ды топтайды. Олар мемлекет тарапынан бақыланбайды.

"Шетел бақылауындағы қаржылық емес корпорациялар" ішкі секторы рөзидент емес ииституционалдық бірлктердің бақылауын­дағы рөзидент-корпорацияларды, квазикорпорацияларды қамтиды,

Сектор бірліктерінің ресурстары өнімді сатудан тускен тусімнен кұралады.

Қаржы мекемелері (корпорациялары) секторына қаржы делдалдығы қызметімен және сол қызметпен тығыз байланысты қосалкы қаржы әрекеттерімен айналысатын корпорациялар мен квазикорпорациялар топтастырылады.

Қаржы делдалдығы ұғымы УШЖ-де ииституционалдық бірліктің қаржы активтерін иелену мақсатында рыноктағы қаржы операцияларына қатысу арқылы қаржы міндеттемелерін қабылдауын керсететін өндірістік әрекет ретінде анықталады. Қаржы корпо­рациялары секторы қаржы мекемелерінің категорияларына, аткаратын қызметтеріне және меншік туріне байланысты мынадай ішкі секторларға бөлінеді:
• орталық банк (Қазакстанда - Ұлттық банк);

• басқа депозиттік корпорациялар;

• сақтандыру корпорациялары мен зейнетақы қорларынан басқа қаржы делдалдары;

• косалқы қаржы корпорациялары;

• сақтандыру корпорациялары мен зейнетакы қорлары.

Бұл сектордын бірліктерінін ресурстары кабылданған міндеттемелерден, пайыздардан кұралады.

Мемлекетік мекемелер секторы жеке адамның немесе ужымның тұтынуына арналған нарықтық емес қызметтерді көрсететін институционалдық бірліктерді қамтиды. Бұл секторға қаржы негізінен мемлекеттік бюджеттен бөлінеді, Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдары, әлеуметтік қамсыздандыру қорлары, ғылыми зерттеу, қоршаған ортаны корғау, тәртіп сақтау, қорғаныс саласындағы мекемелер, сол сияқты тегін білім беру, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі, спорт, мәдениет, өнер саласында халыққа тегін немесе арзан бағамен қызмет көрсететін мекемелер осы сектордың бірліктері болады. Мемлекеттік мекемелер секторы басқару деңгейіне байланысты 3 ішкі секторға топтастырылады:

• орталык мемлекеттік мекемелер және орталық мемлекет­тік мекемелер деңгеіндегі әлеуметтік қамсыздандыру қорлары;

• аймақтық мемлекеттік мекемелер және аймақтық мемлекеттік мекемелер деңгейіндегі әлеуметтік қамсыздандыру қорлары;

• жергілікті мемлекеттік мекемелер және жергілікті мемлекеттік мекемелер деңгейіндегі әлеуметтік қамсыздандыру қорлары.

Мемлекеттік мекемелер секторының ресурстары негізінен басқа секторлардың бірліктерінің міндетті түрде төлейтін телемдерінен құралады.
Үй шаруашылығына қызмет керсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы үй шаруашылығының ерекше топтарына нарықтық емес қызмет көрсетумен айналысатын институционалдық бірліктерді қамтиды. Кәсіподақтар, тұтынушылар ассоциациялары, саяси партиялар, меншіктер, шіркеулер, кайырымдылық қоғамдары, кайырымдылық қорлары осы сектордың бірліктері болады. Қазақстандағы үй шаруашылығана қызмет көрсететін коммерциялык емес ұйымдар секторын ұйым типіне сәйкес ішкі секторға бөледі:

• қоғамдық және діни ұйымдар;

• кайырымдылық қоғамдары мен қорлары.

Бұл сектордың ресурстары негізінен ерікті жарналардан, үй шаруашылығының берген жәрдемінен, сектор бірліктерінің меншіктерінен түскен табыстан құралады.

Үй шаруашылығы секторына барлық резидент үй шаруашылықтары топтастырылады. Барлық үй шаруашылықтары тұтынушылар болып саналады, олардың кейбіреулері кәсіпкерлікпен айналысады. Негізгі табыс көзіне байланысты үй шаруашылығы секторы мынадай ішкі секторларға бөлінеді:

• жұмыс беруішілер (жалдаушылар);

• өзіне жұмыс істейтіндер;

• жалданып жұмыс істейтіндер;

• меншіктен түскен табысты және трансферттерді алушылар.

Үй шаруашығынын барлық табыс көздерінен осы сектордың ресурсы кұралады.

Сыртқы экономикалық байланыстар ("қалған әлем") сек­торы резидент емес бірліктердің резидент бірлктермен қандай экономикалық операцияларға қатысқанын немесе олармен қандай байланыстар болғанын көрсетеді. Бұл сектор үшін ұлттық шоттардың толык жиыны кұрылмайды.

Қазакстан Республикасындағы экономика секторларының жіктемесі (ЭСЖ) 3-қосымшада көрсетілген.

2. Экономикалық әрекет түрлерінің жалпы жіктемесі

Өндірістік процестерді зерттеу үшін УШЖ-де экономикалық, әрекет түрлерінің Халықаралық стандартты салалык жіктемесі (ЭӘЖЖ) қолданылады. Бұл жіктемені экономикалық әрекет түр­лерінің жалпы жіктемесі (ЭЭЖЖ) деп те атайды. Экономикалық әрекет түрлерінің жалпы жіктемесінде өндірістік процестердің реттілігі сақталады, яғни ең алдымен натуралды ресурстарды пайдаланатын салалар топтастырылады, содан кейін өндіруші өнеркәсіп, өндеуші өнеркәсіп, т.б. салаларды топтайды. Бұл жіктеме - 4 разрядтан тұратын иерархиялық жіктеме. 1, 2, 3, 4 разрядтарға сек­ция, тарау, топ, класс сияқты категориялар сәйкес келеді. Тараулар мен топтар өндіруші бірліктердің құрылымындағы ұқсастықты айқындау үшін және экономикалық талдауды жеңілдету үшін қолданылады. Экономикалық әрекет түрлерінің негізгі аспектілері болып мыналар саналады:

• өндірілетін тауарлар мен қызметтердің өзгешеліктері;

• тауарлар мен қызметтерді пайдалану бағыттары;

• өндіріс процесінде жұмсалған шығындар, пайдаланылған технология.

ЭЭЖЖ-де экономикалық әрекетті негізгі, екінші көзектегі және косалқы деп 3 түрге бөледі. Негізгі әрекет болып жалпы косылған құнға ең көп үлес қосатын әрекет саналады. Екінші кезек-тегі әрекет - үшінші жақ үшін өнім шығаратын негізгі әрекеттен басқа әрекет. Негізгі және екінші кезектегі әрекеттердің бухгал­терия, көлік, өнімді сақтау, сатып алу, сату, жарнама, тазалау, жөндеу, қауіпсіздік қызметі сияқты қосалқы әрекеттер көмегінсіз іске асуы мумкін емес.

Экономикалық әрекет түрлерінің толық жіктемесі 4-қосымшада керсетілген.

3. Экономикалық онерациялардың жіктемесі

УШЖ-дегі экономикалық операциялардың жіктемесі 1-суретте керсетілген.

Тауар және қызмет операциялары экономика салалары мен секторларындағы өнімді өндіру, айырбастау, пайдалану сияқты процестерді қамтиды. Бұл операциялар есепті мерзімдегі шығарылған өнімге байланысты операциялармен қатар еткен мерзімдегі өнімдерге, сондай-ақ импорт өнімдерге байланысты операцияларды да көрсететін.



Бөлу операциялары немесе табыстарға байланысты опера­циялар - отандык шаруашылық бірліктерінің, сол сияқты шетелдік өндірушілердің жасаған қосымша кұнының қалай белінгенін, кайта бөлінгенін көрсететін операциялар. Қаржы операциялары экономиканың әр турлі секторларынын бірліктерінің қаржы активтері мен пассивтерінде болған өзгерістерді көрсетеді.









Экономикалық, операцияларды сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің жүйесі ҰШЖ –де белгілі бір шоттар, кестелер түрінде беріледі.

4. Экономикалық активтер жіктемесі

Экономикалық активтер - жеке адамның немесе ұжымның меншігінде болатын және оларды иелену немесе белгілі бір мерзімде пайдалану меншік иелеріне экономикалық пайда әкелетін объектілер. Әр экономикалық активтің өз құны болады. Актив құны сол әктивтен түскен пайда мөлшеріне байланысты болады. Уақыт өтуіне байланысты активтің құны өзгеріп отырады.

Экономикалық активтің анықтамасына сәйкес активтер мынадай критерийлерді канағаттандыруды қажет:

• объект мемлекеттік, жеке немесе басқа басқа меншік нысанында болуы керек;



• объектіні пайдалану немесе иелену меншік иесіне экономикалық жағынан тиімді болуы керек, яғни объект оған пайда әкелуі керек;

















• объектіні басқа институционалдық бірліктерге сату мумкіндігінің болуы осы объектіні экономикалық активке жаткызудьң негізгі шарты болып саналады.

Экономикалық активтер жіктемесінде барлық активтерді қаржылық емес және қаржы активтері деп екі негізгі топқа бөледі. Құрылу тәсіліне байланысты қаржылық емес активтер өндірілетін және өндірілмейтін болып екіге бөлінеді.

Ондірілетін қаржылық емес активтер өндіріс нәтижесінде пайда болады.Олар материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Материалдық өндірілетін активтерін материалдық не­гізгі капитал, айналым капиталы, құнды заттар құрайды. Мате­риалдық емес өндірілетін активтерге материалдық емес не­гізгі капиталды жатқызады. Ал өндірімейтін қаржылық емес активтердің құрамында өндіріс нәтижесі болып саналмайтын активтер болады.


2-кесте. ҰШЖ-дегі экономикалық активтердің жіктемесі

Қаржылык емес активтер

Қаржы активтері

  1. Өндірілетін активтер

    1. Материалдық активтер

      1. Негізгі капитал

      2. материалдық айналым капиталы

      3. Құнды заттар

      4. Ұзақ пайдаланатын тұтыну тауарлары (анықтамалық сипатта ғана қолданылады)

    2. Материалдық емес активтер

      1. Геологиялық зерттеу, бұрғылау жұмыстарының шығындары

      2. Компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етілуі

      3. Әдеби-көркем шығармалардың түпнұсқасы

      4. Басқа материалдық емес активтер

  2. Өндірілмейтін активтер

    1. Материалдық активтер

      1. Жер

      2. Жер асты байлықтары

      3. Өсірілмейтін биологиялық активтер

      4. Су ресурстары

    2. Материалдық емес активтер

      1. Патенттер, автор құқықтары, лицензиялар

      2. Жалдау туралы келісім

      3. Гудвилл

      4. Басқа материалдық емес активтер

  1. Монетарлық алтын және қарыз алудың арнайы құқығы

  2. Қолма-қол ақша және депозиттер

  3. Бағалы қағаздар (акциялардан басқа)

  4. Несиелер

  5. Акциялар және капиталға қатысудың басқа түрлері

  6. Техникалық сақтандБіру резервтері

  7. Дебиторлар мен кредиторлардың басқа шоттары Шетелдік тікелей инвестициялар (анықтамалық сипатта ғана қолданылады)

тивтер болады. Оларды да материалдық және материалдық емес өндірілмейтін активтер деп екіге бөледі. Барлык, материалдык, өндірілмейтін активтерді табиғат жасайды. Оларды өндірілген активтер сияқты өндіріс процесінде пайдаланады. Материалдық өндірілмейтін активтердің элементтері болып жер, жер астындағы байлықтар, билогиялык ресурстар саналады.

Өндірілмейтін материалдық емес активтер деп өндіріс процестеріне байланысты жасалатын заңды немесе бухгалтерлік нысандарды айтады.

Қаржы активтерінің негізгі бөлігіне қаржы міндеттемелері сәйкес келеді. Бір иституционалдық бірлік екінші бірлікке қаржы құлралдарын пайдалануға бергенде қаржы міндеттемелері пайда болады. Бұл жағдайда қаржы кұралының иесіне (кредиторға ) бо-рышкер келісім шарттарына сәйкес төлем төлейді. Осындай қаржы міндеттемесі кредитор үшін қаржы активтін, ал борышкер үшін қаржы пассивін көрсетеді Монетарлық алтын мен қарыз алудың арнайы құқығынан басқа қаржы активтерінің барлығы қаржы мін-деттемелермен туындайды.

Ұлттық шоттар жүйесіндегі экономикалық активтердің құрамы 2-суретте керсетілген

Ал экономикалық активтердің толык жіктемесі 2-кестеде кер­сетілген.

ҰШЖ-де активтерді ерекше шотта корсетеді, ол шотты активтер мен пассивтер балансы деп атайды. Бұл баланс есепті мерзімнің басында және соңында құрылады (3-кесте).

3-кесте. Активтер мен пассивтер балансы



Активтер

Пассивтер

1. Қаржылык емес активтер

3. Қаржы міндеттемелері

2. Қаржы активтері

4. Меншікті капитал құны (1 + 2 - 3)

5. Салыктар мен субсидия жіктемелері

Салықтар – институционалдық бірліктердің мемлекетке ақшалай немесе заттай телейтін міндетті төлемдері. Ұлттық, шоттар жүйесіңде барлық салықтар екі топқа бөлінеді:

• ағымдағы салықтар;

• күрделі салықтар.

Агымдагы салықтарды институционалдық бірліктер жүйелі түрде төлеп отырады. Ағымдағы салықтар өңдіріске, импортка салынатын салықтардан және табыска, мүлікке салынатын салықтардан тұрады. Өндіріс салықтарын өнімге салынатын салық­тар және басқа өндіріс салықтары деп бөледі Өнімге салынатын салықтарға қосылған құн салығы, акциздер, отынға салынатын салық т.б. жатады. Өндіріске салынатын басқа салықтар өн-діруші бірліктердің өңдіріске байланысты немесе өндіріс факторларын пайдалануына байланысты төлейтін барлық салықтарын қамтиды. Жұмыс күшіне, жерге, кәсіпорынның мулкіне салынатын салықтар, гербтік алымдар, т.б. өндіріс салықтарының мысалдары

болады. Импорт салығы - импортталған тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Табысқа, мүлікке салынатын салықтарға пайдаға салынатын салык, жеке тұлғалардың мүліктеріне салына­тын салық, жеке тұлғалар төлейтін табыс салығы, көлік құралдары иелерінің төлейтін салықтары, т.б. жатады. Ағымдағы салықтардын жіктемесін мынадай үлгі турінде көрсетуге болады:









3-сурет. Ағымдағы салықтардың жіктемесі.

Курделі салықтар болып мұраға салынатын салық, сыйға тартқан меншікке салынатын салық, капиталға байланысты операцияларға салынатын салықтар саналады.

Субсидия — белгілі бір өнім түрін шығаратын немесе импорт тауарларды, қызметтерді сатып алатын резидент-кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферт. Субсидияны өнім бағасына әсер ету үшін немесе белгілі бір әлеуметтік-эконо-микалық саясатты жүргізу үшін бөледі. Өндіріске белінген басқа субсидиялар қоршаған ортаны ластауды азайтуға байланысты болған шығындардың орнын толтыру үшін, өндірістің белгілі бір факторларын пайдаланғаны ушін берілетін субсидияларды қамтиды.

ҰШЖ-деп субсидияның жіктемесі төмендегідей:

6. ҰШЖ-де колданатын бағалар

Шығарылған өнімді, өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бағалау үшін әр турлі баға қолданылады. Бағаның әр турлі болуына өнімге салынатын салықтардың, субсидиялардың, көлік шығынының, т.б. шығындардың қалай есепке алынғаны әсер етеді ҰШЖ-де бағаларды былай бөледі:

- факторлық құн;

- негізгі баға;

- өндіруші бағасы:

- тұтынушы (сатып алушы) бағасы.

Факторлъқ құнның құрамында аралық тұтыну шығындары, төленген еңбекақы және жалпы пайда болады. Бұл бага негізінен салааралык, баланста колданылады.

Негізгі баға - өнімге салынатын салықтарды (косылған құн салығынан басқа) қоспай, ал өнімге бөлінетін субсидияны ескере отырып анықталган өнімнің бір бірлігінің бағасы. Негізгі баға өнімнің факторлық құнына өндіріске салынатын таза салықтарды қосу арқылы аныкталады. Өндіріске салынатын таза салық деп өндіріс салыктарынан субсидияны шегергеннен кейшп салыкты айтады.

Өндіруші бағасы - өнімге салынатын салықтарды (косылған құн салығынан басқа) ескеріп, ал өнім субсидиясын есепке алмағандағы өнімнің бір бірлігінің бағасы. Яғни өндіруші бағасы өнімнің факторлық құнынан, өндіріске және өнімге салынған таза салықтардан құралады.

Тұтынушы бағасы — сатып алушының өнімге төлеген бағасы.
Тақырып: Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын статистикалық талдау.

Дәрістің мазмұны: 1.Халықтың саны мен құрамы статистикасы.

2.Халықтың табиғи қозғалысы мен миграциясы статистикасы.

3.Халықтың жұмыспен қамтылу статистикасы.


1.Халық саны және қүрамының статистикасы

Халық - берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары (жұмысбасты, жұмыссыз, еңбекке жарамды, қалалық, ауылдық ерлер және әйелдер, т.б.) жатады. Бақылау бірлігі - адам, отбасы және үй шаруашылығы. Халық санына есеп жүргізу барысында белгілі уақыт кезіндегі жағдайы (күйі) бойынша халық саны ескеріледі.

Еңбекке жарамдылық белгісіне қарай халықтың тағы басқа категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары.

Еңбекке жарамды жастағы (тұрғындар) халық саны, ҚР еңбек заңына сәйкес, ой қабілеттілігімен және күшімен еңбекке жарамды (ерлер жасының шегі - 16-63, әйелдер - 16-58 жас) халықтың бөлігі болып есептеледі.



Халық және еңбек статистикасы қандай міндеттерді іерттейді?

Халық және еңбек статистикасының міндеттері:

- Қазақстан Республикасындағы халық саны туралы ақпараттарды жинау;

- халықтың құрамын төмендегі белгілері бойынша зерттеу: жыныс, жас, ұлт, аймақ, отбасы жағдайы, қызметтің түрі, күнкөріс көзі және т.б.;

- халықтың табиғи қозғалысын зерттеу;

- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;

- еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылығын (жұмыс пен қамтылу) және жұмыссыздығын зерттеу;

- халық санын болжау.

Халық туралы қандай ақпарат көздері бар?

Халық санағы – критикалық сәт кезіндегі күй бойынша Қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процессі (1990ж. ақпанның 24-інен 25-іне қараған түні, сағат 00:00. бойынша). Халық санағы әр он жыл сайын жүргізіледі. Қазақстан аумағында 1959,1970,1989,1999 жж. болған.



  1. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп:

    • азаматтық күй актысы – қалпындағы жазбалар – халықтың табиғи қозғалысы түрдегі (туу, өлу, некеге тұру, ажырасу) перзентханада, загстерде, ауылдық кеңестегі халық есебі;

    • миграциялық (көшіп - қону) процестер – келу парағына тіркелетін статистикалық есеп талоны, ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі.

  2. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы және оның жекелей аумақтарындағы халықтың әлеуметтік – экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.

  3. Кәсіпорындардың еңбек туралы статистикалық есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды.

1999 ж. халық санағының ерекшелігі – бақылау объектісінің үй шаруашылығы болуында. Үй шаруашылығының отбасынан айырмашылықтары:

- туысқан болуы міндетті емес және бірге тұратын адамдардың жалпы шаруашылықты бірге жүргізуі;

- үй шаруашылығының өзін материалдық қамтамасыз ететін бір адамнан тұру мүмкіндігі.

Халық санағын өткізген кезде халықтың қандай категориялары тіркеледі?

Халықтың санағы келесі категориялармен тіркеледі: тұрақты, нақты, халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.

1. Тұрақты халық (ТХ) – берілген аймақта (1 жыл не одан көп), санақтың критикалық сәтінде қай жерде тұрғанына тәуелсіз берілген тұрғылықты аймақта тұрақты өмір сүретін адамдар тәуелсіз берілген тұрғылықты аймақта тұрақты өмір сүретін адамдар (уақытша кеткендер, сондай-ак, тұратын уақытына қарамай, тұрақты жұмысқа немесе оқуға келген адамдар). Әскерге шақырылған, тұтқынға алынған адамдар тұрғылықты жерлерде есепке алынбайды, олардың өз есебі болады.


  1. Нақты халық (НХ) - тұрақты өмір сүру орнына
    қарамай, аймақта тұрып жатқан адамдар. Бұлар белгілі бір сәтте
    есепке алынбайтын жерге кеткендер, яғни түнгі кезектегі жұ-
    мыста болғандар, туристік сапармен басқа мемлекетке кеткендер,
    басқа пәтерде түнегендер (бірақ осы пункт аумағында).

  2. Уақытша кеткендер (УКетк.) - уақытша (1 жыл не
    одан аз) берілген тұрғылықты аймақтан кеткен тұрақты халық.
    Ауруханада, перзентханаларда болған адамдар тұрақты, сондай-
    ак уақытша кеткендер болып есептеледі.

  3. Уақытша келгендер (УКелг.) - уақытша (бір жыл не
    одан аз) берілген тұрғылықты аймақта тұрып жатқан нақты
    адамдар.

Тұрақты және нақты халықтың саны арасында мынадай өзара байланыс бар:

ТХ=НХ-УКелг.+УКетк. НХ=ТХ+УКелг.+УКетк.

2.4.1, 2.4.2, 2.4.3 есептерін баланстық кестеде келесі түрде орындау қолайлы:



Көрсеткіш

ТХ

УКелг

УКет

НХ

1

2

3

4

5
















жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау