Негізгі капиталды сыныптау
Негізгі капитал
1.Материалдық
|
2.Материалдық емес
|
1.1.Үйлер мен ғимараттар
Олардың ішінде:
-тұрғын үйлер
-басқа үйлер мен ғимараттар
1.2.Машиналар мен жабдықтар
Олардың ішінде
-көліктер
-басқа машиналар мен жабдықтар
1.3.Өнделетін биологиялық активтер
Олардын ішінде
-көп жылдық екпе ағаштар
-ересек жұмысшы және өнім беретін мал
-балық өсірушілік
-омарташылық, бал арасын өсіру және басқалар
|
2.1.Бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстары
2.2.Электрондық есептеу машиналары және компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету
2.3.Әдеби және көркем шығармалардың түпнұсқалары (кино,видео,музыка,суреттер,т.б.)
2.4.Ғылымды қажет ететін өнеркәсіптік технологиялар
|
Негізгікапиталдың әртүрлілігі өндірісте бірдей рөл атқармайды.Сондықтан негізгі капитал белсенлі және белсенді емес болып бөлінеді.Негізгі капиталдың актив бөлігі еңбек өніміне тікелей әсер ететін негізгі капиталды құрайды:машиналар,жабдықтар,құралдар,т.б.Негізгі капиталдың пассив бөлігіне қалыпты ұйымдастыру және өндіріс процесін қамтамасыз ету шарттары қызметтерін іске асыратын негізгі капитал түрлері жатады:үйлер,ғимараттар.
Негізгі капиталдың статистикалық міндеттері қандай?
1.Ақпаратты жинау және негізгі кпаиталдың көлемін анықтау;
2.Негізгі капиталдың құрылымы мен құрамын зерттеу;
3.Негізгі капиталды бағалау,қайта бағалау;
4.Негізгі капиталды пайдалануының және қозғалысының,күйінің,бар болуының статистикалық талдауы.
Статистикада негізгі капиталды мына белгілер бойынша топтастырады:
а)кәсіпорындардың меншігінің формасы;
ә)экономика саласы;
б)аймақ.
Негізгі капитал туралы статистикалық ақпараттың алғашқы көзі-баланс.Негізгі капитал баланысының мазмұны неде?
Негізгі капиталдың статистикалық баланстары микроденгейдегі,макродеңгейдегі,толық бастапқы және қалдықтық құнынан құралады.Макростатистикалық баланстың схемасы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
Негізгі капиталдың қалдықтық (баланстық) құны бойынша балансы
Баланс бабы
|
Экономика,барлығы
|
Соның ішінде салалар бойынша,кәсіпорындардың меншікті формалары бойынша
|
1.Жыл басындағы бар болуы
2.Жыл ішіндегі түскендердің барлығы
Соның ішінде :
-іске қосылған (жаңа)
-күрделі жөндеу
-өзге себептерден (индекстеу)
3.Жыл ішіндегі істен шыққанының,барлығы
Соның ішінде:
-жойылған(есептен шығарылған)
-тозғаны
-өзге себептерден (жоғалтылған)
4.Жыл аяғындағы бар болуы
5.Жыл бойындағы негізгі капиталдың абсолюттік өсімі
6.Күрделі қаржы жұмсалымы
7.Аяқталмаған құрылыс :
а)жыл басына
ә)жыл аяғына
|
|
|
Толық күн бойынша негізгі капитал балансының осындай схемасы бар, бірақ құрамына мынадай көрсеткіштер кірмейді:
а)есептелген амортизация сомалары;себебі, ол бастапқы құнын азайтады;
ә)күрделі жөндеуге кеткен шығындар; себебі, жыл аяғында негізгі капиталдың қалдықтық құнын көтеру үшін жасалады.
Күрделі жөндеу көрсеткіштері мынаны сипаттайды:
1)негізгі капитал құнының артуы(қалдық кұн балансы бойынша);
2)күрделі жөндеуге жұмсалған ақшаларды игеру.
Баланстың мәліметтері боынша жыл басы мен жыл аяғына арналған негізгі капиталдың қатысуы арасындағы тәуелділік келесідей:
НКж.а.=НКж.б +Т-Ш .
мұндағы: НКж.а.-жыл аяғындағы негізгі капиталдың толық құны;
НКж.б. – жыл басындағы негізгі капиталдың толық құны;
Т- барлық бап бойынша жыл бойындағы негізгі капиталдың келіп түскен құны;
Ш-барлық себептер бойынша жыл бойындағы негізгі капиталдың істен шыққан және тозған құны.
Негізгі капиталды бағалау әдістері қандай?
1.Бастапқы (алғашқы) Құн (БҚ)-бұл негізгі құрал-жабдықтарды құру немесе сатып алу үшін нақты жұмсалған шығындар құны, оған төленген орны толмайтын салықтар мен алымдар қосылады, сондай-ақ жеткізуге,құрастыруға,орнатуға,іске косуға жіберілген шығындар және өз міндетіне сай пайдалану үшін негізгі құрал-жабдықтарды жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты кез келген басқа шығындар.
2.Ағымдағы құн (АҚ)- бұл негізгі қаражаттардың қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша құны.
3.Баланстық құн (немесе қалдық құн,(ҚҚ))-ол негізгі қаражаттардың жинақталған тозу сомасын шегергендегі бастапқы құн.Амортизация (А) “amortizatio” деген латын сөзінен аударғанда, өтеу дегенді білдіреді,онда ҚҚ=БҚ-А
Негізгі капиталдың тозу түрлері қандай?
Тозудың екі түрі :
1.Физикалық –негізгі капиталдың материалдық тозуы,табиғи өзіндік белгінің біртіндеп жоғалуы және құн нәтижесінің қолданылунсыз және қозғалыссыз табиғи күштің ықпалы немесе берекесіздік ықпалы.Физикалық тозудың түрлері бар:
а)белгілі пеиодта(мерзімде) есептелген
ә)негізгі капиталдың басында істелген жұмыстың тозу жиынтығы.
2.Моральдық-негізгі капитал құнының төмендеу нәтижесінде, негізгі капиталдың қайта өндірісінің арзандатылуы нәтижесінде оның жаңа,кемелденген түрін шығару.Моральдық тозудың келесі түрлері бар:
а)негізгі капиталдың құнсыздануы, себебі ұқсас жабдықтар аз шығынмен өндіріледі және арзан болады;
ә) ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде қазіргі деңгейге сай өндіруші жабдықтар шығару.Жабдықтардың моральдық тозуы күрделі қаржы жұмсалымының үлесін көбейтудің әсер етуі есебінен жаңартылып тұруы керек.
4.Қалпына келтіру құны (ҚКҚ)-ол ғылыми-техникалық прогресс пен бағалардың жаңа шартының есептері бойынша негізгі капиталды қайта бағалау негізінде анықталады.Бағаның өзгеру тәуелдігіне байланысты қалпына келтіру құны бастапқы құннан үлкен немесе кіші болуы мүмкін, демек: ҚКҚ=БҚ х I р
мұнда, I p-негізгі кпитал элементтерінің баға индексі.
5.Жойылу құны (ЖҚ) сынған металломды өткізу бағасы бойынша анықталады, бұл-негізгі капиталдың тозуына және істен шығуына байланысты жойылғаннан кейінгі өткізуден алынған түсім.Осы негізгі капитал құнының бөлігіне амортизациялық аударым өндірілмейді.
Негізгі капитал күйінің көрсеткіштіріне жататындар:тозудың жарамды коэффициенттері.Олар жыл басы мен жыл аяғына моменттік көрсеткіштер сияқты есептеледі.
Негізгі капитал тозуының коэффициенттері:
Кmoз.ж.б.= немесе К moз.ж.а.=
Мұндағы: К moз.ж.б., К moз.ж.а.-сйкесінше жыл басы мен жыл фяғындағы тозудың коэффициенттері;
Тоз ж.б., Тоз ж.а.-жыл басы мен жыл аяғындағы тозудың сомалары.
Негізгі капиталды жарамды коэффициенттері:
Кж.ж.б.=
Достарыңызбен бөлісу: |